Таңдаулы хадистер - Сұхбат
Сәрсенбі, 25.Қаңтар.2017, 03:13
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Құран және Сүннет. Құран және Хадис ілімдері. » Таңдаулы хадистер
Таңдаулы хадистер
МуслимУақыты: Жұма, 16.Қазан.2009, 14:32 | Хабарлама # 1
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 91
[ ]
Ажыратылған
1-хадис: Амалдарда шын ықыласты болу

عنْ عُمرَ بنِ الخطّاب  قالَ : سمعتُ رسولَ اللهِ  يقـولُ :  إنَّما الأَعمالُ بالنِّياتِ، وإِنَّما لِكلِّ امرئٍ مَا نَوَى ، فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلى اللَهِ وَرَسُولِهِ ، فَهِجْرَتُهُ إِلَى اللّهِ وَرَسُولِهِ، وَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ لِدُنْيا يُصِيبُها أَوْ امْرأةٍ يَنْكِحُهَا فَهِجُرَتُهُ إِلىَ مَا هَاجَرَ إِليْهِ

Омар ибн әл-Хаттабтан келген хадисте ол айтады:
- Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай деп айтқанын естідім: «Расында амалдар ниет бойынша ғана болады, және расында әрбір адамға ниет қылғаны ғана тиесілі болады. Сондықтан кімде-кім Аллаһ пен Оның елшісіне ниет қылып көшкен болса, ол, Аллаһ пен Оның елшісіне көшеді. Ал кімде-кім дүниеге жетуді немесе әйелге үйленуді ниет қылып көшсе, сол ниетіндегі көшкеніне ғана көшеді».

а) Хадистің жеткізушісі
Бұл хадистің жеткізушісі – әйгілі сахаба әрі мүминдердің әміршісі Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфәйл әл-Қураши әл-Ғадауи, оған Аллаһ разы болғай. Ол Исламды Меккеден Мәдинәға болған қоныс аударуға дейін қабылдаған болатын және екінші халиф болған. Оның билігі он жарым жылға дейін созылған. Омар ибн әл-Хаттаб хижра жыл санауының 23-жылының Зүлхижжа айында жарақат алып қайтыс болды.

ә) Хадистің жалпы мағынасы
Бүкіл ғұламалардың ортақ пікірі бойынша, адам өз амалының сауабына жету үшін жүрегінде дұрыс ниет қылып амал қылуы тиіс. Сонымен қатар сол ниетін дауыстап айтуы міндет емес.

б) Хадис не нәрсеге нұсқайды
1. Мұсылманның қайсыбір амалы қабыл болуы үшін оның қажетті шарты – Аллаһ Тағала шын ықыласпен арнап, Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) ілескен түрде орындау.
2. Егер мұсылманның ниеті дұрыс болса, ол өзінің дүниедегі ісіне де сауап алады. Өйткені бұл жағдайда оның кезкелген ісі құлшылық болып табылады. Бұл өзгелерді оқытып жүрген оқытушыға да қатысты, үйреніп жүрген оқушыға да, жұмысын орындап жүрген жұмысшыға да немесе саудада жүрген саудагерге де қатысты. Осылар, және бұлардан өзге кезкелген кісілер де өз істерінде ниеттері қайырлы болса, онда олар өздерінің істерімен айналысумен қатар Аллаһқа құлшылық қылып жүрген болып есептеледі.
3. Егер мұсылман қандай да бір жақсы іс жасағысы келіп, бірақ жасай алмаса, өзінің ниеті үшін сауап алады.
4. Аллаһ үшін болған шын ықыласты таза ниет екі дүниенің табысына жетуге себеп болады.

в) Сұрақтар
1. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай деп айтты: «Расында амалдар ниет бойынша ғана болады...» Осы хадисті толықтырыңыз.
2. Мұсылманның амалы қабыл болуы үшін не нәрсе шарт?
3. Өзінің дүниелік ісіне адам қай кезде сауап ала алады?
4. Осы хадистің нұсқаған нәрсесіне үш мысал келтіріңіз.

МуслимУақыты: Бейсенбі, 17.Желтоқсан.2009, 11:23 | Хабарлама # 2
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 91
[ ]
Ажыратылған
2-хадис – Туыстармен қарым-қатынас ұстаудың міндеттілігі

عنْ أنَس رضي اللَّهُ عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه و سلم: مَنْ أحبَّ أنْ يُبسط له في رزقِه، ويُنسَأَ لهُ في أثرِه، فلْيصلْ رحمَهُ.

Анастан келген хадисте ол айтады:
- Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай деді: «Кімде-кім ризқысының көбейтілгенін және өмір жасының ұзартылғанын жақсы көрсе, туыстарымен қарым-қатынас ұстасын».
Хадисті келтірген Бұхари және Мүслим.

а) Хадисті жеткізуші

Бұл хадистің жеткізушісі – көрнекті сахабалардың бірі Анас ибн Малик. Он жыл бойы Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) қызметшісі болған. Ол көптеген хадистер жеткізіп, фақиһ, ғалым сахабалардың бірі болған. Анас ибн Малик хижраның 92 жылы қайтыс болған.

ә) Хадистің жалпы мағынасы
Туыстармен қарым-қатынас ұстау – Аллаһтың берекетіне жетудің, ақыретте Оның беретін сауабына ие болудың бірден-бір себеп-жолы. Ал осы дүниедегі пайдасын айтатын болсақ, оның себебімен адамның ризық-несібесі көбейеді. Аллаһтың елшісі бұл хадисте бізге адам өзінің ризық-несібесін Аллаһтың көбейткенін, ғұмырын ұзартып, оны берекелі қылғанын қаласа, өзінің де туыстарымен, жұбайы жағынан да болған туыстарымен қарым-қатынас ұстауы тиіс екенін көрсетеді. Оларды жақсы көріп, көңіл-күйлерін біліп, әлсіздеріне қамқор болып, ешбіреуімен қарымқатынасын үзбегені жөн. Егер міскінге көмек берсе, ол тек садақаның сауабын алады. Ал егер туысына көмек берсе, ол әрі садақаның, әрі туыстық қарым-қатынастың сауабын алатынын есінде ұстағаны жөн.

б) Хадистің нұсқайтыны:
1. Бұл хадис адамдарды туыстарымен қарым-қатынас ұстауды үндейді. Өйткені ондай қарым-қатынас Аллаһтың берекетіне ие болуға жетелеп, ақыретте Оның сауабына жетуге әкеледі.
2. Туыстармен қарым-қатынас ұстау арқылы адамның дүниеде ризық-несібесі көбейеді.
3. Туыстармен қарым-қатынас ұстау – адамның өмір жасы ұзарып, берекелі болуының бірден-бір себебі.

Сұрақтар
1. Жақсы қарым-қатынас пен жақсы көруге туыстардан кім басымды лайықтырақ?
2. Адам туыстарымен қарым-қатынасты қалай ұстағаны жөн?
3. Осы хадисті қысқаша түсіндіріп беріңіз.
4. Осы хадис қандай пайдалар әкелетінін түсіндіріп беріңіз.

Madison_okasovУақыты: Бейсенбі, 17.Желтоқсан.2009, 12:24 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 56
[ ]
Ажыратылған
Хадис Әбу Абдуллаһ Нуғман ибн Башир (Аллаһ әкесі екеуіне риза болсын) Мен Аллаһ елшісінің :Ақиқатында,халал белгілі және харам белілі,ал олардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар.Шүбәлі нәрседен сақтанған өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады,ал шүбәмен айналысушы харамға да баратын болады.Өйткені ол әне міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды.Әр патшаның өз қорығы бар,ал Аллаһ тағаланың қорығы - (адамдарға) тыйым салғандары.Ақиқатында,адам денесінде бір кесек ет бар,ол жақсы болса,бүкіл дене жақсы болады,ол жаман болса,бүкіл дене жаман болады,шын мәнінде ол - жүрек.- дегенін естідім - деген.(әл бұхари,Муслим)
бүнда шүбәлі деген күмәнді не харам не халал екені белгісіз


Ашуланба жаннатта боласын
MahdiУақыты: Бейсенбі, 17.Желтоқсан.2009, 14:04 | Хабарлама # 4
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
1. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай деп айтты: «Расында амалдар ниет бойынша ғана болады...»

Ол кісі осы хадисті пайғамбар (с.а.с) аузынан естігендігін айтып, хадис соңында: “Дегенін естідім”,-дейді.

Аллаһ елшісі (с.а.с) бұл хадисте: “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты”,- деген. Араб тілі жағынан алып қарайтын болсақ, бұл сөйлем амалдардың бір нәрседе шектелгендігін білдіреді. Осы жерде ғұламалар екіге бөлініп, бір тобы: “Амалдар ниетке байланысты /қабыл болады/”,- десе, енді бір топ “амалдар ниетке байланысты /атқарылады/”,-деген.

Бірінші топ амалдардың жақсы-жаманы ниетпен қабыл болатынын алға тартады. Ал енді екінші топ амалдар орын алуы үшін ниет керек. Бір адам бір нәрсе жазғысы келсе, оқығысы келсе, ішкісі келсе ниеттеніп барып жасайды дегендей. Бірақ екінші пікір сәл әлсіздеу боп табылады. Адамның амалдарынан бұрын ниет келетіні ол табиғи заңдылық. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с) соңғы пайғамбар боп жіберіліп, өзінің маңызды елшілігінде адамдарға табиғи заңдылықты айту үшін келген бе? Жоқ, сірә ол кісі амал жасағанда ықыласты болып, жақсы ниет ету керектігін алға тартқан.

Ниет дегеніміз - адамның қалауы. Шариғатта ниет екі түрлі қолданылады. Бірі Аллаһқа қатысты, екіншісі құлшылыққа қатысты. Аллаһқа қатысты ниет - ықылас. Кез-келген құлшылықты, жақсы амалды Аллаһ ризалығы үшін атқаруға ниет ету. Жамандықты тастағанда да Аллаһ ризалығы үшін. Темекіні тастап “Денсаулығыма зиян”, немесе намаз оқып “Разминка” деп емес, бәлки Аллаһ бұйырды, Аллаһ ризалығы деп ниет жасау керек.

Ал құлшылыққа қатысты ниет - тамииз немесе адырату деп аталады. Бір құлшылық пен екінші құлшылық арасын ажыратқанда адам ниеті арқылы ажыратады. Яғни мешітке кірген адам екі рәкат намаз оқыса, ол қай намаз оқыды? Иә, сырттағы біреу айта алмайды ол жайын. Ал енді өзі болса ниеті арқылы ажыратып: “Мен мешітке кіргенде оқылатын екі рәкат сүннетті оқып жатырмын”,- деп ниет етеді. Бірақ мұны тілімен емес, жүрекпен айтуы керек, себебі ниеттің орны - жүрек. Тілімен қанша айтса да жүректегісі ниет боп саналады. Тілімен “Тек Аллаһқа” деп, жүрегі адамдар көзіне көрінуді ниет етсе, ол адамның жағдайы нашар!!!

Демек, амалдар ниетке байланысты қабыл болады. Осы жерде айта кетер бір жайт - жақсы ниет жаман амалды жақсыға өзгертпейді. Осыны есте жақсы сақтау керек. “Ниетің жақсы болса болғаны” деп, намаз оқымау, ораза ұстамау әсте дұрыс емес. Ниетім жақсы деп араққа удай мас боп тойып алған жаннан не сұрайсың? Бәлкім, “ниетің таза болса, онда тазалығын құлшылығыңмен көрсет” деген сөз дұрысырақ.

Осы жерде тағы айта кетер жайт - кейде адамдардың ниеттері құлшылық барысында өзгеріп кетіп жатады. Біреулердің ниеті құлшылықты жасамай жатып ақ өзгеріп, құлшылығын адамдар үшін, не басқа үшін жасайды. Иә, мұндай құлшылық үкімі серік қосу. Ал Аллаһқа серік қосу - кешірілмес үлкен күнә.

Енді біреулердің ниеті құлшылық барысында өзгереді. Біреулер “Тек Аллаһ үшін” деп бастап, ортасына келгенде “Жоқ, бәлкім адамдар көрсін осыны” деп, ниеті өзгере қалуы ғажап емес. Ондай құлшылық күшін жойып, серік қосуға кеп тіреледі. Аллаһ ондай құлшылыққа қарамайды.

Енді біреулер құлшылығын тек Аллаһқа арнап, бірақ құлшылығын адамдар көрсін деп созып жіберуі мүмкін. Мысалы: “Мынау неткен тақуа адам”,- деп таңқалсын” деп, сәждеде ұзақ жатып алуы мүмкін. Бұл жағдайда ол адамның құлшылығы қабыл етіледі, алайда әлгі созған жері қабыл етілмейді. Бәлкім сол жері адамдар үшін арналып, күнәға қалмақ.

Енді біреулер толығымен құлшылығын Аллаһқа арнап аяқтауы мүмкін. Бірақ, адамдар мақтағанын естіп, қайтадан сол құлшылығын жасауға кірісіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда мақтағанға дейінгі құлшылығы қабыл болып, мақтағаннан кейінгі “тағы мақтай түссін” деген құлшылығы қабыл болмайды.

Ондай болса әр адам шама шарқынша ықыласын түзеп, ниетімен күресе білу керек…

Амалдар үшке бөлінеді: Тек Аллаһқа арналған амалдар. Бұл ең көркем амалдар. Екіншісі: Тек дүние үшін жасалған амалдар. Бұл үлкен, қатерлі күнәлардың бірі. Үшіншісі: Аллаһ пен дүние үшін жасалатын амалдар. Мысалы: “Кімде-кім ғұмыры мен ризығы ұзарсын десе, онда туыстық қатынасты үзбесін”,- деген хадистегідей, ризық үшін амал жасай отырып, Аллаһқа ықыласты болу. Бұл жақсы, сауапты амал. Ал енді туыстық қатынасты тек Аллаһқа арнасаңыз, сауабы мүлдем жоғары болмақ.

Осы хадистен алынар пайдалардың бірі - жай, жақсы амалдарды ниет арқылы құлшылыққа айналдыруға болады. Мысалы: Тамақ ішу жай іс. Ал енді адам: “Осы тамақты құлшылық жасауда шаршамау үшін ішемін”,- деп тамақтанса, онда бұл ісі сауапты іс болмақ. Демек, амалдар ниетке байланысты, әрі әрбір адам не ниет етсе, сол нәрсесі өзіне тиесілі болады. Жақсы амал жасап, жақсы мақсатта болса, сауапқа кенеліп, жаман мақсатты болса, күнәсін көтереді.

Пайғамбарымыз осы жерде ниеттің амалға қандай әсері бар екенін білдіру үшін мысал келтіріп, “қоныс аударуды” тілге тиек еткен. Қоныс аудару жақсы. Адам жай қоныс аударса, ол үшін сауап алмайды. Ал енді Аллаһ пен Оның елшісі үшін қоныс аударса, Оның қоныс аударуы қабыл болып, құлшылыққа айналады.

Тағы бір айта кетері, бір құлшылық жасап жатқан топ-топ адамның сол істері үшін алар сауаптары әрқилы. Бірі таудай сауапқа кенелсе, бірі тіпті күнәмен қайтпақ. Бұған да осы қоныс аудару мысалы жақсы келеді. Біреулер Аллаһ пен Оның елшісінің ризалығына кенелсе, енді біреулер әйел мен дүниеге ғана қол жеткізбек. Бірақ, бұған қол жеткізуші де бар, жеткізе алмайтындар да бар. Себебі Аллаһтың қалауынсыз ол орындалмайды.

“Қоныс аудару” дегеніміздің негізі - күнаны тастап, сауапқа қарай қоныс аудару. Адам өзінің бойындағы жамандықты, күнәні тастаса, нағыз қоныс аударушы болады. Ал енді кім мұны Аллаһ үшін жасаса, сауапта, ал адамдар үшін жасаса, обалда.

Демек, қоныс аудару дегеніміз күнәні тастау. Бір жерде күпірлік билік құрып, Исламға мүлдем жол берілмесе - қоныс аудару керек. Бойыңда күнәлі істер жиі кездессе, жақсы амалдарға қарай қоныс аудар.

Хадистің соңғы бөлігінен біз Аллаһ елшісінің (с.а.с) адамдарға ілім беруде қолданған тәсілдерінің көркемдігін байқаймыз. Сахабалар мен келер мұсылман ұрпағы жақсы түсіну үшін бөліп-бөліп, амалдардың түрлерін ажыратып берген.

Соңында айта кетсек, бұл хадис Ислам шариғатының негізгі, ұлы хадистерінің бірі. Адамның ішкі амалдарының бәрін реттеп, түгендеп тұруы себепті имам Науауй оны бірінші ретке орнатқан. Ғұламалар: “Бұл хадис Исламның жартысы”,- деген-ді. Себебі адамдардың барлық амалы не ішкі, не сыртқы болады. Ал адамның ішкі амалдарының таразысы - осы хадис.

2. Мұсылманның амалы қабыл болуы үшін не нәрсе шарт?

Мұсылман адамның ғибадат құлшылығы қабыл болу үшін екі шарт қажет ол:
1.Шынайы ыхыласпен Аллахһ разылығы ушін.
2.Пайғамбардың сүннетіне сәкес болу керек.
Сағид ибн Джубайр,Хәсан әл-Басри және Суфьян ас-Саури былай деген:«Сенің сөздерің,амалдарыңа сәйкес келмейінше қабыл етілмейді,ал сөздерің мен амалдарың тура ниетке сәкес келмейінше қабыл етілмейді және сөзің, амалың, тура ниетің Сүннетке сәйкес келмейінше қабыл етілмейді».әл-Ләләкайдың "Иқтиқаду ахли-с-Сунна" 1/57,Ибн әл-Жаузидің "Тәлбису Иблису" 9,аз-Зәхәбидің "Мизануль-иқтидәл" 1/90.


Абдулла
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Құран және Сүннет. Құран және Хадис ілімдері. » Таңдаулы хадистер
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды