Сәрсенбі, 14.Ноября.2018, 18:18
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 2 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:04 | Хабарлама # 16
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасына ықылассыз еркектер бар. Оның себебі неде?
Жауап:
- Еркектерде төсек қатынасқа ықылассыздық кейде жыныстық аурулардың, әсіресе, суықтаудың себебінен болуы мүмкін. Бұл кезде оның дәрігергер-маманға қаралғаны дұрыс.
- Кейде ықылассыздық денсаулықтың әлсіздігінен пайда болады. Мұндай жағдайда еркек ас мәзірі ретінде ет, жұмыртқа, жаңғақ, әсел сияқты ақуызға бай, құнарлы тағам түрлерін пайдаланса нәтижесіз қалмайды.
- Кейбір адамдар табиғатынан төсек қатынасына суық болады. Мұндай салқынқанды еркекке сезімге құштар әйелдің көп көмегі тиеді.
- Психологиялық ауытқулардың нәтижесінде де төсек қатынасына ықылассыздық пайда болады. Психологиялық ауытқулар деп отырғанымыз: уайым-қайғы, ұрыс-керіс, мазасыздық, қорқыныш, жұмыссыздық, жетіспеушілік, алаңдаушылық т.с.с.
- Кейде ерлі-зайыптылардың бірін бірі ұнатпауы, бір-біріне көңілдері толмаулары да төсек қатынасына салқын қарауға алып келеді.
nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:09 | Хабарлама # 17
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек төсек қатынасына белсенділігін арттыру үшін жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді қолданса бола ма?
Жауап: Егер еркек өзінің табиғи күшімен әйелін төсекте қанағаттандыра алмай жатса, онда ол залалсыз, мейлінше табиғи жолмен алынған жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді қолданса болады. Және бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің кеңесімен қолдану тиіс. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, мұндай жағдайда еркек ас мәзірі ретінде ет, жұмыртқа, жаңғақ, әсел сияқты ақуызға бай, құнарлы тағам түрлерін пайдаланғаны дұрыс.
Жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерге қатысты тағы бір айта кетер нәрсе; кейбіреулер төсек қатынасында белсенділікті арттырады деп героин, кокаин, апиын сияқты есірткі заттарын қолданып жатады. Бұл есірткі түрлерінен сақ болыңыздар! Олар жыныстық қабілетті жоймаса, арттырмайды. Ал шариғат бойынша оларды пайдалану харам, есірткіге бойұрған адам күнәһар болып табылады.
nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:10 | Хабарлама # 18
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйелдердің төсек қатынасына салқындығы не себептен бой көрсетеді?
Жауап: Әйелдердің жыныстық ауаны еркектер сияқты қалыпты емес, ауыспалы түрде болады. Олардың психологиясына етеккір мерзімі, жүктілік, бала туу, босанғаннан кейін келетін шарана қаны, бала емізу, түсік тастау сияқты жағдайлар қатты әсер етеді. Сондықтан да әйелдер денсаулығына қатысты түрлі кезеңдерге байланысты төсек қатынасына бірде құштарлығы артса, бірде төмендеп, кей кездерде мүлдем қызығушылығы жоғалатын күйде болады. Бұл нәрсеге олардың күйеулерінің түсінушілікпен қарауы қажет.
nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:13 | Хабарлама # 19
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Quote (аннаЖ)
Алғашқы неке түнінде қыздың қалай әрекет еткені дұрыс?

Алғашқы қатарларда жалпы төсек қатынасы жайлы сөз етілген, сол кеңестер алғашқы және басқа түнгі қатынастарды қамтиды.

Quote (аннаЖ)
Неке түні беташар күнінде өтуі керек пе?

Анығын білмедім, шарт емес шығар сол түні..... егер нақты жауап тапсам осында жазуға тырысамын...

nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:13 | Хабарлама # 20
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасына тиым салатын етеккір дегеніміз не?
Жауап: Етеккір дені сау әйелден ай шамасы аралап жатырдан келіп тұратын қан. Ол бала тууға жарамды барлық әйелге тән құбылыс. Оның ең қысқа мерзімі үш күн, үш түн, ал ең ұзағы он күн. Кең қалыптасқан уақыт 3-5 немесе 3-7 күн аралығы. Кейде етек қаны уақытша тоқтап, бөлінбей қалуы немесе үзіліп-үзіліп арагідік бөлінуі де ықтимал. Егер қалыпты етеккір мерзімі аяқталмаса, бұл уақыт аралығы хайыз үкіміне кіреді. Он күннен асқан қан келуі етеккірге жатпайды, ол жай қанның үкіміне кіреді.
Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады. Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені, ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады. Аллаһ Тағала айтады:
«Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады». (Бақара: 222)
nasihatУақыты: Дүйсенбі, 12.Октября.2009, 02:15 | Хабарлама # 21
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Етеккірі тоқтаған әйел төсек қатынасына жарамды болу үшін не істеуі керек?
Жауап: Етеккір басталғаннан үш күннен кейінгі уақытта қан немесе қоймалжың сұйық сап тиылып, әйел қынабының ішкі қабаты толық ағарса, ол ғұсыл құйынып ғибадатына кіріседі. Осылай ол төсек қатынасына толыққанды жарамды болып табылады.
Етеккірі тоқтаған әйелге ғұсыл құйынбайынша жаныстық қатынас жасауға рұқсат етілмейді.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:15 | Хабарлама # 22
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Босанғаннан кейін келетін шарана қаны дегеніміз не?
Жауап: Ол бала туғаннан кейін келетін қан. Ең ұзақ мерзімі қырық күн, бірақ, кейбір әйелдер шарана қанынан өте қысқы мерзімде тазаруы да мүмкін. Мұнда да дәл етеккір сияқты қан немесе сұйықтық тиылып, қынаптың ішкі қабаты ағарса, ғұсыл құйынады және төсек қатынасына жарамды болады.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:15 | Хабарлама # 23
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Етеккір мерзімінен тыс әйелдің жыныс мүшесінен келетін қанның үкімі не?
Жауап: Бұл жай қан болып табылады. Кезекті етеккір мерзімі біткеннен кейін он бес күн өтпей жатып келген яки етеккір мерзіміндегі он күннен асып кеткен немесе шарана қаны уақытында қырық күннен асып кеткен қан жай қанға жатады. Мұндай жағдайдағы әйел ғибадаттарын орындайды, төсек қатынасына да жарамды. Әйел тек жыныс мүшесін қаннан тазалап, жуып тастаса жеткілікті.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:16 | Хабарлама # 24
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Етеккір яки шарана қаны кезінде еркек, жыныстық қатынассыз, әйелінің тәнінен пайдаланса бола ма?
Жауап: Иә, әйелдің жыныс мүшесі мен артқы тесігінен сақтана отырып оның тәнінің кез-келген бөлігін пайдалануына болады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«(Етеккір кезінде) жыныстық қатынастан басқаның бәрін істеңдер», деген.
Бірақ, ғұламалардың арасындағы пікір қайшылығына байланысты екі тізе мен кіндіктің арасына қатысты сақ болған абзал.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:16 | Хабарлама # 25
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Етеккір кезінде яки босанғаннан кейін келетін қаннан тазармай тұрып әйелімен жыныстық қатынас жасап қойған ер кісі күнәсін жуу үшін не істейді?
Жауап: Ғұламалардың барлығы мұндай кездерде әйелімен төсек қатынасына түскен ер кісінің ауыр күнәға бататыны жөнінде бірдей пікірге келген. Және бұл нәрсеге әйел өз ырқымен келіссе, күнәға ол да серік болады. Күнәнің бұл түрін жасаған мұсылманға шынайы тәубеге келу қажет. Бұған қосымша жағдайы көтерген сомада садақа шығарса, бұл оның күнәсінің жуылуына септігін тигізеді
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:18 | Хабарлама # 26
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел етеккір яки босанғаннан кейін келетін шарана қаны кездерінде күйеуінің төсегінен безініп, оған жақындаудан қашқақтаса бола ма?
Жауап: Жоқ, күйеуінің келісімінсіз бұлай ету дұрыс емес. Өйткені, күйеуі мұндай жағдайда әйелінің қынабы мен артқы тесігінен басқа кез-келген дене мүшесінен пайдалана алады. Ерін бұл құқығынан қайтару әйелді күнәһарлыққа алып келеді.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 13.Октября.2009, 19:19 | Хабарлама # 27
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркекке әйелімен оның жүкті кезінде жыныстық қатынас жасауға рұқсат етіле ме?
Жауап: Жүкті әйелмен ол босанғанға дейін төсек қатынасында болуға рұқсат етіледі. Бірақ, еркек бұл жағдайда, әсіресе, жүктіліктің соңғы айларында әйелін қинап қоюдан яки балаға зиян келтіруден аса абай болуы керек. Мұндайда еркек шақуат талабын әйеліне ыңғайлы қалыпта, көп созбай, салмақ салмай қанағаттандырғаны дұрыс.
nasihatУақыты: Жексенбі, 18.Октября.2009, 15:47 | Хабарлама # 28
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасында әйелдің артқы тесігінен істеудің үкімі не?
Жауап: Бұлай ету кесімді түрде харам болып табылады. Ол туралы көптеген хадистер келген. Мәселен, Ибн Мәжә мен Насаи, Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Аллаһ Қиямет күні әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркекке назар салмайды».
Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (с.а.с.) тағы бір сөзінде:
«Әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркек лағнетке ұшыраған», дейді.
Шариғат кез-келген нәрсеге бостан-босқа тиым салмайды. Бүгінде азғындықтың шегіне шығып отырған қоғамымызда осы артқы тесіктен жыныстық қанынасқа түсу көтеншік, тік ішектің ұстамай қалуы сияқты көптеген аурулардың себебі болып отыр.
Мұндай тәсіл арқылы жасалған төсек қатынасы ыпылас, тазалыққа жатпайды. Ал, «Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады». (Бақара: 222)
Тіпті, ғұламалар: «Еркектің жыныс мүшесі зәрмен ластанған болса, оны сумен жуып тазаламай әйелімен қосылуына болмайды. Сол сияқты әйелдің де жыныс мүшесі зәрмен былғанса, оны сумен жуып тазартпай күйеуімен қосылуына рұқсат етілмейді», деген.
nasihatУақыты: Жексенбі, 18.Октября.2009, 15:48 | Хабарлама # 29
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек әйелінің артқы ішегінен жыныстық қатынас жасап қойса, оған әйелі харам болып қалмай ма?
Жауап: Мұндай әрекетке барған еркек пен оған ыңғай берген әйел күнәһар болып табылады. Бірақ, бұл нәрсе олардың жұбайлық қатынастарын бұзбайды. Олар күнәлары үшін тәубе қылып, мұндай нәрсені қайталамаулары керек.
nasihatУақыты: Жексенбі, 18.Октября.2009, 15:49 | Хабарлама # 30
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Шариғатта анонизмге немесе мастурбацияға рұқсат беріле ме?
Жауап: Алдымен, оқырманға бұл нәрселердің не екенін түсіндіре кетейік. Еркектің әйелдің қатысуынсыз өз бетінше, саналы түрде, яғни ұйқы кезеңінен яки шақуатына ие бола алмай қалу жағдайынан тыс, қолының көмегімен, болмаса басқа да тәсілдер арқылы спермасын бөлуі ғылыми тілде анонизм деп аталады. Дәл сондай мастурбация да әйелдің жоғарыдағыдай тәсілдермен қанағат алуы. Бұл нәрселер әдетке айналса, психологиялық ауруға жатады. Енді оның үкіміне келсек, мұндай әдет ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша харам болып табылады. Кейбір ғұламалар «Екі зарардың жеңілірегін таңдау» қағидасына сүйене отырып зина жасау қаупі туғанда бір реттік мұндай әрекетке баруға болады деген пікір білдірген. Бірақ, бір рет мұндай әрекетке барған адам оны қайталай бергісі келеді. Сөйтіп, ол әдетке, ақырында ауруға айналып, ұрықсыздыққа, белсіздікке, әйел затына қызықпаушылыққа, жыныс мүшесінен қан кетуге апарып соқтыруы мүмкін.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
  • Страница 2 из 5
  • «
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды