Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:22
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Сенім...
Сенім...
rbchУақыты: Бейсенбі, 16.Октября.2008, 12:47 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бір қалада мынадай бір завд бар,оның басқарушысы жоқ,ешбір адам онда жұмыс істемейді, бұл завдтты адам жасамаған, ол өздігінен пайда болыған,машиналар өздігінен құрастырылып қалған, темір,мыс,мырыш т.б металдар өздігінен топырақтан шығып құйылып түрлі вентке,сондай сайман құралдарға айналып құралып машиналар қалыптастырған, електір тоқ өздігінен келіп тұрады,осы завттан түрлі-түсті өнімдерді жасап шығып жатар десе сенесіздерме???

تعلم العلم من المهد الى اللحد
janbolatУақыты: Бейсенбі, 16.Октября.2008, 12:55 | Хабарлама # 2
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Сенбейміз smile

Тіпті тамақ ішіп жүрген темір қасықтың өзін алсақ та,
жердің астынан руда өзінен өзі шығып, балқытылып, пішінделіп, т.б
қысқаша айтқанда қасық өзінен өзі жердің астынан шықты десе сенер ме едіңіз?

ал сол қасықтың соғып тұрған жүрегі жоқ, көріп тұрған көзі жоқ, не бізді ысытып жатқан жоқ, керемет дейтіндей
ешбір жүйесі де жоқ.
Әлбетте, сол қасықтың бір ұстасы бар дер едіңіз...

Ондай болса, Осындай үлкен ғаламның Ұстасы да бар демек...


KZ
rbchУақыты: Бейсенбі, 16.Октября.2008, 15:23 | Хабарлама # 3
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Дұрыс!
Онда неге кейбіреулер аспандағы күн,секондына 300,000 км басатын жарықты,жан жануарды ........ өздігінен,кездейсоқ пайда болып қалған дейді??


تعلم العلم من المهد الى اللحد
LaloУақыты: Бейсенбі, 16.Октября.2008, 15:25 | Хабарлама # 4
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 38
[ ]
Ажыратылған
Мен мына галамат дуниени жаратушынын бар екенине сенемин.. Менин кунде сураган тилегимди орындап маган мейирлене карап тургандай..
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 17.Октября.2008, 22:19 | Хабарлама # 5
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (Lalo)
Дұрыс! Онда неге кейбіреулер аспандағы күн,секондына 300,000 км басатын жарықты,жан жануарды ........ өздігінен,кездейсоқ пайда болып қалған дейді??

Бұны айтып жүргендер Дарвин деген маймылдың ұрпақтары немесе жанкүйер поклонниктері ғой.




НұржолУақыты: Сейсенбі, 04.Ноября.2008, 17:42 | Хабарлама # 6
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 10
[ ]
Ажыратылған
Алладан басқа ешкім қауқарсыз деп ойлаймын...

Өcер елдің баласы, он бесінде - "Баспын" дер,
Өшер елдің баласы, он бесінде - "Жаспын" дер.
HAMZAУақыты: Сейсенбі, 23.Декабря.2008, 17:37 | Хабарлама # 7
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
СОЛ ДАРВИННІҢ ИДЕЯСЫН ҰСТАНУШЫЛАР-АҚ МАЙМЫЛДЫҢ ҰРПАҒЫ БОЛСЫН, БІРАҚ ӨЙТІП АЙТУҒА ДА КЕЛМЕЙДІ, СЕБЕБІ ОЛАРДЫҢ АТА-БАБАСЫ АДАМ(А.С.)ҒА БАРЫП ТІРЕЛЕДІ ҒОЙ.... %) %) %)

НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 24.Декабря.2008, 09:46 | Хабарлама # 8
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Маймылшылдардың идеологиясы мектеп қабырғасында әлі оқытылып жатыр, өкініштісі.

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Сәрсенбі, 24.Декабря.2008, 10:16 | Хабарлама # 9
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
иә, төменгі сыныптарда солай оқыған сияқтымыз...
биология сыныбында маймылдардың мүсіндері бар еді...
әлі есімде


KZ
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 24.Декабря.2008, 14:19 | Хабарлама # 10
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (janbolat)
солай оқыған сияқтымыз...
биология сыныбында

Араб мемлекеттерінде, Түркия, Малайзия елдерінде биология пәні қалай оқытылады екен, а? :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
YergaliMoldirУақыты: Сәрсенбі, 24.Декабря.2008, 22:54 | Хабарлама # 11
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 48
[ ]
Ажыратылған
Сенім дегеніміз - иман. Сенімі жоқ имансыз дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма?Адамга керегі ішу, жеу гана емес. Бір нәрсеге сеніп, сыйынып өмір сүру оның табигатына тән.
Сеніммеен күн кешу адамға жеңіл болады.
Сенім соган байланысты иман ұғымы, діни дүниетаныммнан туған. Ол, тұтастай алганда, жанды-жансыздың пайда болу себебі, адамдардың бұл дүниелік және о дүниелік тіршілігі, жаратқанның алдындағы, бір-бірімен қарым-қатынастағы парыздары мен міндеттері, оларды өтеу мен өтемеудің салдары тағы басқалар туралы тұтас бір жүйе болып табылады. Ғасырлар бойы адамзат сол жүйенің аумағында ғұмыр кешіп келеді. Дүниедегінің бәрін, соның ішінде адамды да жаратқан құдай - ол әрі құдіретті, әрі әділ, жолын адал ұстап, әмірін бұлжытпай орындаған пендесіне мейірбан, о дүниеде пейіште ұстап, рахатқа бөлейді, ал жолынан тайып, күнәкар болғандарды аяусыз жазалап, жанын тозақ отында азаптайды деп біледі. Бұл сенім мыңдаған жылдар бойы адамдардың рухани және материалдық өмірінде, ой-арманы мен сол жолдағы күресінде өшпес із қалдырып, тарихын бірге жасасқан. Адамзаттың күрделі де қат-қабат тарих көшінде осы сенім қайғысын жеңілдетіп, жұбату рөлін атқарып,бір-біріне, адал, әділ болуға, әлсізге, жоқ-жіттікке қайырымды болуға, ұрлық-қарлыққа, қиянат, алдау-арбау сияқты кеселді қылықтарға жол бермеуге өте көп септігін тигізіп келеді.
Біздің мемлекетіміз әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалды, әділдік қарым қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстанған.
Себебі белгілі діндар ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай "Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрып, қылмыс пен бұзақылық тиылып, оларға жол қалмайды"

Добавлено (24-Желтоқсан-2008, 22.54)
---------------------------------------------
"Амалсыз құр иманға сеніп босқа жүрмей маңыз беріп еңбек істеңіздер, дініңізге, дүниеңізге тең қарап, шынайы ынтамен тырысып, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындап, Пайғамбардың (с.ә.с) жолымен жүріңіздер. Ұдайы ғибадат істеп имандарыңызды қорғаңыздар, сәлемді жайыңыздар.
Діни сенім бойынша өмір сүріңіздер, бұл дүниеде рахат күн кешіп, о дүниеде жәннатпен сыйланасыздар. Аллаһ Тағала біздерді толық иман иесі етіп, иманын қорғап, сеніммен ғамал істеген шынайы мұсылман құлдарынан ете көрсіін! Әмин"
Халифа Алтай


Баянсыз бұл пәниде жиған байлық,
Түбінде уа мұсылман иман байлық .
Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде
Жұмаққа жұмыр басың сиғандай қып.


Хатты жөндеген moldir1984 - Сәрсенбі, 24.Декабря.2008, 22:55
MahdiУақыты: Сәрсенбі, 25.Ноября.2009, 00:02 | Хабарлама # 12
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбар Мұхаммадқа, оның жанұясы мен оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Омар бин әл-Хаттабтың, р.а., айтуымен жеткізілген бір даналық әңгімеде былай делінеді: «Біз Аллаһтың елшісімен, с.ғ.с., бірге оырған бір шақта, біздің алдымызға көз тұндырарлықтай ақ киім киген қою қара шашты кісі шықты. Оның бет әлпетінен сапар шеккен адамның ізі байқалмады және біздің арамызда оны танитын да ешкім болмады. Ол Пайғамбардың, с.ғ.с., алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізе отырып жайғасты да қолдарын өз аяғына қойды:«Иә Мұхаммад, маған ИСЛАМ жайлы айтшы», - деді.
Аллаһтың елшісі, с.ғ.с.: «Ислам мынадай нәрселерді қамтиды: 1) Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне сену, 2) намаз оқу, 3) зекет беру, 4) Рамадан айында ораза ұстау және 5) мүмкіншілігің болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді, ал біз болсақ оның Аллаһтың елшісінен, с.ғ.с.,сұрап және оның жауабының дұрыс екендігін растағанына таң қалдық.
Ол: «Енді маған ИМАН жайлы айтшы», - деді. Пайғамбар, с.ғ.с.: «Иман (сенім) дегеніміз мыналардан тұрады: 1) Аллаһқа, 2) Оның періштелеріне, 3) Оның кітаптарына, 4) Оның елші-леріне, 5) Қияметке, 6) барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш (тағдыр) екендігіне сену», - деді. Жаңағы адам бұл жолы да: «Сен дұрыс айттың», - деді.Сосын ол: «Маған ИХСАН жайлы баяндап берші», - деді.
Пайғамабар, с.ғ.с.: «Ихсан (ықылас) дегеніміз, Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, неге десең, (сен Оны көрмесең де), Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», - деп жауап берді.
Сонан кейін ол: «Енді маған ҚИЯМЕТ жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Ол туралы сұралып тұрған сұраушыдан артық білмейді», - деді. Әлгі адам: «Онда маған оның белгілерін (алдында не болатыны жайлы) айтып берші», - деді. Пайғамбар бұл жолы: «Қияметтің жақындау белгілері күң өзінің ханшайымын туады, сен жалаң аяқ, жалаңаш, бейшара қойшылардың бір-бірімен жарысып биік етіп үйлер салаынын көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда Пайғамбар: «Иә Омар, жаңағы сұрақтарды кімнің қойғанын білесің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһың игілігі меен сәлемі болсын: «Бұл болған, сендерді өз діндеріңе үйретуге келген, Жебірейіл (періште)», - деді. Хадис имам Муслимнің жеткізуімен келтіріледі.
Мұсылман баласы бір Аллаһқа ғана құлшылық етеді.

Әр адамның жүрегі туылысымен-ақ Жаратушысының бар екендігіне сенуге бейімделген (фитра). Әбу Хурайра, р.а., Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с.:«Кез-келген адам өмірге мұсылман болып туылады, бірақ оны ата-аналары иудей, христиан, иә, болмаса отқа табынушы етеді. Сол сияқты жануарлардың барлық мүшелерімен туылатыны туралы айтуға болады. Сен бір жануардың туылғанда олардың арасынан тұмсығының кесіліп туылғанын көресің бе?», - деп айтқанын естіген Муслим, әл-Бухари риуаяты боинша.
Әр бір жаратылыстың болуының өзі, Жаратушысының бар екендігін дәлелдейді. Аллаһ Тағала бұл туралы былай дейді: «Олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Әлде жаратушы өздері ме?» («Тұр» сүресі 35 аят.)
Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала былай деп сұрап тұр ғой: « ...олар Жаратушының қатысынсыз жаратылды ма..., не болмаса өздігінен жаратылды ма?» Әрине бұл екі сұраққа жауап біреу ғана. Әр нәрсе өзінен өзі пайда болуы мүмкін емес және әлбетте оның Жаратушысы бар, Ол Жаратушы – Құдіретті Аллаһ Тағала.
Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың бар екендігіне сену табиғи және жүрекке туа берілген құбылыс болғандықтан, сондықтан Ислам діні Аллаһ Тағаланың бар екендігі сеніміне аса көп мән бермейді. Неге десеңіз, Аллаһ Тағала бар және оны кез-келген нәресте, не кез-келген адам қай дін өкілі екендігіне қарамастан мойындайды. Бәлкім оны әр халық өз тілінде айтады. Мысалы, қазақ - «Құдай» десе, орыс - «Бог» немесе ағылшын «Год» дейді. Дегенмен, христиандар Аллаһты орысша «Бог», деп Оны Жаратушы екендігін мойындағанымен олар мұсылман емес, неге? Неге десеңіз, Ислам дінінің ең басты мән беретін мәселесі - ол Аллаһ Тағаланың жалғыздығы, яғни: «Аллаһтан басқа сыйынуға лайық құдай жоқ!», - деуі.
Ислам дінінің негізі – Аллаһқа деген сенім, ал Аллаһқа деген сенімнің негізі – (Таухид)Аллаһтың жалғыздығын мойындау болып табылады.
Аллаһ алдында біздің дініміздің қабыл болу шарттарының бірі, ол (Таухид)Аллаһтың жалғыздығын білімімізбен және сенімімізбен мойындауымыз. Ол Аллаһты - бәрінен Үсем, Жалғыз және барлық ісінде және қасиетінде Дара және Оның көмекшісі әрі Оған тең келетін ешкім жоқ екендігін мойындау, сондай-ақ Оның ұлы, әке-шешесі және қыздары жоқ, деп білу жатады. Және Аллаһ алдында дініміздің қабыл болуы шарттарының бірі, ол Аллаһтың жалғыздығын ниетімізбен және ісімізбен мойындау болып табылады. Ол дегеніміз – барлық оймен, ауызбен айтылатын және денемен орындалатын ғибадатты тек қана Аллаһқа арнау және тек қана Аллаһқа бой ұсыну және бағыну, осының бәрін тек қана Аллаһтан қорқып және Аллаһқа жүгініп орындау болып табылады.
Әр бір мұсылманға(Таухидті) Аллаһтың жалғыздығының екі құрама бөлігін жақсы білу шарт. Олар, Аллаһтың – Үстемдікте жалғыздығы және Аллаһтың – Құдай сипатындағы жалғыздығы.[l]


Абдулла
Madison_okasovУақыты: Сәрсенбі, 25.Ноября.2009, 18:05 | Хабарлама # 13
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 56
[ ]
Ажыратылған
Адам өзі не істегісі келсе істей беретін сияқты бірақ ойланып қарасаң біз бәрінеде тәуелді екеніміз байқалады

Ашуланба жаннатта боласын
MahdiУақыты: Сенбі, 02.Января.2010, 22:37 | Хабарлама # 14
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ассаламуалейкум құрметті бауырлар!
Сайт тынышталып қалған сияқты.
Бауырлар кішкене ой-пікірлесейік,мен сіздерді білім алмасуға шақырамын.
Кім-қалай ойлайды, сұрақ:
1. "Аллаһ Тағала пайғамбарларды не мақсатпен жіберді,олардың мақсаттары не еді?".
Қазіргі кезде осындай сұрақтарды жақын байурларыңа қойсаң,олар білмейміз деп шығады.Ал бұл сұрақ маңызды сұрақтардың бірі болып есептеледі. Барынша ой-пікірлеріңізді "Құран және Сүннеттен" келтірулеріңізді өтінемін,әйтпесе әркім өз пікірін айтып адамдарды адастыру мүкін.Іске сәт salem


Абдулла
UmitУақыты: Жексенбі, 03.Января.2010, 14:56 | Хабарлама # 15
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
Аллаһу Тағала Қасиетті Құран Кәрімде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы былай деген екен: “Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік” (“Әнбия” сүресі, 107-аят)

Dunie bir kisyk zhol burandagan,
Bak taysa, erge daulet kuralmagan.
Kunine toksan togyz bale korsen,
Sonda da kuder uzbe bir Alladan!
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Сенім...
  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды