Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:23
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Ата-ананың хақы.
Ата-ананың хақы.
SauleshУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:10 | Хабарлама # 16
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Бұл тақырыпқа байланысты пікірімді қоса кетсем деймін. Ата-ананың разылығын алсақ Алла да бізден разы болады иншАлла. Тек қазіргі жастар ата-ананың көңілін табуды білмейміз бе деп ойлаймын. Егер ата-ана қыз бен жігіттің бір-біріне тең екенін көріп тұрса, әрі бақытты ете алатынын сезсе қарсы болуы мүмкін емес. Яғни ата-анадан бәрін жасырып жүріп бір күні келіп мен бәленшемен үйленем немесе тұрмыс құрам десе әрине баласының болашағы үшін уайымдайды. Сондықтан ата-ананы барлығынан хабардар етейік әрі Алладан хайырын тілейік. Ата-ананың ақылына құлақ асу бәрімізге парыз екенін ұмытпайық.

Аллаға шүкір ету - әрқайсымыздың парызымыз. Әлһамдулиллаһ!!!!!!!!!
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:27 | Хабарлама # 17
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

аударып әзірлеген: Илияс Сырым (жорналшы)

Әрбір адамның жүрегіне Аллаһ тағала бала сүйюге және көп балалы болуға деген табиғи қалауды салған. Бала туылысымен кез келген жанұяға үлкен және өзге еш нәрсемен тең келмейтін қуаныш келеді. Бала өмірдің мәні болып та кетеді. Егер сіздің балаңыз бақытты болса, сіз де өзіңізді бақытты санайсыз. Оның қуанышы сізге де қуаныш сыйлайды.

Балалы болған кезде адам өзін күшті әрі ар-намысты етіп сезінеді және болашаққа үмітпен қарайды. Сол болашақ оған жарқын және бақытты болып көрінеді.

Аллах Тағала қасиетті Құранда айтады: «Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында. (Әл-Имран сүресі, 14-аят)

Бала – дүние тіршілігінің сәні. Алаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді: «Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы. )» (Каһф сүресі, 46 аят)

Кейбір алымдардың айтуынша, балаларға деген махаббат және көп балалы болуды қалау – адамзаттың тума табиғи ерекшілігі. Бұл ерекшілік әрбір адамға тән, мейлі ол бай болсын мейлі – кедей болсын. Бұл Аллаһтың адамзатқа берген ұлы нығметі. Аллаһ Тағала айтады: «Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар. Сендерге малдар, балалар берді Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар))» (Шуғара сүресі, 132-134 аяттар)

Аллаһ сондай-ақ Исра сүресінің 6-аятында былай дейді: «Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық.»

Ислам – пайда болғанынан бастап пәк және кіріксіз болған дін, ол өзінің пәктігін қорғай отырып, адамзаттың ұрпақ жалғастыруға деген табиғи қалауына қарсы шықпайды. Керісінше, ол - үлгілі адамды, үлгілі жанұяны, үлгілі қоғамды қалыптастыратын дін. Ислам ождандылықты, ізгіниеттілікті және игі амалдарды, әсіресе ата-анаға деген ізгі қарым-қатынасты уағыздайды. Бұл тақырып Құранда және Пайғамбарымыздың сүннетінде толық ашылған және өмірдің барлық жақтарын қамтиды.
Ислам әке болсам деп ниет білдірген адамды салиқалы әйел табудан және үйленуден де алдын ала жауапкершілікке шақырады.

Әбу Хурейра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз « Әйелді төрт санат бойынша таңдайды. Біріншісі – оның сұлұлығы бойынша; екіншісі – оның байлығы бойынша; үшіншісі – оның әлеуметтік жағдайы бойынша; төртіншісі – оның имандылығы бойынша. Имандылығы бойынша таңдасаң - ұтасың!» - деген екен. Осы орайда ғылыми тұрғыда бір дәлелденген фактті келтірген жөн: Ана құрсағында жатқан бала ата-анасының кейбір генетикалық ерекшіліктерін өз бойына сіңдіріп алады екен. Оның ішінде : мінез-құлқы, тіпті қылықтары бар.

Бірде бір кісі досына өз баласының тіл алмайтындығын және әкесіне нашар қарым-қатынас жасайтындығын айтып арызданатын көрінеді. Сонда досы оған: «Сен оған ешкімді кінәлама, өйткені, сен өзің оған жақсы, лайықты ана таңдамадың,» - деп жауап беріпті. Ғалымдар да баланың бойындағы ата-анасының жағымды және жағымсыз мінез ерекшіліктері дәл құрсақтағы кезінде қалыптаса бастайтының дәлелдеген. Сондықтан да болашақ жар таңдауда еш асығуға болмайды. Бұл істе жақын адамдармен ақылдасқан, Аллаһтан жақсы, салиқалы да иманды әйел сұрап дұға еткен жөн. Бұның барлығы үйленген соң қалай да болса жанұяны сақтап қалу үшін және ажырасуға бармау үшін қажет. Біздің кезімізде, өкінішке орай, адамдар тез үйленіп тез ажырасатын болды.

Бала туылғаннан кейін, мейлі ол қыз болсын, немесе ұл болсын, Аллаһ тағала оның өмірінің сақталуын қамтамасыз етуді бұйырады. «Мухаммед, (Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер» (де)»(Әнғам сүресі, 154 аят)

«Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған. («Исра», 31-аят)

Айша анамыз риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз оған ант беру үшін әйелдер келген кезде оларға унемі мына аятты оқитын еді деп: «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауга, үрлық қылмауга, зинашы болмауға балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауга, (Суық жолдан тапқан баланы өз еріне телімеуге. Ж.М.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың (биғаттарын) серттерін қабыл ал. Олар тшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Мумтахина сүресі,12-аят)» жеткізіледі. Және Айша анамыз бұл хадисте: «Осы аяттың үкімімен әйелдер келіссе, онда пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің анттарыңды қабыдадым,» - деп айтатын еді және Пайғамбар, с.а.с., олардың қолдарына ешқашан қолын тигізбейтін еді. оның антын қабылдайтын еді!» - деп жеткізеді.

ИСЛАМ баланың әкесіне балаға жақсы есім таңдауды, оны бағып асырауды, қорғауды, барша қажеттіліктерін қамтамасыз етуді бұйырады. Аллаһ тағала бұл жөнінде былай деп бұйырады: «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті көрегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер әке -шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда екеуіне де күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (Бөгде әйелге) емізгілерің келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар, сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді толық көруші. (Бақара сүресі 233)»

Коммунисттердің зобалаңынан халқымыз көптеген рухани қүндылығынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан тек қазақ халқына тән өзгешеліктерді қасиет түтудан гөрі “дамыған Батысқа” еліктеушілік әдетке айналды. Тіпті, адамға есім қоюдың өзі батысқа еліктеушіліктен тыс қалмай, қазақтардың ішінде Партия, Октябрь, Роман, Альберт, Роберттер пайда болды. Алайда Пайғамбарымыз:
“Әкенің бала алдындағы міндеті-жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру.” - деген екен.
Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Байһақи риуаят етті.

Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етіліп, муслим жеткізген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһқа ұнамды есімдердің ең көркемі – Абдуллаһ, Абдуррахман», - деген екен.
Келесі бір риуаятта оның: «(Балаларыңды) пайғамбарлардың есімдерімен атаңдар», - дегені айтылған.

Шариғат әкеге балаларын асырап-тәрбиелеуді, оларды имандылыққа үйретуді, жеті жастан бастап намаз оқуды үйретуді, он жастан бастап олар намаз оқымаса жазалауды, жеті жастан бастап бөлек жатқызуды бұйырады.

Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенденің күнәға батуына, ол қол астындағылардың қажетін қамтамасыз етуден бас тартқанның өзі де жеткілікті болады.» – деген хадисті Хайсамадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят етті.

Алланың елшісі сондай-ақ: «Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершілік—теріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар. Патша өз қоластындағылар үшін жауапкер және солар үшін сүралады. Отбасы жанүя үшін жауапкер және сол үшін сүралады. Әйел күйеуі сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесі үшін жауапкер және сол үшін суралады. Қызметші қожайынның мүлкі үшін жауапкер және сол үшін сүралады. Сендер барлығың жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сүраласыңдар,” - деген
Хадисті Ибн Омардан (р.л.г.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті. Баланы сүйіп еркелету пайғамбарларға да тән болған қасиет және біздің асыл дініміз оған қарсы болмайды.

“Бір бәдәуи (шөл дала түрғыны) Нәбиге (с.ғ.с.) келіп: “Сендер балаларыңды еркелетіп сүйесіңдер ме? Біз балаларымызды еркелетіп сүймейміз”,—деді. Сонда Нәби (с.ғ.с.) оған: “Аллаһ Тағала жүрегіңе мейірімділік сезімін салмаған болса, менің қолымнан не келеді?”,—деп жауап берді.”
Хадисті Айша анамыздан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Әлидің (р.л.ғ.) үлы Хасанды (р.л.ғ.) бетінен сүйді: Оны Расулуллаһтың (с.ғ.с.) жанында отырған Әл—Ақраъ ибн Хабис Әт—Тамими көріп: “Менің он балам бар. Алайда, осы уақытқа дейін мен оның біреуін де еркелетіп сүйген емеспін”;-деді. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.) оған қарап: “Басқаларға мейірімділік етпегеннің, өзі де мейірімділікке бөленбейді”,—деді.”
Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

Дегенмен балаға деген махаббат оның тәрбиесіне кері әсерін тигізетіндей және болашақта имансыз, құдайсыз болуына сеп болмау керек. Яғни балаға деген махаббат оны тәрбиелеуге деген Аллаһ алдындағы жауапкершіліктен алшақтатпау керек. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді: «Мұхаммед Ғ.С.): «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алла сендерге (міндетті) бір азапты жіберуін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды.» (Тәубе сүресі, 24-аят)

Ислам үғымында ата-ананың баласы алдындағы парызы-имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық-адам өмірінің нәрі. Ал, имандылык адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбет-те, оның негізі отбасында, әке мен ананың улгілі өнегесінде қалыптасады. Сондықтан да, әке мен ана отбасының жүрегі болып есептеледі. Шыныменен бала тәрбиесі түрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында куміс жонғыш бар тәрізді. Осы себептен, баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата-анаға жүктеледі.
Әкенің бала тәрбиесінде басты бағытты неден алуын да бізге Аллаһ Тағала Өзінің Қасиетті Құранының Лұқман сүресінде Лұкманның баласына берген өсиетінде көрсетеді: «Сол уақытта Лүқман өз ұлына үгіт бере отырып: “Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу - зор зұлымдық” деді.» (Луқман сүресі, 13 аят) және
«(Лүқман): “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мүлайым, толық білуші.” (16) “Әй ұлым! Намазды толық орында. Дүрыстыққа бүйырып, бүрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден.” (17) “Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді.” (18) “Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы.”» (Луқман сүресі, 16-18 аяттар)

Ал Пайғамбарымыз не бұйырады?
“Олар (яғни, сахабалар): “Тақуалық—Аллаһ Тағаладан, ал әдептілік—әкеден (яғни, Аллаһ Тағала тағдырға такуалықты жазғаннан кейінгі әкенің міндеті—баланы әдептілікке үйрету”, - деп айтатын.”
Хадисті Мухаммад ибн Абдуллаһтан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ!”
Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.г.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.

“Мен Әлидің үлы Хасаннан (р.л.ғ.)- “Сіз Нәбиден (с.ғ.с.) не нәрсені әдет етуді үйрендіңіз?”,—деп сүрағанымда, ол: “Бес уақыт намаз оқуды!”,—деп жауап берді.”
Хадисті Әбу Жәузадан (р.л.г.) Имам Табарани жвне Имам Ахмад риуаят етті.

“Әкенің бала алдындағы міндеті—жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру.”
Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Байһақи риуаят етті.

Ата ана балалардың бірін екіншілерінен артық санап бөлуге тыйым салады. Әділ болу жөнінде көп хадистер бар. Солардың бірінде: “Башир (р.л.ғ.) үлын көтеріп Расулуллаһтың (с.ғ.с.) алдына келіп: “Я, Расулуллаһ (сғ.с), мен үлым Ән—Нүғманды (р.л.ғ.) көтеріп алып жүргеніме сізді куә еткім келеді”,—деді. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Сіз барлық балаңызды осылай көтересіз бе?”- деді.
- Жоқ.
Ондай болса, менен басқа біреуді куә етіңіз.
Кейін Расулуллаһ (с.ғ.с.) Баширден (р.л.ғ.)- “Балаларыңыз жақсылықты бірдей кәргені сені қуандырмай ма?”,—деп сүрағанда, Башир (р.л.ғ.): “Әрине, қуандырады”,— деп жауап берді.
— Ондай болса, мен әділетсіз істе куәгер бола алмаймын.» деп айтылады.
Хадисті Мухаммад ибн Сәләмнан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

Қыз бала баланы жақсы көру де иманнан. Бұл жөнінде хадистер мынаны бізге баян етеді.
«Мен Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Кімнің үш қызы болып, ол оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп бақса, олар (яғни, қыздарды тәрбиелеп өсіргені) ол үшін тозақ отынан қалқан болады”,— дегенін естідім.”
Хадисті Ъуқба ибн Ъамирден (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

“Егер мұсылманның екі қызы болып, ол оларды дұрыс тәрбиелеп өсірген болса, сол екі қызы оның жәннатқа кіруіне себепкер болады.”
Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Кімнің үш қызы болып, ол оларға қамқорлық жасаса, қайырымдылық қылып қамтамасыз етсе, оған әлбетте жәннат нәсіп болады”,—деді. Адамдардың ішінен біреу: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Оның екі қызы болса қандай болады?”,—деді. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Екі қызы болса да солай”,—деп жауап берді.”
Хадисті Жәбир ибн Абдуллаһтан (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.

Өкінішке орай қазіргі уақытта жаңа талпынып жүре бастаған жас нәрестеге, көп жағдайда оның Жаратушысы бар екенін ата—анасының өзі де айтпайды. Ал, нәрестелік шағынан Аллаһ бар деген үғымды бойына сіңірмеген бала имандылық жағынан әлжуаз болып, ер жете келе имандылығының әлсіздігі Себебінен дінсіз болуы ықтимал. Тағы бір ескеретін нәрсе, Құран және намаз оқуды үйренемін деп талпынған жағдайда: “Сен не, молда болмақпысың? Саған намаз оқуға әлі ерте”,—деп баласының иманды болуына, Аллаһ Тағаланың жазасынан қорқып жамандықтан бет бүруына ата—ананың өзі кедергі болады. Ал, сол баласы өскеннен кейін, ата—ананың: “Менің балам неге ішкіш, ұры, қылмыскер”,—деп күрсінуіне ең алдымен кім себепкер? Біз намазды молда болғанымыз үшін емес, Аллаһ Тағала оны бізге парыз еткені үшін оқимыз. Осыны дүрыс түсінейік, халайық!

“Таһа сүресінің: “Үй—ішіңді намаз оқуға бұйырып, өзің де оған көңіл бөл”,—деген аяты тусірілген уақытта, Омар (р.л.ғ.): “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Біз Аллаһ Тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала—шағамызды қалай сақтандырсақ болады?”,—деп сүрағанда, Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала—шағаларынды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала—шағаларыңа соны істе деп бұйырыңдар!”,—деп жауап берді.” Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.г.) Имам Бухари жэне Имам Муслим риуаят етті.

“Ұл—қыздарыңа жеті жастан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап намазға түрғызыңдар, түрмаса үрыңдар. Әрі сол кезден бастап жататын жерлерін бөлек етіңдер.” Хадисті Имам Табарани, Имам Әбу Дауд және Имам Термизи риуаят етеді.

“Сахабалардың (р.л.ғ.) бірі Нәбиден (с.ғ.с.): “Жас бала қай уақыттан бастап намаз оқуы керек?”,—деп сүрағанда, Ол (с.ғ.с.): “Оң—солын ажырата бастағаннан оларға намазға түруды бүйырыңдар!”,—деп жауап берді.” Хадисті Имам Дауд риуаят етті.

“Оң—солын ажырата бастағаннан балаға намазға түруды бүйырыңдар!” Хадисті Әнас ибн Маликтен (р.л.г.) Имам Табарони риуаят етеді.
“Балаларың намаздарын оқуын қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер! Себебі, жақсылық адам баласына тән нәрсе!” Хадисті Ибн Масъудтан (р.л.г.) Имам Табарани риуаятп етті.

“Әбу Рафиъ (р.л.ғ.) Расулуллаһтан (с.ғ.с.): “Баланың біздің алдымызда міндеті болғанындай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?”,—деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Әрине. Ата—ананың баласына қатысты міндеті оған Қүранды (яғни, Қүрандағы айтылғанды орындауды), ату мен жүзуді үйрету және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету”, — деп жауап берді.” Хадисті Әбу Рафиътен (р.л.г.) Имам Әл—Хаким риуаят етті.

Осында мен көп тараған бір қателікке назар аударғым келеді. Көп адамдар жақсы тәрбие бұл – жақсы тамақ, жақсы киім, оқудағы табыстар, имидж деп түсінеді. Олардың ойында тәрбие шынайы иманға және жақсы әдептерге негізделу керек деген ұғым жоқтың қасы. Бұған жауап қарапайым және өте түсінікті: егер балада жердегі бар байлық болса, бірақ олармен қоштасқан соң ол тозаққа кірсе – ол шынайы бақытсыз бала.

Ислам адамды соқыр ақылсыздықтан қорғайды. Ол адамды Аллаһқа тәуекел етуге және үміттенуге, ізгі амалдар жасап, құдайдан қорқуға бағыттайды. Ислам адамға байлық пен балаларын сылтау етіп иманнан бетін бұрып кетпеу жөнінде ескертіп, балалары үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алып, оларды Ислам жолына жетектеп алып келуді бұйырады.




Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Ата-ананың хақы.
  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды