Бейсенбі, 19.Қазан.2017, 03:58
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 5 из 5«12345
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Ақпан.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

nasihatУақыты: Жұма, 29.Қазан.2010, 15:54 | Хабарлама # 61
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек әйелімен кемінде неше уақытта бір қосылып тұруы тиіс?
Жауап: Себепті болса, яғни, сапарда яки жұмыс бабымен өзге елде жүрсе, т.с.с. жағдайлар, әйеліне 4-6 айда бір соғуы тиіс, ал жайшылықта төрт күнде бір, деген ғұламалардың пікірі бар.
nasihatУақыты: Жұма, 29.Қазан.2010, 15:54 | Хабарлама # 62
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Тырнақ, қолтық жүні т.б.с.с. нәрселерді алуға белгіленген уақыт аралығы бар ма?
Жауап: Жоқ, көрсетілген уақыт жоқ. Бірақ, бұл нәрселерді мұсылманның әр жұмада бір ретке келтіруі – мустахаб (ұнамды), ал оларды қырық күннен астам уақыт алмау мәкруһ (жағымсыз) амал болып табылады. Имам Мүслім Анастың (р.а.) былай дегенін риуаят етеді:
«Бізге мұртты қысқартуда, тырнақ алуда, қолтық жүнін жұлуда және кіндік асты жүндерін қыруда уақыт белгіленді. Оларды қырық күннен астам уақыт реттеусіз қалдырамыз ба?!»
nasihatУақыты: Бейсенбі, 04.Қараша.2010, 01:12 | Хабарлама # 63
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кіндік асты және қолтық жүндерін алуда химиялық жолмен алынған қоспаларды қолданса бола ма?
Жауап: Негізінде, сүннетте қолтық жүні жұлынады, ал кіндік асты жүндері қырылады деп көрсетілген. Бірақ, қиындық тудырса, қолтық жүнін қырудың яки әлгіндей қоспалардың кез-келгенімен бұл түктерден тазаланудың ешқандай сөкеттігі жоқ.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 04.Қараша.2010, 01:12 | Хабарлама # 64
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Мәжбүр болған жағдайда әуретті бөгде адамның көруіне жол беруге бола ма?
Жауап: Бұл жерде әңгіме мәжбүр болудың дәрежесіне барып тіреледі. Мысалы, гинекологқа көрінгісі келген әйелдің барған емханасында еркек дәрігер қызмет жасайтын болса яки ауысымдық кезекшілікте тұрса, ол сол еркек дәрігерге әуретін көрсетуге мәжбүр емес. Оның басқа емханаға баруына немесе әйел дәрігердің кезекшілігінде келуіне әбден болады. Ал енді, мәжбүр болатын жағдайлардың бірі ретінде перзентханада сәби күтіп жатқан әйелдің толғағы түн ішінде еркек дәрігердің ауысымдық кезекшілігіне тура келіп қалған жағдайды айтуымызға болатын шығар.
Әйтсе де, мәжбүр болған күнде де барлық ибалық шараларын қарастырып тек көрсетуге мәжбүр болған, ауырып тұрған орынды ғана көрсету лазым.
gulnur91Уақыты: Жұма, 15.Маусым.2012, 10:53 | Хабарлама # 65
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Сәлеметсіздер ме! менің сұрағым келіп тұрғаны мынау. Қыз бала байқаусызда жыныстық қатынасқа түсіп қыздығы алынып калса. Одан әрі ол қыз жыныстық қатынасқа түспесе. ол қыз жыныстық қатынасқа түсуді ансай ма? және ол ауруға шалдығуы мүмкін бе жыныстық қатынасқа түспесе?
ershin_92Уақыты: Жұма, 31.Тамыз.2012, 18:56 | Хабарлама # 66
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 2
[ ]
Ажыратылған
arb
asyljarУақыты: Бейсенбі, 01.Қараша.2012, 01:29 | Хабарлама # 67
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
сәлеметсіздерме! мени мазалайтын бир сурагым бар еди,,,, жубаиымнын интернеттеги уятсыз саиттарды коретини? видео, фото жаланаш кыздардын, неликтен куна менен бе алде маган деген кызыгушылыгы басылып калганба, мундаи жагдаида мен кандай арекет жасауым керек,
aripbaev_89Уақыты: Сенбі, 08.Желтоқсан.2012, 16:36 | Хабарлама # 68
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын». (Сноска: Хадисті Әбу Яғла, Анас ибн Мәликтен риуаят еткен) осы сөзді анығырақ түсіндіріп жібересіздерме отініш!

Добавлено (08.Желтоқсан.2012, 16:36)
---------------------------------------------
asyljar, 37

messiУақыты: Сейсенбі, 08.Қаңтар.2013, 16:42 | Хабарлама # 69
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Assalamuagaleikum! Мен екінші әйел алудың шарттарын және шариғат бойынша ережелерін білгім келеді.
eriali85Уақыты: Дүйсенбі, 04.Ақпан.2013, 22:29 | Хабарлама # 70
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 3
[ ]
Ажыратылған
сонда не халал харам жыныс қатынас та бола ма? жалпы менің ойымша көптеген әйелдер бүлінгендіктің белгісі ырбыйып тырбыйп лас сияқты көрінеді, немесе балалы болған әйелдер сондай, сонда не болғаннан ондай болады екен әйелдердің ішінде шайтиндер кіріп кетеді ма екен? asker

Добавлено (04.Ақпан.2013, 22:29)
---------------------------------------------

Цитата (nasihat)
Жауап: Еркектің шақуатының өте тез бөлініп кетуі кейде жыныстық аурулардың себебінен болуы мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс. Бірақ, негізінде шақуаттың бойдан жылдам кетуі жалпы еркектерге тән құбылыс. Және бұл төсек қатынасының ең өзекті мәселесі. Өйткені, кез-келген ерлі-зайыптының сол бір ләззатты сәттерін ұзарта түскілері келетіні хақ. Әсіресе, еркектің тез бойдан кетіп қалуы себепті әйел тоят таппай қалған жағдайда өзара салқындық, түсінбеушілік пайда болуы мүмкін.Әйтсе де, төсек қатынасы тәжірибесінде еркектің бойдан кету жылдамдығын тежеп, махаббат ләззатын соза түсу үшін қолданылатын бірнеше табиғи тәсілдер бар. Олар: төсек алды аймаласу кезінде еркектің жыныс мүшесінің көп ысқылануынан сақтануы, оның жыныстық қатынас барысында ойын басқа жаққа бұруы, жыныс мүшесінің әрекетін азайтуы және баяулатуы, керек болса, аракідік қатынасты үзіп тоқтата тұруы, әйелін әңгімеге тартуы, жыныс мүшесінің астын ысқылап істеуден қашқақтауы, сондай-ақ төсек қатынасы барысында жиі-жиі қалыпты ауыстыру да ләззатты сәтті соза түсуге мүмкіндік беретін нәтижелі тәсілдердің бірі.
жалпы негізі көп тәжірибеден соң пайда болатын шығар осы дұрыс шығар, жалпы негізі сипап жүрген пайдалы осы ау деймін. Сосын жалпы байқағаным, кішкентай бала кездерде қыздармен жыныс жерлеріне тақалсаң немесе ұстасаң денесінен тоқ өткендей болады, осы деген махабат да электр сияқты берілмей ма екен ондайда егер сондай болса қатынас кезінде ыстықты басу үшін су шашып тұрған яғни үйкелісті азайтатын аспап сияқты ылғалдандырып тұрған дұрыс шығар немен болса да, сосын кейбір жастар немесе жеке махабат жасындағы балдар тіпті ештеңе ойламайды, яғни ондай көп ойламайды эротиканы ал насихат болса көп айтады ма екен осы сен еуропалық жартылай метиска емессің ба екен, еуропалықтар сондай нәпсілігі жұға ма бірдеңе ғой.
zyasokУақыты: Сенбі, 18.Мамыр.2013, 16:30 | Хабарлама # 71
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Жыныстык жакындасу кезінде ерінді, тілді ауерет жерге тигізу харам ба? Солай бір-бірін коздыруга болады ма? uyalu
dauletzzzУақыты: Сәрсенбі, 19.Маусым.2013, 17:18 | Хабарлама # 72
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Еркектің қуатын арттыру жайлы білгім келеді? Қандай тағамдар немесе қандай пайдалы кеңестер бере аласыздар?
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 31.Шілде.2013, 16:09 | Хабарлама # 73
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Цитата (dauletzzz)
Еркектің қуатын арттыру жайлы білгім келеді? Қандай тағамдар немесе қандай пайдалы кеңестер бере аласыздар?

dauletzzz, қазіргі күні форумның белсенділігі төмендеп кеткен, сұрағыңызға жауап ала аласыз деп ойламаймын...




010101Уақыты: Сейсенбі, 01.Қазан.2013, 00:36 | Хабарлама # 74
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Ер адамдардың бір бірімен жыныстық қатынасқа баруы туралы бідгім келеді? және кейбір жігіттер айтады ондайға барғысы келмейді бірақ ішкі жан дүниесі соны калап турады дейді , одан калай кутылуга болады?

жеке колы
ЧеловекУақыты: Сейсенбі, 25.Ақпан.2014, 14:11 | Хабарлама # 75
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Ассалаумағаликум! Жыныстық қатынас кезінде Жыныс мүшесіне ауыз тигізетіндер бар осы күнәма?
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
Страница 5 из 5«12345
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды