Ихрамды кіию үлгісі (фотосуреттер) - Сұхбат
Сәрсенбі, 25.Қаңтар.2017, 03:20
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ҚАЖЫЛЫҚ және УМРА » Ихрамды кіию үлгісі (фотосуреттер)
Ихрамды кіию үлгісі (фотосуреттер)
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:11 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
ИХРАМ (ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ ПАРЫЗЫ)

Ихрам (қажылықтың бірінші парызы)
Қажылық үшін ихрамға кіру - қажылық ғибадатын орындауға ниет етіп, тәлбия айту. Ниет еткен кезде қажылықтың қай түрін орындайтындығын жүрегімен бекітеді. Ихрамсыз қажылық пен умраны бастауға болмайды. Себебі ихрам парыз амалға жатады.
Ихрам - шектеулер немесе тыйымдар аймағына кіру. Яғни басқа уақытта рұқсат етілген амалдардан белгілі ғибадатты өтеу барысында тыйылу Мысалы, кімде-кім намазға тәкбиратул-ихрам айтып кірсе, оған ішіп-жеу сөйлеу күлу секілді намаздан тысқары уақытта рұқсат етілетін нәрселерге тыйым салынады. Сол секілді кімде-кім қажылық ғибадаты үшін тәлбия айтып, ихрамға кірсе, оған әйелімен жақындасу, тігілген киім кию, аң аулау тәрізді қажылық кезінде тыйым салынған амалдарды істеуге болмайды.
Ихрам киімі - үлкен сүлгі секілді тігісі жоқ екі ақ түсті матадан тұрады. Оның бірімен дененің кіндіктен төменгі жағын жабады, оны «изар» деп атайды. Ал екіншісімен дененің кіндіктен жоғарғы жағын жабады, оны «рида» деп атайды.
Ихрамға миқатта немесе оған дейін кіру қажет. Ихрамға кірген кезде міндетті түрде тігілген барлық киімдерін шешіп, тек қана екі ихрам киімін ғана киеді. Осы сәттен бастап оған тігісі бар киім киюге, басын жабуға, иіссабын пайдалануға, шашын не тырнағын алуға және т.б. ихрам халінде тыйым салынған амалдарды орындауға болмайды. Ихрам кезінде тыйым салынған және рұқсат етілген амалдарға арнайы тақырып арналады. Миқаттан өткеннен бастап, Қағбаны көргенге дейін тәлбияны жиі айту - мустахаб.

Ихрамға қатысты үкімдер:
1. Қажылыққа ниет ету намазға ниет ету, тәлбия айту намазға тәкбиратул-ифтитах (тәкбиратул-ихрам) айту сияқты. Намазға ниет етіп, тәкбиратул-ифтитахты айтқанға дейін намазға кірген болып есептелмейтін секілді қажылыққа ниет етіп, тәлбия айтпайынша, қажылыққа кірген болып саналмайды.
2. Ер кісілер ихрамға кірген кезде бүкіл киімдерін шешіп, орнына екі ақ түсті матадан тұратын ихрам киімін ғана киеді. Әйелдер күнделікті киімімен жүзін және екі қолын білезікке дейін жаппай ихрамға кіре береді.
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір кісі орнынан тцрып: «Уа, Аллаһтың елшісі Ихрам кезінде қандай киім киюге бұйырасың», - деді. Пайғамбар с.а.с.: «Көйлек, шалбар, сәлде және бас киімдер кимеңдер. Тек кебісі (қонышы жоқ аяқкиім) жоқ адам мәсіні тобықтан артығын кесіп тастап кисін. Зғгфаран[1], уарс[2] тиген киімді кимесін, мухрим әйел ниқаб[3] және қолғап кимесін»,- деді», - деген[4].
3. Қажылық ихрамына қажылық айларында кіру. Қажылық айлары: шәууәл, зул-қағда және зул-хижжа айының алғашқы он күні. Өйткені Аллаһ тағала қажылықтың арнайы айлары бар екендігін ескерткен.
«Қажылық - белгілі айлар» (Бақара, 197). Кімде-кім қажылық үшін осы айлардан бүрын ихрамға кірсе, ханафи мазһабында оның ихрамы қажылық үшін жарамды деп есептеледі. Бірақ бұлай істеу - мәкруһ. Ал шафиғи мазһабында бұл айлардан бұрын қажылыққа жасалған ихрам умраның ихрамына айналады.
4. Ихрамға миқаттан өтпей тұрып кіру. Қажылықты не умраны ниет еткен адам миқаттан ихрам халіне кірмей өтпеуі қажет. Ихрамға кірместен бұрын миқаттан өтіп кететін болса, ол миқатқа қайта оралып, ихрамға кіруі керек болады. Ал миқатқа қайтпастан жолда ихрам халіне кіріп, қажылығын немесе умрасын жалғастыратын болса, Меккеге барғаннан кейін міндетті түрде мал сойып, кедейлерге үлестіруі керек. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Меккеге ешкім ихрамсыз кірмесін», - деген[5].
Фиқһ әл-Ғибадат. Кәусар-саяхат. Алматы-2010ж. 456-бет.

[1] Зағфаран - өсімдіктің аты.
[2] Уарс - жағымды исі бар, бояу ретінде қолданылатын сары өсімдік.
[3] Ниқаб - әйелдердің жүзін жауып түратын бас киім, пәренже.
[4] Сахих әл-Бүхари, Китәб әл-хаж, 1707.
[5] Әл-Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә, 4-том, 288.

[r]




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:11 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:11 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:12 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:12 | Хабарлама # 5
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:12 | Хабарлама # 6
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:13 | Хабарлама # 7
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:13 | Хабарлама # 8
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:14 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 03.Қараша.2010, 08:15 | Хабарлама # 10
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған




Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ҚАЖЫЛЫҚ және УМРА » Ихрамды кіию үлгісі (фотосуреттер)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды