Сәрсенбі, 14.Ноября.2018, 18:19
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 3 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

nasihatУақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 02:03 | Хабарлама # 31
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кейде ұйқыда жатып түс көргенде еркектің бөгде әйелмен яки әйелдің бөгде еркекпен ойнап жатқаны кіріп бойынан кетіп қалу жағдайлары кездеседі. Тіпті, кей кездерде түсінде өзімен көргені жақын адамы болып оянғаннан кейін өз-өзінен қуыстану пайда болады. Мұны қалай түсінсек болады?
Жауап: Түстің мұндай түрі шайтаннан. Осы тақылеттес түс көрген адам оянғаннан кейін малғұн ібілістен, Аллаһ Тағаланың өзі үшін пана болуын сұрасын. Өйткені, пайғамбарлар өмірінде ешқашан мұндай түс көру кездеспеген, Аллаһ Тағала оларды шайтаннан қорғап қойған. Абдуллаһ ибн Аббас, Аллаһ әкесі екеуінен разы болғай, риуаят еткен хадисте: «Бірде-бір пайғамбар ешқашан (бұзық) түс көрмеген. Өйткені, (бұзық) түс көру – шайтаннан», делінген.
Десе де, мұндай түс көрген адам күнәһар болмайды, ұйқыдағы болған жағдайлардан адам баласы сұралмайды. Және, бұл оның өз еркінен тыс нәрсе. Сондықтан, осы тәріздес түс көрген бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыздың қуыстануына ешқандай орын жоқ.
Ал енді осындай түс нәтижесінде ұрық суының бөлініп кетуіне келер болсақ, ол балиғат жасына жеткен әрбір еркек пен әйел жыныстыда болатын құбылыс. Бұдан кейін оның ғұсыл құйынуы уәжіп. Бірақ, іш киімінде яки жыныс мүшесінде ұрық суының белгісі болмаса, онда ғұсыл алу қажет емес.
nasihatУақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 02:13 | Хабарлама # 32
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек әйелінің қолының көмегімен шақуатын бөлсе бола ма?
Жауап: Болады. Шариғатта әйелдің қолымен яки оның басқа да тиым салынбаған мүшесі арқылы шақуатты басуға рұқсат беріледі. Бұл тәсіл анонизмнің санатына кірмейді.
nasihatУақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 02:14 | Хабарлама # 33
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Түрлі тәсілдер арқылы бала пайда болудан сақтанса бола ма?
Жауап: Себепті болған жағдайда шариғат бұл нәрсеге рұқсат береді. Мұндай себептерге: еркектің бала-шағасы көп болып тағы бір бала болған жағдайда оған тиісінше көңіл бөліп, дұрыс тәрбиелей алмаймын деп қорқуы, әйелдің денсаулығының нашар, әлсіз болуы яки жылма-жыл көтеріп қоюы, немесе тұрмыстарының өте кедей болуы жатады.
Имам Бұхари және Мүслім, Жабирдің (р.а.) былай дегенін риуаят етеді:
«Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде Құран түсіп жатқан (уақытта) бала пайда болудан сақтанатынбыз».
Мүслімнің риуаятында:
«Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде бала пайда болудан сақтанатынбыз. Бұл (хабар) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жетті, (бірақ) ол бізді (бұл нәрседен) қайтармады», делінген.
Байхақи айтады:
«Бізде бұл нәрсеге Саъд ибн Әбу Уаққастың, Әбу Айюб әл-Ансаридың, Зәйд ибн Сәбиттің, Ибн Аббастың және басқа да сахабалардың, Аллаһ олардан разы болғай, рұқсат бергені туралы дерек бар».
Бірақ, біз мұсылман отағаларымызға Ислам діні ұрпақтың көп болғанын құптайтынын, Пайғамбар (с.а.с.) біздің көптігімізбен мақтанатынын ұмытпауын, себепсіз бұл дүниенің қызықтарының бірі баладан қашпауларын ескертеміз. Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Бала тапқыш, сүйіспеншілігі мол әйелге үйленіңдер, өйткені, мен Қиямет күні сендердің (басқа) үмметтерден көп болғандарыңмен мақтанамын», деген.
Maxat83Уақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 14:17 | Хабарлама # 34
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 22
[ ]
Ажыратылған
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы. - Мағынасын түсіндірсеңіз.
Және мен мына хадисті айтқым келеді "Әйелдеріне түйе сияқты мінбендер" (Кім риуаят еткенін білмеймін). Яғни әйледі бас алмай, оны дайындау қажет.
Жлпы көтерген тақырыбыңыз өте өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда байқауымша мұсылман әйелдері өздерін ерлерін қандырмайтын секілді, сол себептен ерлері харамға барып қояды. Көбіне мұсылман қыздар жыныстық қатынаста ұяңдық танытады, ал кез келген еркек өз тәбетін тойдырғысы келеді.

Тағы сұрайын деп едім- осы жазылғанын бәрін қай кітаптан алдыңыз?

arb


Максат

Хатты жөндеген Maxat83 - Жексенбі, 25.Октября.2009, 14:19
Maxat83Уақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 16:41 | Хабарлама # 35
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 22
[ ]
Ажыратылған
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы. - Толығымен түсіндірсеңіз!
Жалпы алғанда тақырып өте өзекті және қажет.
arb


Максат
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 16:45 | Хабарлама # 36
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (Maxat83)
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы. - Толығымен түсіндірсеңіз! Жалпы алғанда тақырып өте өзекті және қажет.

Ол кісі сайтта көрінбейді ғой, келгенде жауап берер...




Maxat83Уақыты: Жексенбі, 25.Октября.2009, 21:46 | Хабарлама # 37
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 22
[ ]
Ажыратылған
Ассалаумағалайкум бауырым! arb

«Жатын бөлме кітапшасы» қайдан алса болады?


Максат
nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:31 | Хабарлама # 38
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Quote (Maxat83)
«Жатын бөлме кітапшасы» қайдан алса болады?

Кітап болып шығып, шықпағандығынан хабарым жоқ. Бұл жоғарыда жазып кеткенімдей Қалаубек Қыдыралыұлының ізденіс, еңбектері.

nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:33 | Хабарлама # 39
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Quote (Maxat83)
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы. - Толығымен түсіндірсеңіз!

Жауап беретіндей білімім жоқ екендігін ескерткім келеді. Қалаубекті көргенде сұрайын.
Мен тек Қалаубектің жазғандарын осында жазып отырмын. Мұсылман бауырларға көмегі тисін деген оймен.
Менің түсінуімше, үстері жабық болғаны дұрыс деген мағына шығатын сияқты мұнда. Анығын Аллаһ біледі.

nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:34 | Хабарлама # 40
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Жасанды түсік түсіруге бола ма?
Жауап: Барлық ғұламалар ұрыққа жан біткеннен кейін оны алдырудың харамдығы жайында бірдей пікірге келген және ондай әрекетке бару қылмыс деп есептеген. Өйткені, ол тіршілік белгісін берген тірі жанға қарсы жасалынған қылмыс болып табылады. Ал ұрыққа жан біткенге дейінгі түсік түсіру туралы айтар болсақ, фиқһ ғалымдарының басым көпшілігі бұған қарсы пікір білдірген. Ибн Ражаб өзінің «Жамиъул улум уәл-хикәм» атты кітабында былай деп жазған:
«Кейбір фиқһ ғалымдары ұрыққа жан бітпеген болса, оны алдырып тастауға болады деген және оны алдын-ала сақтанумен (жыныстық қатынас барысында ұрықты жібермеу, қуыққап кию, таблеткалар қолдану және серіппе салдыру т.с.с.) теңестірген. Мұндай тұжырымды қате деп есептеу керек. Өйткені, ұрық бұл кезде қалыптасып үлгерген болады, ал алдын-ала сақтануда нәресте болуы мүмкін емес. Алдын-ала сақтану ұрықтың пайда болуына тек қана кедергі келтіреді, егер Аллаһ Тағала бала пайда болуын қаласа, оған алдын-ала сақтану кедергі жасай алмайды».
Ал имам Ғазали «Ихия улумуд-дин» аталатын еңбегінде жазады:
«Бұл (қолдан жасалған түсік) тірі жанға қарсы жасалған қылмыс. Ұрық жатырда түрлі сатыдан өтеді: бірінші – ұрық жатырға түседі және әйелден бөлініп шығатын сұйықпен араласады, бұдан кейін ол тіршілік белгісін қабылдауға дайындалады, ал ол процесті бұзу қылмыс болып табылады. Егер ұрық ұйыған қанға айналып үлгерген болса, онда бұл қылмыс одан да ауыр, жиренішті бола түседі, ал ұрыққа жан беріліп, ол бейнеленген болса, онда қылмыстың ауырлығы арта түседі, тірі ұрықты (яғни шарананы) түсік арқылы қолдан түсіру, бұл қылмыс жасаудағы азғындықтың ең жоғарғы шегі».
nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:34 | Хабарлама # 41
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Қынабымның құрғақ болуынан көбіне төсек қатынасына түскенімде қатты ауырсыну сезінемін. Бұған қандай амал бар?
Жауап: Сіз күйеуіңізбен төсек қатынасына түсерде оған асықпай өзіңізді дайындап, баптауын өтініңіз. Егер бұл нәрсе нәтиже бермесе, дәрігерге көрінгеніңіз абзал. Бұған еш уайымдаудың қажеті жоқ. Табиғи жолмен болмаса жасанды әдіске жүгініп, дәрігердің кеңесімен дәріханалардан түрлі майларды сатып ала аласыз.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:35 | Хабарлама # 42
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әлдебір шаруамен айналысып жатса яки қатты шаршаулы болса, күйеуі төсекке шақырған әйелге ерінің қалауын кері қағуға бола ма?
Жауап: Жоқ. Қандай тірлікпен айналысып жатса да бұлай ету дұрыс емес. Әйелде өзінің сүйікті жарынан алдын тұрар қандай шаруа болуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер ері әйелін қажеті үшін шақырса, тандырда болса да келсін», деген.
Сондай-ақ, имам Бұхари және Ахмад риуаят еткен хадисте Әбу Хурайра (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді:
«Егер күйеуі әйелін төсекке шақырып, әйелі келуден бас тартса және күйеуі ашуланып ұйықтаса, ол (әйелге) оянғанша періштелер лағнет айтады».
Ал егер әйел шаршаулы болса, ол күйеуінің құшағынан артық қандай демалыс таппақ?!
nasihatУақыты: Бейсенбі, 29.Октября.2009, 01:36 | Хабарлама # 43
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Көп нәпіл намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, зікір ету сияқты нәрселердің себебімен күйеуінің құқықтарын тиісінше сақтай алмайтын әйел дұрыстықта ма әлде қателесе ме?
Жауап: Әрине, бұл нәрселерге уақыт ажырата алған әйелді мол сауап күтіп тұр. Бірақ, Аллаһ Тағала парыз еткен ғибадаттардан тыс нәрселерде әйел ешқашан күйеуінің құқықтарына нұқсан келтірмеу керек. Тіпті, шариғатта әйелге күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза тұтуға болмайды.
nasihatУақыты: Жұма, 30.Октября.2009, 18:23 | Хабарлама # 44
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйеліммен күндіз қосылсам бола ма?
Жауап: Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат ойыны уақытпен және сан-мөлшермен санаспайды. Шариғат оларға, кейбір жағдайларды есептемегенде, кез-келген уақытта қалағандарынша төсек қатынасына түсуге рұқсат береді. Кейбір жағдайлар деп отырғанымыз; мысалы ерлі-зайыптылардың бірі яки екеуі бірдей ораза кездерінде таң атқаннан кештің батуына дейін жыныстық қатынас жасауларына болмайды, т.с.с. бірқатар ғибадат кездері.
nasihatУақыты: Жұма, 30.Октября.2009, 18:24 | Хабарлама # 45
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек қашан әйелімен жыныстық қатынас жасауды доғарып, оны төсегінде жалғыз тастап қоя алады?
Жауап: Ислам шариғатында бұл тәсіл бар. Оны ер кісі шариғат үкімдеріне қайшы келмейтін істерде өзіне бағынбаған әйелін жазалау үшін қолданады. Бірақ, бұл жаза әйелді жек көру және оның тарапынан жіберілген қателіктер, кемшіліктер себепті қолданылмайды. Бұлай ету әйелге жақсы мәміледе болуды міндеттейтін шариғат талабына қарсы келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
«Мүміндердің ішіндегі ең иманы толық, мінез-құлқы жақсысы – өз отбасына (әйеліне) жұмсағы» (Сноска: Термизи, Иман: 6; Ахмад: 6/47,99),-деген.
Демек, әйелдің құқықтарының бірі; оған күйеуінің жақсы мәміледе болуы. Ер адамның өз алдына жақсы болуы жеткіліксіз. Сонымен қатар оның өз әйеліне де қарым-қатынасы түзу болуы тиіс.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
  • Страница 3 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды