Сейсенбі, 17.Қазан.2017, 05:51
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » “ия раббым,мені мұхаммед үшін кешіруіңді сураймын” (хадистің сенімділігі жайлы)
“ия раббым,мені мұхаммед үшін кешіруіңді сураймын”
MahdiУақыты: Сәрсенбі, 21.Сәуір.2010, 22:59 | Хабарлама # 1
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
бисмилляһи р-рохмәнир р-рохим!
аллаһқа мақтау әрі оған ұлы мадақтар болсын!

сұрақ: «“ия раббым,мені мұхаммед үшін кешіруіңді сураймын” хадисі сенімді ме жане ол хадиспен амал етуге болады ма?».

омар бин әл-хаттаб “марфу” [1] түрінде пайғамбардан (аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «адам кунәсін жасап болғансоң,былай деді: “ия раббым,мені мұхаммед үшін кешіруіңді сураймын”.сонда аллаһ: “әй,адам! сен мұхаммедті қайдан білдің,мен әлі оны жаратқан жоқпынғой?” деді.ол (адам): “о раббым! сен мені өз қолыңмен жаратып және өз рухыңнан маған (жан беріп) үрлегенде,мен басымды көтеріп тағыңның астынан: “аллаһтан басқа ғибадатқа лайық ешбір тәңір жоқ, және мұхаммед аллаһтың елшісі” деген жазуды көрдім ”. “сонда мен түсіндім,сен өз есімдеріңмен қосып,өзіңнің сүйікті құлыңды еске түсіріп жатқанын ”.аллаһ оған: “мен сені кешірдім,егерде мұхаммед болмағанда,мен сені мулдем жаратпас едім”».

бұл хадисті әл-хаким өзінің “әл-мустардак”(2/615) еңбегінде абу әл-хариса абдуллаха бин муслими әл-фахриден,ол исмайл бин масламадан,ол абд ар-рахман бин зейд бин асламнан,және ол әкесінен,ал әкесі атасынан,ол омар бин әл-хаттабтан иснад(тізбегін) жеткізді.осы хадистен кейін ол: “жеткізушілердің тізбегі сахих (сенімді),және бұл абд ар-рахман бин зейд бин асламның, осы еңбекте келтірілген бірінші хадисі”.
әл-хакимнің сөздерін мұқият зерттейотырып,әз-зәхаби: “керісінше,бұл хадис ойдан шығарылған.абд ар-рахман әлсіз жеткізуші,ал абдуллаха бин муслима әл-фахриді мен еш білмеймін” деді.және “әл-мизан” еңбегінде бұл хадисті “жалған хабар” деді.
ибн хаджар “әл-лисан” еңбегінде де осындай баға береді.
менің(шейх-альбани-ред.) бұл хадиске қосарым,әл-хаким сол «әл-мустардак» еңбегінде,өз-өзіне қайшы келеді.ол абд ар-рахман бин зейдтан (3/332) тағы бір хадис келтіреді,бірақ ол оны сахих демей,былай дейді:«әл-бухари және муслим, абд ар-рахман бин зейдтің хадистерін куәлік ретінде қабылдамаған»!
аль-албани : «аль-фахри бұл хадисті «мизан аль-итидаль» кітабында келтіреді». бұл жалған хадис,және әл-байхаки «пайғамбарлық болжаудың дәлелдері» кітабында келтіреді.
шейх-уль-ислам ибн теймия (аллаһ оған разы болсын) былай деді:«осы хадистің түрін келтіргені үшін (ғұламалар)әл-хакимді ұрсып кіналаған,өткені ол “әл-мадхал иля маарифат ас-сахих мин ас-саким” кітабында былай деген: “абд ар-рахман бин зейд бин аслам өз әкесінен ойдан шығарылған хадистер айтқан.егер әр-бір білімді адам,осылар жайлы ойланып қараса,онда бұл жерде (абд ар-рахман бин зейд бин аслам) өзі [2] кінәлі болып тұрғанын түсінеді.
менің (демек,шейхуль-ислам ибн теймия-ред.) айтарым,барлық хадистанушылар бір ауыздан абд ар-рахман бин зейд бин асламды,әлсіз жеткізуші әрі жиі қателескенін айтады. [3] және оны әлсіз дегендер ахмад бин ханбал,абу зура,абу хатим,ан-насаи,ад-даракутни және басқа мухадисстер”». (ибн теймия,“аль-ка‘ида альджалила”,89.б)

хадистің мағынасы құранға қайшы келуі.

бұл хадис күмәнсіз жалған болғанымен,оның мағынасы құранға қайшы келеді.хадистің соңғы жағында: «ал егер мұхаммед болмағанда,мен сені мүлдем жаратпас едім» сөздері,ақида саласында өте маңызды сұрақтардың бірі болып есептеледі.төрт ұлы имам мен барлық ғұламалардың айтуы бойынша,аллаһ тағала, адам атамыз бен оның ұрпақтарын тек өзіне құлшылық еті үшін жаратылған дейді,ол жайында аллаһ тағала зарйят сүресінің 56-шы аятында: «мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық ету үшін жараттым» деген.
сондықтан кімді-кім мұндай әдіспен аллаһқа дұға етуді заңды деп санайтын болса,онда ол адам құраннан немесе сүннеттен сенімді дәлел келтіру қажет.ал құранда немесе сүннетте мұндай жақындау әдістері кездеспегендіктен,бұл нәрсе дінде жаңалық(бидға) болып есептеледе.бұндай әдістің қолайсыз екендігіне төрт имам махзабы бір ауздан келіскен. ал ханафи мазхабының ғұламалары соның ішінде абу ханифа (аллаһ оған разы болсын) былай деген: «абу ханифа:“аллаһтан дұға сұрағанда,тек өзі арқылы сұрау керек.мұндай рұқсат етілген дұғалар аллаһ тағаланың кітабында: «аллаһтың-көркем есімдері бар.сондықтан одан сол арқылы сұраңдар...» деп айтқан”» (ағраф,180). “ад-дурр әл-мухтар” (2/630) және “аль-фатауа аль-хидия” (5/280).
әл-кудури өзінің үлкен ислам заңы еңбегінде бишр бин әл-валидтің, абу исуфтан,ол абу ханифаның былай деп айтқанын келтіреді: «аллаһтан дұға сұрағанда,тек өзі арқылы сұрау керек.маған “сенің тағыңдағы орынның ұлылығы үшін” немес “сенің жаратылғандарыңа тиісті болған нарселер ушін”» деп айтушылардың сөздері ұнамайды, деген, және бұнымен абу июсуфта келіскен. ”бұл жайында шейх-ульислам өзінің “аль-ка‘ида альджалила” кітабында келтірген.
абу ханифа тағы былай деген: «аллаһтан дұға сұраушының мына сөздері жағымсыз:“мен сенен “пәленшеге тиісті болған нәрсесі үшін” немесе “сенің пайғамбарларың мен елшілеріңе тиісті болған нәрселері үшін”,немесе “сенің батыстағы үйің (әл-байт әл-харам)”мен “батыстағы орның ( әл-маш‘ар әл-харам )” үшін сұраймын.» ( әл-маш‘ар әл-харам )”. «шарх әл-акыда ат-тахавийя»,234.б. «итхаф ас-сада аль-муттакын»,2/285.б. «аль-фикх аль-акбар»,198.б әл-қаридың түсіндірмесімен.

барлық мақтау әлемдердің раббысы аллаһқа тән!
мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

[1] - “марфу”-пайғамбарымыздың (аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан сөздері мен іс-әрекеттерін қамтыған кезкелген хадисті атайды.
[2] - әл-хаким және ибн хиббанның осы жайлы әңгімелерін хафиз ибн әл-хади өзінің “ас-сарим әл-манки (29.б.) кітабында және хафиз ибн хаджар “ат-тахзибте” келтіреді.
[3] – шейхуль-ислам ибн теймия (аллах оған разы болсын) осылай баға беріп,әлгі жеткізушіні (джарх) жоққа шығарып қайтарған. (ибн теймия,“аль-ка‘ида альджалила”,89.б)


Абдулла
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » “ия раббым,мені мұхаммед үшін кешіруіңді сураймын” (хадистің сенімділігі жайлы)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды