Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:29
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Сенім...
Сенім...
janbolatУақыты: Жексенбі, 03.Января.2010, 21:08 | Хабарлама # 16
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Аллаһ тағала дүниеге адамдарды жіберді. Сосын адамдар Раббысын ұмытпау үшін оларға хақ жолды көрсетуші, ақ пен қараны айырушы, пайғамбарларды жіберіп отырды.

пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар


KZ
MahdiУақыты: Дүйсенбі, 04.Января.2010, 01:03 | Хабарлама # 17
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
[size=12]
Quote (Umit)
“Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік” (“Әнбия” сүресі, 107-аят)
Аллаһ разы болсын Үміт бауырым.
Ал пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)бізге алып келген ең үлкен ныңметі не еді?Демек,оның (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)бізге Алладан алып келген рахымы не еді?

Жанболат бауырым "Аллаһ Тағала пайғамбарларды ақ пен қараны ажыратып раббыларын ұмытпас үшін жіберілді" деді.Аллаһ разы болсын.Демек Жанболат бауырымыз жалпы жақсы жауап берді,оның "ақ пен қара" деп отырғаны,менің түсінігім бойынша ол "жақсы мен жаманды" айыру үшін жіберілген мағынасында айтқан сияқты.
Демек әр қауымда уағыз-насихат жүргізетін тақуа адамдар азая бастаған соң, уақыт өте келе адамдар надандыққа ұшырап ақ пен қараны ажырата алмай бұзақы қауымдарға айналған.Осы кезде адамдарға тура жолды көрсету үшін, Аллаһ Тағала адамдарға пайғамбарларды жіберген дедік.
Ал сол қауымдарда істеген жаман, әділетсіз күнәлардың бірі қайсысы болған екен?

ой-пікірлеріңізді білдіріп отырсаңыздар жақсы болар еді :)
Баракаллаху фикум!


Абдулла
UmitУақыты: Дүйсенбі, 04.Января.2010, 09:48 | Хабарлама # 18
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
Meninshe, an auyr, adiletsiz kunalardyn biri Allaga serik kosu. Sondyktan jalgyz Allanyn bar ekendigin umytkan kauymdarga oz paygambarlaryn eskertuge, eske saluga zhiberip otyrgan.

Dunie bir kisyk zhol burandagan,
Bak taysa, erge daulet kuralmagan.
Kunine toksan togyz bale korsen,
Sonda da kuder uzbe bir Alladan!
MahdiУақыты: Сәрсенбі, 06.Января.2010, 00:28 | Хабарлама # 19
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған

Quote (Umit)
Meninshe, an auyr, adiletsiz kunalardyn biri Allaga serik kosu. Sondyktan jalgyz Allanyn bar ekendigin umytkan kauymdarga oz paygambarlaryn eskertuge, eske saluga zhiberip otyrgan.

Аллаһ разы болсын сізге Үміт бауырым!
Негізі осы сөзіңізге дәлел келтірсеңіз жақсы болар еді.Үміт бауырым біздер пайгамбарымыздың салаллаху алейхи уассаламның сүннетін жандандырып үйренуіміз керек.Бұл болып жатқан сұхбаттар бос сөздер емес,осы сұхбаттарды адамдар көріп ғибрат,ілім алу мүмкін.
Адамдарға пайғамбарымыздың жолын, бірінші өзімізден бастап және басқаларға барынша білгенімізді жеткізуіміз керек.Көбінесе адамдар сұракка жауап бергенде,сурак койушы адамдар далел талап ету керектігін білмейді.Ал бұл тәсілді(манхадж) Аллаһ Тағала және Оның елшісі салаллаху алейхи уассалам корсетип уйреткен.
Сондыктан кез-келген сөзімізді дәлелмен бекітсек хайр болады.
Имам аш-Шафии(р.а) бір сөзінде былай дейді: "Дәлел келтірмеген адам,қараңғыда отын жинап жүріп,жыланды қолына ұстағандай болады".


Абдулла
UmitУақыты: Сәрсенбі, 06.Января.2010, 02:56 | Хабарлама # 20
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
Eskertuge rahmet :)
Birak men myna sozinizge jauap retinde jazgan bolatynmyn:
Quote (Mahdi)
ой-пікірлеріңізді білдіріп отырсаңыздар жақсы болар еді

Al dalelderdi kobirek uakytym bolganda, izdenip, tauyp jazarmyn.
arb


Dunie bir kisyk zhol burandagan,
Bak taysa, erge daulet kuralmagan.
Kunine toksan togyz bale korsen,
Sonda da kuder uzbe bir Alladan!
MahdiУақыты: Сәрсенбі, 06.Января.2010, 21:13 | Хабарлама # 21
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Сізге де Аллаһ разы болсын!

Quote (Umit)
ой-пікірлеріңізді білдіріп отырсаңыздар жақсы болар еді

Үміт бауырым бұл сөздің алдында мен ой-пікірлеріңізді "Құран және Сүннет" негізінде келтірілседеп едім,мүкін оны аңғармай қалған шығарсыз?!
Ал жуабыңызға келсек,жауабыңыз дұрыс оның дәлелі мына аят болады: "(Мұхаммед.ғ.с) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек,оларға:"Күдіксіз Менен баска ғибадатқа лайық ешбір тәңір жоқ.Маған ғана құлшылық қылыңдар" деп уахи етіп жібердік" аят дәлел болады.
Демек,Аллаһ Тағалаға серік қосу,ең ауыр кешірілмейтін күнәнің бірі деп ескерткен екен.
Біздер бәріміз білеміз,күнәләрды ең ауыры ол адам өлтіру,зина жасау,арақ ішу,өсімқорлықпен айналысу,темекі ішу тағы басқалар,айтаберсек көп.Ал осылардан ең улен кешірілмейтін күнә ол Аллаға серік қосу екен.

Осыдан байкасак Аллаһ Тағала пайғамбарларды адамдарға "Таухидті" жеткізу үшін жіберген екен.
Ал "Таухидтің" 3 түрі бар,ол Таухид-Рубубия, Таухид-Улюхия, Таухид-Асма уассыфат.
Калай ойлайсыздар,АллаһТағала пайғамбарларға "таухидтің" ең негізгі қай түрімен жіберген?


Абдулла
SalamatУақыты: Бейсенбі, 07.Января.2010, 00:56 | Хабарлама # 22
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Рахман Иеміз Құран Кәрімде : "Шындығында жын баласы мен адам баласын өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым" - дейді. Демек иманның негізі ол таухид - Рубубия. Ал таухид - Рубубия тек сөз жүзінде ғана емес ол амал жүзінде (құлшылық түрінде) расталуы керек. Мухаммад ибн Алиден (р.л.т.ғ.) Ибн Шаһин риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Имандылық пен оны растайтын амал ажырамас ағайын және бір қауашақтың дәндері тәрізді. Аллаһ оның бірі болмаса, екіншісін қабыл етпейді." - деген. Әнас ибн Маликтен (р.л.т.ғ.) ибн Ән - Нажжәр риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Иман келтіру дегеніміз құр иманды болсам екен деген арманмен, әшекей затпен сәнделу емес. Бәлки, иман келтіру дегеніміз жүректе орныққан нық сенім мен иманды екенін растайтын амал". - деп амалсыз таухидтан, таухидсыз амалдан қайыр жоқ екенін баяндайды.
Бірде Суфйан ибн Ғұйайнаға: "Адамдар иманның сөз екенін айтып жүр ғой", - дегенде, ол: "Бұл дін үкімдері түсірілмей тұрып болған еді. Ол кезде адамдар "Лә иләһә илләллаһ" (Алладан басқа ғибадат қылуға лайық ешбір тәңір жоқ) деп айтауға бұйырылған. Соны айтқан жағдайда жандары мен мал - дүниелерін сақтап қалатын. Алла Таъала адамдарды ықыласпен (иман келтірген) соң, оларға намаз оқуды бұйырды. Сөйті олар намаз оқыды. Егер намаз оқымаса, оларға мойындаулары пайда бермес еді", - деген. Ибн Ғұйайна осылай исламның барлық тіректерін атап шыққаннан кейін: "Ақыр соңында Алла Таъала олар өздеріне жүктелген мінденттерді қабыл алған соң : "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай - ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым", - деді Мәида, 3 - аят.
Кімде - кім бұл үкімдердің бірінен жалқаулығы, не арсыздығы себепті бас тартса, оны тәртіпке шақырамыз. Ондай адамның иманы кем болады. Ал кім олардан парыз екенін мойындамай бас тартса, кәпір болады", - деп айтқан.
Хаким имам әш - Шафиғидың: "Иман - сөз бен амалдан тұрады. Ол артады және азаяды", - деген сөзін келтірген. Әбу Нуъайм да әш - Шафиғидың: "Иман бойсұну арқылы артып, бойсұнбаушылық арқылы азаяды", - деп, "... иман келтіргендердің сенімдері арта түссін" (муддәссир, 31) деген аятты оқығанын жеткізген. (Фатхул Бәри 1,30 - тараудан үзінді)


Хатты жөндеген Salamat - Бейсенбі, 07.Января.2010, 01:52
MahdiУақыты: Бейсенбі, 07.Января.2010, 17:12 | Хабарлама # 23
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ассаламуалейкум бауырлар!
Баракаллаху фикум Саламат бауыр!
Мен кішкене толықтырып кетсем деп едім, иманның негізі ол тек қана
Quote (Salamat)
таухид - Рубубия
емес,Аллаға иман келтіру тіректерінің негізгі тағыекі түрі бар,ол таухид-аль-Улюхия және таухид аль-асмам уа-сСыфат.Сіздің
Quote (Salamat)
Рубубия тек сөз жүзінде ғана емес ол амал жүзінде (құлшылық түрінде) расталуы керек.
деген сөздеріңіз осы таухидтың аль-Улюхия екінші түрі болып саналады.Және үшінші түрі ол таухид асмаи уа-сСыфат.Мен сізді айыптап жатқан жоқпын,мумкін сіз көңіл бөлмей қалғаншығарсыз.?!Ғұламалар неге ТАУХИД-ті 3турге бөлді?Өйткені бұл сұрақта адамдарға түсінікті болу үшін осылай жіктеген.

Адамдар "ТАУХИД" дегенде, тек осы "Рубубия" ғана түрін түсініп,ал қалғанын түсінбей Аллаға ШИРК қосып жүре береді.Ғұламалар сол себепті адамдарға түсінікті болу үшін "Құран және Сүннет" шеңберінде осылай бөліп жіктеген.Оны жақын адамдарымыздан сұрап тексеруге болады.Адамдар таухид рубубияны біліп,қалған екі түрінде Аллаға серік қосып жатқандарын көреміз,ал біздер білеміз Алла ШИРКТЕН басқасын кешірем деп ҚҰРАНДА айтқан,және Ширк күнәсін кешірмеймін деп айтқан. "Аллаһ өзіне ортақ қосуды кешірмейді,ал одан өзгесін қалаған кісісін кешіреді,сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса,расында жала қойып,зор күнәлі болды" -дейді. (ан-Ниса,48).

Пайғамбарымыздан (Аллаһтың оған сәлемімен игілігі болсын) "Ең ауыр күнә не?"-деп сұрағанда ол:"Аллаһ Тағалаға серік(ширк) қосуың,Ол сені жаатты ғой"-деп жауап берді.(Бухари және Муслим).
Және келесі бір хадисте:"Кім Аллаһ Тағаладан басқа нәрсеге сиынып жүріп өлген болса,ол тозаққа кіреді" деп айтылған.(Бухари)
Негізінде адамдар бұл атуларды жаттап алу шарт емес,бірақ осы шартпен өмір сүру шарт.
Өткен аят-хадистерден ақида ғылымының адам баласы үшін қаншалықты маңызды екені көрінеді.Ол адам баласын мушрик яғни құлшылығында Аллаһ Тағалаға серік қосушы болудан сақтандырып,күпірліктен қайтарады,Хақ Иесін танытып,Оған жақын болу жолдарын үйретеді.

Quote (Salamat)
Бірде Суфйан ибн Ғұйайнаға: "Адамдар иманның сөз екенін айтып жүр ғой", - дегенде, ол: "Бұл дін үкімдері түсірілмей тұрып болған еді. Ол кезде адамдар "Лә иләһә илләллаһ" (Алладан басқа ғибадат қылуға лайық ешбір тәңір жоқ) деп айтауға бұйырылған. Соны айтқан жағдайда жандары мен мал - дүниелерін сақтап қалатын. Алла Таъала адамдарды ықыласпен (иман келтірген) соң, оларға намаз оқуды бұйырды. Сөйті олар намаз оқыды. Егер намаз оқымаса, оларға мойындаулары пайда бермес еді", - деген. Ибн Ғұйайна осылай исламның барлық тіректерін атап шыққаннан кейін: "Ақыр соңында Алла Таъала олар өздеріне жүктелген мінденттерді қабыл алған соң : "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай - ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым", - деді Мәида, 3 - аят.

Міні осы сөзіңіз Таухид альУлюхия болып есептеледі.
Тахидтің 3 түрінің бірі,ар-Рубубия.Таухидтің бұл түріне сеніп,қалған түрін қабылдамаса,бұл таухидтің (ар-Рубубия) түрі адамды оттан құтқармайды.
Бұл жайында сахабалар мен муфасирлердің сөздерінен аңғаруға болады.

Ибн Аббас әкесінен(Аллаһ оларға разы болсын) былай деген:"Олардың имандары мына нәрселерден құралған,оларға:"Көкті кім жаратқан?Жерді кім жаратқан?Тауларды кім жаратқан"-десең,олар "Аллаһ" дейді.Бірақ сонымен бірге олар Аллаға серік қосады".

Икрима(Аллаһ разы болсын):"Сен олардан:"Сені кім жаратты?жер мен көкті кім жаратты?"-деп сұрасаң,олар "Аллаһ" деп жауп береді.Бірақ олар құлшылықтарында Аллаға ортақ қосады" деген.

Муджахид(Аллаһ разы болсын) былай деген:"Олардың имандары: "Аллаһ-біздің Жаратушымыз.Ол бізді ризықтандырады және жанымызды алады" сөздерімен шектеледі.Олардың бұл сөздерінде көпқұдайшылық(ширк) бар,өйткені олар Аллаһқа құлшылық қылмайды" деп жеткізеді.
Осы сөздерден байқасақ,жалпы мушриктер Аллаһтың Жаратушы(ар-Рубубия) екенін мойындаған.
Мушриктер Алланың бар екнін мойындап,Оның-Жаратушы,Ризықтандырушы,Басқарушы екенін біліп, өздерінің табынатын тас,мүсін-пұттарының Аллаһтың қалайуынсыз ештеңке істейалмайтындарын,Аллаһтың қалауынсыз Ризық береалмайтындарын,Зиян келтіре алмайтындарын,пайда береалмайтындарын да білген.Сөйтіп олар Аллаға серік қосқан.Олар ол мүсін-пұттарына табынған себептері олар,сол пұттар,мүсіндер арқылы Аллаға жақындаймыз,және олар бізге шапағат етеді деген ниетпен оларға табынған.Сол кездегі мушриктер мен қазіргі кездегі адамдарды салыстыратын болсақ,мушриктер өз пұттарына тек шапағат үшін табынған. Ал қазіргі кездегі сұмдыққа қарайтын болсақ,адамдар "аруахтардан,әулие-әнбиелерден" сұрайды.Мысалы:Олардың сұрайтындары "О пәленше аруах маған бала бере гөр" , "Атамның аруағы маған намаз оқысын деп жатыр" тағы көптеген күпірлік сөздер бар уалияғзубилля.Сонда ол адам Аллаһтан қорықпай,сол атасының аруағынан қорыққаны ма?Ал Аллаһ "тек қана менен қорқыңдар" -деген еді ғой. Міне қазіргі кездегі адамдар тікелей аруахтардан т.б. сұрайды.Мушриктердің істеген амалдары,қазіргі адамдардың істеп жүрген адамдардың амалдарынан әлде жеңілілдеу болған.Сондықтан Аллаһтың алдындағы ең ауыр күнә ол-ШИРК.
Баракаллаху фикум!


Абдулла
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Сенім...
  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды