Тұмар тағу туралы - Сұхбат
Сенбі, 25.Ақпан.2017, 12:42
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Тұмар тағу туралы (Тұмар тағу туралы)
Тұмар тағу туралы
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 10:04 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Тұмар тағу жайлы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысына мақтаулар болсын, пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасы мен барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Одан кейін:
Ибн Мас`уд айтқан: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дем салу (руқия), тумар тағу мен еліктіру ширк болып табылады», – дегенін естідім» (Ахмад 1/381, Әбу Дәуд 3883, Ибн Мәджаһ 3530. Имам әл-Хаким, әз-Заһаби, шейх әл-Әлбәни және ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут хадистің сенімділігін растаған).
(Осы хадис бауырларда түсінбеушілік туғызуы мүмкін, сол үшін кейбір сөздерге ғалымдар қандай пікір қосқанын айтып өтсек: Дем салу (руқия) Шейх Ибн ‘Усаймин айтты: “Бұл дем салудың барлық түріне қатысты емес. Бұл жерде дем салудың рұқсат етілмеген түрлері жайында айтылып тұр. Ал шариғатта заңдастырылған дем салуға келер болсақ, онда бұл көпқұдайшылық болып табылмайды!» (“әл-Қаулул-муфид” 1/114). еліктіру ширк болып табылады Шейх Мухаммад ибн ‘Абдул-УаҺҺаб былай деді: “Еліктіру – бұл, әйелдің еркекті жақсы көруіне, ал еркектің әйелді жақсы көруіне мәжбүрлейтін (сиқырдың түрі)» (“Китәбу-ттәухид” 57).)
`Уқба ибн `Амир айтқан: «Бір күні пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) делегация келді. Ол тоғыз адамнан ант қабылдады да, біреуінен қабалдаған жоқ. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Негізінде, ол тұмар тағып алған!», – деді де, одан тұмарын жұлып алды, сосын антын қабылдады. Кейін былай деді: «Кім өзіне тұмар тағып алса, ширк жасаған болады» (Ахмад 4/156, әл-Хаким 4/417. Хадис хасан. Қараңыз “әс-Силсилә әс-сахиха” 492).
Тұмар деп көптеген адамдардың мойындарына асып алған жіптер, моншақтар түріндегі заттарды және соған ұқсас тағы да басқа нәрселерді атайды. Сондай-ақ, бұған сол затқа тәуекел етіп, тіл-көзден сақтайды деген оймен адамның киіп алған жүзігі немесе басқа нәрселер де жатады. Әсіресе, бұны жиі жас балдарға көзден және с.с. сақтасын деп кигізеді.
Өзіне тұмар, талисман, түрлі жіптер мен моншақтар ілу, тағы теріге немесе матаға оралған дұғалар тағу және кішкентай балдардың шекесіне бәле-жаладан сақтасын деген мақсатпен күйе жағу үлкен күнә болып табылады, өйткені осыған ұқсас себептерді жамандықтан сақтану үшін қолдану Құран мен Сүннетте де бекітілмеген. Егер адам осындайларды себеп ретінде алып, бірақ Аллаһ қа тәуекел етсе, онда бұл кіші ширк болып есептеледі. Алайда, егер аталған нәрселерді жасаған кісі осы нәрселердің өздері қайғы-қасыреттен құтқарады деп анық сенетін болса, онда ол үлкен куфр жасаған болып саналыды (“әл-Қаулул-муфид” 1/115).
Аллаһ Тағаладан теріс айналып, өздерін және бала-шағаларын ешқандай пайда да, зиян да әкеле алмайтын көз-моншақтар мен жіптерге тапсыруға не итермелейді?! Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, адамдар! Мысал келтірілді, соған құлақ салыңдар! Расында, сендердің Аллаһтан өзге табынатыңдарың ол үшін жиналса да шыбынды да жаратуға шамалары келмейді. Ал егер шыбын олардан бір заттарын алып кетсе, олар оны қайтара алмайды. Сұрап жатқан да, сұралып жатқан да әлсіз!» (Хаж 73).
Тағы да Аллаһ Тағала: «Өздеріне Аллаһтан басқа қолдаушы мен жәрдемші таңдап алғандар, өзіне ұясын тіккен өрмекші секілді. Расында, ең нәзік (мықты емес) ұя – өрмекшінің ұясы. Егер де олар білгенде еді!», – деді (әл-`Анкәбут 41).
Шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди айтқан: «Басқа төнген тауқыметтен құтылу немесе одан алдын ала сақтану мақсатымен жүзік, тұмар және соған ұқсас нәрселерді тағу, Жалғыз болған Жаратушы және Басқарушы Аллаһтың тәңірлігіне қатысты көпқұдайшылықтың көрінісі болып саналады. Өйткені, Оған жаратуды және істерді басқаруда серік қосылып жатыр. Сонымен бірге бұл құлшылықтағы ширк болып табылады, себебі Аллаһтан өзге нәрсе тәңір ретінде таңдалып жатыр. Сол затты жүрегімен тәңірдей көріп, оған тәуекел ету және оның пайда әкелетініне үміттену ширк (көпқұддайшылық) балып есептеледі» (“Қаулу-ссадид” 89).
Көптеген адамдар, түрлі тұмардардың және с.с. барлық жамандықтардан құтқаратынына сенеді. Ал ақиқатында бұл оларға одан да үлкен зиян әкеледі.
`Имран ибн Хусейн айтқан: «Бір күні пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сары сақинасы бар адамды көреді де одан: «Бұл не?», – деп сұрайды. Әлгі адам: «Мен оны, әлсіздіктен сақтасын деп киіп жүрмін», – деп жауап береді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Оны шеш, шын мәнінде, ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді. Егер сен қолыңа осы сақинаны тағып өлетін болсаң, ешқашан бақытқа ие болмайсың!» (Ахмад 4/445, Ибн Мәджаһ 3531. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Зәһаби, хафиз әл-Бусайри мен шейх ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут растаған).
Әй, мұсылмандар! Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздеріне көңіл бөліңдер: «Ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді». Бұл сөздерден, кез-келген ширктің, ол кіші көпқұдайшылық болса да, мұсылман адамның әлсіздігінің себебі болатынын түсінеміз. Егер мардымсыз ұсақ-түйек заттарды тағып алудың өзі мұсылманның әлсіздігінің себебі болса, онда мұсылмандардың қабірге табыну және өліктерден тілеу секілді ширк көріністерін жасаулары жайында не айтса болады?! Аллаһ Тағала мұсылмандарды одан да қатты әлсіздікке жолықтырсын деп олардың өзі барынша әрекет жасайды, алайда бұны түсінбей және қателікті өз бойларынан іздемей, олар тек кәпірлерді және араб елдерінің басшылары мен ғалымдарын ғана кінәлайды.

Ақпарат көзі: http://al-hanifiya.kz/forum/

Хатты жөндеген abuhanifa - Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 16:00
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Тұмар тағу туралы (Тұмар тағу туралы)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды