Жексенбі, 16.Декабря.2018, 17:50
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Өсиет әңгімелер, насихат сөздер. » Өсиет әңгімелер (Үлкендердің өмірінен кішілерге насихат)
Өсиет әңгімелер
janbolatУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:59 | Хабарлама # 1
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Насихат сөздермен алмасайық...

Кәпір ма, әлде мүмин ба?

Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: “Бір адам бар екен, жәннатты қаламайды, жәһәннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ма, әлде мүмин ба? ” деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бір ауыздан: “Бұлар кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі” деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: “Ия Имам, сіз не дейсіз?” деп сұрады. Имам Ағзам: “Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дәл өзі” деді. Адамдар қарсылық білдіріп: “Ия Имам, мұныңыз қалай, мүмин жәннатты қалап, жәһәннамнан қорықпайды ма?” деді.

Имам оларға барлығын да түсіндірді: “Шын [, саналы] мүмин жәннатты қаламайды, Иесін - Аллаһты [көруді] қалайды, жәһәннамнан қорықпайды, Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, өйткені Аллаһты көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкуғсіз, сәждесіз қылған намазы - жаназа намазы, фитнәні жақсы көреді, өйткені одан мақсат мал мен бала-шаға (Құранда мал мен бала-шаға мүминдер үшін фитнә [яғни, етмихан] екені туралы білдірілген), хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмин де болса өлімді мақсат қылмайды.”

(басқа тілден аударылған, сондықтан кішкене түсінбей жатсаңыздар, түсінуге тырысыңыздар smile )

Добавлено (26-Тамыз-2008, 19.59)
---------------------------------------------
чмс


KZ

Хатты жөндеген janbolat - Сейсенбі, 26.Августа.2008, 17:24
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 22:04 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
ОЙ САЛАР ОҚИҒАЛАР

жинақтап әзірлеген: Жамбыл Шекерұлы
** Бірде Хасан Басриге бір әйел келіп сұрады: “О, имам! Дін тазалығы дегеніміз не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы дегеніміз не?”. Хасан Басри былай деді: “Осыны өзіңіз айтып көріңізші, біз тыңдап көрелік!”. Сонда әйел айтты: “Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр. Діннің мәні - Аллаһтан қорқу және Оның алдында ұялу. Ал діннің күші - намаз. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Раббым Аллаһ ұялшақ құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы – білім. Кім дәрет алуды елемесе, оның иманының таза болмағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ. Кім Раббым Аллаһтан қорықпаса, оның иманының мәні болмайды. Кім білім таппаса – ол діннің қазынасына жолыға алмайды”. Хасан Басри әйелдің айтқандарының бәрін мақұлдады.

** Бір кісі біреуді өлтіріп қойып, өлтірілгеннің балалары оны мүміндердің әміршісі Омардың (р.а) алдына алып келеді де: “Бұл кісі біздің әкемізді өлтірді” - дейді. Омар одан: “Шынымен сен өлтірдің бе?” - деп сұрайды. Әлгі кісі: “Иә, екеуміз құрма бұтағының үстінде отырып, ерегісіп қалдық. Бұлардың әкесі мені балағаттап жіберді. Мен ашуыма ерік беріп қойып, оны қолымдағы балтаммен жіберіп ұрдым. Балта оның басына тиіп, ол өліп қалды. Бірақ мен оны өлтірейін деп ойлаған жоқ едім” - дейді. Омар (р.а) олардан: “Құн төлетуге келісесіңдер ме?” - деп сұрайды. Өлген кісінің балалары құн төлетуге келіспейді. Сонда Омар оны өлім жазасына кеседі. Сонда әлгі кісі: “Менің жас балаларым мен әйелімнің ешнәрсесі жоқ. Ең болмаса, оларға қолымдағы қаражатымды барып беріп келейін, рұқсат беріңіз!” - дейді. Сонда Омар (р.а): “Саған кепіл болатын адам бар ма?” - деп сұрайды. Ол: “Мен бұл жерден ешкімді танымаймын” - деп жауап береді. Омар (р.а) айналасындағы адамдардан: “Бұл кісіге кім кепіл болады?” - деп сұрайды. Сол кезде Әли (р.а): “Мен кепіл болам” - дейді. Әлгі кісі: “Үш күннің ішінде ақшамға жетпей келемін” - деп кетіп қалады. Арада үш күн де өтеді, шам уағы да келіп жетеді. Әлгі кісі көрінбейді. Сонда Омар (р.а) Әлиге (р.а): “Дайындал, Әли!” - дейді. Шариғат бойынша кепіл болған адам оның жазасын мойнына алады екен. Сол мезетте әлгі кісінің қарасы көрінеді. Ол алыстан асыға басып жетеді де: “Кешіріп қойыңыздар, жаяу адамға аралық алыс екен. Кешігіп қалдым. Міне, мен енді дайынмын” – деп, өлімге дайын екенін білдіреді. Омар (р.а): “Сенің қашып кетуіңе әбден болатын еді. Сені ешкім танымайтын еді” - дейді. Сонда әлгі кісі: “Ұят емес пе? Мен өйтсем, басқалар өйтсе, онда дүние орнында тұра ма?” - деп жауап береді. Мұны естіген өлген кісінің балалары: “Біз бұл кісіні кешірдік. Тіпті құн да сұрамаймыз” – деп кетіп қалыпты.

** Әйелінің сөзінен шықпайтын бір жас адам: “Шешең ертелі-кеш тамақ жей береді, еш тоймайды, мұның көзін құрт!” - деген әйелінің сөзіне сеніп, тілін алып, қартайып қалған шешесін бір тауға апарып тастайды. Кетерінде шешесінің бір нәрсені шайнап жатқанын көріп, манағы әйелінің сөзі есіне түседі де: “Шынымен де менің шешем тоймайды екен ғой” - деп ойлайды. Ашуы келіп: “Ой,шеше! Не шайнап жүрсің? Жағың бір тынбады ғой” - дейді. Шешесі: “Кешір, балам, бір жұмадан бері аузыма ешнәрсе алғаным жоқ, сондықтан тілімді сорып жүрмін” - депті. Сонда ғана жігіт шешесіне мүлде қарамай, әйелін ғана тыңдап жүре бергеніне қатты ұялып, өкініп тәубе еткен екен дейді. Сөйтіп кеш те болса қатесін түсініп, түзеткен екен.

** Бір пайғамбар (ғ.с) жардың шетінде отырса, шайтан келіп: “Ей,пайғамбар! Сақтаушы Аллаһ екені рас па?” - деп сұрапты. Оған: “Ия” - деген жауап қайтарылады. Сонда шайтан: “Онда сен жардан өзіңді-өзің лақтырып көрші, Аллаһ сақтап аман қалар ма екен” - деп шап ете түседі. Оған пайғамбар (ғ.с) былай деп жауап қайтарады: “Ей, лағнеті шайтан! Аллаһ бізді сынау үшін жаратқан, ал біз Аллаһты сынай алмаймыз”. Бұндай қисық, қыңыр сұрақты қою шайтанның ісінен екенін көрсетеді.

** Бір жігіт әйелі құлағын жей бергеннен кейін әкесін қапқа салып, алыс тауға апарып тастайды. Әкесіне: “Кешір, жағдай осындай болып қалды. Сені үйдегілер жақтырмай жатыр. Ал мен балаларымды қайтіп тастаймын” - дейді. Әкесі оның халін түсініп: “Ешнәрсе етпейді, балам, бара ғой, тек мына қапты ала кет” - деп қапты ұсынады. Баласы: “Ой, жарықтық, мұның маған керегі не?” - дейді. Әкесі: “Е, ұлым, сен қартайып, балаларыңа керегің болмай қалғанда осы қаппен сені де осында жеткізеді” - деген екен.

** Бір адам өлер алдында мынандай өсиет қалдырыпты: “Мен өлгеннен кейін денемді өртеңдер, сөйтіп күлімді алып теңізге шашып жіберіңдер, әйтпесе Аллаһпен ант етемін. Егер Аллаһ мені тірілтіп алса, Ол мені ешкім әлемде тартып көрмеген азаппен жазалайды». Оның өсиеті орындалады. Аллаһ оны тірілтіп алып сұрапты: “Сенің бұлай істеуіңе не әсер етті?». Ол: “Сенің алдыңдағы қорқыныш” - деп жауап береді. Аллаһ оны кешірім етеді.

** Имам Раббани көзге түрткісіз қараңғы түнде бір топ шәкірттерімен бірге таудың жолымен жоғары қарай көтеріліп келе жатады. Жолда күн жауып, боран болады. Шәкірттердің мазасы қашады. Бірақ ұстаздары тоқтауды бұйырмағаннан кейін, оның артынан ілгері ілби жүре береді. Бір кезде жауын толастайды. Сонда иман Рабани: “Аяқтарыңа бірдеме батты ма?” - деп сұрайды. Шәкірттер: “Батты” - деп жауап береді. «Сол батқан нәрсені алған да өкінеді, алмаған да өкінеді» - дейді имам. Қараңғыдағы бораннан қалжыраған шәкірттердің бір бөлігі: «Ақыры өкінетін болғаннан кейін оны алған не, алмаған не?” - деп, табандарына батқан тас секілді нәрсені алуға ерінеді.Ал,шәкірттің қалған бөлегі: “Аз да болса алып,не екенін ертең көрейік” – деп ойлап, қалталарына бір-екі түйір белгісіз тасты салып қояды. Ертеңіне таң атқан соң тасты алып қараса, гауһар (бриллиант) екен. Сонда алмағандар: “Неге алмадық?” - деп, алғандар: “Неге аз алдық?” - деп өкініпті. Қиямет күні болғанда намаз оқымағандар: “Неге намаз оқымадық?” - деп, ал намаз оқығандар: “Неге аз оқыдық?” - деп өкінеді екен.

** Бір патша қала тұрғындарын жинап алып, алдарына өте үлкен ыдыс қойып: “Осыған әрқайсысың бір-бір кесе сүт құйыңдар!” - деп бұйырады. Сонда әркім: “Мен сүт орнына су құйып жіберсем, кім біліп жатыр?” - деп ойлаған екен. Нәтижесінде ешбір адам ыдысқа сүт құймапты.

Мақала иман блогынан алынды




ali_bekenУақыты: Сенбі, 30.Августа.2008, 03:24 | Хабарлама # 3
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ибрат алатын әңгіме.

МӨҢКЕ БИДІҢ ТҮСІ
Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады.
-Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шық-ты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, - дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді.. Сонда да айтайын, - дейді. - Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: "40 ат дегеніміз - мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны - 30 күн ораза ұстамайтын заман туады екен; 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені - бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен; қасқырдың шықканы - кісінікін тартып алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; Түлкі шықканы - алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны - ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар". Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы: - Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді депті.

Әдеби кітаптан.[b]


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
zauaУақыты: Дүйсенбі, 06.Октября.2008, 18:15 | Хабарлама # 4
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 6
[ ]
Ажыратылған
Ата-бабаларымызда көптеген дана діндар адамадар көп болдығой қаншама діни ғибратты дастандар мен өсиеттер қалтырған, халық аузында көп айтылушы еді, қазыргі кезде діни өсиеттер халық аузынан жоғалып бара жатқан сияқты соны қайтарудың жолы барма?
УммуМадинаУақыты: Сенбі, 17.Января.2009, 22:33 | Хабарлама # 5
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
ӘБДІКӘРІМНІҢ ШАМАСЫ

(Халық аузынан)

Әр бір жан иесінің өзіне ғана тән, басқа ешбір адамға ұқсамайтын ерекше тағдыры бар. Сырын ешкім аша алмайтын, тылсымы аса тереңде жатқан ғажап нәрсе. Одан адам баласы ғибраттанып қана қоймаса, тұңғиығына үңіліп ұғынам деу, ақылға ауыр тиіп миыңды талдырады.

Ертеректе Тәуекел, деген адам кедейліктің зардабын әбден тартып, жанына батқан соң Аллаға жалбарына дұға қылып, таршылықтан құтқаруын сұрайды екен. Сол қаланың тұрғыны Әбдікәрім керісінше асқан бай болыпты. Алыс-жақын елдермен жасаған саудасы өркендеп, жыл сайын дәулеті асқан үстіне аса түсіпті. Өзі тұратын қаласының мұң-мұқтажына қаражат бөліп, қажетті істен тартынбайтын, қолы ашық жомарт адам еді, деседі. Әсіресе жетім мен жесір, білім мен денсаулыққа байланысты шараларға ерекше ынта танытып, қамқорлық жасауды жаны сүйеді екен. Малым арымның, арым жанымның садағасы, ал жаным иманымның садағасы, деген сөз сол кісіден қалған екен, дейді.

Әбдікәрімнің ел есінде қалған бойындағы тағы бір қасиеті ерекше тақуалығы екен. Күнделікті бес уақыт намаздан соң түн ортасында тұрып, ұзақ уақыт Аллаға құлшылық етіп, намаз оқуды өмірлік әдетіне айналдырыпты. Жұма күні мешітке алғашқылардың қатарында келіп, кешірек қайтатын көрінеді. Сондай күндердің бірінде мешітте аса жұпыны киінген Тәуекелдің Аллаға жалбарына кедейліктен құтқаруын сұрап жатқан дұғасын Әбдікәрімнің құлағы шалып қалады. Бұл сөздерді естіген Әбдікәрім, пақырды қыжалатынан шығаруды ұйғарады. Мешіттің ауласында арнайы тосып алып, Тәуекелдің өзімен үйіне ілесіп жүруін өтінеді. Үйіне келген соң қонағын ерекше ілтипатпен күтіп, жақсы әңгіме айтып, қарнын тойдырады. Сонан соң Әбдікәрім Тәуекелді ертіп, өзінің ақша сақтайтын қараңғы бөлмесіне алып келеді. Тәуекелді бөлмеге кіргізерде қолына күрек беріп:

- Осы күрекке ілінгенінше менің дәулетімнен алып қажетіңе жарат, - дейді.

Әбдікәрімнің аузынан шыққан сөз, Тәуекелдің бақыттан басын айналдырып, мас етеді. Әп-сәтте көз алдына сәулетті үй, қора-қора мал, дастархан толы ас елестеп кетеді.

Бөлменің есігін ашқанда түскен жарықтан ішіндегі байлықты көрген Тәуекелдің көзі тұманданып, қолы қалтырап өз-өзін игере алмай, тау болып үйіліп жатқан алтын ділдаға қолындағы күрегін тереңірек көсіп

жібереді. Бөлмеден шыққанда қараса күрегін теріс ұстағанын бір-ақ біліп, оған ілінген жалғыз ділданы көзі көреді. Күрегіне жалғыз ғана ділданың ілінгеніне, көңілі құлазып қатты қынжылады. Қиялындағы дәулеттің белгісі де қолына ілінбегені оған үлкен соққы болады. Берілген мүмкіндікті пайдалана алмағанына өкінеді.

Оның бұл күйін байқап тұрған Әбдікәрім:

- Саған Кәрім Алла бермегенді, Оның құлы Әбдікәрім қалай бере алады!, - деген екен.

Өмір өнегесі кітабынан

кітаптің жалғасы бар...
http://muslimkokshe.ucoz.com/

YergaliMoldirУақыты: Сәрсенбі, 28.Января.2009, 02:48 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 48
[ ]
Ажыратылған
Азан мен намаз арасы

Жасы үлкен қариядан немересі сұраған екен: "Ата! Бір адамның өмірінің мерзімі қандай?" Қария күлімдеп: "Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам" дегенде, немересі: "қалайша, өмір осыншалықты қысқа ма не?" деп сұрайды. Атасы: "иә, балам. Өмір, намазсыз азан мен азансыз намаз арасындай" дейді. Немере қайта таң қала сұрайды: "намазсыз азан мен азансыз намаз дегеніңіз қалай? түк түсінбедім" дегенде, атасы немерені қолға алып: "ботақан, өткенде көршіміздің баласы туылды. Сәбидің құлағына азан айтылды есіңде ғой? Ал ол азанның намазы оқылды ма? Жоқ. Ол азан "намазсыз азан" болатын. Адам өлген кезде оқылатын намаздың болса, азаны болмайды. Ол "азансыз намаз". Ол намаздың азаны адам туылған кезде оқылып қойылған еді.

http://angime.blogspot.com/


Баянсыз бұл пәниде жиған байлық,
Түбінде уа мұсылман иман байлық .
Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде
Жұмаққа жұмыр басың сиғандай қып.
AL_HanifiyaУақыты: Сәрсенбі, 28.Января.2009, 09:19 | Хабарлама # 7
Тобы: Удаленные
[ ]
Көзқарас

Біреуден Пайғамбарды (сау) баяндап беруін сұрайды.
- Пайғамбарды кімде кім көрген болса тозақ азабынан құтылатын!
- Әбу Жәһил ше? ол Пайғамбарды көрсе де, тозақтан құтылмады
- Ол Пайғамбарымызға Әбу Тәліптің жетімі деп қарайтын, егер Аллаһтың елшісі деп қараған болса - сөзсіз тозақтан құтылар еді!
AL_HanifiyaУақыты: Сәрсенбі, 28.Января.2009, 17:43 | Хабарлама # 8
Тобы: Удаленные
[ ]
Адал бағбан


Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:
- Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? - деп сұрайды. Сонда бағбан:
- Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін.
Қазы таңғалып:
- Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?
- Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, - депті
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:
- Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік - деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.

Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 28.Января.2009, 18:05 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (nabi)
Адал бағбан

Қызық әңгіме екен....




kainarilyassУақыты: Сенбі, 31.Января.2009, 02:17 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 64
[ ]
Ажыратылған
arb

Что сталось бы с людьми, лишись они благоволения Аллаха! Давным-давно исчезли бы они с лица Земли! Али Апшерони
1314520Уақыты: Бейсенбі, 19.Февраля.2009, 14:43 | Хабарлама # 11
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 38
[ ]
Ажыратылған
Әйтеке бидің Әжібай мен Аралға берген батасы
Біреу күн сәулесіне малынса, біреу ай сәулесіне зәру шақта бір шаңырақтан екеуің бірдей атқа міпсіңдер. Атқа мінгенің - азапқа да мінгенің. Азапсыз ердің аты шықпас. Азап дегеніміз тынымсыз еңбек. Өйткені сен жетем, сен алам деген нәрсенің бәрі алыста. Таңсықтың бәрі тасада тұрады әрдайым. Ең дәмді деп татқаның - өз еңбегіңмен тапқаның. Сонда ғана еңбегің - дәулетің, беделің - сәулетің бола алады. Сонда ғана шыраққа айнала аласың. Жанған шырақ жарық берер, жарық берген шырағын халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын өздеріңді. Еңбексіз өткен өмір де бір , ерте келген өлім де бір. Еңбегің жанса қуанарсың. Бірақ, қуаныш келсе таспа, қасірет келсе саспа. Жетпей жатып болдым деме, толмай жатып толдым деме. Жетпей жатып болдым деген, толмай жатып толдым деген төменде күйбеңдейді. Ал төменде күйбеңдеген төбенің басын көрмейді. Қолдан келген - биікке ұшар. асқақ ұшсаң абайлап қон. Өйткені төбеге шықсаң күндейтін, төменде қалсаң тілдейтін жамағайын сымақтар толып жатыр бұл өмірде.Сондықтан төбең көкке жетсе де, табаның жерде тұрғанын ұмытпа. Жоғарыға ұшқан - даңққа бөленер. Бірақ, ауру батпандап кіріп, мысқалдап шықса, даңқ мысқалдап кіріп, батпандап шығатынын ұмытпа. Даңқ жүрген жерде әзәзіл боп нәпсі жүреді. Даңқ өзі келмесе, артына шырақ алып түспе. Шырақ алып іздегенің - нәпсіге бой алдырғаның. Шикі теріні илесең, ұлтан болады, нәпсісін тежей білген, сұлтан болады. Нәпсі тойымсыз. Аспандағы құсты да жердегі жем ұятқа қалдырады, тойымсыз нәпсі де ер азаматты ұятқа қалдырады. Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді, ер азамат білгірлігімен жетеді. Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді. Ондай жағдайда өзіңнен биіктегіні күндей көрме, өзіңнен төмендегіні жүндей көрме. Жарлылық пен байлықтың қандайы да, жазылмаған ешкімнің мәңгілік маңдайына. Сұрғылыт тұман торламаған аспан жоқ, сор мен шер шырмамаған данаң жоқ. Даңқтың жолы даңғыл емес, абыройдың жолы арналы емес. Дана мен кемеңгерді күндеуші көп. Өйткені құнарсыз жеміске құрт та жуымайды. Үнемі жақсыларды жанай жүргейсіздер. Өзен теңізге қарай ағады, жақсы - жұрт мақтаған, ел жақтағанға қаорай барады. Жақсының нәрін ал, тәлімін ал, сосын бақиға кеткенше сыйлап өт. Нәрін ішкен бұлаққа тас лақтырма, құм атпа. Ұлының жеткен биігіне жетем деп ұитыл. Бірақ, әлмисақтан келе жатқан "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!" дегенді зерделе. Өрең жетпегенге ентелеме, жетпегеніңе өкпелеме. Әйтпесе, қаз болып алшаңдағысы келген қарға аяғын сындырады дегеннің кебін құшасың. Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген сондайдан шыққан. Жібек тозса есекке жабуға да жарамайды деген, балаларым. Уақытымының озған, сөзімнің тозған кезіне тап келдіңдер, көне сөзден әрі озбады деп, лапылдап, лаулап жанбады деп сөге кетпегейсіңдер, тастүлектерім! Кәрі де бол, жас та бол, сыйлас бол көппен тіріде, қалады бір күн алтын бас қазылған көрдің түбінде. Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын, ар мен абырой өмірлеріңе азық болсыен. Бірің ту ұстаған қолбасшы, бірің сөз ұстаған би басы болыңдар, қанаттарым, бердім батамды, аллаһуәкбар!


Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегенім.
Белден ассаң, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққан соң келмей ме жүре бергің.
janbolatУақыты: Жұма, 20.Февраля.2009, 12:14 | Хабарлама # 12
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Антикалық өнер

Иман адамның қадірін айналасындағыларға көрсетеді. Адам баласы бойындағы сақтаулы жатқан Илахи өнер мен Жаратушының есімдерін де танытатын осы иман. Күпірлік болса, илахи жіптерді үзіп, адамның қадірін материалдық құнға түсіріп тастайды.
Ішіне нұр сәулесі түспеген қол-өнер майшамның әдемі ою-өрнектері де көрінбес, жан-жағына шуақ та шашпас.
Адам бойындағы сақтаулы өнердің де сәулеттік маңыздылығы мен материалдық құны әр түрлі. Кейде тең, кейде материалдық құны сәулеттен басым түседі, ал кей жағдайларда материалдық құны бірге тең болғанымен, сәулеттік маңыздылығы миллионнан асып түседі.
Мысалы, бес тиындық бір темірдің, темір ұсталары ауласында тек бес тиындық құны болса, қол-өнер сәулеткерлерінің ауласында бұл темір үстіндегі өнер және жасаған сәулеткерге деген құрметтен бес милиардттық құнға тең бола алады.
Адам баласы Жаратушы Иенің осындай бір сәулет өнеріне тән – жаһанның кішірейтілген түрі. Егер де күпірліктің нәтижесінде сол жіпті үзсе, құны бірден жаратылыстардың ең мардымсыз, бейшара халіне түсіп кетеді. Алмас болғанмен, көмірге айналады.


KZ
janbolatУақыты: Сенбі, 07.Марта.2009, 11:43 | Хабарлама # 13
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
86400 секунд

Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да “Уақыт” атты банкінің тұтынушыларымыз.

Күн сайын қолымызға пайдалансын деп 86400 секунд беріледі. Берілген бұл шектеулі уақытты басқа күнге не қоса алмайсың, не ертеңгі күннің уақытын мезгілінен бұрын қолдана алмайсың. Күндік уақыт қорымыз таңертең толып, кешке ада болып отырады. Өткен уақытты қайта иелене алмайсың. Сондықтан, күнделікті қолыңа түскен осы қазынаны өміріңдегі бақыт, денсаулық, жетістік, ырыс-береке, бақ сияқты маңызды нәрселерге жұмса. Заман зулап өтіп барады, күнде ең жақсысын жасауға тырыс. Уақыттың қадірін толығырақ түсіну үшін мына теңеуге бір қарашы:

· Бір жылдың қадірін мектепте сол сыныпты қайтадан оқуға қалған оқушыдан сұра.

· Бір айдың қадірін 8 айлық баланы туған анадан сұра.

· Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.

· Бір сағаттың қадірін сүйгенін күтіп отырған ғашық жаннан сұра.

· Бір минуттың қадірін пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра.

· Бір секундтың қадірін апат аузынан аман қалған жүргізушіден сұра.

· Ал бір миллисекундтың қадірін олимпиадада 100 метр қашықтыққа жүгіру сайысынан күміс медаль алған атлеттен сұра.

Мінеки, уақыт бізге берілген үлкен қазына. Осы қазынаны маңызды нәрселерге жұмса. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтпейді, өткен уақыт – тарих, ал келер шақ сырларға толы. Осы сырларды арзан нәрселерге айырбастама...


KZ
janbolatУақыты: Жұма, 20.Марта.2009, 15:58 | Хабарлама # 14
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
ДӘЛЕЛДЕУ ОП-ОҢАЙ

Бір адам «анар деген жеміс жоқ» десе, көк аспанның қатпар-қатпар қабаттарын шолып, теңіздің түбін сүзіп, жаһанның күллі бау-бақшасын іздеп таппаған соң барып «жоқ» деп айтуы орынды. Әйтпеген жағдайда «таба алмадым» дегені жөн. Сірә, бар шығар, ол таба алмаған болар.
«Анар бар» деген адам табылып, бір анарды дәлел ретінде көрсеткен болса, ол адамға дүниені шарлаудың түк те қажеті жоқ. Күмәнданбай «Анар бар» деп айта алады. «Жоқ», «таппадым» деушілердің уәждері оған еш зарар әкелмейді.
Сондықтан да бір дәлелдеуші қаптаған шүбәланушыларға қарсы тұруға жеткілікті.


KZ
janbolatУақыты: Дүйсенбі, 23.Марта.2009, 16:13 | Хабарлама # 15
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
үш тілім нан ақысы

Жаппар бин Әбу Тәліптің ұлы Абдуллаһ ыстық күндердің бірінде хурма ағаштар бағына түсіп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде 3 тілім нан берілгенін көреді. Құл нанды ауызына салайын деп тұрғанда алдынан аш бір ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды бір мезетте жеп қояды. Құл екінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің әлі де аш екенін түсінген құл соңғы, үшінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл, жұмыс басына өтпекші болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдуллаһ жақындап сұрайды:
"Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?"
“Мына үш тілім нан"
"Ондай болса неге өзіне түк қалдырмадың?"
"Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді."
"Енді өзің не жейсің?"
"Ораза ұстаймын."

Абдуллаһ бин Жаппар құлдан иесінің аты-жөнін сұрап алады. Иесіне барып хурма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп, құлға бақпен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да: "Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет."

Осыны естіген ел: "Сізден асқан жомарт жоқ сірә! Ол құл итке бар жоғы 3-ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен хурма бағы мен азаттық сыйладыңыз" дегенде, Абдуллаһ: "Күмәнсіз ол менен асқан жомарт! Өйткені, ол қолдағы барын берді; мен болсам бір бөлігін ғана..."

angime.blogspot.com


KZ
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Өсиет әңгімелер, насихат сөздер. » Өсиет әңгімелер (Үлкендердің өмірінен кішілерге насихат)
  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды