Сәрсенбі, 24.Мамыр.2017, 23:40
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Мунафиқ (екі жүзді адам) (Мунафиқ (екі жүзді адам))
Мунафиқ (екі жүзді адам)
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 10:06 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Мунафиқ (екі жүзді адам)

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Мунанәфиқ (екіжүзді) деп «нифақ» жасайтын адамды атайды. Мысалы, куфр жасаған адамды, кәфир деп атаса, ал ширк жасаған адамды мушрик деп атаса, нифақ жасаған кісіні мунафиқ деп атайды.
«Нифақ» деген сөздің шығу тегі жайында ғалымдардың түрлі пікірлері бар. Кейбіреулерінің айтуынша, ол «нәфиқау» деген сөзден құралған. Ол – қосаяқтың (орыс. тушканчик) қашып, шығып кететін қосымша жолдарының бірі. Егер қосаяқты, інінің негізгі шығатын жерінен ұстамақшы болса, онда ол қосымша жолынан қашып шығады. Бұл нифақ сөзінің тілдік мағынасы (Ибн әл-Әсирдің «Ниһая» кітабы 5/98).
Ал нифақ сөзінің шариғаттағы мағынасы: Ислам мен жақсылықты сырттай көрсетіп, куфр (имансыздық) мен жамандықты іште жасыру. Бұлай аталу себебі, өйткені мунафиқ адам, Шариғатқа бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығып кетеді. Міне осыжан Аллаһ ескертіп, былай деді:
«Расында, мунафиқтер (екіжүзділер) – бұзақылар!» (Тәубә сүресі, 67-аят).
Яғни, шариғаттан шығып кеткендер.
Аллаһ Тағала мунафиқтерді кәпірлерден де жаман екенін айтқан: «Шын мәнінде, мунафиқтер (екіжүзділер) тозақтың ең төменгі қабатында» (Ниса сүресі, 145-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Адамдардың арасында: “Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірдік”, - дейтіндер бар, бірақ олар (негізінде) иман келтірмеген. Олар Аллаһты және иман келтіргендерді алдамақшы болады, бірақ (шынында) олар өздерін ғана алдап жүр, алайда (өздері) оны сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар, сонда Аллаһ дерттерін арттыра түседі. Өтірік айтқандары үшін, оларға ұлы азап болады» (Бақара сүресі, 8-10-аяттар).
Нифақтың (екіжүзділіктің) екі түрі бар:
1) Сенімдегі екіжүзділік (ән-нифақ әл-и`тиқодий).
Бұл үлкен екіжүзділік болып табылады. Бұл жағдайда, адам Ислам ұстанып жүргенін сырттай көрсетеді де, ішінде куфрды (имансыздықты) жасырады. Нифақтың бұл түрі адамды Исламнан толығымен шығарады да, тозақтың ең түбіне кіруіне себеп болады.
2) Амалдағы екіжүзділік (ән-нифақ әл-`амалий).
Бұл жағдайда, адам екіжүзділердің кейбір амалдарын жасайды, алайда жүрегінде иман болады. Яғни, нифақтың бұл түрі адамды діннен шығармайды. Адамда екіжүзділік те, иман да бірге болады. Ал егер екіжүзділігі көбейіп кетсе, онда ол таза мунафиқ болып шығады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Төрт қасиет (барлығы да) кімде болса, нағыз екіжүзді болады. Ал егер олардың кейбірі ғана адамның бойында табылса, онда оны қалдырмайынша, сол қасиетпен жүреді. Олар: аманат етілгенде, қиянат жасайды; әңгімелеп жатса, өтірік айтады; біреумен келісім құрған болса, опасыздық жасайды; ал біреумен таласып, дауласып қалғанда, шектен шығады» (Бухари 34, 2459, 3178; Муслим 58, Ахмад 2/189, Әбу Дәуд 4688, әт-Тирмизи 2632, ән-Нәсәи 8/116, Ибн Хиббән 254).
Сахабалар екіжүзділіктен қатты қорққан еді. Ибн Әби Муләйка былай деді: «Мен, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бослын) отыз сахабасын кездестірдім, олардың әрқайсысы өз басына екіжүзділікті қауіптенген (қорыққан)».
Қараңыз: «`Ақида әт-тәухид» 105-108.

Ақпарат көзі: http://al-hanifiya.kz/forum/

Хатты жөндеген abuhanifa - Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 16:00
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Мунафиқ (екі жүзді адам) (Мунафиқ (екі жүзді адам))
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды