Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:25
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 3 из 4
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • »
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
AL_HanifiyaУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 13:07 | Хабарлама # 31
Тобы: Удаленные
[ ]
АШАРИТТЕР АҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЖАНАГЫ СЕНБЕЙТІНДЕРДІҢ ТҮСІНІГІНДЕЙ ЕКЕН... ЕНДІ ТОЛЫҚ ҰҚТЫМ, СҮБХАНАЛЛАХ, АЛЛАҺЫМ БІЛІМІМДІ АРТТЫР...
HayrullaУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 13:07 | Хабарлама # 32
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
"Сөз танымайтынға сөз айтқанша өзіңді танитын шошқаны баққан жақсы" депті бір хакім. Сол сияқты болады да!

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
AL_HanifiyaУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 13:18 | Хабарлама # 33
Тобы: Удаленные
[ ]
Quote (nabi)
АШАРИТТЕР АҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЖАНАГЫ СЕНБЕЙТІНДЕРДІҢ ТҮСІНІГІНДЕЙ ЕКЕН...

себебі Ашариттерді түсінігінде бірінші күдік, кейін ойлану, сосын иман келтіру... РАСЫНДА ИМАННЫҢ БІРІНШІ САТЫСЫ ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛАЛЛАҺ...
HayrullaУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 13:24 | Хабарлама # 34
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (nabi)
РАСЫНДА ИМАННЫҢ БІРІНШІ САТЫСЫ ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛАЛЛАҺ...

"Естідік те, бой ұсындық". Сахабалардың түсінігі де, айтарлары да осы!


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!


Хатты жөндеген Hayrulla - Жұма, 15.Мая.2009, 13:25
rbchУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 14:42 | Хабарлама # 35
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Қазыр адамзат ішінде әтеистер саны салыстармасы бұрынғыдан көбейіп қалғанымен,теисттер және көп санды ұстайды. Ал Пайғамбар с.ғ.с жасаған ортадағы халық негізі сап теист(Құдай бар деп сенетін) болатын,тек көп құдайшыл еді,ал Әтеист емес еді, ол замандарда Әтеисттер өте-өте аз болаған, негізі аз ғана сандағы филосоптарда ғана кеігетен әтеисттер. сондықтан да хадистер,көп санды Құран аияттар негізі көп құдайшылдарды бір құдайға ғана сенуге шақыру жөнінде болған.
Алайда Құандағы ғылымдарды әлі де ашуды қажет етеді...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Жұма, 15.Мая.2009, 14:45
rbchУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 14:47 | Хабарлама # 36
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (nabi)
СЕНБЕЙТІНДЕРДІҢ ТҮСІНІГІНДЕЙ ЕКЕН

Жөн сөз...
Сенгесін түсіну ме, түсінгесін сену ме.... мәселе осында тұр емес пе ...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Жұма, 15.Мая.2009, 14:49
AL_HanifiyaУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 15:29 | Хабарлама # 37
Тобы: Удаленные
[ ]
БІР АТЕИСТ АЙТАДЫ ЕКЕН "ҚҰДАЙ ҚАЛАСА КОМУНИЗМ ОРНАСЫН СОНДА КӨРСЕТЕМІЗ" - ДЕП

:) ҚҰДАЙҒА СЕНБЕЙМІН ДЕГЕНІ ГО !

РАСЫНДА БҮКІЛ АДАМ ЖАРАТУШЫ БАР ЕКЕНДІГІН МОЙЫНДАЙДЫ, ДАРВИННІҢ ӨЛЕРКЕЗДЕГІ ТАУБЕСІН ЕСКЕ АЛЫҢЫЗДАР. ОЛАР СЕНЕДІ ЖАРАТУШЫСЫНЫҢ БАР ЕКЕНДІГІНЕ БІРАҚ ТӘКӘППӘРЛАНАДА, ОЛАР ЕГЕР ДҮНИЕ ӨЗДІГІНЕН ЖАРАТЫЛДЫ ДЕЙТІН БОЛСА, ОНДА НЕГЕ ОЛАР АУЫРАДЫ, НЕГЕ ӨЛЕДІ, АҚЫРЫ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ӨЗ ҚОЛДАРЫНДА ДЕП ТҮСІНСЕ, ЖОҚ, ӘСТЕ ОЛАЙ ЕМЕС, ОЛАР ҚҰЛ, АЛЛАҺТЫҢ БОЛ ДЕГЕН НӘРСЕСІ БОЛАДЫ, ЕГЕР АЛЛАҺ АУЫРАСЫН ДЕСЕ ОЛ АУЫРАДЫ, ЕГЕР АЛЛАҺ ӨЛЕСІН ДЕСЕ ӨЛЕДІ, СЕБЕБІ ОЛАР ЖАРАТЫЛҚАН АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫ... ҚИЯМЕТ КІНІ БОЛАГАНДА БІР АДАМДАР КӨЗДЕРІ КӨР БОЛЫП ТҰРАДЫ, СОНДА ОЛ АЛЛАҺЫМ МЕН КӨРУШІ ЕДІМ ГОЙ, НЕГЕ МЕН СОҚЫР БОЛЫП ТҰРДЫМ ДЕП АЙТАДЫ, СОНДА АЛЛАҺ САҒАН ПАЙҒАМБАР ЖІБЕРІЛГЕН ЕДІ СЕН ЕРМЕДІҢ, ЖӘНЕ КІТАП ТҮСІРІЛГЕН ЕДІ СЕН ЕЛЕМЕДІҢ, СОЛ СЕБЕПТІ СЕН СОҚЫР ҚАЛПЫҢДА ТҰРДЫҢ, ЖӘНЕ АЛЛАҺ АЙТАДЫ "АЛЛАҺТЫ ҰМЫТҚАН ЕДІҢ, ЕНДІ СЕН БҮГІН ҰМЫТЫЛАСЫН"... АЛЛАҺ САҚТАСЫН...

БАУЫРЛАР ОСЫМЕН ДОҒАРАЙЫҚ, РАСЫНДА АЛЛАҺ ТЫҢ БАР ЖӘНЕ БІР ЕКЕНДІГІНЕ ЕШКІМНІҢ ДАУЫ БОЛМАСЫН... РАСЫНДА АДАМ ЗИЯНДА, СОНДАЙ ШЫНАЙЫ ИМАН КЕЛТІРГЕН ДЕР ОЛАР ҚҰТЫЛАДЫ...

rbchУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 19:44 | Хабарлама # 38
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Ғалымның жауабы: kitaptyn jazushysy bar ekenin daleldeshi, kiimnin tiginshisi bar ekenin daleldeshi, jane t.b. kez kelgen akyly bar adam bul narseni tysinedi eger ol buny da tysinbese ol akymak, ozine kurmet retinde ol akymakpen soilespei akkoi!
------
Бұған тойтарыс беріледі...
Былай :

мұндай салыстыруларда дұрыс емес дейді ...
Бір нәрседе құрлым,қозғалыс заңдылығының болуы онда сөзсіз жартаушы бар екендігін бірдірмейді. тәбиғаттың заңдылығы,мәтерия бұрынан бар боуы мүмкін.
Адамдар кітапты жазса,бірер білім үйренсе,бір сағат сондай машина,механика жасап шықса ол оны өзі жаратты деуге болмайды,ол тек тәбиғатта бұрынан бар заңдылықтарға қарап отырып,мәтериялардар пайдаланып сондай нәрсені құрастырып шықты.ал тәбиғаттағы заңдылық,мәтерия дегендерді адам жаратқан жоқ.

Мұндай мысалдаруларды дәлел деп қолданып жүргеніміз бекер, бұл құдды Құдай өзі көтере алмайтын тасты жарата ала ма дегенмен бірдей логикалық сандыраққа жатады.Әттеист Филосаоптар да құдай өзі көтере алмайтын тасты жарата ала ма деп теисттерге(құдайға сенеушілерге) сауал тастау тым дұрыс деп қарамайды ... олардың құдайды мойындағаннан емес қайта бұл тәсілдің үйлесімсіздігінен...ақтарып көрсеңіз Әттеист филосаптардың еңбектерінде де мұны логикалық сандырақтар қатарына жатқызады...
Сонымен ұқсас кітапті адам жазды,киімді адам тікті, қол сағатты адам жасады,компиутерді адам жасады...осылардың барының жасаушысы бар ендеше сол сиақты еш қатесіз тынымсыз айланып тұрған күнді,жерді,адамның миы т.б ларды да құдай жартты деп салыстыруда да сондай қателіктер бар. Салыстыру үйесімсіз,ияғни мұндай дәлелдеулер құрылмайды.


تعلم العلم من المهد الى اللحد
rbchУақыты: Жұма, 15.Мая.2009, 19:50 | Хабарлама # 39
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Трихтан бергі философтардың құдай мәселесіне тоқамағаны болмаған, соның ішінде көптеген философтар құдайдың барлығы туралы ақыли дәлелдеулер жасаған,алайда барлығы тойтарысқа ұшырап отырған ....
«Ақыл бізге құдайдың бар екендігін дәлелдеп бере алмаса да құдайдың бар екендігін қабылдауымыз тиістілігін айтады»-деп дүниеге әйгілі Франсуз математигі,философ Паскал айтқандай, ақыл иқуатсыз келеді,сенім деген сенім ...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Жұма, 15.Мая.2009, 22:19
HayrullaУақыты: Сенбі, 16.Мая.2009, 10:46 | Хабарлама # 40
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Иә, rbch, дұрыс айтасың! Құдайдың болмысы жайлы қазақ ойшылдары да аз ой жүгіртпеген. Мәселен, Абай құдайды ақылмен емес сезіммен тану керек деген екінші қағидаға сүйенеді. Яғни, пәлсафада ирроцианалист болған екен. Барлық өлеңдерінен осыны анық байқауға болады.

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойға жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

немесе...

Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт Ол һууа.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
rbchУақыты: Сенбі, 16.Мая.2009, 11:45 | Хабарлама # 41
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Имам Ал Ғазали мен Әшарие арасында байланыс бар ма осы.... ???

تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Сенбі, 16.Мая.2009, 11:47
HANIFITУақыты: Дүйсенбі, 18.Мая.2009, 15:45 | Хабарлама # 42
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 27
[ ]
Ажыратылған
rbch, я бар байланыс, екеуі де қайтыс болатынының алдында тәубесіне келіп, бұрынғы айтқандарынан бас тартқан және ахлюл суннаға қайтадан келіп, тағы машалла еңбектер жазған...

Хатты жөндеген HANIFIT - Дүйсенбі, 18.Мая.2009, 15:56
rbchУақыты: Сәрсенбі, 20.Мая.2009, 10:32 | Хабарлама # 43
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Ғазали мен Әшәрие(осы пікіри топ) арасында қандай байланыс болған десе,Әшәри деген адам мен Ғазалидың ұқсастықтарын айтып жатсыз ғо... arb

تعلم العلم من المهد الى اللحد
AL_HanifiyaУақыты: Жұма, 22.Мая.2009, 10:54 | Хабарлама # 44
Тобы: Удаленные
[ ]
"Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?" осы жайында біраз мәліметтер іздестірдім...

"Мұсылман мен атеистің пікірталасы" атты кітабынан мардымды жауап ала алдым, Инша Аллаһ сіздерге сол кітапта келтірілген пікірталастан үзінді келітіргім келіп отыр:

"...Менің Франциядан келген бір көзтаныс досым бар. Өзі ғылым докторы. Пікір жарыстыруды жақсы көретін ол діни сенімдерімізге күле қарайды, рахаттың барлығын фәни өмірмен бірге аяқталады деп санайды, бізді қиял дүниесінде өмір сүріп жатқан балаң қауым деп есептейді. Бірде ол кекете отырып былай деген еді:
- Сіздер Аллаһ таъала бар деп есептейсіздер және оның бар екенін жаратылыс логикасымен негіздемек боласыздар. Ол логика бойынша әр жаратындының өз жаратушысы бар. Матаны көреміз, яғни оны тоқып шығарған тоқымашысы бар. Суретті көреміз - оны салған суретшінің бар екенін пайымдаймыз. Авторы белгісіз мүсін, яғни басқа өнер туындысын көргенде де біз оларды өз өзінен жаратылған дүниелер деп есептсмейміз. Асылдан соққан бұйымдар әшекейлер оларды сомдаған зергердің бар екенін меңзейді. Және заттық дүниенін логикасы бойынша Ғарыш - оны жаратқан Құдіретті Аллаһтың бар екенінің айқын дәлелі.
- Біз солай дейміз және сол Жаратушыға сенеміз.
- Олай болса "Аллаһтың өзін кім жаратты?" деген заңды сұрақ туады. Сіз айтып отырған Аллаһты кім жаратты. Бұл жайындағы пікірің нендей, бұған байланысты кандай дәлел келтірер едің?
Мен оған былай деп жауап бердім:
- Сенің сауалың мағынасыз... Сен Аллаһты жаратушы деп танисың да артынша: Онын өзін кім жаратты деп сұрақ қоясың. Сен оны бір сәтте дүниені жаратқан және жаратылған еткің келеді. Ал бұл бір-бірімен сиыспайтын қайшы ұғымдар. Сенің сауалыңның екінші бір қыры, оның мағынасыздығының дәлелі - сен Жаратқан Иені Жаратылғанның заңына бағындырғың келеді. Логика заңы - бұл біздің заңымыз, адамдардың, және уақыт пен кеңістіктің заңы. Уақыт пен кеңістікті жаратқан Аллаһ таъала осы аталғандардан биік тұруы қажет, яғни уақыт пен кеңістіктің заңына бағынбауы қажет. Оның уақыт пен кеңістік зандарына тәуелді болғанын елестету қиын Сол заңға бағынады деп айту қиын.
"Сенің сөзің, аяқ - қолы серіппенің күшімен козғалысқа келетін, өзін жасаған адамдар да солай қозғалуы керек деп есептейтін қуыршақтың сөзіне үқсайды. Оған адамдар өз бетінше жүріп тұра береді десеңіз, ол, мүмкін емес дейді, өйткені ол төңірегіндегінің барлығын серіппе күші аркылы жүреді деп қана біледі. Сен сол қуыршақ сияқтысың: сен Аллаһтың өз бетінше бар екенін, сені қоршаған болмыстың Жаратушыға мүқтаж екенін, бір сәтте мойындай алмайсың."
Неміс философы Иммануил Кант өзінің "Таза сананың қайшылықтары" атты кітабында адам санасының шетсіз-шексіз ғылымның әлемін тануға әлсіз екенін, сананың белгілі бір жеке заттар мен қүбылыстарды тануға ғана лайықталып жаратылғанын айтады. Ол Аллаһ таъала сияқты шексіз үғымды тануға әлсіз. Тіршілік иесінің шөлді сезінуі судың бар екенінің дәлелі болса, біздің де Хакқа ұмтылуымыз - Хақтың бар екенінің дәлелі.
Маркс - ұлы ойшыл деп таныған, көне грек философы, логика ілімінің негізін қалаушы Аристотель себеп-салдардың ізін таба алмай дал болыпты. Орындық тақтайдан жасалады, тақтай ағаштан жонылады, ағаш ұрыктан өседі, ал ұрықты егуші егер дер еді ол Ол бұл іздің шексіз екенін, яғни, еш себепті кажет етпейтін бастапқы себепке, Жаратушыға тірелетінін айтқан еді. Ал біз осы себепті Аллаһ таъала дейміз.
Аллаһ таъала - болмыстағы барлық затты үғындыратын дәлел Болмыс тіршілігінен Аллаһтың бар - жоктығына жауап іздеген - әбестік.
"Жарықтың" күндіз екенін тәптіштеу аңғалдық, себебі "күндіз" дегеніміз онсыз да жарықты білдіреді.

Адам бар, жер менен күн, ай менен жұлдыз бар. Аллаһ таъала осының барлығының бар екенінің дәлелі. Аллаһ таъала дәлелді керек етпейтін дәлел. Өйткені ол өз бетінше тұрған тәуелсіз ақиқат. Және Ол болмыстағы барлык заттың дәлелі. Болмыстың кеменгер тәртібі, табиғаттың мызғымас заңдары, дүниенің көркі, бізді қоршаған орта - өмірдің қызығы, ағаштың жапырағы, тауыстың қауырсыны мен көбелектің қанат бедері, гүлдің жұпары, бұлбұлдың әні, найзағайдың жарқылы мен желдің уілі, адамдардың қылықтары мен ой - өрісі, жұлдыздар мен планеталардың өз ара байланысы - ғарыш деп аталатын күдіретті жүйеден Аллаһ таъала танылады. Осы аталмыштың бәрі кездейсоқ, өз өзінен пайда болды дейтін болсақ, онда ойға келген дыбысты, әріпті сызу арқылы Вильям Шекспирдін сонетіне парапар дүниені туғызуға болады деп потуаласайық.
Құран мұндай күмәнді дау-дамайды қысқа да анық біраятпентоқтатады: "Айт: "Ол Аллаһ біреу-ақ. Аллаһ мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес." (112:1-4).
Бұдан сон біздің досымыз мысқылдай отырып, мынадай сауал тастады:
- Неге сіздер Аллаһты бір деп қана танисыздар? Құдайлар неге көп болмасқа? Біреуі, мысалы -адамдардың кұдайы, екіншісі - хайуанат құдайы, үшіншісі - күннің құдайы.
Досымыз Құран ның аяттарына нана қоймайды екен. Оған ғылым саласынан дәлел керек екен:
- Жаратушы - Аллаһ таъала деген сөз. Бір, себебі бүкіл болмыс бірғана заттан және бір ғана ойдан жаратылған. Сутегіден "ассимиляция" методы арқылы Менделеев кестесін кұрайтын 108 химиялық элемент түзілді. Осы сутегі аспанда жұлдыз болып Ғарыштың үстінде Күн болып жанып тұр. Сондай-ак, бүкіл тіршілік атаулы Көміртегінін Химиялық байланысқан түрлерінен туады, себебі хайуанат және өсімдік дүниесі өкілдері тіршілігі аяқталғанда кәдімгі көмірге айналады.
Бақа мен қоян, кептер мен крокодил, жираф, нахан балық пен түйенің дене құрылысы, олардың барлығында көз жанарынын болуы, есту, иіс сезіну қабілетінің болуы, қаңқаның, қан тамырының үқсас жүйелерінің, жүрек камераларынын, бүлшық ст қүрылысының үқсас болып келуі - барлық тіршілік иелернің бір ғана анатомиялық жобамен жасалғандығының дәлелі. Әрбір сүйек басқа жәндіктен өзінің ұқсасын табады: Кептердін қанаты аз-маз ғана ауытқып бақаның шынтақ сүйегін кайталайды. Жирафтың ұзын мойны, кірпінің қысқа мойнындай тура жеті омыртқадан тұрады. Барлық жануарлардың жан жүйесі ми мен жұлыннан және ұсақ жүйке талшықта-рынан тұрады. Барлық тіршілік иелерінің ас қорыту жүйесі асқазан мен ұлтабар, ащы және тоқ ішектен, жыныс жүйесі - жатыр мен шауқат ағза, несеп жүйесі, бүйрек пен несеп ағар ағзадан түрады. Өсімдік, хайуанат және микроорганизмдердің ұланғайыр әлемі бір жүйе бойынша құрылғандығы анықталып отыр. Барлық организмдер негізінде бір ғана биологиялық кұрылым жатыр. Ол - клетка. Организмдердің құрылымдық бірлігі - органикалық дүниенің негізі жалпы - биолгиялық заңдылық. Сондай-ақ, олардың дем алу, өлу, жаратылу, көбею қасиеттері де бір тамырдан тарайтындығының белгісі. Осы білгендерімізден кейін Жаратушыны Бір деп танудын несі таң?
Мінсіз неге көпше түрінде болуы керек? Онда түзететін қандай кемдік бар. Кемдігі бар ғана - көп болғанды қажет етеді. Құдайлар көп болса олардың арасында қайшылық пайда болар еді. Әрқайсысы өзінің жаратқанына тартар еді де дүние күл-парша болар еді. Аллаһ таъала -құдіретті және аса күшті. Оған көмекшінің керегі жоқ.
Біздің Аллаһ таъала туралы түсінігімізді ажуалай отырып біздің досымыз былай деді:
- Ірілі-ұсақты істің барлығына араласатын, тілсіз хайуанға иесі мен қорасын танытатын, араға гүлден нәр жинататын, онсыз бір жапырақ түспейтін ағаштың әрбір бүрін есепте ұстайтын, бір де бір жүкті әйел баласын онсыз таппайтын бір қызық Қүдай екен бұл. Тамаққа шыбын түсті дейік - ол да соның әмірі ме? Жауын болмаса бұл да соның жарлығымен болған іс пе? Сіздер өз түсініктеріңізде оны тым күйкі етіп қойған жоқсыздар ма?
Мен оны байыппен тыңдадым да, былай деп жауап бердім:
- Сенің ойыңша, өзін-өзі бұндай жауапкершіліктен босатқан, өзі жаратқан дүниені адыра қалдырып тастап шыққан Құдай - қалайша Құдай атанбақ? Ештеңені көрмесе естімесе, өзі жаратқан пенделерінің жалынып-жалбарынғанына қүлақ аспаса, оларға қамқор болмаса -онда оны қалай қүдай атамақсың? Ірілі - ұсакты, мәнді-мәнсіз істерді бір-бірімен қалай ажыратасың, Құдайдың қай жерге араласып, қай жерге араласпауы керек екенін кайдан білесің?
Сен, айтуға тұрмайтын бостекі деп санайтын шыбын, Құдайдың қалауы солай болса - тарихтың ағымын өзгерте алады. Оны тамаққа түсіп кетті деп елестетші бір сәт. Сенше бұл елеусіз болып саналатын дерек оқиғаның өрбуіне әсер ете алады.
Мысалы, әскерге арналған асқа түсіп кетіп, ол бүкіл армияны дизентерия немесе обамен ауырта алады. Сол себепті әскер шайқаста жеңіліс табады, сол себепті тарих басқа арнаға бұрылады. Елеусіз ғана кіріспе қасретті күрмеуге алып баруы мүмкін. Осыныңбарлығын білеітін - жалғыз Аллаһ таъала.
Сен Аллаһтың міндетін қалайша шектемексің. Дүниедегі барлық жайытын білген, жердегі яки аспандағы әрбір тозанды көзден таса кылмай үстаған ғана Құдай атана алады. Көруші Естуші, Жауап беруші, өзі жаратқан пендеге Қамқоршы - міне, осындай Құдай ғана Құдіретті атанады..."

"Аллаһ Тағала, Одан басқа тәңiр жоқ! Ол Тiрi, толық меңгерiп Тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегi және жердегi нәрселер Оған тән. Оның құзырында Оның рұқсатынсыз кiм шапағат етедi? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да бiледi. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе бiлмейдi. Оның бiлiмi көктер мен жердi сыйдырады. Оған ол екеуiн қорғау ауыр келмейдi. Ол өте Биiк, аса Зор." Бақара сүресi 255-аят

rbchУақыты: Жексенбі, 24.Мая.2009, 11:22 | Хабарлама # 45
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (AL_Hanifiya)
"Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?" осы жайында біраз мәліметтер іздестірдім...
"Мұсылман мен атеистің пікірталасы" атты кітабынан мардымды жауап ала алдым, Инша Аллаһ сіздерге сол кітапта келтірілген пікірталастан үзінді келітіргім келіп отыр:

Бұл әңгімеде мынау бөлік қана біздің тақырыбымызбен қатысты :«...Аллаһ таъала бар деп есептейсіздер және оның бар екенін жаратылыс логикасымен негіздемек боласыздар. Ол логика бойынша әр жаратындының өз жаратушысы бар. Матаны көреміз, яғни оны тоқып шығарған тоқымашысы бар. Суретті көреміз - оны салған суретшінің бар екенін пайымдаймыз. Авторы белгісіз мүсін, яғни басқа өнер туындысын көргенде де біз оларды өз өзінен жаратылған дүниелер деп есептсмейміз. Асылдан соққан бұйымдар әшекейлер оларды сомдаған зергердің бар екенін меңзейді. Және заттық дүниенін логикасы бойынша Ғарыш - оны жаратқан Құдіретті Аллаһтың бар екенінің айқын дәлелі. »...
Алайда осынадғы байымдауды ана кісі қабылдаған жағдай астында өрістеген әңгіме екен,жоғарыда айтып өттім мұндай байымдау дұрыс емес,құрылмайды.мұндай салыстырып ұқсату сандырақ. Сондықтан бұдан кейінге әңгімелер біздің тақырыбымызбен қатысы жоқ.


تعلم العلم من المهد الى اللحد
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Құдайдың бар екендігіне дәлел келтірші десе?
  • Страница 3 из 4
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды