Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау) - Сұхбат
Сейсенбі, 24.Қаңтар.2017, 17:14
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау) (Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау))
Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау)
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 15:58 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау)

Бұл Аллаһ Тағаланы құлдардың істерінде жалғыз екенін мойындау, басқаша айтқанда – бұл Аллаһты, құлшылыққа лайықты жалғыз тәңір екенін, Одан басқасының ешқайсысы бұған лайықты емес екенін мойындау. Міне осыда «Лә иләһә илләл-лоһ» сөздерінің мағынасы жатыр, себебі бұл ұлы куәліктің мәні Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екенінде. Осылайша, «иләһ» пен «құлшылыққа лайықты тәңір» сөздері бірмағыналы болып табылады.
Таухидтің осы түріне шақыру барлық пайғамбарлардың бірінші қадамы еді, әрі бұл – кез-келген балиғат жасына жеткен мүмкіншілігі бар адамның басты міндеті. Осы үшін Аллаһ жындар мен адамдарды жаратты; осы үшін өз елшілерін жіберіп, кітаптарын түсірді. Бұдан басқа, осы үшін ғана халықтар мен оларға жіберілген елшілер арасында таластар пайда болатын, және бұл адамдардың имандылар мен имансыздарға, бақыттылар мен бақытсыздарға бөлінудің себебі еді.
Аллаһ Тағала айтты: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым» (Зәрият сүресі, 56-аят).
Аллаһ Тағала тағы айтты: «Раббың, өзіне ғана құлшылық етулеріңді әмір етті...» (Исра сүресі, 23-аят).
Тағы Ол айтты: «Олар, құлшылықты, нағыз Аллаһқа шын ықыласпен ханиф түрінде орындаулары үшін ғана әмір етілген...» (Бәйина сүресі, 5-аят).
Ибн Аббастан келтірілген хадисте, Пайғамбарымыздың (саллаллоһу әлейһи уа сәллам) Муаз ибн Жәбәлды Иеменге жіберерде былай деді: «Расында, сен Кітап иелеріне барасың. Сондықтан сенің оларды шақыратын ең бірінші нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ әрі Мухаммед (саллаллоһу әлейһи уа сәллам) Оның елшісі» куәлігі болсын. Егер олар осыны қабылдаса, онда Аллаһ оларға тәулік бойы бес уақыт намаз оқуларын бұйырғанын айт. Ал егер олар осыны да қабылдаса, Аллаһ олардың байларынан, кедейлерге берілетін зекетті бұйырғанын айт» (Бухари, Муслим).
Басқа хадисінде Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Адамдармен олар Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқтығына және Мухаммед (саллаллоһу әлейһи уа сәллам) Оның елшісі екеніне куәлік айтқанға, намаз оқып,зекет бергенге дейін,соғысуға бұйырылдым. Егер соны істесе, менен Исламның ақысынан өзге қандары мен мал-дүниелерін сақтайды, ал есептері Аллаһтың міндетінде» (Бухари, Муслим).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы айтқан: «Шын мәнінде, Аллаһтың жүзіне ұмтылып «Лә иләһә илләл-лоһ» деп айтқан адам үшін, Қиямет күні Аллаһ тозақ отын харам етеді» (Бухари, Муслим).
Аллаһ Тағала айтты:
«Расында әр үмметке: Аллаһқа құлшылық қылыңдар, Одан өзге құлшылық етілетіндерден (тағут) аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).
Аллаһ Тағала былай деді:
« Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған күдіксіз Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жо. Маған ғана құлшылық қылыңдар» деп уахи етіп жібердік» (Әнбия сүресі, 25-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала Нұх, Һуд, Солих және басқа пайғамбарлардың өз елдеріне былай айтқанын хабарлайды:
«Әй елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар!Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ» (Ағраф сүресі, 59,65,73-аяттар).
Аллаһ Тағала айтты:
«Аллаһ Нұхқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді сонда-ай Ибраһим, Мұса және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер, сенің шақырған нәрсең мүшриктерге ауыр келді...» (Шура сүресі, 13-аят).
Сонымен, Аллаһ өз елшілеріне дінді мықты ұстап, дінде бөлінбеулерін бұйырды, демек барлық пайғамбарлардың діні бір еді. Бұл туралы Пайғамбарымыз да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Барлық пайғамбарлар – бауырлар. Әкелері бір, аналары әр түрлі...діндері бір» (Бухари, Муслим).
«Ислам» сөзінің жалпы мағынасы – Аллаһқа ғана бойұсыну, яғни Одан өзге ешкімге құлшылық етпеу. Осы жағынан пайғамбарлардың барлығы исламды ұстанған, бұл туралы Аллаһ Тағала, Нұх пайғамбардың сөздерін келтіріп былай дейді:
«Ал егер бет бұрсаңдар, сендерден жалақы сұрамадым ғой. Менің жалақым Аллаһқа ғана тән. Сондай-ақ мұсылмандардан болуға бұйырылдым...» (Юныс сүресі, 72-аят).
Ибраһим мен Йа`құб туралы Аллаһ Тағала айтты:
«Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ақиретте де игілерден болады. Бір кезде Раббысы оған: «Бой ұсын!» - деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббысына бой ұсындым» - деді. Ибраһим бұны ұлдарына өсиет етті және Йақұбте: «Әй ұлдарым! Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз мұсылман болып өліңдер»,-деді. Йақұбқа өлім келген сәтте, балаларына: «Кімге құлшылық қыласыңдар?», - дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріне, Исмаил, Исхақтың бір-ақ Тәңіріне құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз», - деген еді» (Бақара сүресі, 130-132-аят).
Иса туралы Аллаһ былай деді:
«Сол уақытта хауариларға: «Маған әрі елшіме сеніңдер» деп білдірген едім. Олар: «Біз сендік, біздің шынайы мұсылман болғанымызға куә бол», - деген еді» (Мәида сүресі,111-аят).
Ал басқа пайғамбарлар туралы Аллаһ былай деді: «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бой ұсынған пайғамбарлар, яһудилерге онымен үкім етер еді...» (Мәида сүресі, 44-аят).
Ислам дінінің негізгі бөлігі бір Аллаһқа бой ұсыну, Оған ғана құлшылық ету болып табылады. Кімде-кім Аллаһпен бірге басқа біреуге құлшылық етсе –мүшрик болады, ал Оған мүлдем құлшылық етпейтін адам – бұл Аллаһқа бой ұсынуды төмендік деп көретін адам. Алайда, мүшрикті де, тәкәппарды да кәпір болғандықтары біріктіреді.

Ақпарат көзі: http://al-hanifiya.kz/forum....89dcf12

Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау) (Таухид әл-Улюһия (Аллаһты құлшылықта жалғыздау))
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды