AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет - Сұхбат
Жұма, 24.Наурыз.2017, 00:05
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Білім және ғылым » AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет (AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет)
AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет
AL-HanifiyakzУақыты: Сейсенбі, 16.Ақпан.2010, 12:08 | Хабарлама # 1
Тобы: Удаленные
[ ]
Аса қамқор, ерекше мейірімді аллаһтың атымен!

"Сенің дәлелің қандай?", деген сұраққа, : "бір мұсылман бауырым айтты", - деген жауапты жиі естіуге болады. ол тіпті білімді болса да, бір мұсылман-бауырдың, сөздері дәлел болып саналмайтынын білуіміз қажет. исламдағы дәдел - бұл құран; сүннет; ижмә` (ғалымдардың бір ауызды сөзі), бұған тағы, оған басқа сахабалардың ешқайсының қарсылығы белгілі болмаса, бір пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасының айтқан сөздері де жатады; және құран мен сүннетте келген мәтін жоқ болған жағдайда қияс (салыстыру). бұдан басқасы исламда дәлел болып саналмайды.

Құран мен сүннетке дәлел

әбу һурайрадан келген хадисте былай айтылады: пайғамбарымыз (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: "мен сендерге екі нәрсе қалдырдым. олардан кейін сендер ешқашан адаспайсыңдар - аллаһтың кітабы мен менің сүннетімді" (хаким. "сахих әл- джәми`" 2937).

иджма` (ғалымдардың бір ауызды пікіріне) дәлел

`умар мен әнәстан келген хадисте айтылған: пайғамбарымыз (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)"расында, аллаһ мухамадтың үмметін толығымен адасу үстінде жинамайды", - деді (ахмад 5/145, ибн мәджәһ 3950, әл-хаким 1/115. хафих суюти мен шейх әлбәни хадисті сахих деген).

тағы да ижма`ға дәлел ретінде ибн мас`удтың келесі сөдерін де келтіруге болады: "бүкіл мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе, аллаһтың алдында да жақсы. ал бүкіл мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе, аллаһтың алдында да жақсы болып табылады" (ахмад 1/379, таяласи 23, бәззәр 130. хаким, заһәби, ибн хаджар, сахауи және шейх әлбәни сахих деген).

сахабалардың сөздеріне дәлел

аллаһ тағала айтты: "ал кім, оған тура жол айқындалған кезде пайғамбардың жолына қарсы келіп, мүмндердің жолына ермесе, онда біз оны бұрылған жағына бұрамыз да, тозақ отында өртейміз. ол нендей жаман жер!" (ниса, 115).

тағы да аллаһ: "аллаһқа мақтаулар болсын және оның таңдаулы құлдарына (аллаһтың) сәлемі болсын", - деп айт, - деді (нәмл, 59).
ибн `аббас айтқан: "таңдаулы құлдар - бұл пайғамбардың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары" (фатхул-қадир 4/148).

аллаһтың елшісі (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:[/i] «менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың барлығы тозақта, тек біреуінен басқа». одан: «әй, аллаһтың елшісі, олар кімдер?», - деп сұрағанда. ол: «олар менің және сахабаларымның артынан ергендер», - деді (ахмад 4/102, әбу дәуд 2/503, тирмизи 3/367, ибн мәджәһ 2/479, әд-дәрими 2/241, әл-хаким 1/128. бұл хадисті шейх әл-ислам ибн тәймийя, шейх ибн әл-қойим, имам әш-шәтыби, хәфиз әл-`ирақи және шейх әл-әлбани сахих деген).

егер сахабаның сөздері, оның ижтиһадының нәтижесі немесе кітап иелерінен келген хабар болып табылмаса, әрі басқа бір сахабалардың біреуі де оның сөздеріне қарсы пікір айтқаны белгілі болмаса, онда олар қабылдау керек болған дәлел болып есептеледі. өйткені, сахабалар құранды өздігінше түсіндірмеген, өз болжауларымен ғойб (жасырын, көмес) нәрселер мен дін мәселелерін айтпаған. бұған барлық барлық таби`индер мен имамдар бір ауыздан келіскен. сахабалардың сөздерін дәлел ретінде тек аш`арилер, му`тазилер мен пәлсәпылар және кейбір ханафилер сияқты қана шындықтан ауытқыған адамдар қабылдамаған ("ихкәм" 4/120, "әт-тахсыл" 2/319).

имам ша`би айтқан: "саған сахабалардан жеткен нәрселерді қабылда, ал өз пікіріне сүйеніп айтылған нәрсеге дәретіңді сындыр (жалпақ тілмен айтқанда "си"!)" (`абур-раззақ 11/256).

са`ид ибн джубайр былай деген: "бәдр шайқасына қатысқан сахабаларға белгісіз нәрселер діннен емес" (“джәми’ул-баянил-‘илм” 1425).

имам ауза`и былай айтқан: "білім дегеніміз - бұл сахабалардан келген нәрсе. ал олардың біреуінен де келмеген нәрсе білім болып табылмайды" (“джәми’ул-баянил-‘илм” 1420).

ибн әл-қайим: "сахабалардың сөзін қабылдау керектігін исламның барлық имамдары айтқан", - деді (“и’ләмул-мууаққи’ин” 4/124).

қияс (салыстырмаға) дәлел

қияс туралы айтар болсақ, онда оны барлық ғалымдар дәлел деп санамаған. алайда, дұрысырақ пікір бойынша, құран мен сүннетте дәлел келмесе және қатты қажет болып жатса қияс дәлел болып есептеледі.

аллаһ тағала: "аллаһ - ақиқат бойынша кітапты және таразыны түсірді", - деді (шура 17).
шейх ибн `усеймин айтты: "таразы дегеніміз бұл - ол арқылы амалдар өлшенетін және салыстырма жасалынатын зат" ("шарх әл- усул" 477).

бір күні бір адам пайғамбарымыздан (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "бір ай бойы ораза тұту керек болған анам қайьыс болды. енді оның орнына мен оразасын өтеуім керек пе?", - деп сұрады. сонда ол (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "(оразасын) өте! өйткені аллаһқа қайтарылатын қарыз бәрінен де бұрын өтелу керек" (бухари 1754, 1953, муслим 2/154).

осылайша, аллаһтың елшісі (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аллаһқа қайтарылатын қарызды адамға қайтарылатын қарызбен салыстырды.

ибн `аббас, пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны сатушыдан алып кетпейінше, сатылған тамақты қайта сатып жібергенін хабарлаған соң, былай деді: "мен осымен кез-келген нәрсені салыстырамын" (муслим 1525).

алайда, алдында айтып өткеніміздей қиясты тек құран мен сүннетте дәлел келмеген және қажет туған жағдайда ғана қолдануға болады. ал басқа кездерге онымен қолдануды сәләфтар қатты қайтарғып тыйым салған.
ибн мас`уд айтқан: "егер сендер дін жөнінде қиясқа сүйенетін болсаңдар, онда көптеген тыйым салынған заттарды рұқсат етіп, рұқсат етілген заттарды тыйым саласыңдар" (әл-хатыб “әл-фиқһ уәл-тутәфақиһ” 180).

тағы да масруқ: "дінде қияс (салыстыру) мен өз пікірлеріңе сүйенуден аулақ болыңдар!" (әд-дәрими 1/191).

Ақпарат көзі: http://forum.al-hanifiya.kz/showthread.php?p=331

Хатты жөндеген AL-Hanifiyakz - Сәрсенбі, 17.Ақпан.2010, 11:42
AL-HanifiyakzУақыты: Сәрсенбі, 17.Ақпан.2010, 08:52 | Хабарлама # 2
Тобы: Удаленные
[ ]
Әссәләму `алейкум, бауырлар! осы тақырыпқа ьағы ұлы ғалым шейх фаузанның сөздерін келтірсек жақсы болар еді. ойланып көріңіздер! сіз қаншама адамдардың уағыздарын тыңдайсыз, алайда қаншасы келесі шейх атап кететін шарттарға сай келеді?!

шейх салих әл-фәузан былай деді: “бүгінгі күндері өзін дағуатқа қатыстыратын адамдардың ішінде, (жұртты) адастырып жүргендері бар! олар жастардың адасуын, халықтың тура жолдан ауытқуын және мұсылман жамағатының арасында бүлік туғызып бөлініп кетуін қалайды. маңыздысы, біреудің өзін неге қатыстыратындығында және нені сырттай көрсететіндігінде емес, бірақ маңыздысы заты мен нәтижесінде. міндетті түрде, өздерін дағуатқа қатыстыратын белгілі адамдарға қарап (тексеру) керек:

1. олар қайда оқыған?
2. олар білімдерін кімнен талап еткен?
3. олар неден бастаған?
4. олардың `ақидасы қандай?
5. олардың амалдары мен адамдардың арасындағы жемістеріне және олардың неге қол жеткізгеніне қарау керек.
6. жақсылыққа қол жеткізу барысындағы олардың істері қандай болған?

сондықтан, олардың сөздеріне сүйенер алдын, осындай адамдардың жағдайларын зерттеп шығу керек. бұл өте қажет нәрсе, әсіресе бүлік туғызатын уағыздаушылары таралған біздің уақытта!” (“әл-иджәбәт әл-муһимма” 47).

Ақпарат көзі: http://www.forum.al-hanifiya.kz/showthread.php?t=30

Хатты жөндеген AL-Hanifiyakz - Сәрсенбі, 17.Ақпан.2010, 11:40
AL-HanifiyakzУақыты: Сәрсенбі, 17.Ақпан.2010, 11:40 | Хабарлама # 3
Тобы: Удаленные
[ ]
Ислам - ұстамды, ортадағы дін! онда шектен шығушылық жоқ. ғалымдарды құрметтеп олардың орнын білу - олардың артынан соқыр еруді білдірмейді. имамдар айтқандай, ғалымдар бізге оларға еліктеп артынан соқыр ілесу үшін емес, бірақ құран мен сүннетті дұрыс түсіну үшін қажет.

имам әш-шәфи`и ұлы сөздер айтты: "фақиһтардың сөздері мен олардың пікірлерімен қолдану - бұл тек қана су жоқ кезде тәйәммум жасаумен бірдей. егер бізде құраннан немесе сүннеттен және сахабалардың сөздерінен анық, тура дәлел келсе оның артына еру уәжиб (міндетті, парыз). әрі бір ғалымның пікірін ұстану үшін бұл дәлелдерден бас тартуына болмайды" (рисәлә, 599).

тағы да керемет сөздерді имам әш-шәтыби айтқан: "егер біз ғалымдарды шариғат үкімдерін біліп алуымыз үшін құрал ретінде алмай, керісінше мақсат ретінде алған болсақ, онда адасамыз!" (и`тисам 2/872).

имам тахауи былай деді: "ақымақ адамнан басқа ешкім соқыр ілеспейді" (рәсмул муфтий 1/32).

хафиз ас-суюты былай деді: "расында, соқыр ілесуші ғалым бола алмайды" (шарх сунан ибну мәджәһ 1/70).

имам әбу ханифа айтқан: "егер менің сөздерім құранға қарсы келсе, менің сөздерімді қалдырыңдар да, құран аяттарын алыңдар!". одан: "ал егер сенің сөздерің пайғамбардың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне қарсы келсе ше?", деп сұрағанда, ол: "онда аллаһ елшісінің (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін алыңдар да менің сөзімді тастаңдар!", деп жауап берді. сонда одан: "ал егер сенің сөздерің сахабалардың сөздеріне қарсы келсе ше?", деп сұрағанда, ол: "онда сахабалардың сөздерін алыңдар ды, менің сөздерімді қалдырыңдар", деп жауап қатты (фатхул мәджид 241).

бұл қысқаша, айтып өткенім!) иншааллаһ, жәйлап аллаһтың қалауымен жаңы материалдарды сала берем!
аллаһ жақсырақ біледі!

Ақпарат көзі: http://www.forum.al-hanifiya.kz/showthread.php?t=66

Хатты жөндеген AL-Hanifiyakz - Сәрсенбі, 17.Ақпан.2010, 11:43
Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Білім және ғылым » AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет (AL-Hanifiya.kz Білім қоры, көзіңді аш бауырым дәлел талап ет)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды