Ашура күні келіп қалды! - Сұхбат
Сәрсенбі, 29.Наурыз.2017, 19:10
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Ашура күні келіп қалды! (мол сауапқа ие болайық.)
Ашура күні келіп қалды!
MahdiУақыты: Жұма, 25.Желтоқсан.2009, 00:40 | Хабарлама # 1
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Бисмилляһи р-Рохмәнир р-Рохим.
Уақытқа ант етемін.Негізіңде адам баласы қасіретте.Бірақ иман келтіріп,ізгі амал істегендер,бір-біріне шындықты үгіттесіп,сабыр сақтағандар;олар зиянға ұшырамайды. (103-Асыр сүресі.)

Құрметті мұсылман бауырлар!Кеш болса да,осы мақаланы бауырларға бір пайдасы тисін деп енгіздім.Қасиетті мұхаррам айы кіріп келді. Мұхаррам айы мұсылман күнтізбесінде (һиджра бойынша)жыл басы болып саналады.Бұл айда пайғамбарымыз ораза тұтуды жақсы көретін.
“Рамадан айының оразасынан кейінгі ең жақсы ораза,ол Аллаһтың әл-Мухаррам айындағы оразасы”.(Муслим 1163).
Және бұл айдың ерекшеліктерінің бірі,онда 10-шы күнге түсіп тұрған Ашура күні.Ашура күні-Аллаһ Тағала Мұсаны құтқарып,фирғауын және оның әскерін жойған күн.
Ибн Аббастың жеткізуінше:“Расулуллаһ (Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын) Мәдинаға һижра етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердің Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқады. Яһудилер бұл жайында сұралғанда: “Бұл—Аллаһ Тағала Мүса (ғ.с.) мен Исраил (Яғқұб ғ.с.) ұрпақтарын Перғауынның зорлық—зомбылығынан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,—деп айтқанда, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын)“Мұсаға (ғ.с.) олардан гөрі біз хұқылымыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстауды бұйырды.” деді. (Муслим)
Әбу Катада Аллаһ елшісінен((ллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын):“[i]Ашура күні ұстаған ораза,өткен жылдың күнәларын жуып-шаяды” деп риуаят еткен.(Муслим.1162)
Мұсылмандар яхудилерге еліктемес үші Ашура күнінің бір күн алды немесе бір күн арты ораза тұту керек.
Ибн Аббас:“[i]Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күні ораза тұтып,оны сахабаларына бұйырған соң,олар(сахабалар):“Ей Алланың елшісі,бұл яхудилер мен христиандардың құрмет тұтатын күндері” .Сонда Аллаһтың елшісі:“Алла қаласа біздер ендігі жылдың тоғызына ораза тұтамыз” деді.Бірақ Аллаһ елшісі ендігі жылға жетпей қайтыс болды”
деп риуаят етті. (Муслим,1/151)
Ибн Аббас:“яхудилерден ерекшеленіп Ашураның тоғызы және ораза тұтыңдар!” деген.шейх Альбәни және Арнаут сенімді деген.
Кейбір мұсылмандар Ашура күнін мейрам(ид) ретінде санап,ол күні арнайы тамақ пісіріп,қонақ шақыру т.б. амалдарын жасап шатасады.
Шейх уль-Ислам:“Бұндай амалдарды істеуге пағамбарымыз(Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын),оның сахабалары,сонан кейінгі имамдар бұйырмаған және ол төрт мазхабта да көрсетілмеген.” деген. Маджму әл-фатауа.25/299.
Ия,Ашура күні ұстаған оразаға күмәнсіз сауаб жазылады,бірақ оны мейрам деп шатастырмау керек.
Әбу Мұса:“Ашура күні яхудилердің мейрамы болатын,және рассулла(Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын) былай деді:”Cендер болса бұл күні ораза тұтыңдар” деп жеткізген.” (әл-Бухари және Муслим)
Хафиз ибн-Раджаб:“Бұл хадисте Ашура күнін мейрам ретінде алуына тыйым салынған.Бұл күн, ораза тұту болғандықтан,мейрам еместігін көрсетеді.Сол үшін ,сол күнге тағы бір күн қосып ораза тұтү керек.”деген.(әл-Лятаиф әл-мағарифа,112.)
Бауырлар барынша осы қасиетті айда ораза тұтып,мол саубтан жинап алайық.Өйткені бұл ай қыс мезгіліне түсіп тұр және түн ұзарып күн қысқаруда.
Осыған байланысты Джабирден,Анаса,және Амира бин Масғудадан жеткен хадисте,Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын) былай деген: “Қыс оразасы-үлкен олжа”. (Ахмад,ат-Тирмизи.Альбәни жақсы хадис деген.“ас-Силсиля ас-сахиха,1922”).
Бұл күндер 26,27-күндеріне келіп тұр.


Абдулла
UmitУақыты: Жұма, 25.Желтоқсан.2009, 01:28 | Хабарлама # 2
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
arb

Dunie bir kisyk zhol burandagan,
Bak taysa, erge daulet kuralmagan.
Kunine toksan togyz bale korsen,
Sonda da kuder uzbe bir Alladan!
kainarilyassУақыты: Жұма, 25.Желтоқсан.2009, 03:49 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 64
[ ]
Ажыратылған
arb amandasu

Что сталось бы с людьми, лишись они благоволения Аллаха! Давным-давно исчезли бы они с лица Земли! Али Апшерони
SalamatУақыты: Сенбі, 26.Желтоқсан.2009, 15:28 | Хабарлама # 4
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Ассаляму алейкум уа Рахматуллаһи уа Бәрәкәтуһу мұсылман бауырлар. Жәннаттағы "Райан" қақпасының есігін қағуға ниет еткен бауырлар ниеттерің қабыл болсын . Құран мен сүннетке жабысудың салдарынан сегіз жәннаттың есігінен бірдей кіруге үмітті болған Әбу Бәкір Сыддық разиаллаһу таъаля ъанһудың жолын берсін баршаларыңызға. Я, Аллаһ бір өзіңе ғана сиынып, бір өзіңнен ғана жәрдем сұраймыз бізге жәрдемші бола гөр.

Хатты жөндеген Salamat - Сенбі, 26.Желтоқсан.2009, 15:30
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 08.Желтоқсан.2010, 18:52 | Хабарлама # 5
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Мухаррам айының оразасы.
"Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы- Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз - түнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Муслим және Имам Тирмизи риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Арафа куні ораза ұстаудың қасиеттілігі жайында сұралғанда: "Өткен жыл мен келер жылдың күнәсін жуып шаяды”, - деп жауап берді. Кейін Мухаррам айының оныншы күнінде ораза ұстаудың қасиеттілігі жайында сұралғанда: "Өткен жылдың күнәларын жуып шаяды”,-деп жауап берді.” Хадисті Омардан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Мәдинаға һижрат етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердің Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқады. Яһудилер бұл жайында сұралғанда: "Бұл Аллаһ Тағала Мұса а.с. мен Исраил (Яғқүб а.с.) ұрпақтарын Перғауынның зорлық зомбылығынан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,-деп айтқанда, Пайғамбарымыз с.а.с.: "Мұсаға а.с. олардан гөрі біз жақынбыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстауды бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
"Жәһилият дәуірінде (Исламнан бұрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстайтын. Расулуллаһта с.а.с. бұл оразаны ұстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен кейін бұл оразаны Өзі с.а.с. ұстап, оны басқаларға да бұйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: "Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”,-деп айтты.” Хадисті Айша анамыздан р.а. Имам Муслим риуаят етті.




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 08.Желтоқсан.2010, 18:54 | Хабарлама # 6
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ашура күні
Мухаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мухаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл желтоқсан айының 16-жұлдызына сәйкес келеді. Хадис кітаптарында бұл күннің Ашура деп аталуының сыры осы күні Аллаһ Тағала он пайғамбарға он түрлі сый бергендігінің нәтижесі екендігі айтылады. Олар:
1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.
2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.
3.Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.
4.Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
5.Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.
6.Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.
7.Дәуіт (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
8.Ибраһим (а.с.) пайғамбардың ұлы Исмаил (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген.
9.Якуб (а.с.) пайғамбар ұлы Юсуф (а.с.) үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.
10.Айюб (а.с.) пайғамбар науқасынан осы күні айыққан. (Сахих Муслим түсініктемесі 6: 140)
Осындай маңызды оқиғалар орын тепкен Ашура күні мұсылмандар арасында да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. Мухаррам айы мен Ашура күні тіпті яһудилер мен христиандар тарапынан да қасиетті деп саналған күн болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға һижра жасаған уақытта сол жердегі яһудилердің ораза ұстағандарын көреді. Сосын оның себебін сұрағанда, олар: «Бүгін Аллаһтың Мұсаны дұшпандарынан құтқарып, Ферғаунды суға батырған күні. Мұса бұл күні шүкірлік ретінде ораза ұстаған», - деп жауап береді. Сонда Расулуллаһ (с.а.у.) : «Мұсаның сүннетін орындауға сіздерден гөрі біз лайықтымыз әрі құқылымыз» - деп, сол күні ораза тұтып, оны өзгелерге де ұстауды әмір етеді. (Ибн Мәжә, Сиям:31)
Ашура күні тек яһудилер мен христиандарда ғана емес, Нұх (а.с.) пайғамбардан бері қасиетті деп саналған. Тіпті Исламнан бұрын жаһилия дәуірінде, яғни арабтар арасында Ибраһим (а.с.) пайғамбардан бері қасиет тұтылып, ораза ұстаған көрінеді. Бұл жөнінде Айша р.а. анамыз былай дейді : «Ашура жәһилия дәуірінде Құрайш тайпасы арасында ораза ұстаған күн болатын. Пайғамбарымыз да осыған сәйкес әрекет ететін-ді. Мәдинаға һижра жасағаннан кейін де бұл оразаны жалғастырды және басқаларға да әмір етті. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін ғана Ашура күнгі оразаны тастады. Бұдан кейін мұсылмандардың қалағаны ұстап, қаламағаны ораза ұстамады». (Бухари, Саум: 69) Басқа бір риуаятта : «...Қалаған кісі ұстасын, қаламаған ұстамаса да болады» - дегендігі айтылған. (Муслим, Сиям: 117) Осының нәтижесінде Ашура күнгі ораза сүннет ораза ретінде қалды.
Ашура күнгі оразаның артықшылығы Рамазан айындағы оразадан кейін тұрады. Бұған байланысты бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) : «Рамазаннан кейін қай кезде ораза ұстауыма насихат етесіз» - деп сұрағанында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубасын қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» - деген. (Тирмизи, Саум: 40) Тирмизи келтірген тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ашура күні ұсталған оразаның Аллаһ алдында сол күннен бұрынғы бір жылдың күнәларына кәфәрат болатындығына үлкен үміт артамын» - деген. Тағы бір хадисінде: «Рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Аллаһтың айы болған Мухаррам айында ұсталған ораза» (Ибн Мажә, Сиям:43) - деп, бұл күні ұсталған оразаның артықшылығын білдірген. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сай Ашура оразасын ұстап, оның сауабына жетуді Аллаһ баршамызға нәсіп етсін.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура оразасын ұстағанда яһудилерге ұқсамау үшін Ашурадан бір күн бұрын не бір күн кейін қоса ораза ұстауды насихат еткен. Бұл күні оразадан басқа да қайырлы, сауапты істерді істеген абзал болады. Әсіресе, мүмин кісі өзінің отбасы мүшелеріне осы Ашура күні көбірек сый-сыяпат жасауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде : «Кім Ашура күні жанұясы мен үй ішіне сый-сыяпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді» - деген. Бұл күні жанұя мүшелерімен қатар туған-туыстарын, дос-жарандары мен жетімдерді және көрші-қолаңды да ұмытпаған жөн.
Сондықтан осы күннің қадір-қасиетін біліп, шамамыз келгенше жақсылық жасауға тырысайық. Осы күннің септігімен Аллаһ Тағала жыл бойы үй-ішіміздің береке ырысын арттырып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді нығайтсын!
Мукарам Зунинқызы. "Рахмет Самалынан"




Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Ашура күні келіп қалды! (мол сауапқа ие болайық.)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды