Сейсенбі, 27.Маусым.2017, 21:40
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі (Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі)
Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі
abuhanifaУақыты: Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 09:52 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Оны дәріптеп әрі одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.
Одан кейін:

Дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а) - бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалардың уақытында белгілі болмаған кез-келген сөздер, істер мен сенім-нанымдар арқылы Аллаһқа жақындауға ұмтылу (Көріңіз: “әл-И ’тисом” 1/227, әш-Шатыби).
Шейх әл-Әлбани айтады: “Шынында, шариғат адасу деп атаған дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а) - бұл сүннетке сай келмейтін істер, сөздер мен сенімдер, тіпті ол иджтиһадтың нәтижесінде болса да” (Қараңыз: “Ахкәмул-анаиз” 242).
Дегенмен, бұл анықтамалар дүниелік жаңалықтарға қатысы жоқ, мәселен автомобильдер, компьютерлер, тоңазытқыштар және т.б., себебі бұл заттар шариғаттан деп айтылмайды және өз-өздігінен Аллаһқа жақындау құралы емес. Бұл жаңалықтар дінге емес, бірақ тұрмысқа қатысты.
Аһлю-сунна ғұламалары көпқұдайшылдықтан (ширк) кейін ең ауыр күнә - бид’а екендігіне бірауыздан келіскен.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Шынында, Аллаһ бидғатшының тәубесін, сол бидғатын тастамайынша қабыл етпейді» (әт-Табарани 4360, әбу Әш-шейх 259, ибн әбу ‘Асым 37. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-әлбәни хадистің сенімділігін растады).
Ибн ‘Аббас айтады: “Аллаһқа ең жек көрінішті амал - бидғат болып табылады” (әл-Байхақи “сунанул-кубра” 4/316).
Шейхул-ислам Ибн Тәймия былай айтты: “Ислам имамдары бидғатты - күнәлардың ішінде ең қорқыныштысы және ең ауыр екендігіне бірауыздан келісті” (Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуа” 28/470).
Ол тағы да айтады: “Сунна мен бірауызды келісім (әл-иджма’) бойынша, бидғатшылар - күнәһарлардың ішіндегі ең жамандары” (Қараңыз: “мәджму’ул-фәтәуа” 20/103).
Бір күні Юнус ибн ‘Убайд өзінің баласын бидғатшының үйінен шығып келе жатқанын көріп былай деді: “Әй, балам, сен қайдан келе жатырсың?!” Ол: “Пәленшенің үйінен”, - деді. Сонда Юнус былай деді: “Мен сені пәленшенің үйінен шығып келе жатқаныңды көргенімше, сені қызтеке еркектің үйінен шығып келе жатқаныңды көргенім абзалырақ. Сондай-ақ, әй ұлым, Аллаһтың алдында өз көңілдеріне ергендердің қатарында бірге тұрғаныңнан гөрі, сені Аллаһтың алдында зинақор, пасық, ұрлықшы және сатқын болып тұрғаның маған ұнамдырақ!” (Ибн Батта 464, әл-Ажурри 2061. Иснәды сахих).
Имам әл-Барбахари айтады: “Сен Юнус ибн ‘Убайд, ұлының дініне қызтеке ерлердің әкелетін зарардың өзі де, бидғатшылардың әкелетін зарарынандай емес екеніне нұсқағанын байқамадың ба?! Бидғатшылар адасуға алып барады, солай ол кәпір болып кетуі де мүмкін!” (Қараңыз: “Шарху-ссунна” 87).
Шейх ‘Абдул-‘Азиз ар-Раджихи айтады: “Бұл, үлкен және қасіретке апаратын күнәлардың - мардымсыз екенін білдірмейді. Шынында, бұл тек бидғат күнәсының үлкендігін көрсетеді. Зинақорлық, ұрлық және басқа үлкен күнәлардың ауырлығына қарамастан, бидғат олардан да ауырырақ болып есептеледі!” (Қараңыз: “қам’ ад-дажажилә” 402).
Бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендерге қатал, әрі қатты болған имам Мәлик былай дейді: “Өз көңілдеріне ергендерге сәлем бермеңдер;, олармен бірге отырмаңдар, тек оларға қаталдық көрсеткілерің келмесе ғана; олар ауырып қалса, оларды зиярат етпеңдер; сондай-ақ, олардың атынан хадис жеткізбеңдер!” (Қараңыз: «әл-Жәми’» 125, Ибн Әбу Заида).
Имам Ахмад айтады: “Үлкен күнәлар жасап жүрген сүннет ұстанушылардың қабірлері - бұл бау-бақшалар, ал дүниеден безген бидғатшылардың қабірлері - қасірет! Ахлю-суннадан болған пасық адам - Аллаһқа жақындаған адам, ал дүниеден безген бидғатшы - Аллаһтың жауы!” (Қараңыз: “Табәқатул-ханабилә” 1/184).
‘Абдуллаһ ибн ‘Аун айтады: “Бидғатшылармен бірге отыратындар, біз үшін сол бидғатшылардың өздерінен де жаман!” (Қараңыз: “әл-Ибәнә” 2/273).
Бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендердің, жай күнәһар адамнан да төмен болу себебі - күнәһар өзінің күнәсін біледі және сол үшін тәубе етеді, ал бидғатшылар, өз істерін күнәлі деп есептемейді және осыны құлшылық деп санайды.
Ибн әл-Қайим айтады: “Аллаһтың өзі тыйым салған нәрсесі арқылы Аллаһқа құлшылық етіп жүрген адамдардың көбісі, сол әрекетінің Аллаһқа бағыну екендігіне және сол арқылы Аллаһқа жақындайтындарына сенімді! және де сондай адамның жағдайы, өзі істеп жүрген ісін күнә деп есептейтін адамның жағдайынан да төмен!” (Қараңыз:“иғасату-лләхфан” 2/181).
Шейхул-ислам ибн Тәймия айтады: “Жай күнә жасайтын адамнан көрі, бидғатшылар үмметке көбірек зиян әкеледі! Дәл осы себеппен, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіруді бұйырды және әділетсіз мұсылман басшыларына қарсы соғысуды тыйым салды!” (көріңіз: “Мәжму’ул-фәтәуа” 7/284).
Алайда, бид`а жасаған әрбір мұсылман – бірден бид`атшы бола қалмайтынын міндетті түрде ескеру керек.
Дінге жаңалық еңгізуші (мубтади’) деп, өзі бір нәрсені дінге жаңалық енгізген немесе енгізіліп қойылған жаңалықты істейтін адамды айтамыз, бұл сөздер, істер немесе сенімдер болуы мүмкін. Және де осы әрекеттерді істеп жүрген адам, оған ақиқат жеткізіліп жатқанына қарамастан, оны саналы түрде істеп, одан бас тартпаса, сонда ол, ниеті таза болған күнде де мубтәди`(бид`атшы) болады! (Толығырақ қараңыз: “әл-И’стисам” 1/234 имам аш-Шатыби және “әл-иқтида” 214 шейхул-ислам Ибн Тәймия).
Кейбір адамдар күмәнді дәйекке сүйеніп исламда жақсы және жаман бидғат бар деп мәлімдейді. Онда жаман бид`а мен жақсы бид`аның шекарасын қалай анықтаймыз? Кім анықтайды?! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кез-келген бид`а - бұл адасушылық» (Муслим 2/135), - деп айтқанына қарамастан, осындай сөздерді қалайша қорықпай айтады екен?!
Бәрімізге таныс, әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ішіндегі ғұламаларының бірі ибн ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) кейінгі ұрпақтың сөздерін естіп тұрғандай былай деп айтып кетті: «Кез-келген бид`а, адамдар оны жақсы деп санаса да – адасушылық болып табылады!» (әд-дарими 1/39. шейх әл-әлбәни иснадын сенімді деді).
Бір күні Са’ид ибн әл-Мусайиб бір адамның таң намазына азан шақырып болғасын, руку`тары мен сәжделерін ұзартып, екі ракәттан артық намаз оқып жатқанын көріп, оны құптамағаны жеткізіледі. Сонда әлгі адам: “Әй әбу Мухаммад! Аллаһ мені көп намаз оқығаным үшін жазалайды ма?!”, - деп сұрайды. Сонда Са’ид былай деп жауап берді: “Жоқ. Алайда, ол сені сүннетке қарсы келгенің үшін жазалайды!” (‘Абдур-раззақ 3/52, әл-Байхақи 2/466. Сенімді иснад).
Шейх әл-Әлбәни айтады: “Бұл Са’ид ибн әл-Мусайибтің ғажайып сөздерінің бірі, Аллаһ оны өз мейіріміне бөлесін. Осы сөздер көптеген бидғаттарын Аллаһты еске алумен және намазбен ақтап алғысы келетін бидғатшыларға қарсы ең күшті қару болып табылады. Ал, сүннет ұстанушылар олардың осы әрекеттерін теріске шығара бастаған кезде, бидғатшылар «олар бізді Аллаһты еске алудан және намаз оқудан тосып жатыр» деп (әһлус-суннә адамдарын) кінәлайды. Шын мәнінде, олар Аллаһты еске алуда, намаз оқуда және басқа да құлшылықтар істегенде сүннеттен ауытқығандары үшін ғана бид`атшыларды теріске шығарады!” (Қараңыз: “Ируаул-ғалил” 2/233).

Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың
салауаттары мен сәлемдері болсын!


Хатты жөндеген abuhanifa - Дүйсенбі, 31.Қаңтар.2011, 09:57
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі (Дінге жаңалық еңгізудің қауіптілігі)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды