Әбу Рәзин Ләқит ибн Амир әл - Уқайли розиаллаһу анһу Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уассалямнан: "Уа, Аллаһ елшісі! Көктер мен жерді жаратудың алдында Раббымыз қайда болды?" - деп сұрағанда Пайғамбарымыз саляллаһу алейхи уассалям: "Ол асты - үстінде ауа жоқ бос кеңістікте болды. Сосын Ол су үстінде Өз аршысын жаратты", - деп жауап берген ( Ахмад). Хазірет Әли розиаллаһу анһу: "Аллаһ Тағала Аршыны өзіне мекен үшін емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты", "Аллаһ Тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай болса, қазір де дәл солай" деген. (Абдул - Қаһир "әл - Бағдади, әл - Фарқу бәйнәл фирақ" кітабы 234 - бет).
Адасқандар Аллаһ Аршының астында деп тура мағанада айтады егер Аршыны Тақ деп аударатын болсақ демек Аллаһ тағының астында болғаны ғой солай ма? Бір – біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Аллаһ таққа отырды дейді де, артынша ол тақтың (Аршының) астында дейді субханаллаһ. Бұл нағыз куфр.
Әбу Һурайра розиаллаһу анһудан риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уассалям: "Уа, Аллаһ! Сен - Ең біріншісің, Сенен бұрын ештеңе болған емес! Сен - Ең соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ! Сен - Жоғары тұрушысың, Сенен жоғары ештеңе жоқ! Сен - Төмен тұрушысың сенің төмен ештеңе де жоқ! Бізді қарыздан арылтып, кедейліктен құтқар!"
(Муслим әз - Зикр кітабында №2713 риуаят еткен).
Имам әл - Байһақи рахматуллаһ "Әл - Әсмау уа ас - Сифат" кітабының 41 - бетінде "Дін ғұламалары осы хадистің негізінде астында да, үстінде де ештеңе болмағанға мекен телінбейді яғни асты, үсті (оңы, солы) деген ұғым мекенге мұхтаждығы жоққа ғана айтылмайды" деген.
Әбу Бәкір Мухаммад әл – Бакилани рахматуллах: «Біз Тақты (Аршыны) Аллаһ Тағаланың орныққан (тұрақтаған) жері, немесе мекені деп айтпаймыз. Өйткені Аллаһ еш мекен деп айтарлық мекен болмаған кезде де бар болған. Ал мекенді жаратқаннан кейін ол еш өзгерместен әуелгі қалпында қалды».
(«Әл-Инсаф фи мА яджибу и’тикадуху» 65 - бет).
Аллаһ барлық жаратылысты өзіндік өлшеммен жаратты яғни өлшемі мен мекені бар ал еш өлшеуге симайтын Аллаһты өлшеулі жаратылыспен оның ішінде Аршымен шектеуге болмайды.
Әли ибн Әбу Талип розиаллаһу анһу : «Кім біздің Жаратушымызды шектеулі деп ойласа, ол құлшылық қылуға лайық Жаратушысын білмейді» - деген. («Хулят әл - Әулия» 1 – том, 73 – бет).
Муфасир Әбу Абдуллах Мухаммад ибн Ахмад ибн Аби Бакр әл-Қуртуби, рахимахуллах, «Ат-Тазкар фи афзал әл-азкар» кітабында: "Аллаһ аспан мен жердегінің барлығын жаратқан. Сол себепті мейлі ол көкте болсын басқада болсын бір жерде болуы, немесе қандайда бір орынды алып тұруы мүмкін емес. Егер Аллаһ бір (өлшемге негізделіп жаратылған) қандай да болмасын жерде болса ол шектелген болар еді, ал бұл тиісінше Аллаһ Тағаланы жаратылысқа ұқсасту болады (яғни мекен жаратылыстарға ғана тән). Міне бұл ақиқат жолындағылардың ұстанымы! (әхлуль-Хақ уат-Тахқиқ). Осы қағидаға сүйеніп : "Сен көктегіге сенесің бе?" деген және күңге қойылған: "Аллаһ қайда?" деген сұрақтың риуаятын біз жоққа шығармаймыз, алайда оның тура мағынасын қабылдау мақсат тұтылмайды, оның ауыспалы мағынасын алу керек. Ғұламалар өз кітабында осылайша талқылау келтірген".
Қади Әбу Бакр ибн Араби, рахимахуллах, Тирмизи хадисінің шархында : "«Аллаһ қайда?" деген сұрақ Аллаһ тағаланың мекеніне қатысты емес өйткені Аллаһ мекеннен тыс. Бұл сұрақ Аллаһ ұлықтығына меңзеліп қойылған." - дейді.
Ибн Хаджар Асқалани рахматуллах: "Аллаһ қайда?" және "Қандай түрде?" деген сұрақты қоюға болмайды, - десе
(Фатхул Бәри 1 - том, 220 бет)
Ибн Джавзи әл-Ханбали, рахимахуллах, «Даф` шубах ташбих» кітабында: «Ғұламаларға Аллаһ тағаланың орын алмайтындығы белгілі Оны шектеулі кеңістік қоршай алмайды, ал күңнің көкті көрсетудегі себебі - бұл Оның ұлылығына меңзелген".
Біз Аллаһқа мекен бермейміз дейді сенімі аздар сөйтеді де қайда деген сұрақ қояды, ал "қайда?" - деген сұрақ не нәрсеге байланысты қойылады? Оның қай жағынанда алып қарасаңыз да мекенге байланысты екені дәлелдеуді қажет етпейді.
Имам ән - Нәуауий "Аллаһ қайда?" - деп сұрақ қойылған хадиске қатысты былай деп түсіндірме берген:
"Пайғамбарымыз "Аллаһ қайда?" деуі арқылы оның бір Аллаһ Тағалаға сеніп, сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жаратушының жалғыз Аллаһ екендігіне, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаһ тағалаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Аллаһ тағаланың қағбаның ішінде болмайтыны секілді, қолды аспанға жайған кезде де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: "Аспанда" деп жауап бергеннен кейін оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаһ тағалаға сенетіндігін айқындады".
(әл - Минһәәж Шарх сахих Муслим ибнул - Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет).
Муслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған ғалым әл - Мазири де осы хадис туралы:
"Пайғамбарымыз күңнің мұсылман болып, болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары саналатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаһ Тағалаға сенгендердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне, сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы келді. Сөйтіп оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын ол жалғыз Аллаһ тағалаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті. Құбылаға бет бұру - Аллаһ Тағаланың қағбамен шектелуі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаһ тағалаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектелулі екенін де білдірмейді".
(Мұхаммед Наъим Мұхаммед, әл - Қанун фи ъақайдил - фирақи уәл - мәзаһбил - исламия, 403 - бет).
Ибн Хиббан әш-Шарида ибн Сувайда Ас-Сакафийдан жеткізген хабарда: «О, Аллаһ елшісі менің анам маған өсиет етіп өзінің (анасының) атынан күңге еркіндік бер деді. Менің Савда атты күңім бар дегенде Аллаһ елшісі: «Оны осында шақыр» деді, ол келгенде Аллаһ елшісі одан: «Сенің құдайын кім?» - дегенде ол : «Аллаһ» - деді. Аллаһ елшісі: «Мен кіммін?» деп сұрағанда ол: «Аллаһ елшісісің» деді. Сол сәтте Аллаһ елшісі: «Оны босат, ол иманды екен» - деді. (Әл – Ихсан 1/206 және 6/256)
Имран ибн Хусайн розиаллаһу анһудан риуаят етілген хадисінде Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уассалямнан: "(Әу баста) Аллаһ болды, Одан басқа ешнәрсе болған жоқ, делінсе екінші риуаятта: "(Әу баста) Аллаһ болды, Онымен бірге ештеңе болған емес, үшінші риуаятта: "(Әу баста) Аллаһ болды, Оған дейін ештеңе болған емес" - деп келген.
(Имам әл Бұхари "Әл - Жамиъ әс - Сахих" №3191)
Имам әл - Бұхари мен Имам Муслимнің жинақтарында келтірілген бұл сахих хадис туралы Имам Мухаммад Захид бин хасан әл-Кәусари «накд маратиб әл-иджмаъ» кітабының 168 бетінде:
"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір бар деген адамды бір ауыздан ғұламалар имансыз деп айтқаны таңғаларлық мәселе емес. Тура осы секілді ең әуелде Аллаһ Тағаламен бірге бір зат немесе нәрсе болды деп ұйғарған адамды да бір ауыздан ғұламалар имансыз дегені таңданыс туғызбайды" - деген.
Бұл сөзге дәлел Хадид сүресінің 3 аяты:
"Ол Аллаһ ең әуелгі әрі ең соңғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі мәңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай - ақ Ол толық білуші. - делінген. (Халифа Алтай рахматуллаһтың Құран аудармасынан)
Әл - Әууәл Аллаһ Тағаланың бір өзіне ғана тән жекеше түрдегі сипаты, бұл сипатқа дәп Аллаһ секілді еш нәрсе яки зат теңдесе немесе ұқсас бола алмайды бұған Мәриям сүресінің 65 аятында:
"Оның басқа теңдесі мен ұқсасын білесің бе?" - деген аят дәлел бұл аятқа Құранның өзімен жауап берсек Ықылыс сүресінің 4 аятында: "Оның ешбір теңдесі жоқ" делінген.
Ибн Хазмның айтуынша: "Ғұламалардың барлығының ортақ пікірінше Аллаһ жалғыз. Оның еш ортағы жоқ. Ол Өзінен басқа барлық нәрсенің жаратушысы. (Әуелде) Ол жалғыз Өзі ғана болды, Онымен бірге ештеңе болған емес. Содан кейін Ол өзінің қалауымен барлық нәрсені жаратты. Жан да, тақ та барлық әлем де жаратылған" - десе.
Ибн Хаджар Асқалани "Фатхул Бәри" кітабында үш адамның пікірін келтірген: "Біздің шейхымыз ( Зайнуддин әл - Ираки) Имам ат - Тирмизидің сөздеріне түсініктеме беріп былай деді: "Ия ғұламалар жалпы қабылданған мәселең намазды тәрк етіп, немесе сенімді түрде жеткен хабарларды қабылдамай, не болмаса қандай да болмасын жаратылыстың бастауы жоқ әуелден бар болған - деп айтушы адамдарды имансыз деген. Қазы Ъияд және басқада ғалымдар қандай да болмасын жаратылыстың бастауы жоқ, әуелден бар болған - деп айтушы адамдарды имансыз дегені туралы иджмах бар екендігін жеткізген. Ибн Дахиқ әл-Ид бұл туралы: "Ақылға қонымсыз пікірлер айтып фәлсафа жағын таңдайтындар бар. Ол (Ибн Таймия) жаратылыстың бастауы жоқ, әуелден бар болған деген ұстанымдағы адамды имансыз деп айтпайды. Дәлел ретінде ол ғұламалардың барлық иджмаъы қабылдана бермейді дегенге сүйененді. Ондай дәлел бұл жерде орынсыз, өйткені тек ғұламалар иджмаъы ғана емес сонымен қатар сенімдігінде күмән жоқ мутауатир дәрежесінде жеткен хабарлар мұны растайды" - деген.
http://salih.ucoz.ru/news/alla_uelden_bar/2010-11-04-222