Хиджап — әйелдің денсаулығын, ерлердің күшін қорғайды - Сұхбат
Сенбі, 25.Ақпан.2017, 12:49
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Денсаулық, спорт, авто..... » Хиджап — әйелдің денсаулығын, ерлердің күшін қорғайды (денсаулақ зор байлық..)
Хиджап — әйелдің денсаулығын, ерлердің күшін қорғайды
shamshatУақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 00:39 | Хабарлама # 1
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Хиджап — әйелдің денсаулығын, ерлердің күшін қорғайды
Бүгінде көшелерден хиджап киген бойжеткендер мен әйелдерді жиі көреміз. Бұл көрініс аруларымыздың хиджапқа деген сұранысының артып келе жатқандығын көрсетеді. Алайда, Қазақстан тігіншілері хиджап тігумен айналыспайтындықтан бұл өнер елімізде кенже қалған. Сондықтан да сатушылар ондай киімдерді негізінен Түркиядан, Араб әмірліктерінен және Ираннан алып келеді. Хиджап деп қандай киімдерді атаймыз, оған қойлатын шариғат талаптары қандай?
Ата-бабаларымыз берік ұстанған Ислам дініне бүгінгі күн жастарымыз да бет бұрып, киімін түзеп жатса, оған тек түсіністікпен қараған абзал. Мұсылман қыздар мен әйелдер Алланың әмір еткен киімі болғандықтан хиджап киюді парыз деп санайды. Өйткені, Құранда әйелдердің отбасында, көшеде қандай киім киіп жүруге болатындығы «Нұр», «Ағзап», «Ағырап» сүрелерінде анық жазылған. Хиджап әйел адамның зейнеттерін, яғни кеудесі мен мықынын көрсетпейтіндей кең-молынан тігіледі. Әйелдерге бет әлпеті мен қолының басын ғана көрсетуге рұқсат етілген. Хиджап тігілетін мата үлбіреген жұқа болмауы қажет. Сондай-ақ мұндай киімдерді адамның назарын өзіне аударатындай қызыл, жасыл, көк, сары сияқты ашық түстерден тікпеген жөн. Хиджап киген денсулыққа өте пайдалы. Мәселен, әйелдердің шашында оң заряд бары ғылымға бұрыннан-ақ белгілі. Ал оң зарядтың теріс зарядты тартатындығы физика заңдылығы. Мұсылман әйелдер басына жаулық байлау арқылы қаншама теріс зарядты зиянды заттар мен магнитті толқындардан сақтанады. Ал енді бас киімге кеңірек тоқталсақ, әйелдер жаулықтың ішінен бони деп аталатын телпек киеді. Бонидың жиегі әдемі болуы үшін оған шілтерлі тесмалар мен бисерлер жүргізіледі. Бонидың екі түрі бар. Бірі сән-салтанатқа арналып тігілген сәнді телпектер. Той-томалақта әйелдер ерлерсіз жеке қалған кезде жаулықтарын шешіп, сәнді бониларды киіп отыруына болады. Ал қарапайым бониларды жібек жаулық бастан сусып түсіп кетпес үшін киеді. Жаулық -мұсылман әйелдері үшін инабаттылық пен ізгіліктің, адамгершіліктің белгісіндей қастарлі зат. Сондықтан да жаулыққа үлкен мән беріледі. Орамал тартудың да небір сәнді үлгілері бар. Ол әр киімнің түсі мен пішініне лайықтап тағылады. Жаулықтар таза жібектен және мақтадан жасалынады. Көздің жауын алатындай түрлі-түсті сәнді орамалдарды тағуға болады. Мұсылман әйелдер қысы-жазы көйлекшең жеңіл жүрмейді, олар міндетті түрде көйлектерінің сыртынан шапан немесе желбап киеді. Кейбір адамдарда мұндай киімдерді жазда, күннің ыстығында қалай киюге болады деп таңдануы мүмкін. Ал шын мәнінде ол киімдер адамды күннің көзінен және зиянды сәулелерден қорғайды.Қыздарға Құран курсынан дәріс беретін оқытушы Мадина Чурина: «Бір ыдысты суымен күннің көзіне және көлеңкеге қойсақ, күннің көзінде тұрған су ысып кетеді. Ал көлеңкеде тұрған су салқын болып тұрады. Бізде де солай. Хиджап температураны бірқалыпты ұстап тұрады», —деді.
Шапан тігілетін материалға шектеу қойылмайды, ол барқыттан да джинсыдан да мақтадан да жүннен де тағы да басқа әр түрлі маталардан тігіледі. Мұсылман әйелдер шапанның ішінен өздері қалаған әсем де көркем киімдерін кие алады. Және де әйелдің бойындағы бүкіл сұлулық тек жұбайына ғана арналған. Себебі, бойжеткендердің денесін ашып жүруі ерлерге кері әсер ететіндігін бүгінгі медицина дәлелдеп отыр. Өйткені, еркектердің нәпсісі әйелдердің нәпсісінен 10 есе артық екен. Құранда ер адамдарға бөтен әйелдерден көздеріңді сақтаңдар деп жазылған. Бұл жайында Мадина Чурина апамыз:
«Хиджап кисе, әйелдер денсаулығын, ал ер адамдар күштерін қорғайды. Бұрындары қазақтар 100 жасқа дейін бала туғызатын, ал қазіргі кезде 40 жасқа келгенде 30-40 процент ер адамдардың күші жоқ. Оның бір себебі, бойжеткендердің жартылай жалаңаш киімі деуге болады», — деді.
Заманына қарай адамы демекші, қыз-келіншектер ұзындығы тізеден келетін сүртікпен шалбар кие алады. Алайда шалбардың балағы кең болып келеді. Бүгінде әйелдердің барлығы әр түрлі мекемелерде жұмыс істейтіндіктен офисте киюге лайықтап тігілген костюм белдемшелер бар. Бұл костюм-белдемшелердің бір ерекшелігі хиджапқа қойылатын талаптарға сәйкес келетіндіктен оның сыртынан шапан киюдің қажеті жоқ.
Сандуғаш Серікқали http://islam.com.kz/news....12-1885
adminchikУақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 03:00 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Хиджап киген қыздар сондай сұлу көрінеді. Аллаһ жүздерін нұрландырып қойған-ау.

Бір сұрақ туындап тұр. Егер ата-анасының қарсы болуының себебінен қызы әуретін жаппаса, оған кім кінәлі?

Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 03:17 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Құранның үкімі бойынша ата анаға қарсы шығуға болмайды. Бұл секілді әмірлер бірнеше аяттарда келген.
Бірақ одан бұрын Аллаһқа мойынсұну айтылған. Хижаб кию Аллаһқа сойынсұнудың белгісі.
Ал егер біреу (тек ата ана емес, жалпы қарсы шығушы) хижаб киюге тыйым салып жатса, әрине сол тыйым салушы кінәлі болады ғой...




shamshatУақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 03:27 | Хабарлама # 4
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Quote (adminchik)
Хиджап киген қыздар сондай сұлу көрінеді. Аллаһ жүздерін нұрландырып қойған-ау.

ӘРИНЕ

Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Денсаулық, спорт, авто..... » Хиджап — әйелдің денсаулығын, ерлердің күшін қорғайды (денсаулақ зор байлық..)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды