Сейсенбі, 22.Тамыз.2017, 09:33
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 2«12
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Түс көру туралы...
Түс көру туралы...
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 01.Қаңтар.2009, 13:11 | Хабарлама # 16
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (alimzhan)
Мен тусимде 3 досымен әйел адамның қара шубы кіиіп алып думандап қыдырып журмин! Ер адам әйел адам киімін киген неге жорады?

Өзім түс жору немесе түс жору жайында білмеймін.....
сайтта жауап беретін адамдар болса қанекей....

дегенмен Пайғамбарымыз с.а.с. "Түстеріңді жақсы адамдарға айтыңдар, айтпасаңдар одан жақсы" деген..

кім біледі кімнің қалай жоратындығын?




HAMZAУақыты: Жексенбі, 15.Ақпан.2009, 15:26 | Хабарлама # 17
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
ТҮС - ТҮЛКІНІҢ .........(ШАЙТАНИ ТҮСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ) :) :D

НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
umm_muhammadУақыты: Сейсенбі, 09.Маусым.2009, 20:06 | Хабарлама # 18
Тобы: Удаленные
[ ]
assalamu aleykum ua rahmatullahi ua barakatuh! tus negizinde e6narseni bildirmeydi deydi. olar e6kanday da ayan bermeydi, eger jaksi tus bolsa onda ol tek jay gana jaksi habar, boldi(yagni aldinda bolayin dep jatkan jayt turali bir preduprejdenie emes). deydi ogan kaly karaysizdar?
birak keyde bir tusterdi koremiz de, sol tus birne6e uakit otken son bolip jatadi goi?
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 10.Маусым.2009, 10:30 | Хабарлама # 19
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
ИСЛАМДАҒЫ ТҮС ҮКІМІ

Адамның түс көруі үш түрлі болады. Біріншісі: шыншыл түс. Бұл Аллаһ тағаладан болатын түс түрі.
Екіншісі: адамның бір нәрсені көп ойлауы себепті туған түс. Адам бір нәрсені аңсап, көп ойласа, сол нәрсені түсінде көруі мүмкін. Бұл табиғи түс.
Түстің үшінші түрі: «Хулм» деп аталады. Бұл шайтан тарапынан келетін түс түрі. Адамның түсінде жағымсыз нәрселер көруі осы түс түріне жатады.
Осы жерде біз бірінші түрін талқылаймыз. Шыншыл түс-пайғамбарлықтың бір бөлігі әрі пайғамбарларға қатысты айтылғанда уахи болып табылады. Ал уахи деген нәрсе тек пайғамбарларға қатысты қасиет, әрі бұл нәрсе пайғамбарымыз Мұхаммедтен кейін енді ешкімге де келмейді.
Алайда кейбір адамдар да шыншыл түс көріп, сол түсі өңінде орындалып жатуы мүмкін. Бірақ та жай адам түсі уахи емес, «қуанышты хабар» болып табылады. Түсінде бір бауырының қажылық жасағанын, біреудің Құран оқығанын немесе тағы басқа ізгі амалдарды істегенін көрсе, ол адам сол бауырын қуантуы керек.
Қарапайым адам шыншыл түс көріп, сол арқылы шариғи үкімдер шығара алмайды. Шыншыл түспен үкім жасау тек пайғамбарлардың қолынан келетін іс. Мысалы Ибраһим (а.с) баласы Исмағилды құрбандыққа шалуы осының дәлелі. Ибраһим шыншыл түс көріп, түсінде баласын құрбан етіп жатқанын көреді. Бұл «Аллаһ бұйрығы» деген үкім шығарып, баласын құрбан етуге беттегенде, Аллаһ риза болып, оның сыннан өткенін сүйіншілейді. Демек, түстен үкім шығару пайғамбарлар ісі. Ал қарапайым адамдар көрген түстен емес, пайғамбарлардың сөздерінен үкім шығарады. Себебі Аллаһ тағала өзінің пайғамбарларымен уахи арқылы хабарласып, басқа адамдармен пайғамбарлар, қасиетті кітаптар арқылы хабарласады. Сол үшін де «шыншыл түс» көрген адам: «Бұл Аллаһтың маған берген хабары» деп түсінен үкім шығаруына болмайды.
Шыншыл түсті тек қана ізгі адам емес, тіпті кәпір адам да көруі мүмкін. Алайда кәпір адамның шыншыл түс көруінде бір хикмет болады. Құрандағы Жүсіп /Юсуф/ оқиғасын еске алсақ, кәпір патша бір түс көріп, ол түсін қалың бұқараға жорытады. Ешбірі де ол түстің жорылуын біле алмай, ақыры зынданда отырған Жүсіпке /Юсуфқа/ жорытады. Аллаһ тағала осы жерде хикметімен Жүсіпті /Юсуфты/ түрмеден шығарып алады. Кәпір адамның шыншыл түс көруі оның құрметтілігіне көрсетілді деп айтпаймыз, керісінше сол адамның шыншыл түс көруі арқылы Аллаһ хикметін жүргізіп, ізгі адамдарға жақсылық жасайды деп айтамыз.
Демек, қазіргі кезде біреулер түс көріп, "Түсімде аян алдым" деп айтуы дұрыс емес, себебі жоғарыда айтып кеткендей, аян алу, уахи алу тек пайғамбарлар ісі. Ал адамдар аян ала алмайды. Ал енді түсінде бір атасын-бабасын көріп, ол оған: Балам намаз оқыдеп кіруі бұл аян емес, бәлкім жын осылай жасау арқылы сол адамды адастыруға дайындайды. Себебі исламда уағыз жасағанда ең алдымен намазға емес, ең алдымен таухидке көңіл бөлу керек. Ал енді әлгі ата-бабасы намаз оқы деп бастауы себепті біз ол жын немесе шайтанның елесі екенін біле аламыз. Себебі жындар намаз-ораза деген жақсы жарнамамен келіп, адамды ширкке итереді. Ал ширктен кейінгі құлшылық пайдасы болмайды.
Сондай-ақ, жай қарапайым мысал келтірейік: түсіңізде ата-баба тіпті пайғамбар келіп: Әй, бәленше, сен енді намаздарды оқымай ақ қой, немесе сен тек сүннет намаздарын оқы-десе,сіз мұны орындауыңызға болмайды. Себебі жоғарыда айтып кеткендей, түстен үкім шығарып, өңімізде қолдануға болмайды, себебі түстен үкім шығару пайғамбарлар ісі. Анығын Аллаһ біледі.
А. Махыпбекұлы.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
abdulmalikУақыты: Бейсенбі, 11.Маусым.2009, 16:40 | Хабарлама # 20
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 20
[ ]
Ажыратылған
Hayrulla, arb
keide mynandai jagdailar bolady: bir okiga bolady, ol okigany buryn bir jerde korgen siakty aser bolady. Muny kalai tusindiruge bolady? adam balasy tuylmai jatyp, ogan omirinde bolatyn keibir narseler beriledi(belgili bolady, bildiriledi), dejavuler sodan boluy mumkin be?
umm_muhammadУақыты: Жұма, 12.Маусым.2009, 02:13 | Хабарлама # 21
Тобы: Удаленные
[ ]
Assalamu aleykum ua rahamtullahi ua barakatuh! Hayrulla ahi, DJAZAKALLAHU HAYRAN! men tindagan lekciyada da dal osilay aytkan. birak men ali duris tusingen jokpin uyalu .
nege 6in6il tus dep ataladi?
ol adamdi nesine kuantadi , bul eger baribir ni4ego ne ozna4aet je? ol kajilikka barganin tusinde korse, baradi degen soz emes koi.
umm_muhammadУақыты: Сенбі, 13.Маусым.2009, 12:14 | Хабарлама # 22
Тобы: Удаленные
[ ]
assalam
boldi ma? magan e6kim tusindire almay ma? :( :( :(
sonda e6kim tusindirmey me? :( uyalu
rbchУақыты: Сәрсенбі, 17.Маусым.2009, 17:22 | Хабарлама # 23
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Дүние тіршілігі де бір майдан түс қана ....

تعلم العلم من المهد الى اللحد
rbchУақыты: Сәрсенбі, 17.Маусым.2009, 17:34 | Хабарлама # 24
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бұл түстен өлім арқылы ойанасың,сонда мынау балбұл жайнаған әлемнің тек қана түс,қиял екенін білесің,айналаңдағы адамдарда сенің түсіңдегі қиялдар болуы мүмкін ...

تعلم العلم من المهد الى اللحد
МуслимУақыты: Бейсенбі, 18.Маусым.2009, 17:49 | Хабарлама # 25
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 91
[ ]
Ажыратылған
Quote (rbch)
... айналаңдағы адамдарда сенің түсіңдегі қиялдар болуы мүмкін ...

Негізі мұсылман бір нәрсені айтқан кезде, әсіресе білімі жетпейтін дүниені немесе о дүние, періштелер, жындар сияқты ғайып дүниені айтқан кезде Аллаһ пен Оның елшісі не айтса, соны ғана айтады. Олардың айтқанынан өзгені немесе олардан асырып ешнәрсе айтпайды. Өйткені Құранда Аллаһ Тағала айтады:
«Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе». (Исра сүресі 36)

Және мұсылман Раббысының айтқанына мүлтіксіз сенеді. Оның ақ дегенін ақ, қара дегенін қара дейді. Өйткені хақ – Аллаһ жақта.

Сол себептен Аллаһ Тағала бұл дүниені, әрі бұнда болып жатқан нәрселерді қандай түрде жараттым десе – біз де сондай түрде деуіміз керек. Одан өзгесіне бармауымыз керек.

Ендеше Раббымыз дүние тіршілігін қияли дей ме, әлде шындық бойынша дей ме, Раббымыздың айтқанына құлақ салайық:

«Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық.
Екеуін шындық бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі оны білмейді».
(Духан сүресі 38-39)

«Көктер мен жерді, әрі екі арасындағыларды шындық бойынша жараттық, әрі белгіленген бір мерзімге. Ал сенбегендер (қарсы болғандар) – ескертілген нәрседен бет бұруда». (Ахқаф сүресі 2)

«Аллаһқа қалайша сенбейсіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сосын Оның алдына қайтарыласыңдар.
Ол сондай – сендерге жер жүзіндегі барлық нәрселерді жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші».
(Бақара сүресі 28-29)

Сонда қарасақ, қияли деген бір сөз жоқ. Және қияли қылудың не қажеті де бар еді, мұның бәрін ақиқи қылу Аллаһқа ешқандай-ешқандай қиын емес те. Күшіміз жетпесе қиялмен істеп кететін – ол біздер. Ал Аллаһ әр нәрсеге құдыреті жетуші. Бұның бәрін ақиқи түрде істеу – Оны еш машақаттамайды.

«Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық. Еш шаршамадық та». (Қаф сүресі 38)

Алайда матрица философиясы әсер еткен кейбір адамдар бұл дүниені, бұнда болып жатқан нәрселерді түсінуде Исламның үйреткенінен ауытқи бастаған. Алайда ақиқат адам жақта емес, ақиқат - Аллаһ жақта. Аллаһтың Кітабы мен Пайғамбардың Сүннетінде. Сол себептен Аллаһ пен Оның елшісі не айтса, соны айтуымыз керек. Одан өзгесіне аспауымыз керек.

Сахабалар да, оларға Пайғамбар бір нәрсе айтқысы келіп сұрақ қойса, олардың айтатын сөздері: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі» - деп Пайғамбарға құлақ асатын. Және «Естідік және иман келдірдік!» - дейтін.

---------------------------------------------
Марица философиясы – бұл дүниеде болып жатқан нәрселер шындығында болып жатқан жоқ. Ол тек сенің қиялың ғана, елес деп түсіндіреді. Бұл Ислам ақидасына жат сенім.

AL_HanifiyaУақыты: Дүйсенбі, 22.Маусым.2009, 15:14 | Хабарлама # 26
Тобы: Удаленные
[ ]
Муслим, Машаллаһ arb
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 23.Маусым.2009, 11:34 | Хабарлама # 27
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (abdulmalik)
Hayrulla, arb
keide mynandai jagdailar bolady: bir okiga bolady, ol okigany buryn bir jerde korgen siakty aser bolady. Muny kalai tusindiruge bolady? adam balasy tuylmai jatyp, ogan omirinde bolatyn keibir narseler beriledi(belgili bolady, bildiriledi), dejavuler sodan boluy mumkin be?

Бұл жайлы ешқандай дерегім жоқ. Бар болса бөлісе отырсаңыздар...

Quote (umm_muhammad)
Assalamu aleykum ua rahamtullahi ua barakatuh! Hayrulla ahi, DJAZAKALLAHU HAYRAN! men tindagan lekciyada da dal osilay aytkan. birak men ali duris tusingen jokpin uyalu .
nege 6in6il tus dep ataladi?

Шыншыл түс өңіңде орындалуы мүмкін. Өзге түстерден бір айырмашылығы осында. Бұл жәй қуанышты хабар ғана. Ал, түс жору - ғайыпты болжауға жататындықтан болмайтын нәрсе деседі... :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Simbat2590Уақыты: Сәрсенбі, 15.Сәуір.2015, 11:53 | Хабарлама # 28
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Саламатсыздар ма? Тусинде 3 кун катар балан бар екенин корсен не болады?
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Түс көру туралы...
Страница 2 из 2«12
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды