Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:21
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 1
  • 1
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Келіндерге насихат......
Келіндерге насихат......
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:30 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Келіндерге, келін болушы қарындастарымызға насихат.....



Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:32 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Бұл дәріс беруші бір діни хикая. Ақылды қыздар мен келіндер үшін ғибратты бір оқиға.

Оқиға бір дәулетті адамның қызы турасында. Оның әкесі тайпа бастығы. Тайпадағы барлық адамдар оның әміріне бағынады. Ол атақты, бастық адамның қызы, ал анасы болса өте ақылды, өмірді жақсы түсінген ислам анасы еді. Жалпы оларда, байлық, атақ, абырой бәрі болды.

Құрметті ана, әпке, қарындастарымыз!!
Сіз мұнда қызына анасы тарапынан берілетін он үгіттің хикаясын оқисыз. Жазу бізден, оқып ғибрат, дәріс алу сізден, халыққа әсер ету Хақтан яғни Аллаһ Тағаладан. Дегенмен сіздің әрі біздің де ниетіміз болу керек қой.
Риуаятқа қарағанда, Харистің қызы Асма келін болып күйеуінің үйіне кететін күні анасы Умама оған мынандай насихат берген:

Балапаным, сүйікті қызым, мені жақсылап тыңда. Насихат әркімге лазым, үгіт бәріне зәру. Насихат – білмегенге үйретеді, білгеннің есіне салады. Дін насихатпен аяқта тік тұрады, амалға асырылады. Насихат тыңдағандар дінді өте жақсы үйренеді. Насихат тыңдап жүргендер егер амалға асыратын болса дүниеде бақытты болады.

Сүйікті қызым! Егер бір қыз ата – анасының кембағалдығы үшін ғана күйеуге берілетін болса, онда сен ешқашан ұзатылмас, едің. Себебі әкең өте бай, атақ, абырой иесі. Сен сондай бір адамның қызысың!…

Бірақ өмір басқаша. Біздерді жаратқан Аллаһ біз үшін өмір заңдарын берген. Әрбір жастағы адам, Аллаһ Тағала берген заңның аясында өмірін өткізеді. Аллаһ Тағала берген заңға қарап, өмірге қадам қояр уақыт келгенде, әрбір қыз бір жігітке, әрбір жігіт әйел үшін жаратылғандығы белгілі болады. Және бір әйел басқа бір ер кісіге мұқтаж болады. Еркектер де әйелдермен достасып махаббат құруға өте мұқтаж. Бұл Аллаһ Тағаланың заңы. Бұл заңды ешкім бұза алмайды, бұл қиямет – қайымға дейін жалғаса береді. Сол себепті қызым, туылып өсіп, бой жеткен үйіңнен жадырап күліп, кіндік қаның тамған жерді тастап өзің білмейтін бейтаныс үйге барасың.

Ей, менің бауыр етім, сүйікті қызым, көзімнің нұры, балажаным! Саған бұларды айтамын. Сен күйеуіңе сондай қызмет қыл, ол да саған қызмет қылсын! Сен оған жер бол, ол саған аспан болсын! Сен күйеуіңе бір үй бол, ол саған тіреу болсын!.

Сүйікті қызым. Енді сен мені көңіл бөліп тыңда! Саған кейбір оқиғаларды айтып өтейін. Оларды еш жадыңнан шығарма, оларды уақыты келгенде пайдаланарсың. Бұл айтқандарыма амал қылсаң, күйеуіңмен жақсы өмір кешіресің, бақытты да көңілді тұрмыс көресің. Біздер де екі жақ жанұялары тату - тәтті өмір сүреміз. Егер бұларға амал қылмасаң, екі жақта да (яғни құда-құдағилар арасы) ауызбіршілігіміз болмайды. Сен өзіңді бір жаһаннамда жүргендей сезінесің.

Қызым! Енді саған айтатын он үгітіме құлақ сал! Бұларды әрдайым жадыңда тұт:
1. Қанағат егесі бол. Өз халіңе шүкір қыл. Күйеуің не нәрсе алып келсе де, ол жейтін немесе киетін нәрсе болсын, кішіпейілділік көрсет. Бақытты өмір кешірудің өзі, өз халіне шүкір қылумен келеді. Өз халіне шүкір етпеген, өз нәпсісін тимаған кісіде көңіл рахаты болмайды.

2. Күйеуіңе әрдайым мойынұсын. Істе деген істерін істе, істеме деген істерін істеме!! Яғни күйеуіңмен сұхбаттасқанда оның сөздерін әдеппен тыңда, сенің сөйлесіп құлақ салғаныңнан түсініп алатын болсын. Сонда ғана Аллаһ Тағала сенің бұл қылығыңа қуанады.

3. Күйеуіңнің көзі түсетін жерлерге жақсылап көңіл бөл. Және үйіңнің іші сыртын неғұрлым таза ұста. Әр дайым сондай болсын, жұбайыңның көзіне жаман, лас жер көрінбесін.

4. Үсті басыңды таза ұста. Күйеуің әр дайым әдемі иіс қана сезсін, мұрнына жаман иіс бармасын. Себебі жаман иіс сенің абыройыңды түсіреді. Сенен жиіркенуіне себеп болады. Соны жақсы біліп ал, тазалық ең жақсы нәрселерден. Күйеуіңнің сені жақсы көруіне де осылар дәнекер болады.

5. Тағамды уақытылы дайында. Яғни тамақтанатын уақытын ешқашан кешіктірме. Күйеуің келісіменен дереу дастархан жай, себебі, аш адамның ашуы тез келеді.

6. Ұйықтайтын және оянатын уақытын біліп ал! Төсегін де уақытылы дайында. Ұйқсыздық та адамның қапа болуына апарады әрі саған деген махаббаты біртіндеп сөнеді.

7. Қожайыныңның мал - дүниесі сенің мал-мүлкің оны ысырап етпей қадіріне жете біл.

8. Күйеуіңнің туған – туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Оларды құрметтегенің, күйеуіңді құрметтегенмен бірдей.

9. Күйеуіңнің сырын басқаларға әсіресе ата-анаңа, туыстарыңа айтпа! Себебі олар күйеуіңнің кейбір мінездерін теріс түсініп қалуы мүмкін. Ал шайтан болса осындай уақыттарды іздеп жүреді. Лажы болса сендерді ажыратуға тырысады. Ал сен болсаң оған жол берме. Сонымен бірге кейбір сырларын сезген уақытыңда да оны сақтай біл. Өзгелерге айтып жүрме. Егер айтып қойсаң, оның ашуын келтіресің және өзіңе деген сенімін жоғалтасың, бұның ақыры жаңа құрған отауыңның күйреуіне апарып соқтырады.

10. Күйеуіңнің дінге қарсы келмейтін барлық бұйрықтарын орында. Ешқашан оған мойынұсынбайтындай теріс қылық көрсетпе. Егер булай етпесең, ол саған кек сақтап, ақыры дұшпаныңа айналады. Сосын сен көп зиян шегесің, қолыңнан ешнәрсе келмейді.

Сонымен бірге, күйеуің ашуланғанда сен қуанудан, ол қуанғанда сен тұнжыраудан өте қатты сақтан. Бұл нәрселер ортаға бір кесір алып келеді. Әрі бұл нәрсе тәрбие көрмеген ақымақ адамдардың тірлігі.

Балажаным! Күйеуіңді қаншалық құрметтеп сүйсең, өзің де соншалық құрметке, махаббатқа еге боласың.
Перзентім! Осы айттылғандарды жақсы ұғып ал! Бұл үгіттерімді орын-орынымен орында. Әр қайсысын өз уақыты келгенде пайдалана біл. Сонда ғана үгіттеріме амал қылған боласың!




Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:33 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ей, апа-қарындастарым! Талаққа ажырасуға себеп болатын он жеті істен сақ болыңыз.
Бүгінгі таңда қоғамда талақ-ажырасу күйзелтуші дертке айналып отыр. Өйткені, статистика мәліметіне жүгінетін болсақ, ажырасушылар саны жылдық үйленгендер санының 35 % - інен астамын құрап отыр.
Әйел талақ мәселесінде әлсіз орынды ұстанады. Себебі, көбінісе талақтың шешімі оның қолында емес, бірақ талаққа себеп болатын істерді басағасынан алыстату оның қолынан келетін іс.
Жаңадан тұрмысқа шыққан келіншектер мен тұрмыстық өмірінде көптеген проблемаларға душар болып жүрген әйелдерге талақтан аулақ болып, жанұясын қорғау үшін, талаққа себепші болатын он жеті істі сыбырлап айтпақпыз.

1.Жанұяның негізгі тірегі - әйел мен күйеу арасындағы сыйластық, бала – шағасы. Сондықтан әйелдің үйіне, бала шағасына көңіл аудармауы, тек өзінің қарабасын ойлауы, талаққа себепші болады.
2.Кейде әйелдер үйіне, бала-шағаларына қарауға қолы тимей кетеді. Ол сұлулығын сақтау үшін сәнденуге ерекше көңіл бөліп, шаштаразға, киім дүкендеріне, сән салондарына барумен айналысып, қолы тимей, үйін қараусыз қалдырып қояды. Ал, бұл жағдай қайталана берсе, еркектің сабырының таусылуына, нәтижесінде талаққа алып барады.
3.Отбасы істерінде бала бағушыға сүйену. Қызметшілер мен бала бағушыларды жалдауды кейбіреулер “мәдениет”, “даму” деп санайды. Олар үй ішімен істерді надан қызметшінің қолына тапсырып қояды. Ал қызметші-әйел негізінде өз рахатын, осы отбасынан қанша пайда табатынын ойлайды. Ол қызмет істеп жүрген отбасының келешегін ойламайды. Ал қызметке алған отбасы бала-шағасының тәрбиесінде қызметші-әйелге тапсырады. Қызметші әйел ата-аналары жоқта жас нәрестелерге қандай тәрбие беріп жатқанын зерттемейді де?! Тіпті кейбір қызметші-тәрбиеші әйелдер сол үйдің салтына кейде дініне қарама-қайшы, ой-пікірлер мен әдет ғұрыптарды ұстанғандарды сеземіз. Сондықтан осы жағдайлар отбасының ажырасуына себепші болады.
4.Кейбір әйелдер өздеріне жүктелген жауапкершілікке және отбасы беделі мен абыройын сақтау міндетіне немқұрайдылықпен қарайды. Негізінде бұл жауапкершілік аса үлкен жауапкершілік болып табылады. Ал, бұл жауапкершілікті орындамау отбасы беделінің түсуіне алып барады. Демек, әйел адамның мойнына жүктелген отбасы істерін орындамауының, перзенттері ұл болсын, қыз болсын бақыламауының нәтижесі сан соқтырарлық ауыр, қорқынышты оқиғаға тап болады. Сондай-ақ оны емдеудің мүмкіндігі болмай қалады.
5.Ерлі-зайыптылардың істері мен байланысына туысқандардың араласуы. Бұл – мәселенің шешімін шешу оңай болса да, арадағы жағдайлар шиеленістіріп жібереді. Өйткені куйеудің немесе әйелдің шешесінің ұсақ-түйек нәрселерге араласуы келіспеушілік пен таласқа алып барады. Халықта мына данышпандық ой-түйіп бар: “ерлі-зайыптының арасына тек есі кеткен адамға ғана араласады”, - деген. Сол үшін ерлі-зайыптылар өз-ара түсінісуі керек.
6.Ерлі-зайыптылардың арасында түсіністіктің аздығы. Екеуі бірге сөйлеседі. Бірақ бір-біріне айтып жатқандарын тыңдамайды. Бұл мәселені – тағы да шиеленістіріп жібереді. Сол үшін бір-бірін тыңдап, сабыр сақтауы керек. Сонда ғана бір-бірін түсініседі.
7.Тұрмыстық тәжірибенің аздығы. Яғни әйел өзге жанұяға келеді, ондағы салт-дәстүр, тәрбие мүлдем басқа, сондықтан ол ойына келмеген өмірге, талапқа тап болады. Ол жанұяның психологиялық атмосферасына көндігуі қиын болғандықтан шыдамауы мүмкін.
8.Бедеулік, перзентсіздік. Бедеулік әйел үшін қатты соққы, себебі күйеуі басқа әйелге үйленіп кетуі мүмкін, бұл әйелдің психологиялық жүйесіне тәсір етеді. Егерде әйел сабыр сақтай білсе, отбасын сақтап қалады.
9.Әйелдің “өмір өзгеріп кетті” деген оймен еркекпен бірдей болуды қалап, жұмысқа шығамын деп тұрып алуы. Әрине бұл кейбір ер кісілерге ұнамайды, ал екінші жағынан ер кісілер өздерін бұндай көмекке мұқтаж емеспіз деп сезінеді. Олар әйелдің балалар тәрбиесімен айналысуының өте үлкен де ұлы іс екенін есте сақтайды. Бұл – дұрыс. Дегенмен, әйел адам болашағы үшін кепілдікке мұқтаж. Сондықтан да мемлекет әйелдердің тек қана балаларын жақсылап тәрбиелеп, отбасы істерін толық орындаулары үшін жағдай жасап, жалақы тағайындаса, тіпті жақсы болып, әйел міндетін бұлжытпай орындайтын еді. Әрі болашағынан да жайбырақат тыныш болар еді.
10.Уайым-қайғыны бастан кешіру және жайсыздықпен қиыншылықты сезіну. Біздің қазіргі кезеңімізде өмір талас-тартыс, проблемалар үсті-үстіне қабаттасып, адамды уайымдатып, тынышсыздандырғандықтан бұл ғасыр уайым-қайғы, “жайсыздық ғасыры” деп те аталуда. Бұндай жағдай ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасқа да ықпал етіп, кері әсерін тигізіп, өзара орталарында талас-тартыстың көбеюіне алып барады. Ал бұл ортадағы некенің бұзылуына апарып соғады.
11.Қорлау, пікірін төмендету жағдайды шиеленістіріп жібереді. Ашуланып, қызып кеткенде өзіне ие бола алмай қалу ұрып-соғу, қорлауға алып барады. Ерлі-зайыптылар арасында қыстырма-кекетпе сөздерді қолдану, мәселені тағы да қиындастырады. Ерлі-зайыптылар арсында сыйластықтың жоғалуы сүйіспеншіліктің жоғалуына алып барады. Нәтижеде екеуінің бірі екіншісін жек көріп қалады.
12.Қыздың жанұялық өмірге дайындығының әлсіздігі, оның ақылға салмай армандап тұрмысқа шығуы. Кейде қыздар мейірім-махаббатқа тола романтикалық және жауапкершілігі болмаған өмірді армандайды. Ал, тұрмысқа шыққаннан кейін мойнына жүктелер ауыр жауапкершіліктерге тап болады.
13.Қыз еліктейтін салыстырулар. Қыз яғни келіншек тұрмысқа шыққан соң “құрбымның күйеуі сыйлықтарды үйіп-төгіп береді, оны қатты сыйлайды, аяйды және оған мынадай-мынадайларды береді”- деген сияқты тағы да басқа салыстырулар оның тұрмысын, өмірін улап, оны шыдап болмайтын отқа айналдырады.
14.Экономикалық проблемалар және ынтымақтың жоқтығы, сондай-ақ әйелдің көп шағымдануы, еркекті еркінен шығарып, “талақ” сөзін қолдандырып қояды.
15.Әйелдің жай күйде талақты талап етіп, талақ сөзін көп қайталауы, шын мәнінде талақтың болуына алып барады. Сонда әйел өкінеді. Бірақ өкініштен пайда болмайды.
16.Шектен тыс қызғану және ердің әрбір іс-қимылын бақылау ортада сенімнің жоғалуына әкеп соғады.
17.Әйелдің күйеуінің екінші әйелмен тұрмыс құрғандығын біліп қалып, оған шыдай алмауы, немесе оны кешіруге болмайтын қорлық деп сезінуі.

Мақала Қазақстан Мұсылмандары сайтынан алынды




Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:34 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Еріңіз басқаға көз салмас үшін…
Сұлу да нәзік қалпыңды ұзақ сақтаңыз. Жұмбақ күйіңізді үнемі сақтауға тырысыңыз.
Еріңізге әркез беймаза емес, әркез саяжай секілді жайлы да тыныш тілге тиек болыңыз.
Еріңіз сүйсінетін тіл үйірер бес түрлі тамақтың рецебін біліңіз, және құпия ұстаңыз. Сосын сәнді киіміңізбен таңдандырудан шаршамаңыз.
Еріңіз кей кезде көкейінде жүрген сырын ақтарса мұқият тыңдаңыз, әуелі кеңес беруге асықпаңыз. Сосын сырын жұртқа көрші көлемге жаймаңыз. Сенімін ақтаңыз.
Ең күшті еркектің өзі де әйелдің мейіріміне мұқтаж ететінін ұмытпаңыз.
Сіздің еріңіз бен балаларыңыз жақсы көріп құрбандыққа барса жазғырмаңыз.
Көшеге де үй де болсаңыз да таза да тартымды болыңыз. Мыжылған халат пен ұйпалақталған шаш өзіңізді көріксіздендіретінін ұмытпаңыз.
Адамның сұлулығы тән емес, жан сұлулығы. Сондықтан жылулығыңызды еш жоймаңыз. Үйге, қоршаған ортаға жылу берсеңіз бұл сізді одан әрі сұлу етіп көрсетеді.
Көтеріңкі көңіл күй мен үнемі күліп жүріңіз. Шынайы шын жымиып, қуаныш сыйлаңыз.
tomiris.wordpress.com




Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 20:35 | Хабарлама # 5
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ибалы қыз, асыл жар, аяулы ана...

Ұлттық рух пен ар – ождан, кісілік қасиеттің барлығы тал бесіктен басталады. Бесіктің Киесі болса, иесі АНА дер едік. Бүгінгі таңда әлемдік өркениетке бағыт алдық. Осыған орай демократиялық қоғамда тұрмыс-тіршілігіміздің бұрынғы күйі басқа арнаға ауысты. Дәлірек айтқанда, еркін ақпарат алмасу үрдісі қалыптасып, ұлттық тәрбие мектебіміз де жаңа заманауи сипатқа ие болды. Батыстық мәдениеттің кейбір үлгілері өркен жайған жаһандану ғасырында қазақ қыздарының бет-бейнесі де өзгерді.

Бүгінгі кез қазақ қызына қарап «үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» деп теңеу айтатын уақыт емес. Десек те ертеңгі күні бір шаңырақтың ұйытқысы болар қаракөздеріміздің бүгінгі жүріс-тұрысына, киім кию мәдениеті мен жалпы әдеп мәселелеріне қатысты көптеген сыни пікірлер бар. «Не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен Ғабиден Мұстафин.
... Қыз баланы жат- жұрттық боп жаралған соң бес күндік қонағым деп құрметтеген халықпыз. Қызға қырық үйден тыйу, қала берді күңнен тыйу деген халық даналығы бүкіл ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылғанымен бүгінгі түсінік басқа. Себебі қазіргі қазақ қыздарының көбісі салт-дәстүрді ескіліктің жұрнағы деп түсінеді. Қалай болған күнде де қазіргі нарықтық қоғамда ару қыздарымыздың аналық парызды сезінуі үшін отбасында ананың ақыл кеңесі маңызды. Әйтсе де, нарық заманы деген желеумен көп балалы ана болуға бойжеткендердің көзқарасының өзгергенін мойындауымыз керек. Өйткені, отбасында баланың көп болуына көзқарастың түрлі қайшылықта өрбуіне қоғам дамуы қозғау салатыны сөзсіз. Алайда сананы тұрмысқа тәуелді қылмай, керісінше, тіршілігіміздің тынысын биік өремен, терең түйсікпен қабылдауымыз маңызды. Негізінде әйел заты жаратылысында көп балалы болуға қабілетті. Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уассаллам «Көбейіңдер, өсіп-өніңдер. Келешекте үмбетімнің көптігімен мақтанатын боламын!» деп өсиет қалдырыпты.
(Іңкәрсезім.)




ali_bekenУақыты: Сенбі, 30.Августа.2008, 04:09 | Хабарлама # 6
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
ӘЙЕЛДЕРМЕН ҚОЛ АЛЫСЫП АМАНДАСУ
«Әйелмен қол алысып амандасу» ерлі-зайыптылық байланысты бұзатын себептердің бірі екені даусыз. Себебі, біріншіден - харам болса, екіншіден - жамандықтың есігі. Осы арқылы еркек пен әйелдің денесі бір-біріне тиеді. Еркек пен әйелдің қол алысып амандасуы - харам екенін бүкіл ғұламалар мойындап отыр. Егер олай болмағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Аллаһ Тағалаға серік қоспау, ұрлық пен зина жасамау, балаларын өлтірмеу, нақақтан жала жаппау, Аллаһтың елшісіне қарсы шықпау туралы ант беріп қол тапсырған еркектердің қолын алғандай, әйелдердің де қолын алар еді. Бірақ, Аллаһтың елшісі әйелдерден сөзбен ғана ант алған. Айша анамыз айтқандай, ол кісінің қолы бөгде әйелдің қолына еш тимеген. Ахмад пен Термизи Аллаһтың елшісінің (с.ғ.с): «Мен әйелдермен қол алысып амандаспаймын» ,- деген сөзін жеткізген. Бір қызығы Имам Әбу Ханифаның мазһабында «Ер кісінің бөгде әйелге қолы тиіп кетсе, бұл таһатратты бұзбайды» делінгенін пайдаланып кейбір кісілер олармен қол алысуға болады деген қате пікір айтып жүр. Ал, бұл жерде таһараттың бұзылу-бұзылмауының не қатысы бар? Имам Әбу Ханифаның (р.а) «бөгде әйелдің денесіне қол тиюі таһаратты бұзбайды» дегені, оны ұстай беруге болады дегені емес. Ұстау өз алдына бір мәселе, таһараттың бұзылуы өз алдына бір мәселе. Мәселен, мұны бейнелі түрде ұрлыққа ұқсатуға болады. Егер таһараты бар адам бір затты ұрласа, ұрлығы себепті таһарат бұзылмайды. Бірақ, ұрлық күнә күйінде қала
береді. Ислам ахлағына қайшы, кәпір әдептеріне сай тәрбиеленген көптеген еркек пен әйел амандасқанда ұялмай бір-бірлерінің беттерінен сүюді әдетке айналдырған. Бұл бізге Батыстан жұққан жаман әдет.
Араб тілінен аударған: М. А. Канъан
«ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ» кітабынан.
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
NazikУақыты: Жексенбі, 14.Сентября.2008, 18:26 | Хабарлама # 7
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 33
[ ]
Ажыратылған
ote jaksy!!! kenesteriniz de oryndy dep oilaimyn...

Super!

songy post jaily... men buryn , osydan bir jarym jyl buryn, kol alysyp ta, betten suip te amandasatynmyn..sebebi muny ewkim kate demegen edi..korwagan orta dep jatamyz, masele oda emes, masele , bizde ewkim aitpaidy goi...aitsa da tusindirmeidi... maselen, magan bir jaksy dosym, senin istep jurgenin kate dedi, jane tusindirmesin berdi... wukir, kazir ondai kylykka barmaimyn! smile

myna sait jaily da bari bile bermeidi... jane telearnalarda osyndai maselelrge arnalgan ewkandai tanymdyk bagdarlama jok... sad ote okiniwti...kazir Ramazan aiy,teledidardyn osy jerde paidasy zor bolar edi... internet ar uide bola barmeidi, jane arkim onymen koldana bermeidi, al telik arkimde bar... ehhh, eger bizde mtv ornyna bir din jaily jaksy telearna bolgandagoi...

osy saittyn bolgany da gajap boldy!!!! Ulkeeen rahmet!!!

smile


Jaksy soz-jarym yrys! :)
kalantayУақыты: Бейсенбі, 13.Ноября.2008, 14:43 | Хабарлама # 8
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 2
[ ]
Ажыратылған
arb
YergaliMoldirУақыты: Дүйсенбі, 16.Февраля.2009, 08:56 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 48
[ ]
Ажыратылған
Quote (imam)
Қанағат егесі бол. Өз халіңе шүкір қыл. Күйеуің не нәрсе алып келсе де, ол жейтін немесе киетін нәрсе болсын, кішіпейілділік көрсет. Бақытты өмір кешірудің өзі, өз халіне шүкір қылумен келеді. Өз халіне шүкір етпеген, өз нәпсісін тимаған кісіде көңіл рахаты болмайды.

Quote (imam)
Күйеуіңнің туған – туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Оларды құрметтегенің, күйеуіңді құрметтегенмен бірдей.

Quote (imam)
Күйеуіңді қаншалық құрметтеп сүйсең, өзің де соншалық құрметке, махаббатқа еге боласың.

arb arb arb

Добавлено (16-Ақпан-2009, 08.56)
---------------------------------------------

Quote (Dinislam_Kz)
2. Күйеуіңе әрдайым мойынұсын. Істе деген істерін істе, істеме деген істерін істеме!!

Ала бер айтқан тілді болмай қалша,
Өзіңді жоғары ұста биік жалша
Үйіңе үлкен кіші келе қалса
Кеңкімей иіліп тұр, шыбық талша.
Атағы жұртқа әйелдің жайылады
Ерінің құдай қосқан тілін алса.
:) salem :)


Баянсыз бұл пәниде жиған байлық,
Түбінде уа мұсылман иман байлық .
Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде
Жұмаққа жұмыр басың сиғандай қып.
1314520Уақыты: Дүйсенбі, 16.Февраля.2009, 21:00 | Хабарлама # 10
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 38
[ ]
Ажыратылған
arb arb arb arb arb arb arb

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегенім.
Белден ассаң, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққан соң келмей ме жүре бергің.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Келіндерге насихат......
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды