Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:32
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Августа.2008, 02:49 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?



Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Августа.2008, 03:26 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
ИБАЛЫ ҚЫЗ, АСЫЛ ЖАР, АЯУЛЫ АНА...



ali_bekenУақыты: Дүйсенбі, 25.Августа.2008, 01:35 | Хабарлама # 3
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Мұсылман қыздарының киім киісі қандай болғаны жөн? Қазіргі жартылай жалаңаш қыздарымыздың жүрісі мұсылманға лайық па? Бұл сауалға әпке-қарындастар қалай жауап берер екен?

"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
ali_bekenУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 04:17 | Хабарлама # 4
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Алла Тағала Құран Кәрімде: "Жоқшылықтан қорқып балдарыңды өлтырмеңдер" деген аят осы қазіргі таңда болып жатырған жасанды түсікке айтылған ғой.
Елімізде жыл сайын 170 мың сәби өмірге келмей жатып жасанды түсіктің құрбаны болуда. Қазақта: "Ел боламын десең бесігіңді түзе" деген сөз босқа айтылмаған. Оланайық ағайын!


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
Rahim_NurУақыты: Сәрсенбі, 27.Августа.2008, 20:25 | Хабарлама # 5
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Бисмилләһир рахмәнир рахим!
Бүкіл Әлемнің Раббысы Аллаһқа сан мадақтар болсын!
Меніңше әйел адам болсын еркек адам болсын Алланың парызына бойұсынып, әмірін, әлбетте орындау керек. Әуретті жерлерін Аллаһ белгілеп берді ме, сол жерлерді жабу парыз. Адам ата мен Хауа анамыз жәннаттан Ібілістің азғыруына алданып қуылды емес пе? Сонда бір эпизод бар, ұмытпасам, ол олардың рұқсат етілмеген жемісті жегеннен кейін әуретті жерлері ашылып қалады. Жәннаттан қуылу себебінің бірі осы әуретті жерлерінің ашылуынан. Енді біз осы дүниеде әуретті жерімізді ашып жүрсек, жәннаттың есіктерін көруден құр қалып қалмаймыз ба деп қорықпаймыз ба?! Қалай ойлайсыздар мұсылман бауырлар? Онда Аллаһ Тәбәрәкә уә Тағала біздің әуретті жеріміздің ашылып, абыройымыздың шашылуынан сақтасын деп дұға етейік. Астағфируллаһилғазыйм!


"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 10.Сентября.2008, 21:19 | Хабарлама # 6
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ислам және тәжік қоғамы
Өткен жылы Тәжікстан Білім министрлігі мектептерде хиджабқа тыйым салған болатын. Ресми қысымға қарамастан, елде хиджаб киетін қыздар мен Рамазан айында ауыз бекіткен жастардың саны өсіп барады. Білім алу мен хиджабтың арасында таңдау болса, кейбір тәжік қыздары мектепке барудың орнына үйде қалады. 7 жастағы Мариям Тәжікстан астанасы Душанбедегі Иран елшілігінің мектебіне барады, себебі хиджаб киген көптеген тәжік қыздары сияқты ол да өткен аптада тәжік мектебіне кіргізілмеген екен. “Мен қыркүйектің 1-де мектепке бардым бірақ мұғалімдер мені мектепке кіргізбеді. Олар маған орамалыңды шеш деп айтты. Содан кейін мен ол мектепке бармадым”, - дейді Мариям.
Өткен жылы Тәжікстан Білім министрлігі мектептер мен университеттерде хиджабқа тыйым салып, оқушылардан арнайы форма киюді талап етті. Тіпті министр Абдужаббор Рахмоновтың өзі университеттер мен мектептерге барып, бұл талаптың қалай орындалып жатқандығын тексерді. Көптеген қыздар оқуларын жалғастыру үшін бастарындағы орамалдарын шешуге келісті. Ал кейбіреулер мектептен бас тартты. Кемінде бір студент, Давлатмоһ Исмоилова, министрлікті сотқа берді. Бірақ ақыр аяғында ол жеңілді.
Билік орындарының ислам дәстүрін ұстануға ұмтылған қыз-келіншектерге кедергі жасауына қарамастан, Тәжікстанда хиджаб киетін әйелдердің саны көбейіп келеді. Сонымен қатар, мешіттерге барып, намаз оқитын және Рамазан айында ауыз бекітетін жастардың саны да азаймауда. Танымал дін өкілі Махмуджон Туражонзода Азаттық радиосына берген сұхбатында Душанбедегі мешітте намаз оқитын адамдардың көбі жас жігіттер мен балалар дейді.
Жалпы тәжік ресмилері қоғамда ұлғайып бара жатқан исламның ықпалына шектеу қойып жатыр. Мысалы өткен жылы Душанбе ресмилері екі “тіркелмеген” мешітті бульдозермен бұзуға бұйрық берді, сонымен қатар, елдегі бірнеше мешітті жауып тастады. Кей мешіттердің орнына полиция бекеттері мен шаштараздар және моншалар салынды.
Елдегі жүздеген мешітке мемлекеттік тіркелуден өтіңдер деп ескерту айтылды. Имамдар мешітті тіркеу проблемаға айналуда себебі қажет емес көптеген бюрократиямен айналысу керек дейді. Бұған қоса, полиция экстремизм мен лаңкестікті және жезөкшелікті насихаттайтын компакт дискілерді тәркілеу үшін дүкендерді тексеріп жатыр. Ресмилердің хабарлауынша, рейд барысында 13 мыңнан астам осындай материалдар тәркіленген. Ал сатушылардың айтуынша, көбінесе діни негіздегі дискілер тәркіленген.
Бірақ үкіметтің жасап жатқан түрлі кедергілері тәжік қоғамында исламның таралуына тосқауыл бола алмауда. Көптеген ата-аналар балаларына ислам жөнінде білім беру үшін оларды молдаларға жіберіп жатыр. Сонымен қатар, хиджаб киетін қыздардың саны да барған сайын көбеюде.
20 жастағы Гулчехра ислам туралы әдебиетті оқып, хиджаб киетін болдым дейді.
“Менің қайын енем маған “сен әлі жассың, неге басыңа орамал тағасың?” дейді. Ол заманауи әйел және ол коммунист болған. Басында ол менің орамал тағып жүруімді қабылдағысы келмеді, бірақ енді үйреніп қалды. Ал жұмысымда, мені хиджабта көрген клиенттер маған өзінің шаштарын алдырмайды. Осылайша хиджаб менің жұмысыма әсер етуде”, - дейді Гүлчехра.
Оның қайын енесі мен клиенттері сияқты кей адамдар “қоғамның исламдануына” қарсы.
Душанбеде тұратын Рано есімді қыз еуропалық үлгідегі киім киіп, әртүрлі отырыстарға баруды ұнататынын айтады. Бірақ кей жиындарда мен өзімді ыңғайсыз сезінемін себебі ондағы қыздардың бәрі орамал тартады, бұрындары ондай болмаған еді дейді Рано. Оның айтуынша, елде исламға деген қызығушылықтың өсуіне тәжіктердің Иран мен Араб елдеріне барулары себеп болып отыр.
Душанбедегі Стратегиялық зерттеулер орталығының ислам бойынша маманы Фарух Умаровтың атап көрсетуінше, Совет одағы ыдырағалы бері тәжік қоғамында ислам осымен екінші рет қатты таралып отыр. “Тәжіктер діни құндылықтарын 90-шы жылдардың басында көтере бастады. Ол кезде көптеген адам жаңадан тіркелген Ислам қайта жаңғыруы партиясын қолдаған еді бірақ кейінірек үкіметті қолдаушылар мен оппозиция арасында азаматтық соғыс басталып кетті”, - дейді Умаров.
Оның айтуынша, егер кей күштер саяси мақсаттары үшін адамдардың исламға деген сезімдерін қайта пайдаланатын болса, бұл Тәжікстандағы екінші азаматтық соғысқа алып келуі мүмкін. Саида БАБАМҚОЖА. Азаттық радиосы.




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 10.Сентября.2008, 21:24 | Хабарлама # 7
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
тура осы жағдай, тәжікстандықтардың мұң-зары өткен жылдары біздің Елде Түркістандағы ХҚТУ-да болған еді.
Осы жөнінде хабарларыңыз болса бөлісе отырыңыздар.
ХҚТУ-дағы мұсылман қарындастарымыз не істеп жатыр екен?




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 10.Сентября.2008, 21:27 | Хабарлама # 8
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Стамбулдағы орамал таққан қыздарға оқу орындарына
кіруге болмайды деген заң шығарылған уақыттағы,
мұсылман қыздардың қарсылықтары.





janbolatУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 05:54 | Хабарлама # 9
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
түркияда рұқсат берілген сияқты еді ғой қыдарға орамал тағуға оқу орындарында

әлде қайтадан алып таста ды ма?


KZ
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 06:37 | Хабарлама # 10
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Ия, өткен жолы Абдуллаһ Гуль президент болғанда рұқсат берген еді,
бірақ қайтадан тыйым салып қойды.




janbolatУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 06:57 | Хабарлама # 11
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
ал қазір кім президент?

KZ
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 09:19 | Хабарлама # 12
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Президент әлі Абдуллаһ Гүл ғой
Дегенмен тыйым салған президент емес қой. Түрік елінң жоғарғы соты болса керек.
Елде президент болған мен біздегідей жалпы басшы емес қой.
Жоғарғы сот көп нәрсені шешеді ол елде.




Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 09:23 | Хабарлама # 13
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
09.08.08. АБДУЛЛАҺ ГУЛ ХИЖАБҚА ҚАРСЫ БОЛҒАН УНИВЕРСТИТЕТ РЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУДАН БАС ТАРТТЫ
Түрік елінің президенті Абдуллаһ Гул кейбір түрік университетерінің ректорларын тағайындау жөніндегі қаулыға қол қоймады.
Түрік елінде университет ректорлары, аталмыш университеттің академиялық мүшелерінің сайлауы арқылы болады. Нәтижеде көбірақ ұпай жинаған алты адам Жоғары білім комиссиясына ұсынылады. Кейін ЖБК алты адамның үшеуін Түрік президентіне ұсынады. Президент мақұлдап қол қойса олар ректор болады.
Дегенмен Абдуллаһ Гул мұсылман қыздарының хижаб киюіне қарсы болған университет ректорларын мақұлдап қол қойған жоқ. Бұл жөнінде "Хурриетке" сілтеме бере отырып, ақпарат агенттігі REGNUM хабарлайды. Ақпарат көзі: islamnews.ru




abu_muxsinУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 18:36 | Хабарлама # 14
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 67
[ ]
Ажыратылған
Машаллаһ, тәжік бауырлардың көбі Исламға қайтып жатқандары жақсы. Енді тек білімсіздікпен асығыстық танытпаса, болды. Осы оппозиция, исламская партия деген заттар құртады. Халық дұрысталса, билік пен басшы да дұрысталады иншаллаһ.
Ғұламалармен кеңесіп тұру керек қиын жағдайлар болып жатса.
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 11.Сентября.2008, 18:46 | Хабарлама # 15
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Негізі не жағдай болсада басшыға қарсы шықпай (ол қара құл, залым патша болсада)
әр бір істі даналықпен шешу қажет қой. Әйтпесе азаматтық соғыстың басталып кетуі мүмкін.
екі ортада қара халық қырылады.




Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » Орамал тағатын қыздарға көзқарасыңыз?
  • Страница 1 из 2
  • 1
  • 2
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды