Дүйсенбі, 24.Сәуір.2017, 03:33
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 2«12
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » НАМАЗ - діннің тірегі » Дұға қылған соң екі қолмен бетті сипау
Дұға қылған соң екі қолмен бетті сипау
SalamatУақыты: Дүйсенбі, 22.Наурыз.2010, 22:21 | Хабарлама # 16
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
وقال النووي في كتابه الأذكار: باب رفع اليدين في الدعاء ثم مسح الوجه بهما. ثم أورد حديث الترمذي عن سيدنا عمر رضي الله تعالى عنه وحديث أبي داود عن سيدنا ابن عباس رضي الله تعالى عنهما. ثم قال: في إسناد كل واحد ضعف.. فأحاديث هذا الباب وإن كانت أفرادها ضعيفة، إلا أنها من الضعيف المنجز الذي يتقوى بمجموعه. ويشهد لأحاديث هذا الباب أحاديث. منها ما رواه البخاري عن سيدتنا عائشة رضي الله عنها قالت: كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا أوى إلى فراشه نفث في كفيه ﺑ 'قل هو الله أحد' وبالمعوذتين جميعاً، ثم يمسح بهما وجهه وما بلغت يداه من جسده. قالت عائشة رضي الله تعالى عنها: فلما اشتكى صلى الله عليه وسلم كان يأمرني أن أفعل ذلك. بل روى عبدالرزاق في المصنف (3234) عن معمر عن الزهري قال: كان الرسول صلى الله عليه وسلم يرفع يديه عند صدره في الدعاء، ثم يمسح بهما وجهه. قال عبدالرزاق: وربما رأيت معمراً يفعله وأنا أفعله.

Хатты жөндеген Salamat - Дүйсенбі, 22.Наурыз.2010, 22:25
rrrtoshaУақыты: Сейсенбі, 01.Ақпан.2011, 18:50 | Хабарлама # 17
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

`Умар ибн Хаттаб жеткізген хадисте былай айтылған: «Пайғамбарымыз (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа дұға етіп қолдарын көтерсе, олармен бетін сипамайынша түсірмеген» (әт-Тирмизи 2/244, Ибн ‘Асәкир 7/12/2).
Хафиз әл-`Ирақи, шейх әл-Әлбәни және тағы да басқа көптеген мухаддис ғалымдар бұл хадистің әлсіз (да`иф) екенін айтқан.
Тағы Ибн `Аббас жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Дұғаларыңды аяқтасаңдар беттеріңді қолдарыңмен сипап өтіңдер!», - делінеді (Ибн Мәджәһ 1181, Ибн Нәср 137, әт-Тәбәрани 3/98 және т.б.).
Алайда, Әбу Хатим, Ибн әл-Жәузи, хафиз әл-Бусайри, шейхул-ислам Ибн Тәймия және т.б. ғалымдар бұл хадисті әлсіз және қайтарылған деп атаған.
Шейхул-ислам Ибн Тәймиядан: «Намаздан кейін көптеген адамдардың жасайтыны сунна болып табылады ма?», - деп сұрағанда, ол былай жауап берген: «Дұға кезінде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдарын көтергені туралы айтар болсақ, онда бұған көптеген сахих (сенімді) хадистер бар. Ал дұғадан кейін қолдармен бет сипау туралы тек бір немесе екі хадистен басқа дәлел жоқ. Ол (екі хадистің өзі) дәлел ретінде қабылданбайды» («Мәжму`ул-Фәтәуә» 22/519).
Шейх Ибн Баздың басқаруындағы «Ләжнәтуд-дәимәның» ғалымдарынан дұғаның соңында бетті сипау туралы сұрағанда, олар: «Аллаһқа дұға ету шариғатта бар және ол өте маңызды іс болып саналады. Әрі қолдады көтеру де шариғатта заңдастырылған. Алайда, дұғадан кейін бетті қолдармен сипау бекітілмеген нәрсе. Бұл тақырыпта кейбір хадистер бар, бірақ олар әлсіз (да`иф)», - деп жауап берді. Кейін олар жоғарыда айтылған хадистерді келтіріп, олардың әлсіздігін баяндап болған соң былай деді: «Дұға заңдастырылған құлшылық болып саналады, алайда бет сипау пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен де, істерімен де бекітілмеген. Ал бұл туралы жеткен (хадистердің) барлығы әлсіз. Осы әлсіз хадистерді қалдырып, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бетін сипағаны туралы ештеңке айтылмаған сенімді (сахих) хадистерге сүйенген абзалырақ» («Фәтәуә Ләжнәтид-дәима» № 2396).
Дұғадан кейін бетті сипау жайында шейх Ибн `Усеминнен сұрағанда, ол: «Дұғадан соң бет сипау (шариғатта) бекітілмеген деп санау, ал оны дәлелдейтін хадистер әлсіз екені дұрысырақ. Шейхул-ислам ол хадистер туралы: «Олар дәлел ретінде қабылданбайды», - деген еді. Сондықтан, егер біз бұл істің шариғатта заңды екенінде нақты сенімді болмасақ немесе сенімді болудан алыс болсақ, онда ол істен бас тартқан абзал болады, өйткені шариғи үкімдер сенімі жоқ күдіктерге негізделмеген. Менің пікірім бойынша: дұғадан соң бет сипау сунна емес, себебі бір күні пайғамбарамыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаңбыр тілеп дұға еткенде қолдарын көтергені белгілі, алайда соңында бетін сипағаны туралы ешнәрсе айтылмаған. Сол сияқты, қолдарды көтеріп дұға ету туралы көптеген сахих (сенімді) хадистер келген, бірақ ешқайсысында бет сипау туралы айтылмаған», - деп жауап қатты («Фәтәуә Ибн `Усеймин» 14, 781-ші сұрақ).
Шейх әл-Әлбәни былай айтқан: «Тағы да дұғадан кейін бет сипаудың дұрыс еместігін, дұға кезінде қолдарды көтеру туралы көптеген хадистердің бар болғанымен, біреуінде де бет сипау туралы айтылмаған деген факт күшейтеді. Міне осы, аллаһтың қалауымен, бұл істің шариғатта негізі жоқ әрі қабылданбайтын іс екенін дәлелдейді» («Ируәул-ғалил» 2/182).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » НАМАЗ - діннің тірегі » Дұға қылған соң екі қолмен бетті сипау
Страница 2 из 2«12
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды