Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:38
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Ата-ананың хақы.
Ата-ананың хақы.
adminchikУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 10:19 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Осында да талқылайықшы

Ислам діні ата-ананы құрметтеуді. олардың айтқанын тыңдауды, егер Аллаһтың айтқандарына қарсы келмесе, бұйырады. Алайда, кей кездері ұл-қызының намаз оқығанына және орамал таққанына (қыздарға қатысты) қарсы болады. Одан бөлек жеке өмірдеріне де араласатын кездері аз емес. Мысалы, ұл-қызының сүйген жандарына қосылғанын қаламайды. Өздерінің қалаған адамнына үйлендіргісі немесе ұзатқысы келеді. Кейде оны баласы немесе қызы ұнатпайды. Бірақ ата-анасы қалай да істейсің дейді. Егер сол айтқандарын істемей қойса күнә болып саналады ма? Ата-ананың хақы баласының алатын келіні мен қызының болашақ күйеуінде жоқ болар. Тіпті, өзінің есейген ұл-қызына да адам ақылына сыймайтын бұйрықтарды берсе, оны міндетті түрде істеу керек пе? Исламда дінде зорлық жоқ дейді. Дінде болмаған зорлық деген атаулы басқа жақта орын алуы тиіс пе?
Исламда рулас адамдардың үйленуіне тиым салатын қандай да бір үкім бар ма? Тіпті жеті атасы асып кетсе де сүйіктілерінен ажырататын ата-аналарға не деуге болады?

Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 10:39 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Бұл бір өзекті мәселе...
Халифа Омар ұлына қызды өзі таңдап үйлендірген ғой...
Басқа да оқырмандардың пікірлерін білейік....




adminchikУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 12:52 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
Халифа Омар ұлына қызды өзі таңдап үйлендірген ғой...

Ондай адамның баласы болудың өзі бір бақыт қой

Rahim_NurУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 19:06 | Хабарлама # 4
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Баланың ата-анасының алдындағы хақысы да бар емес пе? Алланың елшісіне бір қыз келіп, "Иә, Алланың елшісі, әкем маған өзі қалаған адамға үйлен дейді. Бірақ менің де хақым бар шығар"деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз Қыздың ата-анасын шақырып алып, "Қызды сүйгеніне, қалағанына тұрмысқа беріңдер" дейді. Сонда қыз: "мен негізі әкеме қарсы емес едім, тек баланың да ата-ана алдындағы ақысы қандй екенін білгім келге еді" дейді. Сондықтан, жар таңдау еркіндігі бар.

"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 22:23 | Хабарлама # 5
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ата ана әлде махаббат дегендей болып тұр ғой....



adminchikУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 22:35 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
Ата ана әлде махаббат дегендей болып тұр ғой....

Ата-анасы дегеннен гөрі, ата-ананың килігуі десек дұрыстау секілді. Себебі, мұндағы түсіндірген мысалымда ата-анасының араласуы жөн емес стяқты.


Хатты жөндеген adminchik - Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 22:36
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 22:37 | Хабарлама # 7
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Әр бір бозбала мен бойжеткен жар таңдауда құқы бар. шариғат оған рұқсат берген. бірақ қазіргі заман біршама өзгерді ғой.
егер мүмкіндік болса ата аналарыңыздан сұраңыздаршы. олар қалай кездесіп қалай үйленді екен.. үйленбес бұрын бір бірін қанша рет көрді екен?

аталмыш сұрағыма жауап ретінде: ол заманның жастары сыпайы, мұғалімдерін көргенде қысылып сөз сөйлей алмайтын (сөйлей алмғандықтан емес, сыйлағандықтан) өзі тапса тапты, таппаса ата анасы құда түскен қызға үйленіп разы болатын. ол жерде жеңгелерді роліде зор болатын.

қазір кімді жеңгесі таныстырып жүр екен, ілуді біреу болмаса. үйленбес бұрын қызбен немесе жігітпен жүру шарт секілді болып қалған. бұрын біреумен қатынасы болған екен деген сөздің өзі ұят болса қазіргі кезде (қыз болса болды) деп үйленетін болды. еліміздің кей облыстарында қыздың қыздығына (артық кетсем кешіріңіздер) қараудыңда маңызы қалмаған, қысқаша айтқанда шайтан негізгі пландарын іске асрып жатқандай...

бұл сондай заман болды ғой, әр кімнің өз правосы бар. кәмелет жасқа толғанда заң бойынша ата ананың баланың жеке өміріне араласуға правосы жоқ. ол не істеседе өзі біледі.

енді жар таңдауға келсек, бізден гөрі ата анамыз жар таңдауда тәжірибелі екендігі рас қой, оған қарсы сөзімізде жоқ.
Атам қазақ анасын көріп қызын ал дейді, қазір қай жігіт анасын көріп, сөйлесіп үйленіп жатыр екен, немесе қыздың анасымен сөйлесуге батылы жетер ме екен? анасымен сөйлесетінде ол жігіттің анасы ғой. артық кемін сөйлескенде байқайтында сол ана емес пе? сонда бізге жар таудаңда тәжірибелі сол кісілер ғой. ал елпілдеп, желпілдеп жүрген жастардың ол кезде көздерінде шел болатын секілді. шикіліктер үйленген соң шыға бастағанда ғана өкінеді. сосын барып арты ажырасумен тынып жатады. АХАЖ қызметкерлері қазіргі кезде ажырасудың көбейіп кеткендігін айтуда.
қорыта келе ата ананың ұлына немесе қыжына таңдаған жары сол бала үшін пайдалы деп ойлаймын. махаббат деген сол кездегі жанып өшіп тұрған бір медет қой. басына қиыншылық түссе қайдағы махабат????
әрине сүймейінше үйленуді шариғат қоштамайды, оны біле жүрген дұрыс. Ата аналарыңыз сүйгендеріңізге қосуды нәсіп етсін.




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 22:41 | Хабарлама # 8
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (adminchik)
Ата-анасы дегеннен гөрі, ата-ананың килігуі десек дұрыстау секілді.

Ата ана араласса, баласының бақытты болуын ойлайды ғой... біз оны балалы болғанда ғана түсінеміз...
Ата ананың қарғысына қалмайық, лажы болса алғысын алайық....




adminchikУақыты: Бейсенбі, 24.Сентября.2009, 02:09 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
Ата ана араласса, баласының бақытты болуын ойлайды ғой... біз оны балалы болғанда ғана түсінеміз...
Ата ананың қарғысына қалмайық, лажы болса алғысын алайық....

Ия, түсіндім сізді. Егер ата-анасы қарсы болған жағдайда, қалаған адамына қосылып, ата-анасының қарғысына қалмаудың жолы ғой. Бір жағынан ата-анасының алдында балаларының да құқын ескерсек, түсініксіздеу болып кетеді. %)
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 24.Сентября.2009, 02:41 | Хабарлама # 10
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (adminchik)
Бір жағынан ата-анасының алдында балаларының да құқын ескерсек, түсініксіздеу болып кетеді.

Менің білетінім ата ана балам дейді, баласы үшін өмір сүреді. Егер баласы қалап тұрса, оның айтқанына көнеді ғой сол кісілер.
Бірақ сол бала ата ананың ақылын тыңдауды ұмытпауы керек екен...




adminchikУақыты: Жексенбі, 27.Сентября.2009, 14:48 | Хабарлама # 11
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Ата-анасының қателескенін түсініп тұрса да, солардың денсаулығы мен ел алдындағы абыройын ойлап, Аллаһ разылы үшін сүймеген біреумен отбасын құрудың өзі бір ерлік секілді. Ата-анамыз қателеспек түгілі, мүшрік болса да қарсы келмеу керек емес пе ия? Солай істеген жігіт пен қыздың әрекеттерін үлкен ерлік деп білемін. Ата-ана ырза болмай Аллаһтың ырзалығына ие болу мүмкін емес қой. Олай болса, Аллаһтың разылығы үшін махаббатты құрбан ету деген ғажап бір ерлік мұсылмандар үшін. Аллаһтың разылығын көздеген ер мен әйел әрқашан да бақытты болады деп сенемін!

Хатты жөндеген adminchik - Жексенбі, 27.Сентября.2009, 14:49
КамиУақыты: Бейсенбі, 01.Октября.2009, 18:35 | Хабарлама # 12
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 8
[ ]
Ажыратылған
Саламатсыздар ма, менің сауалым бұл тақырыпқа әрине қатысты емес, бірақ менің сұрағыма жауап береді деп үміттенемін. Ерлі-зайыптылар арасына ата-ененің араласуына болады ма? Мысалы, ененің келінінің кемшіліктерін келініне емес, баласына айтса, ол дұрыс па? Әйел адамның кемшіліктерін ері айтқан дұрыс қой, басқа адамдарға қарағанда. Әлде олай емес па?
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 01.Октября.2009, 18:50 | Хабарлама # 13
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (Ками)
Саламатсыздар ма, менің сауалым бұл тақырыпқа әрине қатысты емес, бірақ менің сұрағыма жауап береді деп үміттенемін. Ерлі-зайыптылар арасына ата-ененің араласуына болады ма? Мысалы, ененің келінінің кемшіліктерін келініне емес, баласына айтса, ол дұрыс па? Әйел адамның кемшіліктерін ері айтқан дұрыс қой, басқа адамдарға қарағанда. Әлде олай емес па?

Шариғатымызда әйел адам ерінің разылығы болмаса жәннатқа кіре алмайды, ал ер жігіт (үйленсін, үйленбесін) анасының разылығы болмайынша жәннатқа кіре алмайды. Демек енеңіздің разылығы сізгеде керек деген сөз.....

егер енеңіз кемшілігіңізді күйеуіңізге айтса ол сізді жақсы болсын, қатесі болса түзелсін дегені шығар. себебі өз заманында ол кісіде келін болған ғой.
ал егер енеңіз кемшілігіңізді басқа жұртқа айтса ренжуге орынды.
енеңіз анаңыз екендігін есіңізден шығрмағаныңыз жөн...




janbolatУақыты: Жұма, 02.Октября.2009, 12:48 | Хабарлама # 14
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған

http://kokzhiek.kz/index.p....temid=6


KZ
adminchikУақыты: Сенбі, 03.Октября.2009, 17:06 | Хабарлама # 15
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Егер қызды ата-анасы сүйген жігітінен шариғатта тиым етілмеген себептермен ажыратса (Бір-бірін Аллаһ разылығы үшін жақсы көріп, отбасылы болғысы келетіндерді) немесе Аллаһ жолында сүйгені бар қызды басқа жігітке жылатып, қинап қосқалы жатырса, қыздың ата-анасынан кетіп қалуына шариғат не дейді? Бұл жерде ата-анасының келтіріп отырған дәлелдері шариғат бойынша қолдайтындай іс болмаса.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Ата-ананың хақы.
  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды