Әйел мәртебесі - Сұхбат
Сейсенбі, 24.Қаңтар.2017, 17:14
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Әйел мәртебесі (Орыс тілінен аударған Ұлықбек Алиакбарұлы. Түркістан-2008.)
Әйел мәртебесі
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:40 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
ББК 86.38
Академия познания, «О достоинствах женщины»... Казань-2006.
«Әйел мәртебесі». Нәзір Төреқұлов атындағы мешіт-медресе. Орыс тілінен аударған Ұлықбек Алиакбарұлы. Түркістан-2008. 32-бет.

Бұл кішкене ғана аударма еңбекті, күйеуінің айтқанын істемей, енесіне қарсы шығып, күйеуінің рұқсатынсыз үйінен кетіп қалған, ата-анасының үйіне барғанда олар мені қорлады, ұрсты, күн көрсетпеді деп, күйеуінің туыстарына жала жауып жүрген қарындастарыма арнаймын. Қателескен шығарсыздар. Бірақ әлде де тәубе етуге кеш емес. Тек біреудің күнәсын арқаламаңыздар, өздеріңізге ауырлық болады.
Құрметті қарындастар, апа-әпкелер сіздердің назарларыңызға пайғамбарымыздың с.а.с. әйелдерге байланысты айтқан кейбір хадистерін, ананы құрметтеу жайлы насихаттар және келіндерге насихат мақаласын ұсынамыз.
Кітапша жалпы оқырманға арналған.

©Нәзір Төреқұлов атындағы мешіт-медресе.
© Алиакбарұлы. Түркістан-2008.



Хатты жөндеген zhanar - Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:43
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:41 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
بســم الله الرحمن الرحيــم

Бисмилләһир Рахманир Рахим
Аллаһ тағала Қасиетті Құран Кәрімде былай дейді: «Адам баласына ата-анасына жақсылық қылуды нұсқадық». Ъанкабут сүресі, 8-аят.
«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: (ол екеуіне) «түһ» деме. (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамат құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда мәпелеп тәрбиелегеніндей Сен де оларды мәрхаматыңа бөлей көр!»,-Исра сүресі, 23-24 аяттар.
«Адамдарға, ата-анасына жақсылық қылуды бұйырдық. Анасы оны (баласын) әлсіздік үстіне әлсіздікпен, әлсіреген күйінде жүкті, (қарнында тоғыз ай тасыды), екі жылда (баласын) омырауынан айыруы бар. Маған (яғни, Аллаһқа) және ата-анаңа шүкіршілік ет...». Лұқман сүресі, 14-аят.

Ей адамзат! Аллаһқа серік қоспастан құлшылық қылыңдар, әрі ата-анаға жақсылық жасаңдар.

AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:41 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Ананы құрметтеңдер, аялаңдар!!!

  • Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.
  • Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.
  • Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.
  • Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.
  • Бес жасқа толғаныңда, анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.
  • Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.
  • Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.
  • Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.
  • Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.
  • Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.
  • Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.
  • Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.
  • Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.
  • Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналас-қан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.
  • Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

Ізгі тілекпен Н.Төреқұлов мешітінің имамы:
Ұлықбек Алиакбарұлы.

AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:41 | Хабарлама # 4
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Келіндерге насихат!
Бұл дәріс беруші бір діни хикая. Ақылды қыздар мен келіндер үшін ғибратты бір оқиға.
Оқиға бір дәулетті адамның қызы турасында. Оның әкесі тайпа бастығы. Тайпадағы барлық адамдар оның әміріне бағынады. Ол атақты, бастық адамның қызы, ал анасы болса өте ақылды, өмірді жақсы түсінген ислам анасы еді. Жалпы оларда, байлық, атақ, абырой бәрі болды.
Құрметті ана, әпке, қарындастарымыз!!
Сіз мұнда қызына анасы тарапынан берілетін он үгіттің хикаясын оқисыз. Жазу бізден, оқып ғибрат, дәріс алу сізден, халыққа әсер ету Хақтан яғни Аллаһ Тағаладан. Дегенмен сіздің әрі біздің де ниетіміз болу керек қой.
Риуаятқа қарағанда, Харистің қызы Асма келін болып күйеуінің үйіне кететін күні анасы Умама оған мынандай насихат берген:
Балапаным, сүйікті қызым, мені жақсылап тыңда. Насихат әркімге лазым, үгіт бәріне зәру. Насихат – білмегенге үйретеді, білгеннің есіне салады. Дін насихатпен аяқта тік тұрады, амалға асырылады. Насихат тыңдағандар дінді өте жақсы үйренеді. Насихат тыңдап жүргендер егер амалға асыратын болса дүниеде бақытты болады.
Сүйікті қызым! Егер бір қыз ата – анасының кембағалдығы үшін ғана күйеуге берілетін болса, онда сен ешқашан ұзатылмас, едің. Себебі әкең өте бай, атақ, абырой иесі. Сен сондай бір адамның қызысың!...
Бірақ өмір басқаша. Біздерді жаратқан Аллаһ біз үшін өмір заңдарын берген. Әрбір жастағы адам, Аллаһ Тағала берген заңның аясында өмірін өткізеді. Аллаһ Тағала берген заңға қарап, өмірге қадам қояр уақыт келгенде, әрбір қыз бір жігітке, әрбір жігіт әйел үшін жаратылғандығы белгілі болады. Және бір әйел басқа бір ер кісіге мұқтаж болады. Еркектер де әйелдермен достасып махаббат құруға өте мұқтаж. Бұл Аллаһ Тағаланың заңы. Бұл заңды ешкім бұза алмайды, бұл қиямет – қайымға дейін жалғаса береді. Сол себепті қызым, туылып өсіп, бой жеткен үйіңнен жадырап күліп, кіндік қаның тамған жерді тастап өзің білмейтін бейтаныс үйге барасың.
Ей, менің бауыр етім, сүйікті қызым, көзімнің нұры, балажаным! Саған бұларды айтамын. Сен күйеуіңе сондай қызмет қыл, ол да саған қызмет қылсын! Сен оған жер бол, ол саған аспан болсын! Сен күйеуіңе бір үй бол, ол саған тіреу болсын!.
Сүйікті қызым. Енді сен мені көңіл бөліп тыңда! Саған кейбір оқиғаларды айтып өтейін. Оларды еш жадыңнан шығарма, оларды уақыты келгенде пайдаланарсың. Бұл айтқандарыма амал қылсаң, күйеуіңмен жақсы өмір кешіресің, бақытты да көңілді тұрмыс көресің. Біздер де екі жақ жанұялары тату - тәтті өмір сүреміз. Егер бұларға амал қылмасаң, екі жақта да (яғни құда-құдағилар арасы) ауызбіршілігіміз болмайды. Сен өзіңді бір жаһаннамда жүргендей сезінесің.
Қызым! Енді саған айтатын он үгітіме құлақ сал! Бұларды әрдайым жадыңда тұт:
1. Қанағат егесі бол. Өз халіңе шүкір қыл. Күйеуің не нәрсе алып келсе де, ол жейтін немесе киетін нәрсе болсын, кішіпейілділік көрсет. Бақытты өмір кешірудің өзі, өз халіне шүкір қылумен келеді. Өз халіне шүкір етпеген, өз нәпсісін тимаған кісіде көңіл рахаты болмайды.
2. Күйеуіңе әрдайым мойынұсын. Істе деген істерін істе, істеме деген істерін істеме!! Яғни күйеуіңмен сұхбаттасқанда оның сөздерін әдеппен тыңда, сенің сөйлесіп құлақ салғаныңнан түсініп алатын болсын. Сонда ғана Аллаһ Тағала сенің бұл қылығыңа қуанады.
3. Күйеуіңнің көзі түсетін жерлерге жақсылап көңіл бөл. Және үйіңнің іші сыртын неғұрлым таза ұста. Әр дайым сондай болсын, жұбайыңның көзіне жаман, лас жер көрінбесін.
4. Үсті басыңды таза ұста. Күйеуің әр дайым әдемі иіс қана сезсін, мұрнына жаман иіс бармасын. Себебі жаман иіс сенің абыройыңды түсіреді. Сенен жиіркенуіне себеп болады. Соны жақсы біліп ал, тазалық ең жақсы нәрселерден. Күйеуіңнің сені жақсы көруіне де осылар дәнекер болады.
5. Тағамды уақытылы дайында. Яғни тамақтанатын уақытын ешқашан кешіктірме. Күйеуің келісіменен дереу дастархан жай, себебі, аш адамның ашуы тез келеді.
6. Ұйықтайтын және оянатын уақытын біліп ал! Төсегін де уақытылы дайында. Ұйқсыздық та адамның қапа болуына апарады әрі саған деген махаббаты біртіндеп сөнеді.
7. Қожайыныңның мал - дүниесі сенің мал-мүлкің оны ысырап етпей қадіріне жете біл.
8. Күйеуіңнің туған – туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Оларды құрметтегенің, күйеуіңді құрметтегенмен бірдей.
9. Күйеуіңнің сырын басқаларға әсіресе ата-анаңа, туыстарыңа айтпа! Себебі олар күйеуіңнің кейбір мінездерін теріс түсініп қалуы мүмкін. Ал шайтан болса осындай уақыттарды іздеп жүреді. Лажы болса сендерді ажыратуға тырысады. Ал сен болсаң оған жол берме. Сонымен бірге кейбір сырларын сезген уақытыңда да оны сақтай біл. Өзгелерге айтып жүрме. Егер айтып қойсаң, оның ашуын келтіресің және өзіңе деген сенімін жоғалтасың, бұның ақыры жаңа құрған отауыңның күйреуіне апарып соқтырады.
10. Күйеуіңнің дінге қарсы келмейтін барлық бұйрықтарын орында. Ешқашан оған мойынұсынбайтындай теріс қылық көрсетпе. Егер булай етпесең, ол саған кек сақтап, ақыры дұшпаныңа айналады. Сосын сен көп зиян шегесің, қолыңнан ешнәрсе келмейді.
Сонымен бірге күйеуің ашуланғанда сен қуанудан, ол қуанғанда сен тұнжыраудан өте қатты сақтан. Бұл нәрселер ортаға бір кесір алып келеді. Әрі бұл нәрсе тәрбие көрмеген ақымақ адамдардың тірлігі.
Балажаным! Күйеуіңді қаншалық құрметтеп сүйсең, өзің де соншалық құрметке, махаббатқа еге боласың.
Перзентім! Осы айттылғандарды жақсы ұғып ал! Бұл үгіттерімді орын-орынымен орында. Әр қайсысын өз уақыты келгенде пайдалана біл. Сонда ғана үгіттеріме амал қылған боласың!

Қайырбеков Ұ.
«Ислам тағылымы» сериясы №-7.
Кентау қаласы, 2005 ж.

AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:41 | Хабарлама # 5
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын
Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға мақтаулар, ең соңғы елшісі болған әрі адамзат баласына Аллаһтың сөзін жеткізіп, тура жолды көрсетуші Мұхаммедке с.а.с. Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Хира үңгірінде отырған Мұхаммедке с.а.с. Жебірейіл а.с. періште келіп, оған алғаш Құранның бес аятын әкеліп «ОҚЫ» деген болатын. Сонда пайғамбар «Мен оқушылардан емеспін (яғни, оқи алмаймын)» деген еді. Бұдан соң періште пайғамбарды с.а.с. бірнеше мәрте қатты қысып тағыда «ОҚЫ» деді. Осыдан кейін барып пайғамбар с.а.с. періштенің оқыған аяттарын қайталап оқыды.
Мынадай жағдайға душар болған Мұхаммед с.а.с., асыға, бойына қорқыныш билеген бойда үйіне қарай жүгіріп, жұбайы Хадижаға р.а. «Мені ораңдаршы, бүркеңдерші» деген еді. Кейінірек болған жайтты жұбайына айтып берді.
Хадижа анамыз Мұхаммедтің с.а.с. пайғамбар-лығына адамдардың ішінен иман келтірген ең бірінші әйел адам болды. Мұсылман әйелдер Жер бетінде Исламның таралуына көптеген үлес қосты әрі әлі күнге дейін дініміздің таралуына атсалысуда. Аллаһ тағала Құран кәрімде әйелдерге байланысты, ер кісілерге былай дейді: «Олармен жақсы, байыпты түрде мәміле жасаңдар» (Ниса сүресі, 19-аят), осы себепті ер кісілер әйелдермен жұмсақ, жақсы түрде мәміле жасауға тиісті екен.
Раббымыз Аллаһ, Өзіңе ғана құлшылық қыламыз әрі Өзіңнен ғана жәрдем тілейміз. Бізді бақытқа, бейбітшілікке жетелейтін тура жолға түсіріп, адасушылардың қатарынан қыла көрме. Амин.
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:42 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
1. Аллаһ Елшісі с.а.с. былай деген: «Аяғы ауыр болып, құрсақ көтеріп жүрген әйел дүние салса, шаһиттердің қатарынан болады» (Хадисті Убада ибн Самиттен Ибн Саъат риуаят еткен).
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:42 | Хабарлама # 7
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
2. Бір күні Аллаһтың Елшісіне с.а.с. бір әйел баласымен келеді, сонда Пайғамбар с.а.с. былай деді:
«Аяғы ауыр әйелдер, дүниеге бала әкеліп әрі балаларға қамқор, күйеуіне адал, айтқанын екі етпейтін болса, намазын өз уақытында оқыса, барар жері Жәннат болады». (Абу Амамадан Ахмад, Ибн Мажа және Байхақи риуаят еткен).
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:44 | Хабарлама # 8
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
3. Бір күні Аллаһтың Елшісі с.а.с. әйелдерге байланысты былай деді:
«Сіздердің әр біріңіз бақытты емессіздер ме? Күйеулеріңізден құрсақ көтерсеңіздер, ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай етсеңіздер ол әйелдің аяғы ауыр болған әр бір күніне, күні бойы ораза ұстап түнімен намаз оқып шығушының сауабындай сауап жазылады. Босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, аспандағы періштелердің өзіде Аллаһтың ол әйел үшін қандай сый-сияпат әзірлегенінен бейхабар болады. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін де Аллаһтың сол әйел үшін дайындалған сыйлығын алады. Нәресте түнімен жылап, анасына ұйқы бермей, ал анасы түні бойы баланы жұбатып, емізіп шыққандығы үшін Аллаһ жолында жетпіс құлды азат еткендей сауапқа ие болады. Сіздер менің қандай әйелдер жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер ме? Олар Аллаһқа мойынсынушы, күйеулеріне бағынып, айтқанынан шықпаушы әрі істеген жақсылықтарын тез арада ұмытушы әйелдер». (Хадисті Хасан ибн Суфяннан Табарани риуаят еткен)
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:58 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
4. «Құрсақ көтерген әйел, бала босанып әрі нәрестені емізгендігі үшін, Аллаһ жолындағы сарбаздай болады. Егер осы уақытта дүние салса шаһидтің дәрежесіндей дәрежеге ие болады». (Хадисті ибн Умардан Табарани риуаят еткен).
AdminУақыты: Бейсенбі, 29.Қазан.2009, 01:58 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
5. «Әйел адам құрсақ көтерсе оған Аллаһ жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады Ал босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, Аллаһтың ешбір жаратылысы ол әйел үшін қаншалықты сый-сияпаттың әзірлегенін білмейді. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін, нәрестенің әр бір емген сәті үшін де марапатталады. Өліні тірілткендей болады. Баланы емізуді доғарған уақытта, періште оның иығынан түртіп, «сый-сияпат алуды жалғастыр» дейді». (Хадисті Абдуррахман ибн Ауфтан Абу Шейх риуаят еткен).
AdminУақыты: Жұма, 30.Қазан.2009, 18:21 | Хабарлама # 11
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
6. «Күйеуі разы болған мұсылман әйел дүние салса, жәннаттық болады». (Умму Саламадан Тирмизи риуаят еткен).
AdminУақыты: Жұма, 30.Қазан.2009, 18:21 | Хабарлама # 12
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
7. «Егер мұсылман:
• жүректі,
• тілі тек қана Аллаһты зікір ететін,
• шыдамды яғни, денесімен ауыртпашылық көтере алатын болса
• әрі денесімен, күйеуінің мүлкімен сауда етпейтін әйелі болса, онда ол екі дүниенің де жақсылығына ие болады». (Ибн Аббастан Байхақи риуаят еткен).
AdminУақыты: Жұма, 30.Қазан.2009, 18:21 | Хабарлама # 13
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
8. «Егер әйел кісі күнделікті парыз етілген бес уақыт намазын қаза қылмаса, Рамазан айында ораза тұтса, өзін бөтен еркектерден сақтай білсе, күйеуіне адал болса, онда оған: «Жәннаттың қай есігінен кіруді қаласаң, сол есігінен кір деп айтылады». (Анастан Дилми риуаят еткен).
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Әйел мәртебесі (Орыс тілінен аударған Ұлықбек Алиакбарұлы. Түркістан-2008.)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды