Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:27
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
abu_muxsinУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 19:02 | Хабарлама # 16
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 67
[ ]
Ажыратылған
ия, даналық болу керек. Исламға жаңа ғана бет бұрып жатқан адамдар көбіне барлығын бірден өзгертуше дайын тұрады ғой, білімсіз көп іс жасап қоюы мүмкін. Көбі сол пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уасаллям жолын білмегеннен басталады, білімсіздіктен. "ааааа, мына тағуттар бізге хиджаб кигізбейд, мешіттерді бұзып жатыр, мұсылмандар жиһадқа көтеріліңдер!" дейтіндер шықса, бүлік содан басталады.

Имам, Тәжікстанда аты танымал, білімді деген кісілер бар ма?

Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 19:48 | Хабарлама # 17
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (abu_muxsin)
Имам, Тәжікстанда аты танымал, білімді деген кісілер бар ма?

Білмедім, бірақ бірге оқыған тәжік достарымыз болатын, бірақ оларды да көрмегелі көп айдың жүзі болды.




NazikУақыты: Жексенбі, 14.Сентября.2008, 18:19 | Хабарлама # 18
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 33
[ ]
Ажыратылған
Saleeem! Keremet sait eken!!! ote ademi jane paidaly.. men kobine umma.ru saitynda jurem, sodan uagyz tyndaimyn, jane kajet infony da sol jerden alyp jurdim.. sebebi kazakwa sait bar ekenin bilmeitin edim.. sizderge kop rahmet!!! smile

endi takyrypka orai... men oramal takkan kyzdarga on karaimyn... jane kyzygamyn... men uwin oramal tagu kazir kiyn bolyp tu..ogan arine sebepter de bar, birak ol armanym turmys kurgan son onime ainalady degen umitim bar... smile


Jaksy soz-jarym yrys! :)
Dinislam_KzУақыты: Дүйсенбі, 22.Сентября.2008, 04:43 | Хабарлама # 19
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
«Мен сіздерге орамал тағудың пайдасы мен артықшылығы жайында айта кетейін.
Орамалдың ҮКІМІ сақалдың үкімінен жоғары. Парыз. Егер бір әйел кісі орамал тақса оның иманының көтерілгенін байқатады. Қазір біреуге намаз оқытудың өзі қиын. Намаз оқуы МҮМКІН, бірақ көбі орамал тақпайды.
Ал енді намазды оқып қана қоймай, орамал тақса оның иманы күшейе Түседі. Бірақ бұл мәселеге келгенде асығыстық жасаудың қажеті жоқ.
Мұхаммед с.а.с. Пайғамбарымыз: «Балаң жеті жасқа келгенде оны намаз оқуға үйрете баста. Он жасқа келгенде балаң намаз оқымаса онда ұр!» деген. Ғалымдар осыған байланысты: «Егер кімде-кім жеті жасында баласын намазға үйретпесе, он жасында ұруға хақысы жоқ.
Өйткені ол бірінші нәрсені істемеді. Өзі бас болып намазды үйретпеді» дегенді айтады. Тура сол сияқты еркектер әйелдеріне дінді түсіндірмеген болса, мәжбүрлеп орамал таққыза алмайды.
Өйткені дінде зорлық жоқ. Орамал тағудың артықшылықтары мен парыз екенін жәймен түсіндіру керек.
Орамал таққан әйелге қайыр бар. Әйеліне орамал таққызған еркек - әйеліне шын мәнісінде жаны ашитын, әйелін қызғанатын еркек деп есептеледі.
Өйткені жәннатқа әйелін қызғанбаған еркек кірмейді делінген.
Орамал таққызғаның, оны қызғанғандығың!
Оған немқұрайды қарамағандығың!
Әйел – сенің абыройың, оның сұлулығы сенің жеке меншігің, ол сен көріп, ләззат алатын жарың.
Сондықтан оның сұлулығына бөтен біреудің көзі түспесін!

Дарынның уағызынан алдым




GulshatУақыты: Сәрсенбі, 19.Ноября.2008, 23:02 | Хабарлама # 20
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 2
[ ]
Ажыратылған
Assalamu'aleikum!
saittaryngyz jakhsy eken,Allah medet bersin!
surain dep edim,khyzdargha shalbar kiuge bola ma?
arine uzyn iubka kiiu abzalyrakh,birakh khazir jaghdai kelingkiremei tur...
eger shalbar kiiuge bolmasa,onda khaisysynyng kinasi kobirek:oramal taghyp shalbar kiip juruding be alde mulde oramal takhpai juruding be
ЖаннаткызУақыты: Сәрсенбі, 19.Ноября.2008, 23:14 | Хабарлама # 21
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
arb
janbolatУақыты: Бейсенбі, 20.Ноября.2008, 00:14 | Хабарлама # 22
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (Gulshat)
eger shalbar kiiuge bolmasa,onda khaisysynyng kinasi kobirek:oramal taghyp shalbar kiip juruding be alde mulde oramal takhpai juruding be

Gulshat,
қыз балалардың киімі ер балалардікіне ұқсамауы керек екендігі туралы хадис бар,
жақсы бір сайтта оқыдым жаңа ғана, қазіргі таңда ер балалар мен қыз балалардың киімінде айырмашылық жасау өте қиын...

қыз балалар шалбар кисе де, ол шалбар тырысып тұрмайтындай кең болуы керек, әрі үстінен тағы жауып тұратын бірнәрсе киілуі керек дейді...
бірақ ұзын көйлек киген дұрыс қой не болса да (менің жеке пікірім :) )

ал сіздің сұрап жатқан жағдайыңызда,
әрине орамал тағып шалбар кию дұрыс... өйткені орамал тағу қыздарға парыз ғой...


KZ
GulshatУақыты: Бейсенбі, 20.Ноября.2008, 22:43 | Хабарлама # 23
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 2
[ ]
Ажыратылған
:) Rahmet!!! arb
Rahim_NurУақыты: Сейсенбі, 02.Декабря.2008, 17:30 | Хабарлама # 24
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Ассламуалейкум уа рахмәтуллаһи уа бәрәкәтуһ!
Жұрт оранған қыздардан (әуретті жерін жапқан) "хиджап киген" деген сөз үшін шошынатын сияқты. "Хиджап арабтан келген, біз араб емеспіз, қазақпыз" деп қуыс кеуде, сасық көкіректің себебінен айтады деп ойлаймын. Мақұл, хиджап деген сөзді алып тастайықшы. Оның орынан шүберек дейік, кимешек дейік, жаулық дейік, бөз дейік, орамал дейік, байлам дейік. Кімнің тіліне не ыңғайлы сол десін. Хиджап демей-ақ қойсын. Рас Құран Кәрімде "хиджап" деп келмейтін шығар, бірақ Құран Кәрімде былай дейді: " Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін." (Нұр, 31-аят). Хиджаптан шошынған "нағыз қазақтар" неге Алланың осы әмірін ұстанбасқа? Ұстансын! Қазақ халқы ақымақ емес, қазақ нағыз діншіл халық! Сол діншілдігін көрсетсінші, осы әмірін орындау арқылы. Қазақша неге киінбейміз деп "декоративті намыс" ұстаймыз. Кейбіреулер "қазақтың қыздары орамал тақпаған, олар келіншек шағында ғана байлам таққан" деп ақталғансып, қисынсыз, еш негізсіз дәлел айтады. Оларға айтушы едім, сол кезде ол өмір сүріп па? Келісем, қазақтың қыздары тұрмыс құрмай тұрып шашын жаппауы да мүмкін. Бірақ, Неге? Өйткені, қазақ аулының қаймағы бұзылмай тұрған дәуірде ауыл деп ру-ру болып құрылған. Әдеби шығармаларды оқысаңыз: "Жігітектің ауылы", "Тобықты Құнанбайдың ауылы", "Адайдың ауылы", "Қаракесек Қазыбек бидің ауылы" деп кездеседі. Яғни жеті атаға дейін қыз алыспайтын туыстар қоныстанған бір ауылға. Ал Құранда Кәрімде әуретті жерлерді кімдерге көрсетуге болады? Оны да Құран аяттарынан келтірейік, Нұр сүресінің бағанағы 31 аятының жалғасы: "Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)" Ал рулас ел дінге икемденіп дала заңын шығарды. "Жеті атаға дейін қыз алыспау" деп. Бұл дегеніміз туыстық қатынастың ауқымын кеңейту деген сөз. Бұл заңды да үлкен ілім сүйене отырып, үлкен тәжірибеге негізделе отырып жасаған. Шариғат үкімін негізге ала отырып туыстық қатынасты кеңейтеді. Бауырмалдықты ұлғайтады. Міне, сондықтан қыз бала тұрмыс құрғанша өз ауылында, өз туыстарының арасында әуретті жерінің тек БІР ғана жерін көрсетіп жүре берген. Ол шашы. Қазақы көйлектерді көрсеңіз (ескі қалпын сақтаған) барлығы ұзын етекті, ұзын жеңді. Қазақта жақсы мақал да бар: "Есті қыз етегін қымтам жүреді" деген. Осыдан-ақ байқауға болатын шығар қазақ дінді қаншалықты берік ұстанғанын. Немесе: "Қызға қырық үйден тыю" дейді. Ал әжелерімізді қараңыз басына киген кимешегі қандай тамаша. Биік қылы ораған төбесіндегі кебіні де Аллаһқа тәуекелдігін білдіреді. Қай жерде өлсем де кебінім өзіммен жүрсін дейді. Яғни қазағымыздың діншілдігінен тақуалығы басым. Тағдырға иман, Тәуекелдің сатысына көтерілу екінің бірінің қолынан келетін дүние емес. Бұл дәрежедегі иманға көтерілу әулиелікке жақындауды білдіреді. Сол себептен болар қазақ даласында әулиелердің көптеп шығуы. Естігенім бар, кимешек киіп, көйлектерінің сыртынан оюлы, өрнекті ұзын, әшекейленген шапан киіп қажылыққа барған әжелерімізді көрген арабтар "бұл қай ұлт?", "Қайдан келдіңіздер?" деп таңқалысқан. Сонда "Біз қазақ деген ұлт боламыз" дегенде арабтардың көңілінің тасығаны сонша қазақтардың дінге деген құрметіне таңғалысын көпке дейін ұмыта алмаған екен. Осындай елді Арабтардың өзі мойындап жатқанда қазақтардың "Хиджап кигендерден шошимын, ол арабқа бас ұру" дегені не сандырағы?
Ал қазақтың қыздар келін болған шағында басқа ауылға, қайын жұртына барған кезде әуретті жерің қатаң түрде, міндетті түрде жауып ұстаған. Қазақтың кейінгі шығарып алған сөзі, яғни, келіншек болғанда ғана басына байлам тартады дегені, осындай түсініспеушіліктен шығып отыр емес пе?!
Сондықтан айтарым, бар мәселе, сенің дінге келуің осы хиджапта болып отырса, онда хиджап тақпай-ақ қой, тек Құранда сипаттап бергендей, Аллаһтың әмір еткеніндей оран, қымптан! Ең бастысы, тура жолдан адаспа! Кезінде келіндеріміз, жеңгелеріміз ертемен тұрып, түндік ашушы еді, қазіргілер ертемен тыртыңдап кіндігін ашып алып көшеге шығатын болды. Аузында айтар сөзі жоқ аталарымздың да, басына байлар бөзі жоқ апаларымыздың да қоғамда пайда болуы 70 жылдық отаршылдықтың берген сұмпайы тәрбиесі. Соның кесірінен көктен түскендей болдық. Ата-баба жолымен намаз оқығанды террорист, фанат деп шығаратын болды.
Айналайын қазақтың қаракөз қыздары!!! Ораныңыздаршы! Сіздерден өтініп сұрарым, болашақ ұрпағымыз үшін, болағақ ұлтымыз үшін, ұлтымызды дерттен айықтыру үшін өз-өздеріңізге бір сәт үңіліп, ақыл таразысына салып көріңізші. Фәни дүниенің жылтырағына алданып, бұл дүниенің рахатын көремін деп о дүниенің азабына тап болып қалмаңыздаршы. Ішкі тәнін ашып, көрсетіп жүргендерді, санасында көрсететін дүниесі қалмағандықтан соған барады деп түсінемін. Басқа ештеңе емес. Етек жеңін қымптап жүретін есті қыздарымыздың санын көбейтейік. Бір-бірімізге ақылсыздықпен, сасық көкірекпен, қырғи қабақпен қарасқанша, сау ақылмен қарасайық! Айтарым осы!


"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 17.Января.2009, 23:07 | Хабарлама # 25
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Мына бір жазуды www.kazakh.ru форумынан көзім іліп қалды.....

Ассаляму Алейкум барша муммин ахи-бауырлар мен әпке-қарындастар.
Біздің Шымкентте бір-мықты оқиға болыпты, бір хиджаб киген қарындасымыз куннің ыстық кезінде астоновкада автобус күтіп тұрса, қасына ыстықтап журген бір орыс қыз келіп, тиіспекші болып: "Девушка а тебе не жарко?"- деп сұрапты, сонда анау қарындасымыз орыс қызға қарап тұрып: "А в аду еще жарче будет"- депті. Сол кезде сол орыс қыз қорқып кеткені соншалық дірілдеп кетіпті...
МАШАЛЛАХ, АЛЛАҺ ТАЪАЛА барша әпке-қарындастарымызға екі дүниенін бақытын нәсіп етсін. АМИИИН!!!
http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=83885




Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды