Үйленіп үй болуыңа не кедергі??? - Страница 2 - Сұхбат
Сәрсенбі, 25.Қаңтар.2017, 03:23
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 2«12
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Үйленіп үй болуыңа не кедергі??? (Кімнің үйленуге шамасы келсе үйленсін...)
Үйленіп үй болуыңа не кедергі???
adminchikУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 03:33 | Хабарлама # 16
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
25 жасқа дейін үйленбей күтіп, 25 жаста үйленуді сүннет санау дұрыс па?
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 12:29 | Хабарлама # 17
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (adminchik)
25 жасқа дейін үйленбей күтіп, 25 жаста үйленуді сүннет санау дұрыс па?

анығын өзім білмедім, бірақ 25 жаста үйлену сүннет шығар....




Dinislam_KzУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 12:29 | Хабарлама # 18
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
ҮЙЛЕНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

аударып әзірлеген: Талғат Сматов

Аллаһ Тағала Құранда айтты: «Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңнан сүйіспеншілік пайда қылғандығы да, оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар». (Рум :21)

Аллаһ тағыда былай дейді: «Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды тұл ер әйелдерді) сондай –ақ қолдарыңдағы құл-күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да. Аллаһ оларды өз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса кеңшілік иесі толық білуші». (Нұр :32)

Бауырлар! Алладан қорқыңдар араларыңдағы ер бозбалалармен бойжеткен қыздардың проблемаларына қарайласыңдар да, оларға пайдалы дауасын іздеңдер және олардың жамандыққа, қауіптілікке баруларынан алдын ала алуға қол ұшын тигізіңдер.

Қазіргі таңда көптеген проблемалардың ішіндегі біреуі бозбалалардың үйленбеуі мен бойжеткен қыздардың күйеуге шықпауы. Себебі олардың айтысы бойынша:
1. Сабақтардан немесе болашаққа дайындалуға кедергі жасайды деуі.
2. Ерте үйлену (жігітке) көп жауапкершілік мойныма жүктеледі деуі. Яғни әйел балаларын асырау уайымы.
3. Үйленсек қиыншылық көбейеді дейді.
4. Жағдайдың жоқтығы т. б. Айтсақ сылтау себептер көп. Бірақ осы сылтауларды айтып жүріп уақытымызды бекер өткізіп алу — өкінішті іс.

Қазіргі уақытта бойжеткен қыздарымыз тимей жатып үйің бар ма? «Немесе қандай жұмыс істейсің?»-деп жігіттің жағдайына карап, ар жақ бер жағын тексереді. Үймен жұмыс жанұяның бақыттылығына кепіл болама? Ең бастысы бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілік емес пе? Әлде қолында байлығы бар лауазымды жандардың бәрі дерлік бақытты өмір сүріп жатыр ма? Жоқ олай емес! Бақыт байлықта емес. Егер байлықта бақыт болатын болса ең бірінші жанұя проблемаларын байлар шешіп алар еді.

Ал кейбірлері үйленгеннен кейін ата-енеммен бірге немесе ауылды жерде тұрмаймыз деп шарт қояды. Біз мұсылмандар қалайша осы сөзді айтуға аузымыз барады. Құранда қаншама аяттар мен хадистерге құлақ аспай, жастайымыздан асырап, біздің табанымызға батқан тікен шекемізге батсын деп жүрген әке-шешемізді қартайған шағында қалайша тастап кетпекпіз. Мұсылман қыздардың мұндай шарт қоюы—буынсыз жерге пышақ ұру болып табылады.

Өзі бір аяғы аспаннан салбырап түскендей тимей жатып, қашпаған қара сиырдың уызынан дәметіп, тағы біреулері жігітке барлық жағдайды жасауын шарт қояды.

Біз мұсылмандар ислам мүддесі үшін үйленуіміз керек емес пе? Бір біріміздің қолымыздағы дүние үшін емес? Қазағымда теңін тапса тегін бер деген сөз бар ғой!

Көбейіп, өсіп өркендеп, бұл тұрмыстың көшін алға қарай жылжыту үшін Аллаһ Тағала өз аятында былай дейді: « Сондай пәк Аллаһ барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын». (Ясин:36)

Әлбетте үйленгендер бойдақтарға айтуымыз керек: « Үйлену қаншама сауап істер және жақсылық істерге мұрындық болса, керісінше үйленбей салт бас бойдақ жүру көптеген қиыншылықтар мен қайғы қасіреттерге алып келеді.

Мен үйленсе адамда ешбір қиыншылық болмайды деп айтпаймын. Кейде қиыншылығы бұрынғыдан да арта түсуі мүмкін бірақ ондай уақыттарда сабыр етуіміз қажет.Үйленбей жүргеннен үйленудің пайдасы мол.

Ұятты жерлерді сақтаумен көзді бөгде қыз-келіншектерге қараудан тияды. Бұл сөзге Пайғамбарымыз С.А.У. былай деген:

«Ей бойдақтар араларыңдағы кімнің шамасы үйленуге жетсе, үйленіңдер. Шындығында ол көздеріңді тиып, ұятты жерлеріңді қорғайды. Ал кімнің шамасы жетпесе, ол ораза ұстасын». (Бұхари, Муслим).
Осы хадистегі ғалымдардың көзқарасын алайық:
а) Бұл хадисте жігіттік уақытты өте бір тағайындап айтып отыр. Өйткені жігіттік шақ адамның барлық жағынан сергек және мықты болатын уақыты. Сол үшін жігіт ерте уақытында шамасы жетсе үйлену керек.
ә) Пайғамбарымыз С.А.У. ерте үйленуге бұйырған мейлі ол жігіт болсын немесе қыз болсын. Шындығында олардың «аурат жерлерін сақтайды» өйткені ауратты сақтау адамның нәпсісіндегі ең қиыны.

Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. Ал енді кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар шектен шығушылар.(Муъминун: 5-6).

Хадистегі шындығында үйлену ұятты жерлеріңді қорғайды деу: сіздің үлкен қауіпке баруыңызды ол ұятты жер қаупінен сақтауына кепіл беретінін баяндайды және көзіңізді анда-мында харамға қараудан тосады. Демек біз осыдан нәтиже шығарамыз. Аллаһ Тағала бізге халал амалдарды атқарып, харам амалдардан тыйылуға көптеген мүмкіншіліктерді берген.

Үйлену негізінде адамға нәпсісі жағынан тыныштық пен рахаттанушылықты алып келеді. Бұған дәлел:
“Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да оның белгілерінен” деген аят (Рум:21).

Егерде бойдақ пен бойжеткен үйленсе, басындағы тыныштық бермей жүрген ойлары саябырсып, тынышталады және нәпсілері де толық бүтін өмір сүргендей бітеледі. Тағы бір ерте үйленудің пайдасы: Олардың ұрпақтары балалары ерте жетіліп, оларға қартайған шақтарында көз айым болады. Бұған Құранда былай деген.

«Олар Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл»-дейді. Әлбетте бұл аятта жігіттер мен қыздарды үйленуге қызықтырады. Өйткені бала деген өмірдің сәні.

Бұған Аллаһ Тағала былай дейді: «Мал мен балалар дүние тіршілігінің сәні». Негізінде адам дүниені қалай тапқысы келсе тура солай өзіндей сүйкімді бала болуды қалайды. Өйткені бала кішкентай кезінде тәтті болып, үлкейгенде әке-шешесіне қамқор болады емес пе? Бұл осы дүниедегі баланың пайдасы, ал ахиретте сөз жоқ пайдасы тағы да мол . Бұған Пайғамбарымыз С.А.У. былай деген:

«Егерде адам баласы өлсе оның 3 амалынан басқасы үзіледі.
1. Оның үйретіп кеткен білімі.
2. Тоқтамайтын садақасы немесе
3. салихалы баласы артынан ата-анасына дұға жасаса»- дейді. Демек баланың бұл дүниеде де ол дүниеде де пайдасы мол екен. Тағы бір үйленудің пайдасында балаларды үрім бұтақты көбейту, яғни исламдағы мұсылмандарды көбейту. Өйткені мұсылмандардың көбеюі ислам дініміздің ұраждануына көп септігін тигізеді. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз былай деген:
«Үйленіңдер қиямет күні үмметімнің көп болғанымен мақтанамын».

Бұл хадисте Пайғамбарымыздан біздерге бұйрық келіп тұр. Демек біздерге үйленуге шамамыз жетсе уәжіп екендігін байқатады. Ал енді кім өзінңің проблемаларын айтса мысалға сабақ оқи алмай қаламын, университетімді бітіре алмай қаламын десе онда ол өзін өзі алдағандай болғаны. Қайта кейде үйлену білім алуға көп үлесін қосып, көкірегін ашып ары қарай оқуға көмек береді. Өйткені білмей түсінбей тұрған мәселесін оған әйелі не күйеуі түсіндіруі мүмкін. Демек үйлену Алланың және оның елшісінің бұйрығы болғандықтан ол істе береке болатынына күмән жоқ.

Тағы айта кететін жағдай бұл бойдақтардың үйленуден бұрын баласын немесе әйелін қайтіп асыраймын деп қобалжуы.

Көбісі ойлайды әйел-бала-шағасына ризықты өзі әкелетіндей жоқ! Оларды жоқтан бар етіп жаратқан Аллаһ оларға ризықтарын тағдырына олар туылмай тұрып жазып қойған.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән».(Һуд:6).

«Сендерді де оларды біз ризықтандырамыз». (Әнъам:151).

Үйлену бозбала мен бойжеткен үркіп шошитын іс әрекет емес, керісінше Пайғамбарымыздың жақсылық пен береке алып келетін бір сүннет амалы. Ал енді кімде кім осы үйлену жолына небір қиыншылықтарды қойса, ол сол елдің өзінің қойған жағымсыз әдет ғұрпы мен салт дәстүрлері. Мысалға.: Қалың малдың өте көп бағаға баруы, тойды арақ-шарап және ақшамен шашу шашуы, т.б. жаман іс әрекеттер.

Адам баласы үшін әйелдер мен балалар сүйкімді көрсетілді. Бұған Аллаһ Тағаланың бұл аятын тілге тиек етіп өтсек болады. Онда былай деп келтіріледі: «Адам баласы үшін әйелдер мен балаларды қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Аллаһтың қасында».(Әли Ғимран:14).

Бұл аятта адамдар үшін дүниедегі ләззатты нәрселер әйелдер мен балалар екендігін меңзейді. Соның ішінде аятты әйелдермен бастауы олардың ең қатты бүлікке себепші болатынын көрсетеді.

Бұл турасында сахих хадисте Пайғамбарымыз: «Өзімнен кейін ер адамдарға әйелдерден зинкес бүлікшілерді қалдырмадым»-деген. Сондай-ақ үйленіп-көбеюге қызықтыру үшін келген хадистерде баршылық, мәселен: «Бұл үмметтердің ең жақсылары көп әйел алғандары»-десе, басқа бір хадисте бұл дүниедегі нәрселердің бәрі өткінші нәрсе, сол нәрселердің ең абзалы салихалы әйел»-дейді.

«Егер қарасаң сүйіндіріп, бұйрығыңа бойсұнып, өзің жоқ кезде нәпсісі мен малыңды сақтаған әйел ізгілерден саналады.

Үйленуден кейінгі жанұя бақыты
Отағасы жанұясының өзіне бағынуын қаласа, әрдайым табысының сөзсіз адал болуына мұқият қарауы қажет. Жұбайының діни білімінің кемшіліктерін көргенде селқостық танытып, «маған не» демей үйретіп және істетіп отыруы тиіс. Мысалы: Намаз оқуды білмейтін болса намаз оқуға жәрдемші болуы керек. Немқұрайлылық танытқанда жауапкер болады. Жағдай осылай болғанда Аллаһ Тағаладан медет келмейді де өз араларында сүйіспеншілік пен адалдық іске аспайды. Пайғамбарымыз С.А.У.адамның кең үйге және салихалы әйел мен жақсы көлікке ие болуына бақыттың белгісі болатынын ескерткен. Әйел ерін риза ету үшін қандай болса да қиыншылықтарға төзіп, ері де мойнына жүктелген міндеттерді атқаруға тиісті, яғни отбасында бақытты етемін деген үмітпен керексіз қарыздарға кірмеу керек. Бұл ысырап әрі қарыздар кесірінен көптеген күйзелістерге себеп болады. Тіпті шалқыған өмір сүру дерті жанұяны қайғылы оқиғаға әкеліп соғады. Бұған қарама-қарсы көптеген отбасылар бар олар мал-мүлкі, әрқандай мүмкіншіліктері бола тұра намаздарын оқиды, зекеттерін береді,оразаларын ұстайды. Әртүрлі ысыраптан өздерін аулақ ұстағандары үшін Аллаһ Тағаланың ризалығын алуда.

Тамақтарын да киімдерінде орташа болуды қалайды. Қайырлы істерде әрдайым алдыңғы қатарда тұрады. Аллаһ Тағала ризалығы жолында жүргендіктері үшін олардың бойынан, махаббат, мейірім, жылы жүзділік көрінеді.

Үйленген еркек үйіне күнделікті уақытында келуге тырысу керек. Жұмыс сылтау емес отбасын тастап кешкі уақыттарда футбол ойнайтындар бар. Бұның өзін сылтау деуге болмайды.
Дәл солай, әйелі де әдемі киімін киіп, әсіресе ері ұнататын иіс суларын себініп, келетін уақытында жылы жүзбен қарсы алуы тиіс. Хал –жағдайын сұрап, жақсы жағымды жаңалықтармен шаршағандығын басуға тырысу абзал. Өздерінің ең бақытты екендігін іс-қимыл мен де сөзбен де көрсеткені жөн. Әсіресе дастарханды әдемі етіп жайған жөн.




adminchikУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 13:03 | Хабарлама # 19
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Аллаһ разы болсын!
Соңғы жазу ойландырып қояды екен. Талай сылтаулардың астарын ашып жазған екен.
Бірақ әлі де болса әлгі 25 жаста үйлену мәселесін түсіне алмай отырмын. Егер хадистерге жүгінсек, жағдай болса үйлену керек ертерек. Мейлі ол жиырмажас болса да. Солай ма, бауырлар?


Хатты жөндеген adminchik - Жұма, 09.Қазан.2009, 13:06
HayrullaУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 13:21 | Хабарлама # 20
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (adminchik)
Егер хадистерге жүгінсек, жағдай болса үйлену керек ертерек. Мейлі ол жиырмажас болса да. Солай ма, бауырлар?

Солай болса керек.
25 жаста үйлену сүннет емес, бәлки шама келген бете үйлену сүннет! Парыз, уәжіб, сүннет амалдар пайғамбарлық қонып, уахидың келуімен ғана бекіген ғой. Ендеше Пайғамбарымыздың 40 жастан кейінгі амалдары мен өсиеттері ғана сүннет болатын шығар-ау шамасы!


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 13:28 | Хабарлама # 21
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Үйлену сүннет деп кесіп айтуға болмайды. Үйлену біреуге парыз, біреуге сүннет ал біреуге харам болады.
Егер бір кісі уйленуге қаражат тауып, өзі отбасы құратын хальге жетсе оған үйлену сүннет. Ал егер ол кісі зина іске бой ұрса оған парыз. Егер бір кісі үйленгенімен өз отбасының жауапкершілігін көтере алмаса немесе келешекте ажырасуды ниет етіп не басқалай күнә істі ниеттеніп үйленсе оған бұл іс харам болады. http://islam.com.kz/forum/23-29-1




medineУақыты: Жұма, 09.Қазан.2009, 16:15 | Хабарлама # 22
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 13
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
әйелі де әдемі киімін киіп, әсіресе ері ұнататын иіс суларын себініп, келетін уақытында жылы жүзбен қарсы алуы тиіс. Хал –жағдайын сұрап, жақсы жағымды жаңалықтармен шаршағандығын басуға тырысу абзал. Өздерінің ең бақытты екендігін іс-қимыл мен де сөзбен де көрсеткені жөн. Әсіресе дастарханды әдемі етіп жайған жөн.

туу шіркін-ай :) :) :)

Ер-азаматтар аман болсын!


1991
adminchikУақыты: Жұма, 22.Қаңтар.2010, 22:15 | Хабарлама # 23
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Мынадай таныстарым бар еді. Ері жұмыс бабымен отбасынан ұзақ қалада тынбайеңбек етуге мәжбүр болады. Үйінде әйелі (біреуінде балалары мен әйелі) қалады. Мүмкіншілік болған кездерде әлгі жігіт үйіне келіп тұрады. Осындай жағдайдың болатындығы некеге тұрардан алдын белгілі болса, олай неке қыюға рұқсат етіле ме?
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Үйленіп үй болуыңа не кедергі??? (Кімнің үйленуге шамасы келсе үйленсін...)
Страница 2 из 2«12
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды