Сейсенбі, 22.Тамыз.2017, 09:30
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » ИХТИЛӘФ (келіспеушіліктер) (ИХТИЛӘФ (келіспеушіліктер))
ИХТИЛӘФ (келіспеушіліктер)
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 09:59 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

ИХТИЛӘФ

Келіспеушіліктердің (ихтиләф) үш түрлі болады:
Бірінші түрі – бұл құлшылықтың орындау түріндегі келіспеушілік (ихтиләф тәнәуу`). Яғни, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір құлшылықты әртүрлі жасаған. Бұған шариғатта заңдастырылған түрлі сөздер мен істер жатады. Мысалы, Құранның оқылу түрлері. Сол үшін бұл мәселеде сахабалар тартысып қалған кезде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Оқылудың екі түрі де дұрыс», – деп сөгіс айтты (Бухари 3/146). Сонымен қатар, бұл келіспеушіліктің түріне азан айтылуының түрлері, намазды ашатын дұғалар (ду`а истифтәх) түрлері, намаздағы отырыстар мен онда оқылатын зікірлердің түрлері, қауіп намаздарының түрлері және басқа да құлшылықтар түрлеріндегі келіспеушіліктер жатады. Құлшылықтардың бұл түрлерінің барлығы заңдастырылған. Соған қарамастан, құлшылықтардың кейбір түріне бір себептермен басқаларына қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.
Екінші түрі – бұл бір-біріне қарама-қарсы келетін келіспеушіліктер (ихтиләф тәдод). Бұл бір-біріне мүлдем қарама-қарсы келген екі үкім. Мысалы: халәл мен харам, сунна мен бид`а.
Үшінші түрі – бұл түсініктегі келіспеушілік (ихтиләф әфһәм). Бұған мысал ретінде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бәну Қурайза елді мекеніне жетпейінше, сендерден ешкім `аср намазын оқымасын», – деген сөздерін әртүрлі түсінген сахабаларға Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы ешқандай сөз айтпағанын келтірсек болады. Қараңыз: “әл-Иқтида” 32-48.
Келіспеушіліктердің бірінші және үшінші түрі рұқсат етілген, ал екінші түрі тыйым салынған.
Діндегі қарама-қайшылықтар өз негізінде айыпталатын іс болып табылады, ал кең тараған: «Менің үмметімдегі келіспеушіліктер – мейірім» деген хадиске келер болсақ, бұл хабар имам әс-Субки айтқандай, ойдан шығарылған және ешқандай негізі жоқ. Қараңыз: “әс-Силсилә әд-да’ифә уәл-мәуду’а” 58, 61.
Егер Аллаһ Тағала өзара тартысқа түспейтін адамдарды Өз мейіріміне алдым деп тұрса, онда қалайша келіспеушіліктер мейірім болмақ?! Аллаһ Тағала былай дейді:
«Алайда олар келіспеушіліктерін тастамады, тек оларға Аллаһтың мейірімі жауғандардан басқа. Міне, осы үшін Аллаһ оларды жаратты» (Һуд сүресі, 118-119-аяттар).
`Умар ибн `Абдул -`Азиз айтады: «Аллаһтың мейіріміне бөленгендер өзара келіспеушіліктерге түспес үшін жаратылған». Қараңыз: “Әхкәмул-Қуран, 1/1072”.
Ибн Мәс`уд айтады: «Келіспеушіліктер – бұл жамандық!» Қараңыз: Әбу Дәуд 1960. Хадистің сенімділігін шейх әл-Әлбәни растады.
Сонымен қатар, Аллаһ Тағала былай дейді: «Не нәрседе талассаңдар да, оны Аллаһ пен елшіге қайтарыңдар! Егер Аллаһқа және Қиямет Күніне иман келтірсеңдер. Бұл жақсырақ және соңы да қайырлы» (ән-Ниса сүресі, 59-аят). Имам әл-Музәни былай деген: “Аллаһ тартыстарға сөгісін айтты да, келіспеушіліктер кезінде Құран мен Сүннетке қайтуды бұйырды. Егер де қарама-қайшылықтар діннен болғанда, онда Аллаһ Тағала оларды қайтармайтын еді. Сондай-ақ егер келіспеушіліктер Аллаһтың даналығынан болғанда, онда Ол Құран мен Сүннетке қайтуға бұйырмас еді”. Қараңыз: “Джәми`ул-бәйәнил-`илм 2/910”.
Тағы да Аллаһ Тағала былай дейді: «Неге олар Құран туралы ойланбайды?! Егер де ол Аллаһ тарапынан болмағанда, олар оның ішінде көптеген келіспеушіліктер табатын еді» (ән-Ниса сүресі, 42-аят).
Имам Ибн Хазм айтады: «Аллаһ Тағала келіспеушіліктердің Одан емес екендігін атап өтті. Келіспеушіліктер күпірлік (дінсіздік) пен басқа да күнәлар сияқты болмыста ғана Аллаһтың қалауымен болып жатады» Қараңыз: “әл-Ихкәм, 5/64”.

Ақпарат көзі: http://al-hanifiya.kz/forum/

Хатты жөндеген abuhanifa - Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 16:02
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » ИХТИЛӘФ (келіспеушіліктер) (ИХТИЛӘФ (келіспеушіліктер))
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды