Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе? - Страница 4 - Сұхбат
Дүйсенбі, 20.Ақпан.2017, 16:58
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 4 из 4«1234
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
rbchУақыты: Жексенбі, 24.Мамыр.2009, 11:22 | Хабарлама # 46
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бұл тақырып адамдарға қате түсінік қалыптасатыратын сиақты,түсінбестіктер тулып жатыр, сондықтан осымен тоқтасын!

تعلم العلم من المهد الى اللحد
МуслимУақыты: Жексенбі, 24.Мамыр.2009, 15:18 | Хабарлама # 47
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 91
[ ]
Ажыратылған
Негізінде сұрақты қоюдың да өз әдіс-жолдары бар болатын.

Сағатты алайық. Ұсақ-ұсақ детальдары бар. Сол детальдары түрлі нәрседен жасалған, өздері де әртүрлі, материалдары, пішіндері, салмақтары. Олар бір-бірімен байланысқан күйде, бір бүтіндей механизм құрап, жұмыс жасайды. Детальдары жеткілікті толық болмаса, ол жұмыс жасамайды. (Енді осы жерде сұрақтың қойылуының әдісіне мұқият бол) Осындай өте ұсақ жасанды зат болып табылатын, уақытпен жүретін осы сағатты ешкім жасамай, ол өзінен-өзі пайда болуы мүмкін ба?

Жауап: 1) Иә, ондай сағат, ішінде механизмдері бар, детальдары бір-бірімен дәл байланысқан, уақытты өз уақытында көрсетіп тұратын сағат өзінен-өзі пайда болып қалуы мүмкін.
2) Ондай сағатты сырттан біреу жасамаса, өзінен-өзі ондай нәрсе пайда болмайды.

Егер бірінші варианттағыдай жауап берсе, оны ары қаратып қойып, жерде жатқан таспен басынан бір қою керек. «Неге ұрасың?» – десе, «Жерде жатқан тас, өзі ұшып барып, басыңа дәл тиді. Мүмкін емес зат жоқ қой?» - деп айт. Ол сенімен дауласып кетеді.

Егер екінші вариант болса:

Ендеше Ғарыш әлемі - сол сағаттың механизмінен де ұлы, дәл, әрі мықты емес пе? Миллиондаған жыл болды, ол әлі бар және дәл жұмыс жасауда. Ол да сағат сияқты, детальдары – аспан, жұлдыздар, Күн, Жер, Оның үлкен бір бөлігін құрайтын мұхиттар, оларға жер-жерден су жинап әкелетін өзендер, мұхиттардағы суларды көтеріп алатын жеткілікті қызулар, көтеріліп бұлтқа айналған сол суларды құрғақ жерлерге айдап апаратын желдер, бұлттар салқындап, сығылып, одан құралып жерге қайта түсетін жауындар, одан өсіп шығатын жасылдар, олардың ауаға беретін маңызы, т.с.с.. Олардың бәрі бір-бірімен байланыста, және біреуінсіз екіншісі жарамсыз.

Тал түсте 13.00-ге, түн ортасында 1.00-ге тілі дәл айналып келетін, тек уақытты ғана көрсетіп тұратын, ұсақ қана сағаттың жасаушысыз болуы мүмкін болмаса, сондай алып механизм, 24 сағатта өз өсінен дәл айналып келетін, 365 күнде Күннен дәл айналып келетін Жері бар механизм, және тек уақыттық шеберлері емес, басқа да бір-бірімен байланысқан түрлі-түрлі шеберлері бар осындай Алып Механизм қалайша Жасаушысысыз болуы мүмкін.
Аллаһ Тағаланың Өзі де айтады:
«Сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Оны да жасады». (Назиғат сүресі, 27-аят)

Егер де осындай Алып Механизм – Жасаушысыз болуы мүмкін болса еді, онда оның қасында көздің қиығымен де қарап салыстыруға жарамайтын, жай ғана ұсақ болған сағат – жасаушысыз болуы әсте мүмкін болуы керек еді.


Хатты жөндеген Муслим - Жексенбі, 24.Мамыр.2009, 15:26
rbchУақыты: Жексенбі, 24.Мамыр.2009, 19:01 | Хабарлама # 48
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Муслим, жеке хатта ... ;)

تعلم العلم من المهد الى اللحد
SalamatУақыты: Жексенбі, 24.Мамыр.2009, 19:20 | Хабарлама # 49
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Ассалаумағалейкум мұсылман бауырлар кешкі сағат 22:00 де http://salih.ucoz.ru ға форум бөліміне пікір таласқа шақырамын ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ. атты тақырыпқа пікір білдіріңіздер. Жәзакаллаһу хайран уа Бәрәкаллаху фикхум.
SalamatУақыты: Жұма, 29.Мамыр.2009, 23:21 | Хабарлама # 50
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Хазіретті пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. Алланың жәрдемі мен айды екіге бөлгенде адамдардың басым көпшілігі иман келтіріп, кішкене топ көрседе сембеген екен сонда пайғамбарымыз с.ғ.с. жабырқап қалды, әлгі адамдардың қылығына. Мейірімді Алла сол сәтте Пайғамбарымызға с.ғ.с.: "Мен оларға тауды жорғалатып жіберсемде сембес еді" деген аят түсірді.
SalamatУақыты: Сенбі, 04.Шілде.2009, 19:55 | Хабарлама # 51
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Шындық осы бұл Алла жалған емес,
Алладан өзге тәңірі болған емес.
Ақылыңның жаратылған өлшемі бар
Оймен жетер бұл Алла өлшеулі емес.
Жалғыз - ақ ғибырат бар ойлы адамға
Тереңнен сырын іздеп бойлағанға
Не жұғады кеудесінде сәулесі жоқ
Бойламақ түгел жалдауға бармағанға
Түсінермең жазғанымды көз көрмесе
Көрген істен миға хабар ол бермесе.
Не туралы жазғанымды сен білмейсің
Сау ақыл, таза жүрек екшемесе.


Хатты жөндеген Salamat - Жексенбі, 05.Шілде.2009, 21:52
MahdiУақыты: Дүйсенбі, 23.Қараша.2009, 22:48 | Хабарлама # 52
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ассаламуалейкум!
Құрметті бауырлар!
Біздер Аллахқа "Құран және Сүннеттің" негізінде шақыруымыз керек.Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы-Аллаһ кітабы, ал ең жақсы жетекшілік-ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің жетекшілігі.Бұл форумда көптеген бауырларымыз ешқандай негізі жоқ филсофиялық тақырыптарды енгізіп тастаған.Ал дінде философия жоқ.
Негізінде құдайдың жоқ екендігіне ешкім күманданбайды.Сонау Фирғауынның өзі Аллах субаханаху уа тағаляның бар екенін мойындаған,тағы керек десеңіздер шайтанның өзі құдайдың бар екеніне сенеді.Аллах бізді ол қарғыс атқырлардан сақтасын.Ал Аллаға сенбейтін адам,ол нағыз тәккапар,жүрегі қараңғылық басқан,шайтанның соңына еріп, шайтанның әскерлерініен болған адам.Ондай адамға біздер өкінішпен ,жанымыз ашып қарауымыз керек.Субханналла,ондай адамға мың дәлел келтірсеңде,ол өзінен қайтпайды.Ондай адамдардың қасына отырмай-ақ қойған абзал болады.Оған мына бір мысал келтірсек болады.Бірде Әнас ибн Мәликке Аллах оған разы болсын (пайғамбар салаллаху алейхи уассалам сахабасына) бір адам келіп: «Иә, Әбу Хамза! Мен (Қиямет күніндегі) шапағат жасау мен қабір азабына сенбейтін адамдарды кездестірдім»-деп айтқанда, ол кісі: «Олар жалған сөйлеушілер. Олармен бірге отырма»-деп жауап қатқан екен.Ибн-Батта,"Әл-Ибана".
Фудайл ибн Ғияд, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Жаңалық енгізушілермен бірге отырма. Шын мәнінде мен саған да лағынет тиіп кете ме деп қорқамын»-деген.Әл-Барбахари"Шарх-ус-Сунна".
Аллах Тағала құранда былай дейді«Аллаһтың аяттарына кәпірлер ғана сөз таластырып, тартысады».Ғафир,4-аят.
Аллаһтың елшісі салаллаху алейхим уассалам: «Аллаһқа ең жеккөрінішті адам-дауласқанда ымыраға келмейтін адам (яғни сөзге тоқтамайтын адам)»-деген.(Бухари)
Муғауия ибн Қурраһ, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Діндегі тартысушылық амалдардың түгі қалмай жоқ болып кетуіне әкеп соғады»-деген.Әл-Әджурий"Аш-Шариға".Сондықтан ондай адамдармен дауласу бос ысырапшылдық.
Аллах Тағала айтады:«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық түсіндіріп беруің үшін Зикрді (Құранды) түсірдік. Әрине олар ойланар»-деген.Нахыл,44-аят.
Егерде кішкене ғана миы бар адам болатын болса,ол адам ойланады.
Бауырлар дінді әшейін сөйлеп,неше түрлі қиссалар,аңыз әңгімелерді,өлеңдерді және өз пікірлерін айтуға болмайды.Аллаға шақырудың өзінің әдісі бар.Біздің алдыңғы буын мұндай әдістермен шақырмаған.Мысалы пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам Муғазды Йеменге дағуат жасауға жиберерде,ол Муазға ең бірінші ля илляһа илля ла-ны айтуымен бұйырды.Осы сияқты пайғамбарымыздың сирасында көптеген хадистер кездеседі.Сол сияқты біздерде шақыру әдісіміз Қүран және Сүннет негізінде болу қажет.Жоғарыда бауырымыз айтып кеткендей,ашғариттер ақылы қабылдаса сенеді,ал қабылдымаса сенбейді.Құдай бізді ондайдан сақтасын,Аллах барлығымызды тура жолға салуын тілеймін.
Хақ сөзінде имам Мәлік былай дейді:"Соңғы буын,алдыңғы буынға ермейінше жетістіктерге жетпейді"."аш-Шифа" 2/676.
Пайғамбар және сахабалар алып келген әдістен,өзге әдістерге жолдар жабық,демек бұл әдіске жаңадан әдіс ойлап енгізуге және сол әдіспен Аллаһ жолына шақыруға ешкімнің хұқығы жоқ.
Аллаһқа шақыру жолында екі нәрсенің айырмашылығы бар,оның бірі шақыру әдісі,екіншісі пайдаланатын құралдар.Шақыру әдістеріне мысал келтіретін болсақ,ол қазіргі кезде кеңінен таралған ислами нашидтер(музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын әндер),ислами фильмдер,спектакльдер,митинглер,демонстрациялар және т.б.Біздің сәләфтар өз заманында бұл әдістерді пайдаланбаған.Бұл әдістер қалайша дұрыс және жақсы болады,егерде оны пайғамбарымыз (Аллаһ Тағаланың оған сәлемі мен игілігі болсын),сахабалар және табиғиндер істемеген болса?!
Ал енді кітап,кассета,микрофон,намаз уақытысында дауыс күшейткіш техникалық аппараттар және тағы басқа заттар,бұлар жай қана құралдар.Бұл заттар Аллаһқа шақыру жолында құрал болып табылады және олар айыпталмайды.Сондықтан Аллаһ жолына шақырмас бұрын,алдыменен шақыру әдісі мен пайдаланатын құралдар екеуінің айырмашылығын біліп алуымыз керек.
Ал Харун Яхьяға келетін болсақ,ол адамның филімдерінен аулақ болыңздар.Өткені ол адамда ақида мәселесінде үлкен қателіктер бар.Мысалы,ол былай дейді:"Барлық жаратылған шын мәнінде жоқ,ол тек қана Аллахтың ой-елесі"-дейді.Әғузубилля.Ал біздер қалайша жоқпыз?Сонда біз әшейін пайда болдық па?
Тағы келесі қателіг,ол:" Аллахты жеті қабатты жаратты деп"атмосфера,тропосфера...т.б.қабаттарды келтірген.Ал ол аятта ол қабаттар жайлы жазылмаған.Пайғамбардаың салаллаху алейхи уассалам хадисінде,бірінші қабат деп біздің осы ғаламдағы жұлдыздарды,галактикаларды айтады.Ал егерде біз өз галактикамыздың жұлдыздарын санайтын болсақ ше,миымыз өртеніп кетер.Біздің айтқанымыз ол бірінші қабат,ал екнші,үшінші,төртінші....т.с қабаттар ше,ал мақұл оны қоя берейік,ал Оның Аршасы,Курсиі..???
Көрдіңіздерме философияның зардаптары,адамның сенімін қалай бұзады?!
Үмметіміздің төрт имамдары да философияна жақтамаған,олар ондай нәсемен айналысуға тыйым салған.
Қорытындылай келе Барлық әлемдердің Жаратушысы,Аллаһ Тағалаға Мадақ етеміз және Аллаһ Тағала Мұхаммед пайғамбарды (оған Аллаһ Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын),оның үрім-бұтағын,сахабаларын жарылқай көрсін!



Абдулла
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
Страница 4 из 4«1234
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды