Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:25
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 1
  • 1
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Қазақстанда қанша кәрi қыз бар? (Қазақстанда қанша кәрi қыз бар?)
Қазақстанда қанша кәрi қыз бар?
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 30.Сентября.2009, 12:04 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Қазақстанда қанша кәрi қыз бар?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова ханымға “Үкiмет бiр мезгiл кәрi қыздарға да зер салса екен...” деген тақырыпта хат жолданған болатын (“Жас Алаш”, №62, 4 тамыз, 2009 ж.). Онда автор ауыр болса да өз өмiрiн мысалға алып, сырын ақтарып, бүкiл кәрi қыздардың мұңын шаққан-ды. Кейiннен редакцияға бұл тақырыпта толассыз хаттар келдi, саралап, салмақтысын жарияладық. Телефон арқылы талай пiкiрлер де айтылуда. Бiрақ, Гүлшара Наушақызынан “әу” деген бiрде-бiр жауап болмай тұр. Әйтсе де, бұл тақырыпты қайта қаузап, жан-жақты таразылауды жөн санадық.
Анашымның ақылын тыңдағанымда...”
Әрине, кәрi қыздардың бәрi де баспанасыз, тапқаны iшкенiне жетпейдi емес. Басында баспанасы бар, тiптi iрi қызметi, астында көлiгi бар, не iшем, не кием демейтiндер де табылады. Бiрақ, хат жолдаған кәрi қыздардың жан дүниесiн жарып шыққан ой-сезiмдерiне қарап, өмiрде шынайы бақыт тек байлықпен өлшенбейтiнiне тағы бiр рет куә болдық.
“...Кәрi қыздар... Құлаққа түрпiдей естiледi. Бiрақ, бағы ашылмаған сол қыздар ешкiмнен кем емес. Рас, сырттай қатыгез, мейiрiмсiз, тәкаппар көрiнуi мүмкiн. Ал шындығында...
Алматыдағы жоғары оқу орнының бiрiнде сабақ беремiн. Кәрi қыздардың қатарына қосылғаныма да отыз жыл толды. Бiлiмiнiң, еңбегiнiң арқасында атақ-дәрежесi бiр басынан артылатын мен секiлдiлер мұнда толып жүр. Өз арбамды өзiм сүйреуге әл-қуатым жетедi. Бiрақ, бақыт деген бұл емес.
Жанымдай жақсы көретiн жақын құрбыларым менен күйеуiн қызғанған кездерi болды. Бiр емес, бiрнеше рет. Мұның қаншалықты ауыр екенiн, бұдан өткен қорлық жоқ екенiн бiлсеңiздер ғой. Қайтейiн...
Анам байғұс ғылымға бет бұрғанымды, жасыма жас қосылып жат¬қанын көрiп: “Құлыным-ау, күйеуге шықпасаң шықпа, бiр бала туып алшы... Бағып беремiн”, – деп қанша рет шыбын жаны шырылдады. Тыңдамадым. “Әкемдi неге ойламайсың? Белгiлi ғалым ғой. Бауырларымның бетiне қалай қараймын. Жұрт күлмей ме?” – деп ашуландым да. Марқұм жалғыз қалатынымды сездi ме екен? Қазiр анашымның ақылын тыңдамағаныма қатты өкiнемiн...”
Осы сарындас хаттар редакцияға өте жиi келедi. Әр хатта бiр тағдыр, өзегiңдi өртейтiн өкiнiш...
Байқағанымыз, жасы жетiп, ақыл тоқтатқан әр қазақ қызының бойында өткен күндерге өкiнiш, өкпе болса да, өмiрден күдер үзу жоқ. Түңiлу жоқ. Соған қуандық.
Қыз бен жiгiттiң танысуына дәнекер болатын жеңгелер қайда?
Қазiр некеге тұратын қыздардың орта жасы – 23, жiгiттердiкi – 26 жас. Оның үстiне, орташа есептегенде 30-34 жастағы ер-азаматтардың 14 пайызы – “тақиялы перiштелер”. Ал дәл осы жастағы азаматшалардың 10 пайызы – кәрi қыздар.
Ескiнiң көзiн көргендер дәл қазiргi кезде кәрi қыздар мәселесiнiң өршiп тұруын бұрынғыдай екi жастың танысып, табысуына себепкер болатын ақжарқын жеңгелердiң жоқтығынан дейдi. Қайнысының жаманын жасырып, жауып, қайынсiңлiсiнiң жақсысын асырып, екi жас үйренiсiп, отбасы құрғанша ортада дәнекер болатын да сол жеңгелер. Ал қазiр ше? “Ауылда жүр ғой ондай жеңгейлер” деп уәж айтатындар да табылар. Дегенмен, екi жасқа дәнекер болатын жеңгелер ауылда болса, неге ондағы кәрi қыздар қалаға ағылуда? Әлбетте, бұл мәселенiң бiр ұшы қыры кеткен тәрбие мен салт-дәстүрдiң шырқын бұзған ғаламдық үрдiсте жатыр.
«Өтiмiз жарылып кетсе де айтайық...»
Бейресми деректерге қарағанда, он алты миллионнан сәл-ақ астам халқы бар Қазақстанда басына ақ орамал жамылып, отқа май құймаған 25-55 жас аралығындағы қыздардың саны 120 мыңның үстiнде екен. Ал ендi осы 120 мың қыздарымыз не күйде?
Кәрi қыздарымыздың орташа жасы – 40 жас. 40-44 жасқа келген әрбiр 1000 кәрi қыздың бар-жоғы жүз елуге жуығы ғана балалы болады екен. Қалғаны... Егер әйелдiң басты мiндетi – ана болу, бала сүйiп, оны тәрбиелеу десек, бiздiң елдiң қаншама қыздары бармақ тiстеп жүргенiн есептей берiңiз.
Қоғамда кәрi қыздардың көбеюi, ең алдымен, ер адамдардың әйелдерге қарағанда санының аздығында. Оның үстiне, ҚР Санақ агенттiгiнiң мәлiметiнше, ер-азаматтар әйелдерге қарағанда он жыл кем өмiр сүредi. Жазатайымда жазым болатындардың денi ерлер екен. “Жығылғанға жұдырық”, маскүнемдiк және басқа да iндеттер ер-азаматтарды жиiрек жағалайды. Мәселен, бомждардың басым бөлiгi де, басқа да неше түрлi жұқпалы ауруларды арқалап жүргендердiң көпшiлiгi – ер адамдар.
“Көк етiктiнi iздеймiн” деп көпетiктiлердi менсiнбей, уақыт оздырып алған бойжеткендерiмiз аз емес. “Бәрi де – өз уақытысымен!” деп бекерге айтылған дейсiз бе?!
Бұрынғылар “ұлдың жолы – ұлы, қыздың жолы – жiңiшке” деп тегiннен айтпаған. Ұл ұлылығын жасап, қыз кiшiлiгiн бiлсе, жұптың жарасып-ақ кетерi анық. Өйткенi, өтiмiз жарылып кетсе де, мойындайық, кәрi қыздардың көбеюiнiң бiр себебi – қыздарымыздың өз жолының жiңiшке екенiн бiлмеуiнде секiлдi.
Сiз не дейсiз?
Мақаш ТӘТIМ, демограф:
– Дәл қазiр елiмiзде кәрi қыздардың саны 350 мыңға жеттi. 350 мың айтқанға ғана оңай. Шын мәнiнде, бұл – 350 мың ақталмаған үмiт, көтерiлмеген шаңырақ, ашылмаған гүл. Нақтырақ айтсақ, туылмай қалған бала. Кәрi қыздардың көбейгенi жақсылық емес. Бұл кәрi қыздардың өздерiне байланысты емес. Еркектердiң көп өлуiне байланысты. Ер-азамат әртүрлi жазатайым жағдайда әйелдерден гөрi үш-төрт есе көп өледi. Кәрi қыздардың жиналып қалатыны сондықтан. Ең негiзгi себебi – осы. Ал қыздардың мiнезiнен деген – бер жақтағы әңгiме. Мiнезi жұмсақ болса да, тентек болса да кәрi қыз болып қалуы мүмкiн. Өйткенi, олардың теңi жоқ. Сондай-ақ, санда бар да, санатта жоқ еркектер көп. Олар кiмдер? Белсiздер, маскүнемдер, бомждар, аурулар, дiмкәстар, қызтекелер...
Егер кәрi қыздар ешқашан күйеуге тимесе, бiрде-бiр бала таппаса, бұл қалай демографияға әсер етпейдi? Әсер етедi. Әр қазақ әйелi орта есеппен үш бала табады десек, сонда кәрi қыздардың салдарынан миллионға жуық бала өмiрге келмей қалады екен.
Өркениеттi қоғамда “кәрi қыз” деген ұғым жоқ. Олар тығырықтан өзi-ақ шығып кетедi. Басқа бiреуден бала табады, жалғызбасты әйел атанады. Күйеуге тиiп, ажырасып кетедi, бұлар ажырасқан әйел болып есептеледi. Кәрi қыздарда, қазақшалап айтқанда, “не бай жоқ, не бала жоқ”. Гендерлiк саясаттың ең бiр жағымсыз көрiнiстерiнiң бiрi де – осы.
Дариға КҮДЕБАЕВА, дәрiгер-гинеколог:
– Медицина бойынша кәрi қыздар санатына 28 жасқа толғандар жатады. Олар көбiне бiрiншi баласын операция жасау арқылы туады. 45-49 жаста бала тапқандар да бар. Әрине, 18 жас пен 35 жастың айырмашылығы жер мен көктей. Дәл қазiр жылына әрбiр 1000 сәбидiң 150-200-iн кәрi қыздар табады. Банк және мемлекеттiк қызметтегi бұрымдыларымыз бiздiң ақыл-кеңесiмiзге көбiрек жүгiнедi. Бұрын қыз-келiншектер тек мұғалiм не дәрiгер болса, қазiр барлық қызметте бар.
Көптеген қыздар “өз отбасымды өзiм асыраймын” деп уақыт оздырып алады. Бiрақ, қайталап айтамын, әйел өмiрде өз мiндетiн түсiнiп, тұрмыс құрып, бала сүюi керек. Бiз кәрi қыздарға “өзiң үшiн бала туып ал” деп кеңес беремiз. Өйтпегенде қайтемiз? Менiңше, бар кiнәнi қыздарға арту дұрыс емес. Себебi, бiрен-саран болмаса, кез келген қыз отбасын құрып, бала сүюдi армандайды. Шынында да, үкiмет кәрi қыздарға көңiл бөлуi керек. Жас Алаш №78 (15432) 29 қыркүйек, сейсенбі 2009

Дилара ИСА




medineУақыты: Бейсенбі, 01.Октября.2009, 11:57 | Хабарлама # 2
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 13
[ ]
Ажыратылған
мммдааааа.....

1991
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Қазақстанда қанша кәрi қыз бар? (Қазақстанда қанша кәрi қыз бар?)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды