Дүйсенбі, 24.Сәуір.2017, 03:43
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты Құдай жоқ)
Лә иләһә иллаллаһ
УммуМадинаУақыты: Сенбі, 17.Қаңтар.2009, 22:48 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
Әр адамның жүрегі туылысымен-ақ Жаратушысының бар екендігіне сенуге бейімделген (фитра).
Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:«Кез-келген адам өмірге мұсылман болып туылады, бірақ оны ата-аналары иудей, христиан, иә, болмаса отқа табынушы етеді. Сол сияқты жануарлардың барлық мүшелерімен туылатыны туралы айтуға болады. Сен бір жануардың туылғанда олардың арасынан тұмсығының кесіліп туылғанын көресің бе?», - деп айтқанын естіген. (Муслим, Әл-Бухари риуаяты боинша).
Әр бір жаратылыстың болуының өзі, Жаратушысының бар екендігін дәлелдейді. Аллаһ Тағала бұл туралы былай дейді: «Олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Әлде жаратушы өздері ме?» («Тұр» сүресі 35 аят.)
Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала былай деп сұрап тұр, олар Жаратушының қатысынсыз жаратылды ма..., не болмаса өздігінен жаратылды ма? Әрине бұл екі сұраққа жауап біреу ғана. Әр нәрсе өзінен өзі пайда болуы мүмкін емес және әлбетте оның Жаратушысы бар, Ол Жаратушы – Құдіретті Аллаһ Тағала.
Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың бар екендігіне сену табиғи және жүрекке туа берілген құбылыс болғандықтан, Ислам діні Аллаһ Тағаланың бар екендігі сеніміне аса көп мән бермейді. Неге десеңіз, Аллаһ Тағала бар және оны кез-келген нәресте, не кез-келген адам қай дін өкілі екендігіне қарамастан мойындайды. Бәлкім оны әр халық өз тілінде айтады. Мысалыға қазақ «Құдай» десе, орыс «Бог» дейді немесе ағылшын «Год» дейді. Дегенмен христиандар Аллаһты орысша «Бог», деп Оны Жаратушы екендігін мойындағанымен олар мұсылман емес, неге? Неге десеңіз, Ислам дінінің ең басты мән беретін мәселесі - ол Аллаһ Тағаланың жалғыздығы, яғни былай деуі:

«Лә илаhа илла Ллаh»

«Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ!»

Бұл сөздерді шын ықыласпен айтып пайғабарлықты мойындаған адам Ислам дініне кіреді де, ал бұған адал иман келтірген, яғни сенген адамға Жәннәт уәде етіледі. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Кімде-кім Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ», - десе және осы сеніммен дүниеден өтетін болса, ол Жәннәтқа кіреді». Бұл сөздерге иман келтіру адамнан Алаһтың елшісі үйреткендей Алла Тағалаға толығымен бойұсынуды және барлық жалған құдайларға табынудан бас тартуды талап етеді.
Ислам дінінің негізі – Аллаһқа деген сенім, ал Аллаһқа деген сенімнің негізі – Аллаһтың жалғыздығын мойындау болып табылады.

http://muslimkokshe.ucoz.com/

Хатты жөндеген УммуМадина - Сенбі, 17.Қаңтар.2009, 22:52
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 17.Қаңтар.2009, 23:01 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
arb



janbolatУақыты: Жексенбі, 18.Қаңтар.2009, 02:06 | Хабарлама # 3
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Бір видеоны көріп едім жақында
Аллаһтың есімдері туралы...

'Аллаһ' сөзінің өзі басқа тілдерде аудармасы жоқ...
айтайын деп тұрғаным ол емес...
маған ең ұнағаны мынау:
Аллаһ сөзінің арапшасында әр әріпін бір бірлеп алып тастасаң да, Аллаһ сөзімен байланысты сөздер шығады екен:
-Аллаһ
-лилләһ
-ләһу
-һу


KZ
rbchУақыты: Жексенбі, 18.Қаңтар.2009, 12:20 | Хабарлама # 4
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Алайда,"Алла" деген сөзді мағнасы бойынша басқа тілге аударуға болады...

"Ал" және "Илаһ" сөздерінен құралған. "Сол Иллаһ" сол бір құлшылық етілген болмыс деген мағынада келеді.

The Arabic word for God is "illah". "Allah" is infact a conjunction of two words (i.e. Al-Ilah):
"Al" which means "The"
"Illah" which means "God"

http://www.geocities.com/Athens/Aegean/8264/Allah.htm

Құдай деге сөз Исламияттан кейін Парсы тілінен келген де Ағылшыншадағы God сөзімен бірдей. Парсылар да Ағылшындар да бір тіл жүйесіне жатады. мәселен күллі Алтай тілділер "Тәңір" дейтіні сиақты...
Осы Парсышадағы Құдай(Худа) сөзінің етимологиясын "Худ" ияғни от сөзінен келген дей түсіндіреді. Біз "От" дейміз,мағнасы да формасы да "Худ" дегенге жақын, Бұл бізге Исламияттан бұрын Орта азиялық Үнді Иран тілді Сақтардан келген болуы мүмкін.

Тәңрі деген сөздің етимологиясы белгісіз. кейбіреулер бұл "Таң" және "Жер"(йер) сөздерінің бірігуінен жасалған дейді.

Илаһ الھ деген құлшылық етілген болымыс. сиынылған болымыс,табынылған болмыс деп те аударылып жүр тілімізге.

Ал "болмыс" деген сөздің етимологиясы қалай?
Түбірі "Болу" , пайда болуы деген мағына береді. "Пайда" деген де Қазақша сөз емес.
сонда болымыс сөзі жаратылыс сөзімен мағыналас болып Махлуқ деген сөзге жақып кел қала ма қалай??

Адамдар ақыл ойының өсуі,тілдің дамуы,өзгеруі көптеген нәрселер бар ....

Ислам дағуатшылыары Қазақ тілін де жақсы зерттеу сосын үйлесімді етіп аударса тілімізге..әйтпесе түгел Арапша алсақ, алайда, Арапша ала берсең,бізде мұндай ұғым бұрын болмаған деген бір түрлі кемдеу тұрады, соны зерттеп тауып алып отырсақ Алла таала әр халыққа елші жібергенін де тіл ғылымы дәлелдей береді...


تعلم العلم من المهد الى اللحد

Хатты жөндеген rbch - Жексенбі, 18.Қаңтар.2009, 12:21
janbolatУақыты: Жексенбі, 18.Қаңтар.2009, 17:32 | Хабарлама # 5
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Аллаһ сөзін басқа тілге аударуға болмайды. Және God деуге болмайды.
Оған дәлелдер де бар.

Құранда Аллаһ сөзі мыңнан аса жерде кездеседі (нақты есімде жоқ)
Бірақ God деген сөз еш кездеспейді :)
Демек Аллаһ Тағала, Мені Аллаһ деп атаңдар деп айтқан. Не тәңір, не де басқа сөзбен емес.


KZ
УммуМадинаУақыты: Жексенбі, 18.Қаңтар.2009, 19:24 | Хабарлама # 6
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
Quote
Аллаһ сөзін басқа тілге аударуға болмайды. Және God деуге болмайды.
Оған дәлелдер де бар.

Бұл жерде Аллаһ сөзі аударылып тұрған жоқ. Құдай деп немесе Год деп біз Аллаһ сөзінің мағынасын аударып отырмыз. Бауырлар имам Альбани өлетін кезінде шәкірттеріне былай деген: "Расында ақиқат өте ауыр дүние, ал сендер оны жеткізуде одан да ауыр етіп жебермеңдер"


Хатты жөндеген УммуМадина - Дүйсенбі, 19.Қаңтар.2009, 02:08
HayrullaУақыты: Дүйсенбі, 25.Мамыр.2009, 17:19 | Хабарлама # 7
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Азамат бауырымыздың жазбаларынан үзінді:

"Бауырлар, осы форумда жүргендердің көбісі "Тілімізде кәлима, мұсылманбыз"-деп жатады. Алайда көбісі осы сөзді дұрыс түсіне алмауда. Соған орай, иншалла бұл жолы "ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛА АЛЛАҺ; МУХАММАДУР РАСУЛУЛЛАҺ"-деген асыл да бағалы сөйлемді түсіндіріп өтуге бел будым.
Бұл екі бөліктен тұратын сөйлем. Мағынасы: Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед Аллаһтың елшісі.
Бірінші сөйлемді алып қарасақ, ол сөйлем екі нәрсені қамтиды. Біріншіден, "Ешбір тәңір жоқ" дегеніміз-"Жоққа шығару, яғни барлық құдай, құдайсымақтардың бәрін де жоққа шығару". Ал "Аллаһтан өзге"-дегеніміз "Бекіту, яғни Аллаһты шынайы құдай деп бекіту". Демек, кәлиманың дұрыс болуы үшін міндетті түрде екі нәрсе керек. Жоққа шығару және бекіту. Мысалы, сіз "Ешбір құдай жоқ"-деп тоқтап қалсаңыз, онда дұрыс емес. Осы сөзіңіз арқылы сіз тіпті Аллаһты да жоқ дейсіз. Ал егер "Аллаһтан өзге"-десеңіз, тағы дұрыс емес. Сіз осы сөзіңіз арқылы Аллаһтан өзге нәрселер де бар дегенді айтқанмен бірдей боласыз. Демек, кәлиманың дұрыс болуы үшін "Жоққа шығару және бекіту" керек. Құлшылыққа лайықты ешбір Құдай жоқ, тек Аллаһ бар әрі құлшылық қылынуға лайықты.

Ендігі кезекте біз таухид сөзін түсіндіріп өткеніміз жөн болар. Таухид дегеніміз "Аллаһты жалғыз деп білу". Қай жағынан? Ғұламалар Құран мен хадистерді зерттей келе таухидтың үшке бөлінетінін айтқан. Біріншісі-«таухид рубубия». Яғни «Аллаһ тағаланың жаратушылығында жалғыздығы». Барлық әлемді жаратушы, оларға ризық беріп, асырап, ризықтандырушы, оларды жүйемен, баппен дамытып немесе пайғамбар жіберіп тәрбиелеуші жалғыз Аллаһ. Сол үшін де жаратушымыз табиғат емес, ризықты беруші біздің атқаратын жұмысымыз, тапқан ақшамыз, әке-шеше, туыстарымыз емес, тәрбиелеп дамытатын ақылымыз емес, бәлкім бәрін жаратушы, беруші ол тек Аллаһ.
Екіншісі-«таухид улуһия». Яғни «Аллаһ тағаланың құлшылыққа лайықты болуда жалғыздығы». Құлшылықтың барлық түрін тек қана Аллаһқа арнау. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажылық жасау, Құран оқу сияқты құлшылықтарды мансап, атақ, ақша табу, мақтану, көзге көріну үшін емес, тек Аллаһқа арнау. Дұға жасап денсаулық, бала, пана, бақыт, шаттық, байлық, жәннат, тура жол, ілім, иман, сауап сияқты кез-келген нәрсені сұрағанда әулие-әнбие, әруақ, мазар, қабірден емес, тек Аллаһтан сұрау. Құрбан шалғанда тек қана Аллаһқа арнау. Азап жіберіп қояды, ауру беріп қояды, бақытсыздық беріп қояды дегендей қорқуларда тек Аллаһтан қорқу. Ал жабайы аңнан немесе осы сияқты табиғи қорқуда тұрған ешнәрсе жоқ. Бұл Аллаһқа серік қосу емес. Сондай-ақ, болашақтан, жәннаттан, бақыттан, тура жолдан үміттенгенде тек Аллаһтан үміттену. Жалпы «Аллаһ тағала жақсы көріп, разы болған кез-келген нәрсені тек Оған арнау». Бұл өте маңызды, ең бірінші орында тұратын нәрсе. Өзіміз де әрдайым айтып жүретін куәлік сөзі, яғни «Лә иләһә иллаллаһ» деген сөзіміздің мағынасы да осы. Яғни : «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ». Осы сөзді аузымызбен айтып қана емес, жүрегімізбен де, денемізбен де атқарсақ қандай жақсы!
Үшіншісі-«таухиду әсмә уассифат». Яғни «Ең көркем есімдер мен сипаттарды жалғыз Аллаһ иемденеді». Аллаһ тағаланың бізге баян еткен тоқсан тоғыз есімі және біз білмейтін қаншама есімдері мен сипаттары бар. Бұл есімдер мен сипаттарда кемістік жоқ, олар ең көркем, біздің сипаттарға ұқсамайды әрі барлығы да Аллаһқа тән. Ол өзін Құран мен хадистерде қалай сипаттаса, біз солай қабылдап, тек солай сипаттаймыз. Алып-қосу, бейнелеу, елестету сияқты әрекеттерден аулақ болуымыз керек. Аллаһ хақысында осы үш нәрсе кез-келген мұсылманның парызы. Осы әрекеттерінде ол Аллаһты жалғыз деп біліп, жоғарыда айтылған нәрселерді тек Аллаһпен байланыстыруы керек. Өмірдің мәні де, сәні де, бақыттың жолы да тек осы.
Осы үшеуін де қамтитын бір аятта:
﴿رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا فَاعْبُدُوهُ وَاصْطَبِرْ لِعِبَادَتِهِ هَلْ تَعْلَمُ لَهُ سَمِيًّا﴾
«Ол көктер мен жерді әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы. Сондықтан тек Оған құлшылық жаса әрі құлшылық жасауда сабырлы бол. Оған есімі тең келер біреу бар ма?»-делінген . Осы аяттың: «Ол көктер мен жерді әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы»-деген бөлігінде таухид рубубия, «Сондықтан тек Оған құлшылық жаса әрі құлшылық жасауда сабырлы бол»-деген үзіндіде таухид улуһия, ал «Оған есімі тең келер біреу бар ма?»-деген жерде таухиду әсмә уассифат айтылған.
Демек, Аллаһтан өзге жаратушы тәңір жоқ, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ әрі Аллаһтың есімдері мен сипаттары тек Оған лайық. Міне, осы нәрсе әрбіріміздің тілімізде ғана емес, жүрегімізде де болу керек. Себебі Лә иләһә иллаллаһ деп айтуда қойылатын шарт: Жүрекпен сеніп, тілмен айту. Осы кезде ғана сіздің кәлимаңыз дұрыс болады.
Ал жүрегіңізбен сенгендігіңізді қалай дәлелдейсіз? Амалдарыңызбен. Қалай? Серік қоспай! Ал серік қосу деген не? Аллаһқа біреуді теңеу, Аллаһпен қатар басқаға құлшылық жасау. Құлшылықтың қандай түрлері бар? Намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, құрбан шалу, бәле жіберіп қояр деп қорқу, жәрдем, нығмен берер деп үміттену, бала, денсаулық тілеу т.б.
Мұның бәрін басқаға арнау серік қосу. Ол кешірілмейтін күнә. Ал кешірілмейтін күнә жасап жүріп оқылған намаз, ұсталған оразадан пайда жоқ.
Демек, мұның бәрі де жалғыз Аллаһқа арналу керек. Ондай болса әулие басына түнеп, ол жерде құрбан шалып, олардан тілеу мүлдем дұрыс емес. Дінде ондай нәрсе жоқ Бұл Лә иләһә иллаллаһ деген сөйлемге қайшы келеді. Сіз осы қылығыңызбен Аллаһқа серік қосқан боласыз. Сақ болыңыздар! Аллаһтан өзге ешкім де бала беруге, денсаулық беруге, жолыңды ашуға, қасиет беруге жарамайды.

Енді Мухаммадур расулуллаһ сөзіне келер болсақ, біз осы сөйлем арқылы төрт нәрсені мойындаймыз.
Біріншісі: Аллаһ елшісіне бойұсыну. Екіншісі: Оның хабарлаған нәрселерінің бәріне сену. Үшіншісі: Тыйған нәрселерінің бәрінен тыйылу. Төртіншісі: Құлшылықтың қай түрі болса да тек ол кісі атқарғанындай атқару, яғни жаңалық енгізбеу.
«Мұхаммед Оның елшісі»-деген сөзіне берік адам осы төрт нәрсені толық орындауы керек. Пайғамбарымыздың сөздерін қабылдап, өмір салтын соған өзгертіп, пайғамбарымыз істеген істі істеуге барынша тырысқан адам шынайы түрде куәлік келтіруші болып табылады. Ол кісі айтты дегенде «заманыма қайшы, жағдайым жоқ, бұл жай сүннет қой» деген сөздерден аулақ болғаны дұрыс. Мұхаммедтің (с.а.с) елші екендігіне куәлік беру арқылы біз оның соңынан еруге міндеттелеміз. Осы кезде ғана адам куәлік беріп,шынымен де куәлік келтірген болады. Пайғамбарымызға алайда істері сүннеттен алыс болса, онда ол адам екіжүзді-мунафиқтерден еш айырмашылығы болмай қалады.
Осы жерден қорытынды шығарып, сөзімізді түйіндесек, адамның істерінің қабыл болуына екі шарт бар. Алдымен істеген істері ықыласпен, тек Аллаһ үшін орындалған болуы, сонымен қатар ол істері пайғамбар сүннетіне сәйкес болуы керек. Бұл екі куәліктің шарттары. Бұл иманның шарттары. Иман діннің жай тірегі емес, негізгі тірегі. Мұнсыз адамның Исламы дұрыс бола алмайды.
Енді әулие басына түнеуді алып қарайық. Бұл істі пайғамбар жасаған ба? Жоқ. Бұл ісімізге Аллаһ разы ма? Жоқ. Себебі Аллаһтың бізге құлшылық деп белгілеген нәрселерінің ішінде "әулие басына түнеу" деген құлшылық түрі жоқ. Демек Аллаһ біздің бұлай жасауымызға разы емес. Ондай болса қабыл етпейді. Ондай болса "Біз осы ісімізбен Аллаһқа жақындаймыз, одан тілейміз"-деу де орынсыз. Себебі Аллаһқа жақпайтын әрекетпен оған жақындау мүмкін бе? Біреу сіздің үйіңізді өртеп: "Мен оған ұнайын деп жатырмын"-десе не дерсіз?!
Түсініксіз жерлер болса сұрап қалыңыздар. Шын мәнінде білімді екі адам ала алмайды: Тәкәппар немесе ұялшақ адам".

:D


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
SalamatУақыты: Дүйсенбі, 25.Мамыр.2009, 20:49 | Хабарлама # 8
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Таухид сөзінің астарын өкінішке орай көптеген бауырлар Алланы бірлеу деп қана қысқаша қарастырады ал шын мәнінде Алланы бір деп білердің алдында да бір нәрсе бар ол не? Ол Ұлық Алланы бар деп білу. Алланы бар деп білмеген адам оны бір депте білмейді мәселең Хистиандар сынды және бір деп айтатындарда жеткілікті сөйте тұра Оның барлығына күмәні бар, сол себепті ең бірінші Алланың Барлығы бүкіл нәрсенің барлығынанда барырақ және Оның Бірлігі бүкіл заттың бірлігіненде бірірек деп білу шар. Осыныда ескерген дұрыс сияқты.
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 26.Мамыр.2009, 21:03 | Хабарлама # 9
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
...жалғасы!

Ширк жайында

Пайғамбарымыздан мынандай хадис жеткен: «Ислам бес нәрседе: Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқтығына әрі Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік етуде, намазды толық орындауда, зекет беруде, қажылықта және Рамазанда ораза ұстауда құрылған»-дейді. (Бұл хадисті имам Бұхари келтірген)
Осы жерде: «Аллаһтан өзге құлшылық қылынуға лайық ешкім жоқ» дегені, одан өзге ешкімге құлшылық жасауға болмайтындығын білдіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде құлшылық сөзін «Құдайға табыну, сиыну» деп түсіндірген. Құлшылық сөзінің астарын ақтара келсек, бұл сөздің «құл» деген сөзден туындайтынын байқаймыз. «Құл деген қандай болуы керек?»-десе, әлбетте ол адамның өз бетінше ештеңе істей алмайтынын, тек иесінің айтқанын орындайтынын елестетеміз. Адам да Аллаһтың құлы. Адам Аллаһтың бұйрығын ғана орындап, тыйғанынан бас тартуы керек. Шынайы құлшылық деген-Аллаһтың міндеттерін еш қарсылықсыз, екі етпей орындау. «Намаз оқы, ораза ұста» дегенде шығып жататын әртүрлі сылтаудың бәрі де адамның «құл» екендігін мойындамайтындығын білдіреді. Турасына келсек, өмір берген Аллаһ алдында еш қиқу-сылтаусыз шынайы құлшылық жасау керек.
Құлшылық дегенде адам ойына тек намаз, ораза, зекет, қажылық келуі мүмкін. Осы аталғандарды Аллаһқа арнау керек деп ойлайды. Алайда, Исламда бұдан өзге де құлшылық түрлері көп.
«Аллаһ тағала жақсы көріп, разы болған кез-келген нәрсе» құлшылық болып саналады. Осы анықтаманы есте сақтаңыздар. Құрбан шалу, дұға жасау, тәуекел ету, үміттену, қорқу, тәубе ету, жәрдем сұрау, нәзір атау деген түрлері де бар. Бұлардың құлшылық екендігіне көптеген аяттар дәлел бола алады. Ал адам осылардың біреуін Аллаһтан өзге біреуге арнаса, онда ол серік қосқан болып табылады. Онда ол «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық зат жоқ» дегені бос сөз болып қалады. Адам бұл сөзінің шынайы болуы үшін, жоғарыда аталған құлшылық түрлерінің бәрін де тек бір Аллаһқа арнауы керек. Демек, ширк дегеніміз: "Аллаһты біреуге теңеу немесе біреуді Аллаһқа теңеу әрі құлшылықты Аллаһтан өзгеге арнау"-деген сөз.
Жеке-жеке салалап, сараптап өтсек, ең әуелі-құрбан шалу. Қазіргі таңда «ана әулиеге-мына әулиеге» деп құрбан шалып жататындар көптеп кездеседі. Оған қоса емші-домшылар өздерімен қоса сан-мыңдаған адамды осы бір үлкен нәубетке «мәшінелетіп» апарады. Әулие басына түнету арқылы ол байғұсқа «серік қосу» деген жазылмас дертті қосып береді. Жетпіс жыл бойы дінсіздік боғауында болып, тәуелсіздік алған бетте пайда болған емшілерден: «Қай жерден оқып келдің?» деп сұраған біреу бар ма? Пайғамбарымыздың (с.а.с) өзі пайғамбарлығын бастағанда бірден өзі бастай салмай, Жәбрайл келіп үйретуі арқылы бастады емес пе? Ал олар пайғамбардан (с.а.с) да жоғары болғаны ма? Ойланған абзал, ағайын. Ислам деген қиял-ғажайып әлем емес, Ислам-ақиқат нұры. Ал құрбан шалу сынды жоғарыда айтылған құлшылықтың бәрі Аллаһтан өзге біреуге арналса, осы нұрды өшіреді. Құрбанды Аллаһтан өзгеге шалу үлкен күнә. Пайғамбарымыз (с.а.с) бұл жайында: «Бір шыбынның себебінен бір адам жәннатқа, ал екіншісі отқа кірген»-дейді. Адамдар одан: «Иә, Аллаһтың елшісі, бұл қалай?!»-деп сұрайды. Сонда пайғамбар (с.а.с): «Бірде екі адам бір дінсіздер тайпасының жанынан өтіп бара жатады. Жанынан өтсең міндетті түрде соған құрбан шалу керек болған бір пұттары бар екен. Сонда пұтқа табынушылар екі жолаушының біріне: "Әйтеуір бір нәрсені құрбандыққа шал»-дейді. «Менде құрбан етерлік ештеңе жоқ»-дейді әлгі адам. Әлгілер қоярда-қоймай: «Тым болмаса бір шыбынды құрбан ет»-дейді. Ол адам шыбынды құрбандыққа шалып еді, оған жолын әрі қарай жалғастыруға рұқсат береді. Осы үшін ол отқа кірген. Кейін отқа табынушылар екінші жолаушыға: «Сен де бірнәрсе болса да құрбандық ет»-дейді. Сонда ол: «Мен тек қана Аллаһқа құрбан шаламын»-дегенінде оның басын кесіп алады. Ал ол болса жаннатқа кіреді» -деген бір хадисінде. (Бұл хадисті имам Ахмад келтіреді. Хадис дұрыстық дәрежесіне жетпеген, бірақ басқа хадистер арқылы қуатталады)
Жоғарыда келтіріп кеткен құлшылық түрлеріне қайта оралсақ, екінші түрі-дұға жасау. Адамдардың Аллаһтан денсаулық сұрауы, бала тілеуі, бақыт-байлық сұрауы дұға болып саналады. Қазіргі кезде көптеген адамдар білімсіз емшілердің, қарт-қарияның жетегіне түсіп, осы сұрауларын Аллаһтан емес, әулиелерден, қабір-мазарлардан, ата-баба рухтарынан сұрайтыны айтпаса да белгілі. Бірақ, кез-келген нәрсені сұрауда тек Аллаһтан сұрау керек. Егер Аллаһтан өзгеден сұраса, онда ширк болады. Бірақ, өзара көмек сұрауымыз ширк емес, яғни: Маған қаламыңды бере тұршы немесе тағы басқа сұраулар ширкке жатпайды. Ширк дегеніміз-шамасы келмейтін біреуден сұрау.
Сондай-ақ, тәуекел ету, үміттену, тәубе ету, жәрдем сұрау да құлшылық түрлеріне кіреді. Қожа Ахмед Яссауйдің мазарына барып, қиын жолға тәуекел деп шығып, денсаулық, бала береді сол әулие деп үміттеніп, одан жәрдем сұрап, соған құрбан шалатындар өте көп. Ал мұның бәрі де Аллаһқа теңеу, яғни серік қосу емес пе?! Қожа Ахмед Яссауй атамыз осының бәрін береді деп ойлау мүлдем дұрыс емес.
Қорқу да құлшылық. Көптеген ағайын аузында: «Аллаһ кешірер, әруақ кешірмес», «Бабам, жәрдем бере гөр!», «Әулие-әнбие, Қыдыр бабам қолдасын»-дегендей сөздер жүреді. Ал осының бәрі жоғарыда айтылып кеткен құлшылық түрлеріне жататынын олар біле бермейді. Шайтан адамдардың білімсіздігін пайдаланып, намаз-ораза арқылы емес, осындай ғибадат түрлері арқылы серік қосуға итермелейді. Түсіне атасы, бабасы болып кіріп, адамға «намаз оқы» деген әдемі жарнама арқылы кіріп, ақыр аяғы әулиелетіп әкетеді. Шыбын екеш шыбын үшін де тозаққа кетіп қалуға болады. Ал оның себебі - серік қосуда. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе, ол жәннәтқә кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» -деп айтқан. (Бұл хадисті имам Муслим келтірген) Пайғамбар (с.а.с) бұл сөздерін де, бұдан өзге де айтқанының бәрі де ойдан алынбаған. Ол кісінің (с.а.с) сөздерінің бәрі де тек Аллаһтың жеткізген уахиы. Көкейіне салынғанды бізге жеткізген. Сол себепті де серік қосудан міндетті түрде сақ болуымыз керек.
Шынайы тек Аллаһқа құлшылық жасаймын деген адам, сол сөзіне шынымен де куә болған адам-жоғарыда аталған құлшылықтың бәрін де тек бір Аллаһқа арнауы керек. Таухидтен өзге құтылудың жолы жоқ. Ал егер де ол осы айтылғандарды мойындамай бас тартса, онда ол адамның басқа мүшріктерден не айырмашылығы бар?! Сақ болған абзал.
Мен сіздерге ата-бабамызды жамандап, салтымды жоққа шығарайын деп жатқаным жоқ, бар болғаны ең үлкен күнәдан сақ болуға шақырудамын. Біздің міндет - жеткізу. Ал қабылдау, қабылдамау - өздеріңіздің еріктеріңіз. Бірақ, Аллаһ алдында әрбір адам өзі жауап береді. Ал құлшылықты Аллаһтан өзгеге арнау мүлдем кешірілмейді. Құранда: «Шын мәнінде Аллаһ тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса, онда ол үлкен күнә жасады"-деген. (Ниса сүресі, 48 аят.)

:)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
SalamatУақыты: Бейсенбі, 28.Мамыр.2009, 20:59 | Хабарлама # 10
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Құранның “НАХЫЛ” сүресінің 98,99,100 аяттарында: “Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын. Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. Шынында оның үстемдігі, оны (яғни шайтанды) дос тұтып Аллаға ширк қатушыларға ғана жүреді.”
Міне Аллаһ Тағаланың Өзі бізді Оған ортақ қосудан сақтандырып, адам атаулының басты жауы саналған шайтан лағнатулланың үстемдігі ортақ қатушыларға болады деп ескертті. "Мәида" сүресінің тағы бір аятында нақтырақ айтсақ 72 аятта «Расында Мәрйем ұлы Мәсихты: «Алла» дегендер кәпір болады. Негізінен Мәсих (Иса пайғамбар ғ.с.): «Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым әрі сендердің Раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннәтті арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай – ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» деген.»
Пайғамбарымыз с.ғ.с өз қауымына Алланы ең біріші бар деп білуге және Оны бірлеуге яғни "Таухидқа" шақыру үшін 13 жыл уақытын сап еткен, сол себепті ислам дінінің басты тұтқасы Алланы Бар және Бір деп білу бүкіл нәрседен жоғары тұрары хақ. Егер біздің орындап жүрген ғибадаттарымыз бір Алладан басқа ғибадат қылуға ылайық Тәңірдің жоқтығына келіп сайымаса, онда біздің діни ұстанымымыз яғни (ақидамыз) дұрыс емес екендігі айтпасада белгілі. Шын мәнінде Алланың барлығы бүкіл заттың барлығынан барырақ, Оның бірлігі бүкіл заттың бірлігіненде бірірек. Ислам дінінің бес тірегінің бірінші сатысы ол Иман келтіру яғни Алладан басқа ғибадат қылуға ылайық Тәңір жоқ және Мұхаммед с.ғ.с. Алланың шынайы құлы әрі елшісі деген кәулік сөзімен басталады. Бұл Кәлима шаһаданың мәнін білмеу, бүкіл ислам дінінің мәнін білмеумен пара пар. Осы тұрғыда әзірет сұлтан Қожа Ахмед Ясауи Алла ол кісіге разы болсын пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріне сүйеніп:

"Зікірлердің абзалы – Лә илләһә иллаллаһ (Алладан басқа Тәңір жоқ)
Иманымыздың нышаны – Лә илләһә иллаллаһ
Жақсылықтың бағзы әні –Лә илләһә иллаллаһ
Амалдардың мысалы – Лә илләһә иллаллаһ
Сегіз жәннат кіліті – Лә илләһә иллаллаһ
Жеті тозақ құлыбы – Лә илләһә иллаллаһ
Жарқыратып жаныңды –Лә илләһә иллаллаһ
Тазартатын тәніңді –Лә илләһә иллаллаһ
Таразыға жеті көк
Жеті жермен қойылса
Бәріненде салмақты – Лә илләһә иллаллаһ
Кәлимәи тойбә
Кәлимәи Шаһадә
Кәлималар жүрегі – Лә илләһә иллаллаһ
Тақуалық кәлима – Лә илләһә иллаллаһ
Тарыққанның тірегі – Лә илләһә иллаллаһ
Көк қақпасы ашылып
Шарықтайды ғарышқа
Ықыласпен айтсаңыз – Лә илләһә иллаллаһ
Риуаятта Мүслімнің
Жан тәнімен берілген
Жаны жәннатқа кірер – Лә илләһә иллаллаһ
Көзінен жас төгілсе
Жүрегімен егілсе
Сүйінші бер жәннаттан – Лә илләһә иллаллаһ
Ағартады көңілді
Жаңғыртады өмірді
Сипаты бұл Алланың – Лә илләһә иллаллаһ
Шын сағынып жүдесең – Лә илләһә иллаллаһ
Хақтың нұрын тілесең – Лә илләһә иллаллаһ
Балдай дәмін татқандар
Таң сәріде жатпаңдар
Білем десең Кәлима айт – Лә илләһә иллаллаһ
Күнәларды жоюға
Хақ нұрына тоюға
Бұдан өткен амал жоқ – Лә илләһә иллаллаһ
Сатып алар жаныңды
Жәһаннам отынан
Жетпіс мың мәрте айтсаң – Лә илләһә иллаллаһ
Шексіз жәннатқа кірер
Есеп азап кім көрер
Соңғы сөзі болса егер – Лә илләһа иллаллаһ деген сөздерінен біраз нәрсені аңғаруға болады.
Білгенге маржан, білмеске арзан бұл дүниенің байыбына жететін кез келді.

rbchУақыты: Жұма, 29.Мамыр.2009, 18:03 | Хабарлама # 11
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Амал да Аллаға серік болып кететін жәйттер бола ма???

تعلم العلم من المهد الى اللحد
rbchУақыты: Жұма, 29.Мамыр.2009, 18:06 | Хабарлама # 12
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
сосын бір адамға маған мынадай мынадай жардем етіп жібер десе қанадй бола да... ??

تعلم العلم من المهد الى اللحد
SalamatУақыты: Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 11:32 | Хабарлама # 13
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Егер біз куәлік сөзін талдайтын болсақ "Лә" - сөзі араб тілінде "жоқ" деген мағына берсе, "иләхә" сөзінің түбірі "илләһ" сөзінен өрбейді яғни ғибадат қылуға лайық нағыз құдай деген мағынада. "Илл" - сөзі "басқа", "өзге" деген ұғымға үндейді ал енді Аллах деген сөз айтпаса да түсінікті - "Алладан" деген сөз. Бұл жерде атап айтатын дүние ол Араб тілінің өзіндік ерекшелігі. Мәселең араб тілі қазақ тілінде оқылуға жеңіл болған мен сөз құрылымы жағынан таухид сөзі орыс тілінің сөз ұйқасына келеді. Мәселенки "Алладан басқа ғибадат етуге ылайық тәңір жоқ" десек орыс тілінде бұл "Нету божества достойного для поклонения кроме Аллаха" болып келеді. "ИллАллах" деген сөздеде осылай қазақша "Алладан басқа" деген сөз орысша "кроме Аллаха" деп айтылады.
Ескерту Араб тілінде талдаудың 4 түрі бар 1 сөздік талдау.2 буындық талдау. 3 әріптік талдау. 4 мағыналық талдау жоғарыда келтірілген талдау осының төртінші түріне жатады.


Хатты жөндеген Salamat - Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 16:26
Maxat835006Уақыты: Жұма, 23.Қазан.2009, 10:49 | Хабарлама # 14
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 6
[ ]
Ажыратылған
Лә иләһә илалаллаһ деп айтумен қатар, осы калимаға амал ету керек. Яғни Аллаһты жалғыз Құдай деп қабылдаймыз, тек оған ғана құлшылық жасаймыз, амалдарымызды тек Аллаһтың разышылығы үшін орындаймыз.
SalamatУақыты: Сенбі, 24.Қазан.2009, 21:16 | Хабарлама # 15
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Өте дұрыс айтасыз бауырым, бәрімізге де жетіспейтіні осы таухид мәселесі ғой. Суфиян бин Увейне (Алла оны Рахымына бөлесін) кәлимә и таухид жөнінде былай деген екен: "Бұл сөздің ұлы мағынасын рухына сіңірген адам - тірі. Бұл ұлы мағынаны рухына сіңіре алмаған адам - өлі. Өйткені Аллаһ Тағаланың құлдарына берген нығметтерінің ең ұлысы - осы сөз" - депті.

Итбан ибн Мәлик әл Ансаридан (р.л.ғ.) Имам әл Бұхари риуаят еткен хадисте: "Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): (Өз өмірінде) Алланың дидарына ұмтылып "лә иләһә иллаллаһ" деп келген әрбір пендеге қиямет күні Аллаһ (т) міндетті түрде тозақ отын харам етеді" деген

Әбу Саъит Әл - Худри (р.л.ғ.) және Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз с.ғ.с.: "Пенденің бірі: "Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, Алла ұлы", деп айтса, Алла Тағала оның айтқанын растап: "Ия, Менен басқа тәңір жоқ, Мен ұлымын", - дейді. Егер пенде: " Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ", - деп айтса, Алла Тағала оның айтқанын растап: "Ия, Менен басқа тәңір жоқ, Мен жалғызбын, Менің серігім жоқ", - дейді. Кейін пенде: "Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, иелік пен мақтау Оған тән" - десе, Алла Тағала оның айтқанын растап: "Ия, Менен басқа тәңір жоқ, иелік пен мақтау Маған тән", - дейді. Кейін пенде : "Алла Тағаладан басқа тәңір және күш - құдірет жоқ", - деп айтса, Алла Тағала оның айтқанын растап: "Ия, Менен басқа тәңір және күш - құдірет жоқ", - дейді.

Хатты жөндеген Salamat - Сенбі, 24.Қазан.2009, 21:23
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ) » Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты Құдай жоқ)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды