Сәрсенбі, 14.Ноября.2018, 18:17
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 5
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

nasihatУақыты: Сейсенбі, 22.Сентября.2009, 12:00 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе бола ма?
Жауап: Әлбетте. Ерлі-зайыптылардың арасында мұндай нәрселердің бәріне жол беріледі. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені, Аллаһ Тағаланың Өзі жәннәттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. (Сноска: «Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)
nasihatУақыты: Сейсенбі, 22.Сентября.2009, 12:00 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел кісіге қасын жұлуға бола ма?
Жауап: Жоқ. Шариғат бойынша қас, кірпікті жұлуға болмайды.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 22.Сентября.2009, 12:01 | Хабарлама # 4
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел кісіге балтырының яки білегінің жүндерін алуға рұқсат етіле ме?
Жауап: Иә. Әйел кісіге балтыр және білек түктерін ұстарамен болсын яки басқа химиялық жолмен әзірленген қоспалар арқылы болсын алуына рұқсат етіледі.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 22.Сентября.2009, 12:02 | Хабарлама # 5
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Әйел кісі сән үшін тырнағын өсірсе бола ма?
Жауап: Жоқ, шариғат бойынша тырнақ өсіру сәндену түріне жатпайды. Және, бұл тазалыққа да кереғар. Мұсылман әпке-қарындастарымыздың ондай батыс әйелдеріне еліктеулерге бойұруы дұрыс емес.
nasihatУақыты: Сейсенбі, 22.Сентября.2009, 12:11 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Мұсылман әйелге тырнағын бояуға бола ма?
Жауап: Бұл оның тырнақты немен бояғанына қатысты. Егер тырнақ қазіргі косметикалық бояулармен (лактармен) боялса, онда ол, боялғаннан кейін алынған ғұсыл яки дәреттің дұрыс болуына кедергі жасайды. Өйткені, ғұсылда денеге түгелдей, ал дәретте бет және қолдың шынтағымен қоса барлық бөлігіне су тиюі парыз. Косметикалық лактар болса, тырнаққа су тигізбейді. Сондықтан, бұл мәселеде абай болған жөн.
Бірақ та, әйел кісіге тырнағын мүлдем бояуға болмайды деген тиым жоқ. Бұл мәселеде әпке-қарындастарымыз табиғи жолға жүгініп, тырнақтарына қына қойса болады. Өйткені, қына әлгіндегідей лактардың үкіміне кірмейді. Қына қойылған тырнақпен алынған дәрет те, ғұсыл да дұрыс боп табылады.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:06 | Хабарлама # 7
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кейбір әйелдер күйеуінің алдында түгелдей шешінуді арсыздық деп түсінеді. Бұған не айтуға болады?
Жауап: Бұл ибалылық емес, ұяңдық болып табылады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:06 | Хабарлама # 8
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Шариғат төсек қатынасында аймалаудың қандай түрлеріне рұқсат береді?
Жауап: Шариғат тиым салынған нәрсені – харам деп көрсетеді, ол тиым салмаған нәрселердің барлығы рұқсат етілген болып табылады. Төсек қатынасын көріктендіре түсетін іс-әрекеттер, ол: ерлі-зайыптылардың сүйісуі, еркектің әйелінің кеудесіне қол жүгіртуі, төсін аймалап сүюі, төс үрпін тілімен қытықтауы, сүюі, бір-бірінің жыныс мүшесін қолмен сипалаулары, әсіресе, әйел қынабының ішкі қабатындағы жоғарырақ орналасқан әтештің айдарына ұқсас шүртекейін қытықтау, бір-біріне сезім оятатын сөздер айтулары т.с.с.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:07 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасы барысында әйелдің төсін сүйіп аймалау кезінде әйелден сүт бөлініп, күйеуі оны жұтса, бұған қандай үкім беріледі?
Жауап: Онда тұрған ештеңе жоқ. Оған бола шүбәға берілудің қажеті жоқ. Бірақ, әйелінің сүтінің көп мөлшерде ішіне кетуінен еркектің сақтанғаны абзал.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:07 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?
Жауап: Дәл осы сұрақты имам Әбу Ханифадан, Аллаһ рахмет еткір, оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған. Сонда Имам Ағзам:
«Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», деп жауап берген (Сноска: «Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3 том, 144 бет).
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:07 | Хабарлама # 11
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасының қандай әдептері бар?
Жауап: Ғұламаларымыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Төменде солардың маңыздыларын ғана келтіруді жөн көрдік.
1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».
2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.
3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын». (Сноска: Хадисті Әбу Яғла, Анас ибн Мәликтен риуаят еткен)
4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:08 | Хабарлама # 12
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кейбір еркектер немесе әйелдер төсек қатынастарында болған жайттарды өзгелерге әңгімелеп жатады. Бұл әдепке қайшы келе ме?
Жауап: Әрине, бұл дінге де, әдепке де, ар-ұятқа да мақұл келмейді. Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы барысында араларында болған құпия жайттарды себепсіз әлдебіреуге әңгімелеуі яки жұртқа жаюы шариғат бойынша харам болып табылады. Әбу Саъид (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді:
«Қиямет күні Аллаһтың алдында дәрежесі ең төмен болатын адам – әйелмен жыныстық қатынасқа түсіп, сосын оның сырын жаятын еркек». (Сноска: Хадисті риуаят еткен Мүслім, Ахмад және басқалар)
Сондай-ақ, имам Ахмад және Әбу Дауд риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұндай бір-бірінің төсектегі қылықтарын жаятын ерлі-зайыптыларды шайтанға теңеген. Алайда бір сұрақ туындағанда яки дәрігердің кеңесін алу қажет болғанда әңгімелеуге мәжбүр болса, онда бұл жағдай себепті болып табылады.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:16 | Хабарлама # 13
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кейбір елдерде жаңа түскен келіннің пәктігін дәлелдеу үшін қыздық белгінің қаны тиген ақ жайманы жұртқа көрсету салты бар. Осы дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Бұл екі жастың құпиясы болып қалу керек. Алғашқы түннің ақ жаймасын дүйім жұрттың тамашалауы дінге де, адамдық ар-ұятқа да сыймайтын нәрсе. Кейде бұл нәрсені жігіттің тек жеңгелері ғана тексеріп жатады. Шынтуайтында мұның да қажеті жоқ. Өйткені, қыздық белгі жіңішке, майда қан тамырларынан тұрады. Алғашқы түнгі төсек қатынасы нәтижелі болғанда ғана ол қан тамырлары үзіліп жаймаға қан дағы түседі. Тіпті қынабы кең қыз балаларда мүлдем қанау процесі болмауы да кәдік. Осындай жағдайда жеңгелердің араласуы ел ішінде өсек тарап бейкүнә келіннің жүрегін жаралауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Демек, пәктік белгі екі жастың құпиясы болып қалу керек. Егер әлгіндегідей қан көрінбеу жағдайы кездескен жағдайда жігіт өзінің жарының адалдығына көз жеткізгісі келсе, дәрігердің көмегіне жүгінсін.
nasihatУақыты: Жұма, 09.Октября.2009, 12:19 | Хабарлама # 14
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасын түрлі қалыпта (шалқалап, етбеттеп, жантайып т.с.с.) жасауға рұқсат етіле ме?
Жауап: Бұл мәселе сахабалардың кезінде де көтерілген болатын. Өйткені, Мединелік ансарлар Исламнан алдын әйелдерімен жантайған қалыпта ғана төсек қатынасына түсетін. Ал құрайыштықтар төсек қатынасынан түрлі қалыпта алды қарап та, арт қарап та, шалқалап та ләззат алушы еді. Бірақ, олар әйелдің артқы тесігінен істемейтін. Меккелік мұсылмандар Мединеге қоныс аударып келген соң олар жергілікті әйелдерге үйленді. Осы некелердің нәтижесінде кейбір мұсылман отбасында төсек қатынасындағы келіспеушілік пайда болды. Меккеліктер жыныстық қатынасты өздеріне үйреншікті қалыпта жүргізгісі келетін, ал Мединелік әйелдер бұған қарсы болды. Сол кезде Аллаһ Тағаладан:
«Әйелдерің сендердің егіс алқаптарың; ендеше алқаптарыңа қалаған тұстарыңнан келіңдер» (Бақара, 223), деген аят түсті.
Демек, мұсылман әйелімен қалаған қалпында жыныстық қатынасқа түсе алады, тек артқы тесіктен сақтанса болғаны. Бұл төсек қатынасының өнері тақуалық пен ар-ұятқа ешқандай кереғар келмейді.
nasihatУақыты: Сенбі, 10.Октября.2009, 23:35 | Хабарлама # 15
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Төсек қатынасына барысында еркек бойынан тез кетіп қалып, әйел қанағаттанбай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған қарсы қандай тәсіл қолданса болады?
Жауап: Еркектің шақуатының өте тез бөлініп кетуі кейде жыныстық аурулардың себебінен болуы мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс. Бірақ, негізінде шақуаттың бойдан жылдам кетуі жалпы еркектерге тән құбылыс. Және бұл төсек қатынасының ең өзекті мәселесі. Өйткені, кез-келген ерлі-зайыптының сол бір ләззатты сәттерін ұзарта түскілері келетіні хақ. Әсіресе, еркектің тез бойдан кетіп қалуы себепті әйел тоят таппай қалған жағдайда өзара салқындық, түсінбеушілік пайда болуы мүмкін.
Әйтсе де, төсек қатынасы тәжірибесінде еркектің бойдан кету жылдамдығын тежеп, махаббат ләззатын соза түсу үшін қолданылатын бірнеше табиғи тәсілдер бар. Олар: төсек алды аймаласу кезінде еркектің жыныс мүшесінің көп ысқылануынан сақтануы, оның жыныстық қатынас барысында ойын басқа жаққа бұруы, жыныс мүшесінің әрекетін азайтуы және баяулатуы, керек болса, аракідік қатынасты үзіп тоқтата тұруы, әйелін әңгімеге тартуы, жыныс мүшесінің астын ысқылап істеуден қашқақтауы, сондай-ақ төсек қатынасы барысында жиі-жиі қалыпты ауыстыру да ләззатты сәтті соза түсуге мүмкіндік беретін нәтижелі тәсілдердің бірі.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
  • Страница 1 из 5
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды