Сәрсенбі, 14.Ноября.2018, 18:20
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 4 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

kainarilyassУақыты: Жексенбі, 08.Ноября.2009, 10:30 | Хабарлама # 46
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 64
[ ]
Ажыратылған
Quote (Maxat83)
«Жатын бөлме кітапшасы» қайдан алса болады?

Бұл кітаптың орысшасы бар


Что сталось бы с людьми, лишись они благоволения Аллаха! Давным-давно исчезли бы они с лица Земли! Али Апшерони
Allahtin_kuliУақыты: Жексенбі, 08.Ноября.2009, 19:54 | Хабарлама # 47
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 22
[ ]
Ажыратылған
BAR AL ALBANIDIN KITABI, CELYA KNIGA :))

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
"Мына екі сипат мұсылманның бойында болмайды: сараңдық пен жаман мінез."
(Тирмизи)
FORUM.AL-HANIRIYA.KZ, SALAF-FORUM.RU
kakenУақыты: Сейсенбі, 02.Марта.2010, 01:13 | Хабарлама # 48
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 2
[ ]
Ажыратылған
nekesiz tosek katinasinin jazasi kandai???
Madison_okasovУақыты: Сейсенбі, 02.Марта.2010, 10:59 | Хабарлама # 49
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 56
[ ]
Ажыратылған
Ибн Мағуд (Алла оған разы болсын) :"Пағамбарымыз (с.а.с.) :"Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және мен Аллаөтың елшісі екендігіме куәлік беруші мұсылманның мына үш жағдайдан басқа кезде,қанын төгуге рұқсат етілмейді :үйленген адам зина жасағанда,біреуді жазықсыз өлтіргенде және кімде кім өз дінінен қайтып,қоғамнан шыққан(кезде)",- деді", деген (әл бұхари,Муслим)
eger boidak zina jasasa onda sanin umitip turim dure sogadi al uilengen bola tura baskamen zina jasa sa on da tas boran boladi


Ашуланба жаннатта боласын
nasihatУақыты: Сейсенбі, 26.Октября.2010, 00:42 | Хабарлама # 50
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасына түсерде әйел сәнденудің қандай тәсілдерін қолданса болады?
Жауап: Ол үшін әйел әдемі киініп, алтын, күміс секілді сәндік бұйымдарын тағынып, шашын тарап ретке келтіріп, ауыз қуысын тазалап, бойынан жаман иістерді кетіруі қажет.

Добавлено (25.Қазан.2010, 20:33)
---------------------------------------------
Сұрақ: Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе бола ма?
Жауап: Әлбетте. Ерлі-зайыптылардың арасында мұндай нәрселердің бәріне жол беріледі. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені, Аллаһ Тағаланың Өзі жәннәттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. (Сноска: «Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)

Добавлено (25.Қазан.2010, 23:42)
---------------------------------------------
Сұрақ: Әйел кісіге қасын жұлуға бола ма?
Жауап: Жоқ. Шариғат бойынша қас, кірпікті жұлуға болмайды.

nasihatУақыты: Сейсенбі, 26.Октября.2010, 00:47 | Хабарлама # 51
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел кісіге балтырының яки білегінің жүндерін алуға рұқсат етіле ме?
Жауап: Иә. Әйел кісіге балтыр және білек түктерін ұстарамен болсын яки басқа химиялық жолмен әзірленген қоспалар арқылы болсын алуына рұқсат етіледі.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 26.Октября.2010, 00:49 | Хабарлама # 52
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел кісі сән үшін тырнағын өсірсе бола ма?
Жауап: Жоқ, шариғат бойынша тырнақ өсіру сәндену түріне жатпайды. Және, бұл тазалыққа да кереғар. Мұсылман әпке-қарындастарымыздың ондай батыс әйелдеріне еліктеулерге бойұруы дұрыс емес.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 26.Октября.2010, 14:45 | Хабарлама # 53
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Мұсылман әйелге тырнағын бояуға бола ма?
Жауап: Бұл оның тырнақты немен бояғанына қатысты. Егер тырнақ қазіргі косметикалық бояулармен (лактармен) боялса, онда ол, боялғаннан кейін алынған ғұсыл яки дәреттің дұрыс болуына кедергі жасайды. Өйткені, ғұсылда денеге түгелдей, ал дәретте бет және қолдың шынтағымен қоса барлық бөлігіне су тиюі парыз. Косметикалық лактар болса, тырнаққа су тигізбейді. Сондықтан, бұл мәселеде абай болған жөн.
Бірақ та, әйел кісіге тырнағын мүлдем бояуға болмайды деген тиым жоқ. Бұл мәселеде әпке-қарындастарымыз табиғи жолға жүгініп, тырнақтарына қына қойса болады. Өйткені, қына әлгіндегідей лактардың үкіміне кірмейді. Қына қойылған тырнақпен алынған дәрет те, ғұсыл да дұрыс боп табылады.
nasihatУақыты: Сәрсенбі, 27.Октября.2010, 16:14 | Хабарлама # 54
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кейбір әйелдер күйеуінің алдында түгелдей шешінуді арсыздық деп түсінеді. Бұған не айтуға болады?
Жауап: Бұл ибалылық емес, ұяңдық болып табылады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.
nasihatУақыты: Сәрсенбі, 27.Октября.2010, 16:15 | Хабарлама # 55
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Шариғат төсек қатынасында аймалаудың қандай түрлеріне рұқсат береді?
Жауап: Шариғат тиым салынған нәрсені – харам деп көрсетеді, ол тиым салмаған нәрселердің барлығы рұқсат етілген болып табылады. Төсек қатынасын көріктендіре түсетін іс-әрекеттер, ол: ерлі-зайыптылардың сүйісуі, еркектің әйелінің кеудесіне қол жүгіртуі, төсін аймалап сүюі, төс үрпін тілімен қытықтауы, сүюі, бір-бірінің жыныс мүшесін қолмен сипалаулары, әсіресе, әйел қынабының ішкі қабатындағы жоғарырақ орналасқан әтештің айдарына ұқсас шүртекейін қытықтау, бір-біріне сезім оятатын сөздер айтулары т.с.с.
nasihatУақыты: Сәрсенбі, 27.Октября.2010, 16:16 | Хабарлама # 56
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Quote (kaken)
nekesiz tosek katinasinin jazasi kandai???

шариғат бойынша харам етілген, егер бойдақ адам некесіз қосылса 80 дүре, үйленген адам болса 100 дүре соғылады.

nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Октября.2010, 16:08 | Хабарлама # 57
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасы барысында әйелдің төсін сүйіп аймалау кезінде әйелден сүт бөлініп, күйеуі оны жұтса, бұған қандай үкім беріледі?
Жауап: Онда тұрған ештеңе жоқ. Оған бола шүбәға берілудің қажеті жоқ. Бірақ, әйелінің сүтінің көп мөлшерде ішіне кетуінен еркектің сақтанғаны абзал.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Октября.2010, 16:08 | Хабарлама # 58
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?
Жауап: Дәл осы сұрақты имам Әбу Ханифадан, Аллаһ рахмет еткір, оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған. Сонда Имам Ағзам:
«Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», деп жауап берген (Сноска: «Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3 том, 144 бет).
nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Октября.2010, 16:14 | Хабарлама # 59
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Ерлі-зайыптыларға оңашада сезімдерін қытықтап, шақуаттарын қоздыру үшін эротикалық фильмдерді көруге бола ма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Бәлкім ол харам нәрселердің қатарына жатады. Өйткені, шариғат бөгде біреудің әуреті болып табылатын ұятты жерлеріне қараудан және ұятты іс-әрекеттерінен тамашалаудан қайтарған.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Октября.2010, 16:15 | Хабарлама # 60
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Күйеуім өте қызғаншақ, ал бұл маған ұнамайды. Ерлі-зайыптылардың арасында бір-біріне сенімділік болу керек емес пе?
Жауап: Рас, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сенуі, негізсіз күдіктенбеуі қажет. Бірақ, қызғаншақтық сенімсіздіктен пайда болмайды. Еркектің қызғануы дегеніміз, оның әйелін әйелдік ар-намысына, абыройына, қадір-қасиетіне дақ түсіріп, нұқсан келтіретін жағдайлардан сақтауы. Әйелінің жұқа, қысқа киімдер киіп жұрт алдында ашық-шашық жүруіне, бөгде еркектермен қалжыңдасып қылмыңдауына т.с.с. нәрселерге жол бермеу нағыз мақтауға тұрарлық қызғаныш. Мұсылманда бұл сезім, сөзсіз, болу керек. Имам Бұхари, Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мүмін (адам) қызғанады», деген.
Сондай-ақ, бірде белгілі сахаба Саъд ибн Убада (р.а.):
— Мен әйеліммен бірге бір (бөгде) еркекті көрсем, ол (еркекті) қылышпен шабар едім — дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға:
— Сендер Саъдтың қызғаншақтығына таңырқап отырсыңдар ма? Мен одан да қызғаншақпын — деген болатын.
Және де, Ибн Умар (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді:
«Үш (адам) жәннәтқа кірмейді: ата-анасына қарсы келген (бала), (әйелін) қызғанбайтын (еркек) және еркекшора (әйел)». (Сноска: Хадисті риуаят еткендер имам Насаи және Хаким)
Бірақ, қызғанбайтын еркек жәннәтқа кірмейді екен деп еркектердің әйелдерін себепсізден-себепсіз, жөні келсе де, келмесе де әрбір басқан ізін аңдып, болмашыдан күдіктеніп, болмашыға шұқыланып негізсіз қызғана берулері дұрыс емес. Мұндай қызғаныш ерлі-зайыптылардың арақатынасының бұзылуына алып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ ұнататын қызғаныш бар және Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш бар; Аллаһ ұнататын қызғаныш, ол – күдік болғанда қызғану, ал Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш – ешқандай күдіксіз қызғану», деген. (Сноска: Хадисті Жабир ибн Анбарадан Әбу Дәуід және Насаи риуаят еткен)
«Ей, иман келтіргендер! Көп күдікке берілуден сақтаныңдар. Расында, кейбір күдіктер күнә (болып табылады)». (Хужурат, 12)
Сондай-ақ, Әли (р.а.) әйелді қызғана беру жақсылыққа апармайтынын айтқан.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
  • Страница 4 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды