Сенбі, 27.Мамыр.2017, 10:09
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. » Иеговашы қазақтар! (Дінімізге берікпіз бе?)
Иеговашы қазақтар!
HayrullaУақыты: Сенбі, 24.Қазан.2009, 10:26 | Хабарлама # 1
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бір танысым маған: "Егер Аллаһ тарапынан хақиқи дін - Ислам келмегенде мен сөз жоқ Иегова куәгері болар едім",- деді.
Бүгінде әлем бойынша саны 5 млннан көп (буддашылардан асып кеткен) осы неохристиандық конфессия қазақ жерінде де құлашын кең жайған. Еліміздегі Иеговашылардың 70 пайызға жуығын қазақ жастары құрайды екен.
Білетіндердің айтуынша "еврей христиандығы" деп аталатын Иегова куәгерлерінің сенімімен Исламның ұқсастықтары көп екен. Мешіттен мейірбандылық таппағандардың солай ауып кететіндері осыдан көрінеді.
Сіз қалай ойлайсыз!?


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 24.Қазан.2009, 13:06 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Иегова куәгерлері (Свидетели Иеговы)
Христиандар Аллаһ тағаланы үшеу, үштің үшіншісі дейді. Біз мұсылмандар Аллаһ тағала жалғыз, Оған ұқсас ешкім жоқ, теңдесі жоқ дейміз.
Мұмылмандар секілді болып көрінетін, яғни, Құдайды үштің үшіншісі деп айтпайтын да христиандар бар. Олар христиан дінінің бір ағымы «Иегова куәгерлері». Осы Иегова куәгерлеріне біршама тоқтап өтсек. Себебі олардың сырты бүтін болғанымен іші түтін.

Иегова куәгерлерінің тарихы.
Иегова куәгерлері өздерін мұсылмандарға ұқсас секілді етіп көрсететін христиан дінінің бір сектасы. Олар католик, протестан бағыттары адасқан, оларды тура жолға салу керек деп айады.
Иегова куәгерлері ұйым ретінде 1870 жылы құрылған. 1870 жылы 1852 ж. 16 ақпанда Питсбургке жақын Пенсильванияда туылған Чарльз Тейз Рассел «Библияны оқып үйрену ұйымын» құрды. Рассел олардың пастері болып есептелді. 1879 “Zion’s Watch Tower and Herald of Christ’s Presence” (Сионская Сторожевая Башня и вестник присутсвия Христа) деген журнал ұйымдастырып, онда өзінің аудармаларын жазды. 1884 жылы «Күзет мұнарасы қоғамын» (общество Сторожевой Башни) құрды. Рассел 1916 жылы 31 қазанда қайтыс болды. Расселден соң бірнеше ай өтісімен қоғамның басшысы болып Джозеф Франклин Руторфорд тағайындалды. Рутефорд 1931 жылы қоғамға бибилиядағы Исая 43:10 стихіне сүйене отырып, «Иегова куәгерлері» деген жаңа есім берді. Содан бері олар Иегова куәгерлері деп аталады. Рутерфордтан кейін 1942 жылы қоғамды Натан Кнорр басқарды. Кнорр өлген соң 1977 жылы қоғамды Фредерик В. Франц басшылыққа алды.
Иегова куәгерлерінің «Пробудитесь» және «Сторожевая Башня», «Күзет мұнарасы» деген ең негізгі журналдары бар. Бұл екеуі әлі күнге дейін шығарылады.

Оқыту жүйелері
Олар үшбірлікті (тройцаны) қабылдамайды. «Құдай бізден нені талап етеді?» деген журналдарында:
«Иеһова Үшбірлік пе, яғни бір Құдайдағы – үш тұлға ма? Жоқ! Иеһова - Әке – жалғыз шынайы Құдай» (Жоһан 17:3, Марка 12:29),-деп жазылған.
Иса а.с. Масихті Аллаһ тағаланың ұлы деп қабыл етеді. Аталмыш журналдың 6-шы бетінде: «Иса – Құдайдың бірінші жаратылысы, сондықтан ол Құдайдың тұңғыш ұлы деп аталды. Иса – Құдайдың өзі жаратқан, жалғыз ұлы»,-деп жазылған.
Құдайдың ұлы деген – ол да бір Құдай, Құдайдың ұрпағын жалғастырушы деген сөз емес пе? Құдай жалғыз дегенімен Киелі руһты мойындайды, және Құдайдың ұлы бар дейді. Бұл не болды сонда? Үштікті мойындағандық емес пе?
Қазіргі Иегова куәгерлерінің үштікті мойындамағанымен, Рутерфордтың мынадай сөзі бар: «Үш Құдай қосылып бірлікке теңеседі. Әке-Құдай, Бала-Құдай, Қасиетті Руһ-Құдай. Барлығы бір-бірімен тең келетін табиғи мәңгілік күшті иеленеді» (“Let God Be True”, Нью-Йорк, «Сторжевая Башня» 1942 г., с. 81). Рутерфорд мына сөздерінде үш Құдай бар, үшеуі қосылып тепе-тең қуатты күш болады,- деп үштікті қабыл етіп тұр.
Рутерфордтың бұл сөздері, «Құдай бізден нені талап етеді?» журналының 22 бетіндегі сөздерге қарсы келеді.
Иегова куәгерлерінің пікірлері бойынша: олар әр-бір егемендігі бар мемлекетті мойындамайды. Бұл мемлекеттердің орнына Құдай патшалығы кледі, ол бүкіл дүние жүзіне билік жүргізетін жалғыз өкімет деп есептеледі. Бұл патшалық туралы тыңдап және сол естігендері бойынша жүрушілер Иса а.с. Масихтың қойлары деп аталады. Ал оған қарсы шыққандар ешкілер. Олардың пікірлері бойынша, Иса а.с. Масих ешкілердің бәрін жояды.
Иегова куәгерлерінің және бір түсініксіз жерлері, ол, Иса а.с. Масихтің аспан патшасы болып тағайындалғандығы. Құдай өзінің патшалығын Исаға а.с. 1914 жылы берді, сөйтіп ол патша болды. Иса а.с. патша болысымен шайтан жерге қуылды. Сол себепті 1914 жылдан бері жерде соғыстар, ашаршылықтар, заңсыздықтар көбейіп кетті,-деп айтады. Сонымен қатар: Иса а.с. Масих бұл патшалықты мың жыл билейді деп айтады. Осы мың жыл ішінде жер жұмаққа айналады. Сың жылдық дәуі біткен соң Иса а.с. патшалықты әкесіне береді,-деп айтады.
Мына айтылғандарға байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Олар:
Аллаһ тағала патшалығын Иса а.с. Масихке беретіндей өзінің басқаруға шамасы келмей қалыппа? Егер Иеһова патшалықты Иса а.с. Масихке беретін болса, Ол қандай Құдай болғаны? 1914 жылдан бері жер жүзінде зұлымдық көбейді дейді. Сонда 1914 жылдан бұрын бейбітшілік болғаны ма? Олай болса 1914 жылға дейін болған соғыстар, ашаршылықтар қайда қалды? 1914 жылға дейін болған оқиғалар мектеп оқушыларына да белгілі емес пе?
Демек бұл пікірлер дұрыс емес. Аллаһ тағала өз патшалығын басқа біреудің басқаруына мұқтаж емес. Аллаһ әуелден-ақ патша.
«Құдай бізден нені талап етеді?» журналының 21 бетінде: «Аздап шарап, сыра және басқа арақ-шарап ішімдіктерді ішкендікте тұрған теріс нәрсе жоқ»,-деп жазылған. Сол бетте: «бірақ көп ішу және ішкілікке салыну – Құдайдың көз алдында дұрыс емес»,-делінген. Ішкілікке салынған адам ешуақытта бірденнен көп іше қоймайды. Ол белгілі нәрсе ғой. Ол аздап ішеді, қызығып ішеді, ақырында қырып-жоя ішеді. Стакандай ішу әдетке айналады. Келе-келе шөлмектеп ішетін болады. Бұл пікірде дұрыс емес. Себебі арақ ішу күнәлі істердің бірі.
Сондай-ақ сол журналдың 24 бетінде спорт ойындарымен ойнауға, айналысуға болмайды деген. Себебі денеге зиян береді деп айтылған. Біздің ойымызша спорт пайдалы әрі денені шынықтырады.
Иегова куәгерлерінің негізгі істері болып Құдай патшалығы туралы уағыздау болып есептеледі.
Иегова куәгерлері көшеде жүріп мұсылмандарды кездестірсе, бізде мұсылманбыз, Аллаһ тағала жалғыз оның серігі жоқ деп айтады. Бірақ Пайғамбарымыз Мұхаммедті с.а.с. Қасиетті кітабымыз Құранды мойындамайды. Сол себепті олар мұсылман емес.
Иегова куәгерлері жайында қорыта келгенде, олар адам тарапынан құрылған бір ұйым, секта, христиан дінінің бір ағымы. Бұл ұйым дін емес.

Ұлықбек Алиакбарұлы. "Кім өтірікші" кітабынан үзінді.




HayrullaУақыты: Сенбі, 24.Қазан.2009, 13:35 | Хабарлама # 3
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (Dinislam_Kz)
Иегова куәгерлерінің «Пробудитесь» және «Сторожевая Башня», «Күзет мұнарасы» деген ең негізгі журналдары бар. Бұл екеуі әлі күнге дейін шығарылады.

Қателеспесем осы "Күзет мұнарасы" журналының кейбір нөмірі "Мұсылмандар үшін" деген айдармен жарық көріп тұрады. Мақсат белгілі ғой...
Сонан соң кітаптарына Құран аяттарынан мысал келтіріп, тіпті хадистерден дәлел алып, "сахих", "хасан" деп иснадына дейін көрсетіп қояды. Ондағысы Інжілдің де Аллаһ тарапынан түсірілгенін және Мәриям ұлы Исаның қасиеттерін дәріптеу т.б. пиғылдар жатыр!
Осыған қарап тыңғылықты зерттеу жүргізетіндерін, әдіс-айланы мол пайдаланатынын да байқауға болады. Бұл аса қауіпті құбылыс емес пе!?


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 24.Қазан.2009, 13:39 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
Қателеспесем осы "Күзет мұнарасы" журналының кейбір нөмірі "Мұсылмандар үшін" деген айдармен жарық көріп тұрады.

Естімеппін.... Мұсылман жастарын азғырып, өздеріне тарту үшін шығарады ғой демек...




kokomaralУақыты: Бейсенбі, 21.Қаңтар.2010, 10:42 | Хабарлама # 5
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
Subhanallah! Olar kitap usinganda alip kitaptardi ortep jiberu kerek ko))) Sonda 1 bolsa da adamnin ol kitaptardi okimai adaspauina sebep bolamiz :)
Сұхбат » ...:: Жалпы сұхбат ::... » Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. » Иеговашы қазақтар! (Дінімізге берікпіз бе?)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды