Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:26
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 1
  • 1
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек (Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек)
Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 18.Января.2009, 01:04 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек

Еркек пен әйелдің табиғаты да, болмыс-бітімі де бір-біріне қарама-қайшы, екеуі екі басқа жаратылыс иелері. Біреуі қайратты, батыл, ержүрек әрі табанды болса, екіншісі сезімтал, әлсіз, нәзік. Бірақ ер мен әйелдің арасындағы айырмашылық осында ғана ма? Неге ерлер сүйіктісіне үйленгенше оның осал тұстарын көрмейді? Неге әйелдер «қыз күнінде бәрі жақсы» болып, үйленген соң неше түрлі қылықтары шыға бастайды? Ықылым заманнан әйел қауымының жұмбағын шешуге ұмтылған пәлсапашылар да, ақындар да, ойшылдар да әйел мінезінің аумалы-төкпелілігіне таңдай қағып, бас қатырып келеді. Иә, әйел қауымы әлі де жұмбақ қалпы қала беретін түрі бар. Дегенмен, ер-азаматтар үйленгеннен кейін «неге?» деген сұраққа көп ұрынып, оның соңы ажырасумен тынбас үшін төмендегі мәліметтерді білгені артық болмас. Asilzat Aristanbek

mina jerden alindi




Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 18.Января.2009, 01:05 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Иістерді жақсы ажыратады. Әйелдердің иіс сезу қабілеті еркектерге қарағанда сегіз есе күшті. Соған орай, олар иістерді есте сақтайды және топтастыра алады.

Сезімтал. Әйелдің еркекке қарағанда тері жүйке нүктелері бірнеше есе көп – бұл биологиялық түрде дәлелденген. Әйелді сылап-сипап отырғанда, «осыным дұрыс па?», «дұрыс сипап отырмын ба?» деген алаңдаушылықтан аулақ бол.

Тез мас болады. Өйткені әйел ағзасында еркектерге қарағанда май көп болады. Әйел ағзасындағы майлар ай сайынғы әйелге ғана тән әрекетті жүзеге асырып отырғанымен қоймай, спіртті ішімдіктерді тез сіңіріп, сыртқа шығаруға кедергі жасайды. Соның салдарынан әйелдер тез масайып қалады. Бірақ сыраға келгенде әйелдер еркектерден қалыспауы мүмкін.

Ыстыққа шыдамайды. Әйелдердің денесі қызған кезде еркектерге қарағанда екі есе аз тер шығарады екен. Яғни, бұл әйелдердің тер шығару бездері баяу жұмыс істейтіндігін көрсетеді. Денеден қызған кезде термен бірге іштегі ыстық шығып кетпегесін, әйелдер ыстыққа шыдамайды. Тіпті, ыстық кездері әйелдер күйзеліске тез ұшырайды.

Диетада ұзақ отырады. Еркек денесінде май аз, бұлшық еттер көп, сондықтан, еркектер аз уақыт ішінде салмақ тастай алады. Бұлшық еттердің қызметі үшін көп энергия жоғалтуға тура келеді, сондықтан да адамдар күніне орта есеппен әйелдерге қарағанда 660 ккал сыртқа шығарады.

Есту қабілеттері жоғары. Әйелдердің еркектерге қарағанда есту қабілеті жоғары. Сондай-ақ, әйелдің екі құлағы бір мәліметті екі түрлі қабылдайды. Егер әйеліңізге сенімділікті арттырып, жақсы, жағымды сөздер айтқыңыз келсе, онда сол құлағына бағыттап айтқан жөн. Ал, елеусіз, тез ұмыттыруды қалайтын ақпаратты оң жақ құлағына бағыттау керек.

Ауруды тез жұқтырады. Әйелдер еркектерге қарағанда жыныстық инфекциялық ауруларға тез шалдығады. Әйелдердің «мен ауруға ұшырап қалмаймын ба?» немесе «осыдан ұшынып қалмас па екем?» деген сияқты секемшіл ойларының өзі ағзасындағы ауру қабылдағыш клеткаларды оятады. Ал еркектер мұндай мәселеге аса көп мән бермейді. Тағы бір айта кететін жағдай, жыныстық жолмен берілетін аурулар әйелдерде мүлде баяу әрі байқаусыз жүретіндіктен, олардың сыр берген уақытында құлан таза айығуы да ұзаққа созылады.

Жылауық болады. Әйелдер еркектерге қарағанда төрт есе көп көзіне жас алады. Кейбір дәрігерлердің айтуынша, әйелдер «бақыт» гармоны серотинді тез өндіреді. Серотин адам ағзасында өндіріліп, ішек-сілесі қатып күлген кезде, төсек қатынасынан кейін, көңіл-күй көтерілген кезде қанға барып құяды. Яғни бұл гармон адамның көңіл-күйіне жауап береді. Ал ол адамның қанында шектен тыс көбейіп кетсе, онда ол жүйке қабынуына әкеп соғады. Жоғарыда айтқандай, әйел ағзасында серотин көп, егер оны әлсін-әлсін көз жасымен шығарып тұрмаса, әйеліңіз «жынданып» кетпей ме?




Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 18.Января.2009, 01:06 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
(жалғасы).

Көп мұңаяды. Әйел ағзасында серотин көп болғанымен, еркектерде көп кездесетін адреналин, эндрофин және тестестерон сияқты гармондар өте аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан, әйел қауымы не болса соған тез-ақ мұңая қалады. Ал оларды осындай аумалы-төкпелі мінезінен тағы да жоғарыда айтып кеткен «бақыт» гармоны құтқарып қалады.
Тез оянады. Операция кезінде егілген ұйықтататын дәріден әйелдер еркектерге қарағанда бес минут бұрын оянады екен. Қарапайым өмірде де таңғы сағаттың шырылынан әйелдер тез оянып, төсегінен бірден тұрып кетсе, еркектер керіліп-созылып әлі де жарты сағат жастығын құшақтап жатуы мүмкін. Сондай-ақ, әйелдер төсектен тұра салысымен күні бойғы істейтін жұмыстарын жоспарлап, киім үтіктеп, баланы киіндіріп, таңғы ас дайындап, боянып үлгереді. Ал еркектің кейде қырынуға да мұршасы болмай, ұйқыдан толық айықпаған күйі жұмысына кетеді.

Түнде жақсы көреді. Көз жанарының екі түрлі клеткасы болады: қалпақша және талшық. Ендеше еркектерде қалпақша клеткасы көп болса, әйелдер көзінде талшық клеткасы көбірек және ол қалпақшадан әлдеқайда сезімтал. Оған қоса, әйелдерде жүйке тамырларының шеткі жүйесі мықты, сондықтан олар қараңғыда жалпы сұлбаны анық көреді. Ал есесіне еркектер көз қалпақшалары арқылы жалпы сұлбадан гөрі жекелеген детальдарды жақсы көреді. Сондықтан да еркектерде көздеп ату жақсы дамыған.

Бөксесін бұлғаңдатады. Әйел жамбасының сүйектері ерлердікіне қарағанда жалпақтау болып келеді. Осындай жаратылыс ерекшелігіне байланысты әйелдер жүрген кезде бөкселерін әдейі бұлғаңдатып, екі жаққа кезек «лақтырып» жүретіндей әсер етеді. Ал ерлердің жамбасы шағын, есесіне жауырындары жалпақ. Олар көшеде жүріп бара жатқанда түп-түзу сызық бойымен кетіп бара жатқандай көрінетіні сондықтан.

Жоғалтқанын тез табады. Еркектер математикалық сынақтардан, логикалық есептерді терең ойлаудан сүрінбейді. Бірақ олардың есте сақтау қабілеттері әйелдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Соған орай әйел қауымы жоғалтқан заттарын қайда қойғанын, қай жерде қалдырғанын тез ойлап, тез табады. Телефон нөмірлері мен көлік нөмірлерін де есте сақтап қалатын әйелдер.




Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 08.Февраля.2009, 20:46 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Келіншектер, естеріңде болсын, үй шаруасында әйелдің күйеуіне көрсетпей жасайтын істері де болады.

Үйде әйел күйеуіне дәмді тамақ пісіріп жатқанда сұлу көрінеді, ал шалпылдатып кір жуып жатқан әйелден сұрықсыз ешкім жоқ. Сондықтан, кірді күеуіңіз жоқта немесе таңертең ерте, болмаса үйдегілердің бәрі ұйқыға кеткенде жуған дұрыс.




YergaliMoldirУақыты: Жексенбі, 08.Февраля.2009, 21:18 | Хабарлама # 5
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 48
[ ]
Ажыратылған
:)

Баянсыз бұл пәниде жиған байлық,
Түбінде уа мұсылман иман байлық .
Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде
Жұмаққа жұмыр басың сиғандай қып.
kainarilyassУақыты: Жексенбі, 08.Февраля.2009, 23:01 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 64
[ ]
Ажыратылған
arb

Что сталось бы с людьми, лишись они благоволения Аллаха! Давным-давно исчезли бы они с лица Земли! Али Апшерони
1314520Уақыты: Жексенбі, 08.Февраля.2009, 23:51 | Хабарлама # 7
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 38
[ ]
Ажыратылған
eek :) arb

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегенім.
Белден ассаң, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққан соң келмей ме жүре бергің.
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:06 | Хабарлама # 8
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Еріңіз басқаға көз салмасын десеңіз...
Еркектерге қашанда көршінің әйелі қыздай көрініп тұратыны белгілі. Ол сізді жек көреді немесе мүлде ұнатпайды, көңілі қалды деген сөз емес. Еркектер біркелкіліктен тез жалығады. Қыз кезіңізде бірде жылап, бірде күліп, бірде еркелеп, бірде қасақана ренжи қалатын сәттеріңіз оған ұнайтыны соншалық, отбасылы болғаннан кейін де сізден қыздың қылығын күтетіні анық. Егер сіз «күйеуге шықтым, сүйген ерім жанымда, еркелеп жүруге уақыт жоқ, кірді кім жуады, тамақты кім істейді?» деп, екі қолыңызды көтеріп, күйбең тіршілікке күмп беріп сүңгіп кетсеңіз, кешіріңіз, күйеуіңізе міндетті түрде көршінің әйелі әдемірек, құрдасының қатыны қылықтырақ көрінетін жөні бар. Басында бұл онша-мұнша мән беретін мәселе болмаса да, ұсақ-түйектің өзі жиналып, таудай проблемаға айналып, бір күні үстіңізге құлап түсуі мүмкін. Олай болса, қазірден бастап мына қарапайым қағидаларды есте ұстағаныңыз жөн.
* Үй ішінде де әдемі қалпыңызды сақтаңыз. Ұзын етек халат киіп, шашыңызды түйреуішпен әр жерден түйрей салып бір-екі күн жүруге болар. Бірақ үнемі емес. Үй ішінде киетін бір-екі жеңіл көйлегіңіз болған дұрыс. Таңертеңгісін жуынып-шайынғаннан кейін иіс суыңызды сеуіп, жеңіл-желпі опа-далап жағуды ұмытып кетпеңіз. Жұмбақ та жылы кейпіңізді сақтаңыз.
* Өзгелердің қолынан келе бермейтін еріңізге ұнайтын бес түрлі тамақтың рәмізін біліңіз. Оны дайындаудың жолдарын құпия ұстаңыз.
* Егер күйеуіңіз сізге ақтарылып сырын айтса, кірпік қақпай тыңдауға дайын екеніңізді аңғартыңыз. Аузын ашқаннан кеңес беруге асықпаңыз. «Айттым ғой саған», «Менің тілімді алмап едің» деген сияқты ескертпелерді мүмкіндігінше қолданбаған дұрыс. Ол айтқан сырды көрші-көлемге жаймаңыз. Сенімді болуға тырысыңыз.
* Еркек – күшті, бірақ күштілердің өзі мейірімге, жанашырлыққа мұқтаж екенін естен шығармаңыз.
* Таңертең жарыңыздан бұрын оянуды әдетке айналдырыңыз. Таңертеңгі асты дайындауға кірісердің алдында, күйеуіңізді көрпесін серпіп ашып, «Тұр енді, қашанғы жатасың?» деген дөрекілеу бұйрық райлы сөзді «Қайырлы таң, қымбаттым! Таңғы ас дайын, біз сені күтіп отырмыз» деген сияқты жылы сөздермен алмастырыңыз, бетінен сүйіп, мұрнынан қытықтап оятуды ерлер жек көреді деп ойламаңыз.
* Кешкісін жұмыстан кешігіп келсе, үйге кірген бойда «Қайда жүрсің осы уақытқа дейін?» дегеннен гөрі жылы жымиып қарсы алып, кешігу себебін өзі айтпайынша қозғамай тұра тұрыңыз. Егер ол кешігуді жиілетіп, оның себебін айтпайтын болса, еркекте «Әйеліме бәрібір, ол менен сұрамайды да» деген ой қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, мұндай әңгімені кешкі ас ішіп болғасын қозғаған дұрыс. Кейде тәтті-дәмді тамақтан қарбытып жеп отырған еркек өзі-ақ ашылып, қайда болып, не істегенін жайып салады.




Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 17.Февраля.2009, 21:41 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Кейбір қыздар мен әйелдер күйеулерін моральдік тұрғыда қорқытып, үркітіп ұстап қаламын деп ойлайды. Мәселен, «сен менен кететін болсаң, мен өзімді өлтіремін», «тамырымды қиямын», «үйдің төбесінен секіремін» деген сияқты қорқытулар және сондай әрекеттерге талпыныс жасау, шынында да еркекті қорқытады. Бірақ, еркекті бұлай қорқытып ұстау - өмір бойы бақытты отбасын сақтап қалу емес. Бұл керісінше, өзіңізге деген оның жеккөрінішін ұлғайтады, төсекте қанағат таппайды, сізді де қанағаттандырып жетістірмейді. Көзіңше өбектегенімен, сыртыңнан ғайбаттайды. Осындайдан келіп, еркек өзге біреуге көңілі ауады. Бұл проблемаға басқа қырынан келген дұрыс. Бір жағынан қарағанда әйелдер өздерінің сыр-сымбаттарын жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ та сияқты. Тек еркектер әрбір әйелді өзі қалаған кейпінде көреді. Сондықтан сізге жаңа образға кіріп отыру керек болар. Шашты басқа сәнде қию, киім кию үлгісін өзгерту, толысып кетсеңіз арықтау шараларын жасау. Кейбір әйелдер күйеулерінің көзінше «семіріп бара жатырмын, арықтауым керек» деп байбалам салып, түрлі диетаға отыра бастайды. Ол дұрыс емес. Әйел не жасаса да күйеуінің көзінен таса жасау керек. Күйеуіңіз сіздің диета ұстап жүргеніңізді байқамай қалсын, аяқ астынан сымбаттанып шыға келгеніңізді көріп, сізге қайта ғашық көзбен қарасын. Әйтпесе, әрекетің күткен нәтижеге жеткізбесе, құр босқа күлкіге қаласыз.



Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек (Еркек пен әйел табиғаты екі бөлек)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды