Сәрсенбі, 23.Октября.2019, 07:22
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 24.Сентября.2019, 03:31
Соңғы жазған: George
14 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 1
  • 1
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?) » Туған жерім алакөлім! (Алакөлден кім бар?)
Туған жерім алакөлім!
KausarУақыты: Жұма, 25.Сентября.2009, 12:40 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 9
[ ]
Ажыратылған
Алакөл
Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстар шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр [ моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»], Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты.
«Алакөл» атауының шығуы жайындағы мәселелер жөнінде ғалым Ғ.Қонқашбаевтың айтуынша, ол «Ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына беретін ежелгі түрік және монғол сөздерінің Ала+кол деген қосындысынан шыққан. Сонымен қатар бұл көлдердегі судың түсі алғаш рет қарағанда ерекше болып келеді. Мысалы, Алакөл - бұлыңғыр және қара көк түсті, Сасықкөл - көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Осыдан келе сыртқы пішіні, орналасуы, көлемі, судың түсі әртүрлі болғандықтан жергілікті тұрғындардың көлдің атауын Алакөл деп атауға себеп болды, мұндағы Ала сөзі «әртүрлі» дегенді білдіреді


Сіңіріп иман нұрын жүрегіңе,
Құдайға құлшылық қыл шын егіле.
Көктемде-ақ көктей солған шыбықтар көп,
Кім кепіл күзге дейін жүреріңе?
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 25.Сентября.2009, 14:17 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Алакөл үлкен бе? алып жатқан аумағы қанша?



YergaliMoldirУақыты: Жұма, 25.Сентября.2009, 15:10 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 48
[ ]
Ажыратылған
Алакөл – Қазақстанның оңт-шығ. бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығ. шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км2- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м3. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км2 – ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар.

Баянсыз бұл пәниде жиған байлық,
Түбінде уа мұсылман иман байлық .
Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде
Жұмаққа жұмыр басың сиғандай қып.
HayrullaУақыты: Жұма, 25.Сентября.2009, 15:26 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Алакөл - өте үлкен әрі табиғи жағынан ерекше көл.
Алакөл - еліміз бойынша Балқаш пен Зайсаннан кейін үшінші орында тұр.
Алакөл - тең жартысы тұзды, ал қалған жартысы тұщы ғажайып көл.
Алакөл - екі-үш күн шомылсаң безеу мен тері ауруларынан түк қалмайтын көл.
Алакөл - жоңғар шапқыншылығы кезінде Қабанбай батыр бастаған қазақ жасақтарының жараларын сумен, балшықпен емдеп жазған шипалы көл.
Алакөлді "Алланың көлі" деп жүргендер де бар. Асырып айтылған сөз әрине. Дегенмен расында Аллаһ Тағаланың қазақ халқына бере салған көлі.
Менің ауылым Алакөлдің солтүстік шығыс беткейінде... Қалдар, Серек, Сасықкөл сынды үш көлдің түйіскен жерінде! Бабаларымыз қан төгіп, жоңғар басқыншыларынан найзаның ұшымен тазартқан жерде.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
KausarУақыты: Жұма, 25.Сентября.2009, 15:51 | Хабарлама # 5
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 9
[ ]
Ажыратылған
Машаллах arb

Сіңіріп иман нұрын жүрегіңе,
Құдайға құлшылық қыл шын егіле.
Көктемде-ақ көктей солған шыбықтар көп,
Кім кепіл күзге дейін жүреріңе?
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?) » Туған жерім алакөлім! (Алакөлден кім бар?)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды