Дүйсенбі, 25.Қыркүйек.2017, 08:33
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Зуль-хиджа айының алғашқы он күні. (Зуль-хиджа айының алғашқы он күні.)
Зуль-хиджа айының алғашқы он күні.
MahdiУақыты: Сәрсенбі, 25.Қараша.2009, 22:58 | Хабарлама # 1
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Зуль-хиджа айының алғашқы он күні.

Ақиқатында бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға мақтау айтамыз.Құдіретті Аллаһ Тағаладан ғана қолдау сұраймыз.Аллаһтан басқа ғибадат-құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ және Мұхамед Оның құлы әрі елшісі екндігіне куәлік береміз. Мұаммедке,оның әулетіне,сахабаларына және оның көрсеткен сүннет жолын ұстанушыларға болсын.
Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы-Аллаһ кітабы, ал ең жақсы жетекшілік-ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің салаллаху алейхи уассалам жетекшілігі. Амалдардың ең нашары-дінге жаңалық енгізу, ал кез-келген жаңалық-адасушылық. Ал әрбір адасушылық тозақта.
Одан кейін:
Бұл күндері мұсылман ізгі амалдар істеуге барынша тырысу керек.Аллах Тағала:«Он түнімен (ант етемін)»,-деген(Фаджр,2)
Ибн Аббас,ибн аз-Зубейр,Муджахид және т.б тафсир ғалымдары осы он түнді зуль-хиджа айының алғашқы он түні деп түсіндірген.(Ибн Кясир,т.4.3030-б).
Пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам:«Ізгі амалдар іс-істелетін күндердің қатарында Аллаһ тағалаға осы күндерден аскан ұнамдысы жоқ».(әл-Бухари және басқалары).
«Аллаһ тағаланың құзырында осы күннен ұлық және ұлақ және ол (күндерде) іс-амал (істеуден) асқан ұнамды күндер жоқ.Ондай болса,(ол күндерде) таһлилді(«ля илляһа иллял лаһ» деп айту), тәкбірді(«Аллаһу акбар» деп айту) және тахмидті(«әльхамду лилляһ» деп деп айту) көбейтіңдер»,-деген.(Ахмад,ат-Табарани,шейх Ахмад Шакир сахих деген).

Арафат күні
Бұл күні-Аллаһ тағалаға періштелерге Арафатта тұрғандармен мақтанатын күн.
Бұл күн-тозақтан құтылу күні.
Бұл күн-Аллаһтың пнделеріне тарту еткен рақымын көріп шайтан торығып,күйзеліске түсетін күн.
Бұл күн-тәубеге кел,Аллаһқа жалбарынып көз жасын төгу күні.
Бұл күн-рахымшылық және күналардың кешірілу күні.
Бұл күн-дұға қабыл болатын күн.
Бұл күн-Аллаһ тағала дінді кемел қылған,бұл үмметке нығметін толықтастырған және Ислам дініне разы болған күн.

Аллаһ тағала:«Бүгін сендерге діндеріңді толық қылдым және нығметімді аяқтадым.Сондай-ақ,сендерге Ислам дінін қош көрдім»,-деген.(Маида,3).Бұл аят қасиетті арафа күні түскен.
Пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам:«Аллаһ тағала Арафат күні азат қылғанындай пенделерін тозақтан көбірек азат қылатын күн жоқ.(Ол күні) Аллаһ тағала жақындайды,сосын періштелерге(көрдіңдер ме) пенделерім не істеп жатыр деп мақтанады»,-деген. (Муслим)

Бұл күндері Аллаһ тағала құлшылық-ғибадаттарды жақсы көреді.

1.Құлшылық ғибадатты көбейту.
Нәпіл намаздар оқу,ораза ұстау,садақа беру,тасбих және таһлил сияқты Аллаһты еске алу сөздерін айту.Құран оқу,мешіттерде ғибадатта отыру т.с.с.Бұл нәрсе пайғамбарымыздың мына сөзіне сай болады:«Ля илляһа илләллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу,ләһул-мулку уә ләһул хамду,уа һуа ғалә қулли шәйин қодир»,-деп жиі қайталау.
Мағынасы:«Аллаһтан басқа ғибадаттқа лайық ешбір тәңір жоқ.Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ.Барлық мүлік және мақтаулар Оған тән.Сондай-ақ,Ол барлық нәрсеге құдіретті ».

2.Арафат күні ораза тұту.

Арафат күні ұстаған ораза екі жылдық кіші күналарды жуады.
Абу Катада пайғамбардан салаллаху алейхи уассалам былай деп жеткізген:«Аллаһ тағала Арафат күні ұстаған оразаға-өткен және келер жылдың күналарын кешірілуіне сауаб жазады».(Муслим).

3.Тәкбір.

Бұл күні тәкбірді көбірақ айту абзал болады,әсіресе Арафат күнінің таң намазынан бастап,бес күн бойы зуль-хиджаның он үші күні асыр намазына дейінгі әр парыз намазының соңында тәкбір айту.Исхак табииндерден былай деп жеткізеді:«Аллаһу акбар,Аллаһу акбар,лә иллә-һә илләллаһу,уаллаһу акбар,Аллаһу акбар,уа лилләһил хамд»-деп айтылады.

4.Дұға.

Пайғамбарымыз салаллаһу алейхи уассалам жоғарыда келгендей:«Дұғалардың ең жақсысы-Арафат күнінің дұғасы...»,-деген.(әл-Бухари). Демек,дұғалардың ерекше қабыл болатын кездердің бірі-Арафат күні.
Мұсылман бауырлар осы күндері ерекше дұғада болайық,Аллаһ-барлық тілектерді естушу,дұғаларды қабыл Етуші.

Құрбан айт күні

жалғасы өңделуде Аллаһ қаласа.....


Абдулла
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Зуль-хиджа айының алғашқы он күні. (Зуль-хиджа айының алғашқы он күні.)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды