Бидғатшыдардың дәлелін таста! - Сұхбат
Жұма, 24.Наурыз.2017, 00:05
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Бидғатшыдардың дәлелін таста! (Бидғатшыдардың дәлелін таста!)
Бидғатшыдардың дәлелін таста!
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 10:00 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Дінге жаңалық еңгізудің жақтастарынан дәлел қабылданбайтындығы туралы

Имам әл-Ләйс ибн Са’д айтады: “Мен бидғатшылардан бірде-бір нәрсе қабылдамас едім, тіпті оны судың үстімен жүріп бара жатқанын көрсем де”. Қараңыз: «әл-Иттибә’» 35.
‘Абдур-Рахман ибн Мәһди айтады: “Егер адам әлсіз және қайтарылған (шәзз) хадистерге ерсе, естігенінің бәрін айта берсе, әрі барлығынан түгелдей жеткізе берсе, ол ешқашан хадис имамы бола алмайды!” Қараңыз: “Джәм’иул-бәянил-‘илм уә фәдлих” 1055.
Көптеген бидғатшылар хадистерді ойдан шығарады немесе қасиетті мәтіндерді өз көзқарастарымен қиюластыру үшін оны бұрмалайды. Мұндайлар туралы имам әл-Әуза’и былай дейді: “Былай делінді: “Күмәнді нәрсе арқылы тыйым салынған нәрсені рұқсат ететіндер мен құлшылық ету үшін емес, басқа бір мақсатта оқып-үйренетіндерге қасірет болсын!” әл-Әджурри “Әхләқул-‘уләмә” 65.
Қады ‘Абдуллаһ ибн Ләхи’а кезінде хауариж болып, кейін тәубесіне келген бір қарт кісінің сөздерін жеткізіп былай дейді: “Бұл хадистер – дін, сондықтан өз діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар! Шын мәнінде, біз бір нәрсені қаласақ, оны хадиске айналдыратын едік!” әл-Ләләкәи 1/85.
Имам әл-Хатыб әл-Бәғдади айтады: “Егер шындыққа қайшы келген жеткізуші өз көңіл-қалауына еретін немесе мазхабқа соқыр еретіндердің қатарынан болса, одан ешнәрсе қабылдамаңдар, тіпті егер ол жақсы жаттайтын кісі болса да”. Қараңыз: “әл-Джәми’ул-әхләқи-ррауи” 1/136.
Әрбір мұсылман белгілі бір пікірге еруден бұрын, сол мәселені жақсылап зерттеуі керек және ол белгілі бір нәрсенің дұрыс-бұрыс екенін айтар алдында, діндегі сол мәселенің шынайы үкімі қандай екенін білуге міндетті. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың жолымен жүретіндер бір нәрсеге сену үшін ең алдымен дәлелге қарайды, содан кейін барып соған сенеді, ал өз көңіл-қалауына ерген бидғатшылар ең алдымен өздеріне бір сенім алады да, кейіннен сол сенімді растайтын дәлел іздеп жүреді. Имам Уәки’ ибн әл-Джәррах айтады: “Кімде-кім өз пікірін растау үшін хадис іздесе – сол бидғатшы”. Қараңыз: “Замул-кәләм” 337.
Имам Ибн Хазм айтады: “Егер бір нәрсе өз көңіл-қалауына сай болса, хабардың сенімділігін одан сайын нығайтып, ал өз көңіл-қалауына сай болмаса, оны әлсіз деп санайтын адамның дінінен әлсіз дін жоқ. Сондай-ақ, тек өз дінімен ойнайтындардан басқа мұндай нәрсені ешкім істемейді”. Қараңыз: “әл-Мухаллә” 4/180.

Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Бидғатшыдардың дәлелін таста! (Бидғатшыдардың дәлелін таста!)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды