Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:30
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Үйленіп үй болуыңа не кедергі??? (Кімнің үйленуге шамасы келсе үйленсін...)
Үйленіп үй болуыңа не кедергі???
AL_HanifiyaУақыты: Сәрсенбі, 19.Августа.2009, 13:31 | Хабарлама # 1
Тобы: Удаленные
[ ]
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух

Үйленуге шамасы келген адам үйленсін, Үйленуге шамасы жетпеген адам "ОРАЗА" ұстасын.

Қазақта Үйлену оңай, үй болу қиын деген терең мағыналы сөз бар, қазірге кезде үйленіп үй болуды ойламай, жаспыз әлі біраз жүріп қалайын деген сылтаумен қыз жігіттіріміз 25 - 30 жасқа дейін Отбасын құрмай сұр бойдақ атанып жүр, осының сыры неде? әлді заман ағымына сай Үйленіп Балашағаны қалай асыраймын, жағдайым келмейді деген сөздер көңілдеріне ақау түсіріп жүрме?! Осыншама жасақа дейін өзін ұстап нәпсісімен күресуге батылды бола алса жақсы... қай жастан үйлен абзал... кім қандай пікір айтады???

IslamNuryУақыты: Сәрсенбі, 19.Августа.2009, 13:44 | Хабарлама # 2
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Жеңгелер міндетін ұмытқалы қыздарымыз қартайып барады
Демограф ғалымдарымыз келтірген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2000 жылдан бері елімізде қыздар саны көбейіп келеді. Ондаған жылдар бойы жағдай осылай қалатын болса, халықтың болашағына нұқсан келері сөзсіз. Қазірдің өзінде әр саладағы аға буынды алмастыруға тиіс ұрпақ саны азая бастады.
«Егер бойжеткен қыздар дер кезінде күйеуге шықса, ұлтымыздың саны кем дегенде 1 миллионға көбейер еді», – дейді мамандар. Қазақстанда кәмелет жасынан асқан миллионның үстінде бойжеткен бар екен. Шаңырақ көтере алмай жүрген азаматтардың да саны осы шамада. Мұның себебін зерттеушілер халық тұрмысының төмендігінен көреді. Бұл – қате пікір. Өйткені отау көтермей жүргендердің дені – ауқатты, оқыған адамдар. Сонда қазіргі жастар үйленіп, үй болуына не кедергі? Баяғыда екі жастың арасында жеңгелері жүрген. Сондықтан да болар, қыздың оң жақта отырып қалуы сирек кездесетін. Қазақтың ақылына ісі сай жеңгелері күні кешеге дейін қазіргі уақыттағы күрделі әлеуметтік мәселені оп-оңай шешіп келді. Сөйтіп, демографиялық жағдайымыздың жақсаруына үлестерін қосты http://www.alashainasy.kz


Хатты жөндеген IslamNury - Сәрсенбі, 19.Августа.2009, 13:44
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 19.Августа.2009, 16:24 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
қазір көп қыз жігіттер бойдақ болып жүр, көбінің жасы отыздан аспаса төмен емес.
шынында да бұл жерде жеңгелердің атқарар ролі өте зор әрі маңызды.




HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 19.Августа.2009, 17:43 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
"Жеңгетай" деген сөз теріс мағынаға ауысып, қылмыстық хроникалардан ғана кездестіретін болдық қой.

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
adminchikУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 10:21 | Хабарлама # 5
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Жеңгетайлардан бөлек, үленгеннен кейін отбасысын асырау жағы да көп адамдар үшін маңызды. Жағдайы келмейтіндер созылып жүреді.
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 10:55 | Хабарлама # 6
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Меніңше тек тәуекел ғана жетпейтін тәрізді.
"Бас екеу болмай мал төртеу болмайды" дейтін бабалар мәтелі ризық-несібенің Алладан болатынын меңзеп тұрған жоқ па?
Аса құдіретті Аллаһ Құранда былай дейді: «Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды тұл ер әйелдерді) сондай –ақ қолдарыңдағы құл-күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да. Аллаһ оларды өз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса кеңшілік иесі толық білуші». (Нұр :32)

Заманның қиын қыстау кездерінде, Ұлы Отан соғысы тұсында да үйленіп отбасын құрған ғой аталарымыз.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Rahim_NurУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 11:25 | Хабарлама # 7
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Үйленуге кедергі болатын ештеңе жоқ, тек біздің ата-анамыздың діни сауаты мен діни танымы таяз. Кйбіріміздің әрине. Сондықтан олар тәуекел дегенді біле бермейді. Тәуекел кез келгеннің ермегі емес. Тәуекелге тек иманы кәміл адамдар ғана қол жеткізе алады. Мәселен, менің ата-анам үй жайыңды қамдап ал дейді. Үй жайымды қамдау үшін қанш жыл ақша жинауға кететінін ойласам, сұр бойдқ болып өтетін сияқтымын. Ал ата-анаңа қарсы шығып, үйленіп алайын десем, ренжітіп аламын ба деп қорқамын. Егер ата-ана баласын балағат жасына жеткенде үйлендірмей, ол баласы күнәға батса, әкенің мойнына жазыларын білсе ғой. Бәлкім, бізді үйлндіріп құтылуға асығар еді.

"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 11:39 | Хабарлама # 8
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (Rahim_Nur)
Тәуекел кез келгеннің ермегі емес.

Ибн Қаийм айтады: "Тәуекел әр нәрсеге байланысты, уәжіп , мустахап, тіпті мубах нәрселерге де. Адамдардың қажеттерінің көбейуіне байланысты, олар сол қажеттерін өтеу үшін Аллаһқа тәуекел етулері ауадай қажет".

«Егер бір іске бел байласаң, Аллаһқа тәуекел ет. Сөзсіз Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді». /Әли Имран, 2/159/.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 11:43 | Хабарлама # 9
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Көбісі ойлайды әйел-бала-шағасына ризықты өзі әкелетіндей жоқ! Оларды жоқтан бар етіп жаратқан Аллаһ оларға ризықтарын тағдырына олар туылмай тұрып жазып қойған.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән».(Һуд:6).

«Сендерді де оларды біз ризықтандырамыз». (Әнъам:151).


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
adminchikУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 12:49 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Бауырлар! Үйде отыра бер демеген болар Құранда. Ризықты беретін Аллаһ, оған талас жоқ. Бірақ тектен тек келе қояр ма екен сол ризық, егер ері әрекет етпесе.

Тәуекел деген иманы бар адамдардың арасында болады. Ондай тәуекелдер арты қайырлы болады деп ойлаймын. Ал жай пендешілікпен мұндай жауапты іске бас ұру -- қателік.

Хатты жөндеген adminchik - Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 12:50
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 12:56 | Хабарлама # 11
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бұл жердегі әңгіме иман келтіріп, сүннетпен амал етуші, дүние тіршілігі үшін әрекет қылушы жандар арасында болып жатыр!

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
HayrullaУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 13:21 | Хабарлама # 12
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні - біз, мұсылмандар Ислам мүддесі үшін үйленуге тиістіміз!

«Олар ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. Ал енді кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар шектен шығушылар.(Муъминун: 5-6).

«Үйленіңдер қиямет күні үмметімнің көп болғанымен мақтанамын». (Бухари)

«Ей бойдақтар! Араларыңдағы кімнің шамасы үйленуге жетсе, үйленіңдер. Шындығында ол көздеріңді тиып, ұятты жерлеріңді қорғайды. Ал кімнің шамасы жетпесе, ол ораза ұстасын». (Бұхари, Муслим).

«Бұл үмметтердің ең жақсылары көп әйел алғандары» (Муслим)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Rahim_NurУақыты: Сәрсенбі, 23.Сентября.2009, 19:02 | Хабарлама # 13
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
рас айтсыздар...
Үйлену керек!!!


"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
adminchikУақыты: Бейсенбі, 08.Октября.2009, 20:48 | Хабарлама # 14
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
қазір көп қыз жігіттер бойдақ болып жүр, көбінің жасы отыздан аспаса төмен емес.
шынында да бұл жерде жеңгелердің атқарар ролі өте зор әрі маңызды.

Сонда жігіттеріміздің ұялшақ болғаны ма? Әлде батылдық жетпей ме?
kainarilyassУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 01:43 | Хабарлама # 15
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 64
[ ]
Ажыратылған
Мен шынымды айтсам, үйленуге қорқамын. :( Ақшада табылар, аста табылар, бірақ отбасындағы береке табылар ма екен?

Что сталось бы с людьми, лишись они благоволения Аллаха! Давным-давно исчезли бы они с лица Земли! Али Апшерони
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Үйленіп үй болуыңа не кедергі??? (Кімнің үйленуге шамасы келсе үйленсін...)
  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды