Жексенбі, 16.Декабря.2018, 17:49
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Октября.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Августа.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Апреля.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Апреля.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Марта.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

  • Страница 1 из 9
  • 1
  • 2
  • 3
  • 8
  • 9
  • »
Модератор форума: ali-beken  
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Біздің мазхабымыз - Абу Ханифа мазхабы » Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз???
Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз???
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Августа.2008, 01:19 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Қазіргі кезде мазхабты жоққа шығарушылар пайда болып қалған секілді.
Қалай ойлайсыз, мазхаб ұстанбау дегеніміз не?
Мазхабсыз, тек қана Құран мен хадиспен ғана жүруге көзқарасыңыз?

Барлықтарыңызға:
бір-біріңізбен сұхбат құруда артық кетпеулеріңізді сұраймын.




ПаленшеУақыты: Жексенбі, 24.Августа.2008, 21:32 | Хабарлама # 2
Тобы: Удаленные
[ ]
маған бәрібір, өздері білсін,
ода тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлайм,
4 мазғаптың 4еуіде дұрыс дидіғой
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Августа.2008, 21:57 | Хабарлама # 3
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 874
[ ]
Ажыратылған
Әрине төртеуі де дұрыс, ешкім оны жоққа шығара алмайды.



ali_bekenУақыты: Дүйсенбі, 25.Августа.2008, 02:57 | Хабарлама # 4
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Құрметті мұсылман бауырлар!
Егер де бір адам Алла тағала үшін істеп жатқан құлшылығы дұрыс боп, тура жолдан адаспайын десе, ол тура жолды нұсқар төрт мазһабтың біреуін ұстауы керек. Орта Азия, соның ішінде Қазақстан мұсылмандарының ұстанған мазһабы Ханафи мазһабы болып есептеледі. Бір адам екі мазһабты қатар ұстай алмайды. Тек қана бір мазһабты ұстанып қана ғибадат ете алады. Ал кімде-кім аталған 4 мазһабтың бірде біреуін ұстамаса, онда ол нағыз адасып, шатасушы болып есептеледі. Имам Ағзамның Исламға сіңірген еңбегі зор. Алла тағала ол кісіге разы болсын. Ханафи мазһабын құрметтеп, осы жолдан адаспай Алланың ақ жолымен жүрейік бауырлар! Әмин!


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 12:33 | Хабарлама # 5
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
markoжан!
"Кімде-кім 4 мазһабтың бірде біреуін ұстамаса, онда ол нағыз адасып, шатасушы болып есептеледі" дегенің қалай болар екен? Егер сүннетті ұстанбаса десең келісер едім. Ал мәзһаб туралы айтқаның тым терең пікір ғой. Абайлау керек тәрізді.
Пайғамбар заманында мәзһаб деген болмаған ғой. Оның үстіне қабір сынағына алынғанымызда тек Пайғамбардан ғана сұраламыз, ал мәзһабтан сұралмаймыз. Аллаһтың алдына барғанда да дәл солай!
Мәзһабты жоққа шығарып отырған жоқпын. Негізі тақлидсіз болмайды деседі оқымыстылар.
Өз басым мәзһабқа жабысып, қатайып қатып қалуды дұрыс санамаймын. smile


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 14:53 | Хабарлама # 6
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
Пайғамбар заманында мәзһаб деген болмаған ғой

Осымен не дегіңіз келеді? Мәзхаб деген жаңалық деп тұрсыз ба сонда?
Ағатай, керек болса, Пайғамбарымыз кезінде Құран кітап түрінде де жоқ етін.
Сонда біздің қолымыздағы Құранды да жаңалық дейміз ба сонда?

Quote (Hayrulla)
Пайғамбардан ғана сұраламыз, ал мәзһабтан сұралмаймыз

Аға, оны бір Аллаһ біледі...

Мазхаб туралы дұрыс түсінік


KZ

Хатты жөндеген janbolat - Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:02
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:05 | Хабарлама # 7
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Жәке! Мәзһабты жаңалық деп тұрған жоқпын. Көпке топырақ шашудан аулақпын.
Бар болғаны мазһаб ұстанбайтын адам адасушы дегенге келіспейтінімді айттым. Оған келісерсің??? smile


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:17 | Хабарлама # 8
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Келісемін... Ренжімеңіз...

KZ
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:37 | Хабарлама # 9
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Онда жөн екен. Оқа емес Жәкебас!
Егер де бір адам Алла тағала үшін істеп жатқан құлшылығы дұрыс боп, тура жолдан адаспайын десе, ол төрт мазһабтың біреуін ұстаумен шектелмеуі керек. Өз ақидасы мен ғибадатының Пайғамбар сүннетімен, сәлафтардың ұстанымымен қаншалықты сәйкесетінін анықтап алғаны дұрыс .
Анық ілім Аллаһта!!! smile


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:44 | Хабарлама # 10
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
төрт мазһабтың біреуін ұстаумен шектелмеуі керек. Өз ақидасы мен ғибадатының Пайғамбар сүннетімен, сәлафтардың ұстанымымен қаншалықты сәйкесетінін анықтап алғаны дұрыс .

Төрт ұлы Имам туралы не ойлайсыз? Олар да сіз айтқандай сәлафтар емес болғанда кім енді?
Табиин болған олардан сонда асып бара жатырмыз ба іліммен?


KZ

Хатты жөндеген janbolat - Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:48
HayrullaУақыты: Сейсенбі, 26.Августа.2008, 15:49 | Хабарлама # 11
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Жәке, бұл сұрақтарың ыңғайсыздау екен. Бөгде діннің өкіліне қойылатын сауал емес пе?
Ол әйгілі төрт ғалым мойындалған жандар. Исламдағы 72 фирқаның өзі олардың асқан ілім адамы екендіктеріне еш күмән келтірмесе керек. Аллаһ олардан разы болсын.
Ойымды дұрыс жеткізе алмай отырған жоқпын ба? Имамекең түзетіп жіберер...


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
ali_bekenУақыты: Бейсенбі, 28.Августа.2008, 02:02 | Хабарлама # 12
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Hayrulla бауырым!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : "Исламның ең таза жақсы уақыты ол менің ғасырым, одан соң менің сахабаларымның өмір сүрген кезі, одан соң сахабаларды көргендердің өмір сүрген кезі. Бұдан кейін адамдар арасында шатасушылық, бөлінушілік пайда болады",-деді.
Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеден өткен соң пайғамбарымыздың бізге көрсеткен тура жолынан адаспауымыз үшін Нұғман ибн Сәбит заман талабына сай Ханафи мазхабының негізін қалады.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
HayrullaУақыты: Бейсенбі, 28.Августа.2008, 10:37 | Хабарлама # 13
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Бұл тақырыптағы кейбір жауаптарды неге өшіріп тастағансыздар? Жанболат, өзгелердің пікіріне сабырмен қарау дұрыс.
Бұларыңыз әділдік емес!
angry


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Бейсенбі, 28.Августа.2008, 10:57 | Хабарлама # 14
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Hayrulla,
аға,
abu muxsin жазған нәрсе (фанатизм туралы)- ғайбат. Сол үшін өшірілді. А так тұра беретін еді...

ренжімеңіз


KZ
Rahim_NurУақыты: Бейсенбі, 28.Августа.2008, 23:27 | Хабарлама # 15
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Мәсхаб жайында пікірталастарыңыз қызу екен. Мұсылмандар арасында мазхабты мойындамайтындар бар. Тек суннет және Құранмен жүремз дейді. Бірақ мәсхабты ұстанбағандар, менің ойымша, дінде көптеген кедергілерге, түсінбеушілікке, шатысуға тап болады. Бір ғана мысал келтірейін. Бір күні Пайғамбарымыз с.ғ.с. қолын кесіп алып, Айша р.а. анамызға қолын таңып беруін өтінеді. Қолын таңып бергеннен кейін Аллаһтың елшісі с.ғ.с. барып дәрет алады. Осы жерде сұрақ туады. Дәретті Пайғамбарымыз с.ғ.с. не үшін алды? Абу Ханифа бұл жағдайды адам ағзасынан қан шыққаны үшін дәрет алды десе, тақуалыққа баса көңіл бөлетін Шафиғи оны әйел адамның қолы ер адамның денесіне тигені үшін дәрет алды деп түсіндіреді. Ендеше мәсхаб ұстанбайтындар осы жерде қайтеді? Неге сүйенеді? Мәсхабтың негізін салушылар тегін адамдар емес қой. Олар жайында өздеріңіз де оқып біліп жатқан боларсыздар. Сондықтан мәсхабты ұстану мәселесіне келгенде еш дау туындамау керек. Мәсхабты ұстанатын адамдардың түбі адасушылыққа әсте апармайды, Иншааллаһ. Пайғамбарымыздың тұсында Мәсхаб деген болмаған деушілерге айтарым, ол кезде Пайғамбарымыз кез келген мәселеге, фикһ мәселелеріне өзі жауап беріп, соған шешім шығарып отырған. Сондықтан Исламда ондай сұрақтар туындаған жоқ.

"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Біздің мазхабымыз - Абу Ханифа мазхабы » Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз???
  • Страница 1 из 9
  • 1
  • 2
  • 3
  • 8
  • 9
  • »
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды