Дүйсенбі, 25.Қыркүйек.2017, 08:23
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 12.Қазан.2015, 01:07
Соңғы жазған: Multfilm
13 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Тамыз.2015, 00:48
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
40 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Түс көру туралы... Уақыты: 15.Сәуір.2015, 11:53
Соңғы жазған: Simbat2590
27 ИМАН (Аллаһтан басқа табынуға лайықты ешкім жоқ)
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Модератор форума: ali-beken 
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Біздің мазхабымыз - Абу Ханифа мазхабы » http://abuhanifa.kz сайтының мұрағаты! Абу Ханифаның жолы (Имам Абу Ханифаның (Рахимахуллах) жолы, қалдырған мирасы!)
http://abuhanifa.kz сайтының мұрағаты! Абу Ханифаның жолы
abuhanifaУақыты: Сәрсенбі, 26.Қаңтар.2011, 10:08 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 11
[ ]
Ажыратылған
Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы(1)

ән-Ну‘ман бин Сабит бин әл-Мәрзубән әл-Куфи атақты парсы әулетінен шыққан және Ауғаныстанның астанасы Қабылда дүниеге келген. Оның атасы әл-Мәрзубән екінші салиқалы халифа Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ оған разы болсы, билік құру кезінде Исламды қабылдады және Куфаға көшіп барды.

Ең таралған пікірге сәйкес, Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, хиджраның 80 жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Сол кезде халифалық билік Абд әл Мәлик бин Мәруанның, Аллаһ оны рахым етсін, қолында еді.

(1)Нисба – қандайда бір затқа, адамға, қалаға, елге, тайпаға т.с.с. қатыстылықты білдіретін қатыстылық есімі

Имамның білім алу жолына түсуі

Имам Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, Куфада, бай, ауқатты, салиқалы және атақты отбасыда тәрбиеленді және ол өз ата-анасының жалғыз ұлы боған болуы көбірек ықтимал. Оның әкесі Куфада өз дүкенінде жібек сататын еді, ол қайтыс болғаннан кейін дүкен баласына мұрагерлік бойынша өтті. Басқа да білімді және салиқалы адамдар сияқты Абу Ханифа бала кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған еді. Ол сахабалардың ізбасарларының қатарынан болған әш-Шәғби деген ғалыммен кездеспейінше ешбір ғалымдардан білім алмаған және өз әкесінің дүкенінде отырған болуы көбірек ықтимал. Бұл кездесу имам үшін, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы игілікке жол ашты.

Ол он алты жасты толтырған кезде әкесі оны өзімен бірге қажылыққа және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаласын зиярат жасауға Меккеге және Мәдинаға алып барды.

Ғылымдарды игеру ол үшін діннің негізін үйренуден және құдайсыздар және адасушылыққа түскендермен пікірталас жүргізуден басталды. Осы мақсатпен ол жиырма жеті реттен көбірек Басраға келіп, сол жерде шариғатты күмәндардан және адасқандар оған байлағысы келген нәрселерден қорғап, пікір-таластар жүргізді. Бұл – Абу Ханифа үлкен атақтылыққа ие болғанша жалғаса берді, ал сол кезде ол тек жиырма жаста болатын. Сол кезден бастап Куфа мешітінде оның оқушыларының осындай ғылымдарды зерттеумен айналысатын үйірмесі жинала бастады.

Аллаһ Абу Ханифаның өзін, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, және сонымен бірге барлық мұсылмандарды ұлы игілікке келтіруді қалағандықтан имам фиқхты үйренумен айналысты. Мұның себебі Зуфәрдың ол Абу Ханифаның, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деп айтақанын жеткізген дерегінде айтылады:

— Мен үлкен танымалдылыққа ие болғанымша қаләммен[1]айналысатынмын. Бірде біз Хаммәд ибн Абу Суләйманның үйірмесіне жақын отырғанымызда маған бір әйел келді де, былай деді: «Бір ер кісі әйелімен Сүннетке сәйкес ажырасқысы келеді. Ол әйеліне қанша рет таләқ беруі керек?» – деп сұрады. Мен оған мұны Хаммәдтан сұрауын және кейін бәрін маған келіп айтып беруін бұйырдым. Ол бұл сұрақты Хаммәдқа қойды, ал ол: «Ол әйеліне талақты бір рет оның хайызы біткен соң беруі керек және онымен жыныстық қатынасқа бармауы керек. Кейін ол тағы екі хайыздың аяқталуын күтуі керек, бірінші хайызы мен барлығы үшеу болғанға дейін, кейін тұрмысқа шығуына болады», – деп жауап берді. Оны тыңдап болып, әлгі әйел қайтып келіп, Хаммадтың сөздерін маған жеткізді. Ал мен: «Қаләмның маған қажеті жоқ», – дедім де, содан соң сандалилерімді алып, Хаммадтың алдына барып отырып, ол талдаған мәселелерді тыңдауға кірісіп, оны айтқандарын есте сақтай бастадым. Келесі күні ол тағы да мен есте сақтап қалған сол мәселелермен айналысты, ал оның оқушылары қателесті, сонда ол: «Шеңбердің ортасына менің жаныма Абу Ханифадан басқа ешкім отырмасын!» – деді.

[1]Қаләм — бұл діни-философиялық ағым. Оның өкілдері логика мен философияны оқып үйренуге ерекше назар қояды, өздерінің көзқарастарын логикалық дәйектердің негізінде құрады да, соларға, Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қарағанда, басымдық береді. Осы орайда олар өз тәсілін логикалық дәйекетер күмән тудырмайды, ал қасиетті мәтіндер болжалмен айтылған сипатқа ие деген тұжырымдарымен негіздейді. Немесе олар қасиетті мәтіндердің дәлелдері Исламның дұшпандарымен болатын пікірталастарда қабылданбайды деп айтады, ал бұл оларды логикалық тұрғыдан дәйектеуге жүгінуге талпындырады. Алайда мұндай тәсіл сахабалар ұстанған жолға қайшы келеді, өйткені олар Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне, адамдардың кез-келген логикалық дәйекетерінің және пікірлерінің үстінен, басымдық беретін. Ал мутақаллимдердің , яғни қаләмға ілесушілердің әдістері сахабалардың әдіснамасында (мәнһәджында) көрініс таппағандықтан, олар сахабалар діннің негізгі ережелерін жетік менгермеген, өйткені Аллаһтың жолындағы соғыстармен айналысқан және күш-қайратын дінді қорғауда жұмсаған деп есептейді. Қаләмның жақтаушылары өздерінің жолын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының, Аллаһ олардың барлығына разы болсын, жолынан едәуір сауаттырақ және едәуір жетік деп ойлайды. Сөйтіп олар сахабалардың артықшылықтарын кемсітеді, олардың діннің негіздеріндегі білімдерін жетік емес, ал олардың бұл жолдағы күш-қайрат жұмсауын толыққанды емес деп айтады. Оларға мұндай қатынас жасау сахабалардың жолы – ең дұрыс, ең сауатты, ең кемел жол деп есептейтін Әһлю-Сунна болған және оның төңірегіне бірігетін адамдардың (Әһлю-Сунна уәл джәмәъаның) ұстанымына мүлде үйлеспейді. Сүннеттің жақтаушылары болған және оның төңірегіне бірігетін адамдар сондай-ақ сахабалардың көзқарастары дұрыс және шынайы болды, ал оларға қайшы келетін нәрсенің барлығы адасушылық болып табылады деп есептейді. Айтылғанның барлығынан мутақаллимдердің және басқа да бидъатшылардың Әһлю-Сунна уәл джәмәъаға қатыстылығына деген талаптары әділетсіз және бұзық болып табылатыны айқын болады.

Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары

Сол кезден бастап Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шейхы Хаммадқа қалмай ілесті, ал ол оны Абу Ханифа есте сақтауымен және жақсы тәрбиесімен өз құрдастарын және шейхтың үйірмесіне өзінен бұрынрақ қосылғандардан асып түскенше фиқхқа үйретті, осы себепті шейх оны өзіне жақындатты да, оны мәжілістің ортасына отырғызатын болды. Оның шейхына деген қатынасы таң қалдырады. Мысалы, ол шейхтың үйіне келетін және ол намазға немесе қандайда- бір істермен шыққанынша оны есігінің алдында күтетін, ал ол шыққан соң Абу Ханифа оған сұрақтарын қойып оның жанында жүретін. Шейх өзінің жұмыстарымен шыққан кезде ол оған қызмет жасайтын, ал Абу Ханифа өз үйінде отырған кезде тіпті шейхының үйіне қарата аяғын созудан тартынатын. Абу Ханифа намаз оқығанда, ол Аллаһқа өзінің шейхы және оның ата-анасы үшін де дұға ететін.

Осы күйінде ол шейх Хаммәдтың, Аллаһ оны рахым етсін, өліміне дейін он сегіз жыл жүрді, ал шейх өлген соң оның шәкірттері шейх Хаммадтың орнын Абу Ханифа басады және әрі қарай олар білімді содан алады деген бір ауызды шешімге келді, ал ол керемет саләфтың ең жақсы мирасқоры болды.

Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары өте көп еді. Олардың кейбіреулері төменде аталған:

1. Ибраһим бин Мухаммад әл-Мунташир әл-Куфи.

2. Ибраһим бин Йазид ән-Нәха‘и әл-Куфи.

3. Исмә‘ил бин Хаммәд бин Абу Суләйман әл-Куфи.

4. Аййуб әс-Сихтийяни әл-Бәсри.

5. Абу Хинд әл-Харис бин Абд әр-Рахман әл-Хамадани әл-Куфи.

6. Раби‘а бин Абд әр-Рахман әл-Мәдани.

7. Салим бин Абдуллаһ бин Умар бин әл-Хаттаб.

Ол иджтихад жасауға арналған мәселелерді қалайша құрастыратыны және жазып алатыны туралы

Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, иджтихад[1] жасауға арналған мәселелерді құрастырудың өз әдістемесін жасап шығарды, ол төмендегідей еді.

Өз шәкірттерімен кездескенде, ол олардың ішіндегі білгірлеріне белгілі бір мәселені қарап шығуды ұсынатын, осы орайда олардың әрбірі өздерінің дәлелдерін ұсынуға және өзінің көзқарасын қолдауға арналған, оның пікіріне сәйкес қажет болған дәйектер келтіруге тиіс еді. Содан соң Абу Ханифа шәкірттерінің айтқандарына пікірін білдіретін, оларды Құран мен Сүннетке немесе ақылдың дәйектеріне жасалған сілтемелермен нығайтатын және дұрыс шешім тапқандарының пікірлерін мақұлдайтын. Кейде осындай бір сұрақты құрастыру үшін бір неше күн кететін. Мұндай білім беру еркін сипатқа ие болатын, отырғанның барлығының пікірлері тиісті құрметпен тыңдалатын, ал талқылау шәкірттердің зердесіне қажетті қорек болатын және сонымен бірге ұстаздың білімдері мен мәртебесін сызып көрсететін және осындай әдіспен фиқх саласынан белгілі бір мәселе шешілген соң, оны жарамсыз деп айту түгілі, сынға алудың өзі қиынға түсетін, ал тура жолға салып, игілікке жеткізуші тек Аллаһ.

Әл-Мууәффақ әл-Мәкки былай деген:

— Өз мәзхабының[2] ережелерін жасап шығаруда Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шәкірттерімен және ізбасарларымен кеңесетін және тек ғана өзінің ұйғарымымен ғана әрекет жасамайтын. Мәселеден соң мәселені қарап, ол олардың әрбірін жан-жақты талқылайтын, өз ізбасарларының пікірін тыңдайтын, өзі пікір білдіретін және олармен пікір сайыстарын, белгілі бір тұжырым толығымен анық болмайынша бір айға дейін және одан да көбірек уақытқа созатын, ал содан соң оны қады Абу Юсуф жазып алатын. Ал егер қандайда-бір мәселе Абу Ханифаға, Аллаһ оны рахым етсін, қиын болып көрінсе, ол өзінің ізбасарларына: «Себеп тек менің қандайда бір күнә жасағанымда болып тұр», – деп айтатын және Аллаһтан кешірім тілей бастайтайтын, ал кейде намазға кірісетін де, сол арқылы ол шешімді табатын және содан соң: «Менің тәубем қабыл етілген деп үміттенем», – деп айтатын.

Бұл жөнінде әл Фудәйл бин ‘Ийяд естіген кезде қатты жылап, ал соңынан: «Бұл онда күнәлар аз болғандығынан, ал басқалар бұған көңіл бөлмейді!» – деп айтқан екен.

[1]Иджтихад — ғалымға Құран мен Сүннетте тікелей нұсқауы болмаған діни-құқықтық мәселелерді дербес түрде шешуге құқық беретін ғалымдықтың жоғары дәрежесі. Иджтихадпен тек араб тілін жетік білетін, Құранды және оның тәпсірлерін толық жатқа білетін, Сүннетті және оның шархын жақсы менгерген сондай-ақ басқа да бір қатар талаптарға жауап беретін тұлғалар ғана айналыса алады.

[2]
Мәзхаб — белгілі бір ғалымның діни-құқықтық мектебі. «Мәзхаб» сөзі «бару», «кету» дегенді білдіретін «захаба» деген араб түбіріне жатады. Сондықтан да діндегі біреудің пікіріне негізделген кез-келген бағыт «мәзхаб» деп аталып кеткен. әл-Фәйюми «Мисбәх әл-мунир»-де 1/211 былай деген: «Араб тілінде «пәленнің мазхабымен жүру» деген оның жолымен және бағытымен жүру дегенді, ал «дінде пәлен деген адамның мазхабымен жүру» деген діни мәселелерде оның пірімен ілесу дегенді білдіреді».

Толығырақ: Имам Абу Ханифамен танысу, ол кісінің жолы, ол кісінің сенімі, ол кісінің білім дәрежесі, ол кісінің айтқан сөздері фәтуалары жөнінде http://abuhanifa.kz сайтынын білуге болады, сайт әр күні жаңартылып отырыларды!

Ескерту: Имам Абу Ханифанын жолымен жүрміз деп мәлемдейтін бірақ ол кісіге тырнақтай қатысы болмаған адамдар бар, олардың көбісі Имам Абу Ханифаны танымайдыда сонымен қатыр жолын бұрмалайды, Имамдарының тіпті өздерінің де ой пікірлерін сол мәсқабқа қатыстырады, Субханаллах Имам Абу Ханифаның муқаллидпен ортақ ешнәрсесі жоқ, ал ол имаммен ортақ ешнәрсесі жоқ, себебі ол бид`ашы (мубтәди’), өз көңіл-қалауының ізбасары, өзі адасқан және өзгелерді де адастырады. (Аллаһ ол кісілерді тура жолға салсын)! Әмин!

Хатты жөндеген abuhanifa - Сәрсенбі, 26.Қаңтар.2011, 10:13
МуслимУақыты: Бейсенбі, 27.Қаңтар.2011, 14:20 | Хабарлама # 2
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 91
[ ]
Ажыратылған
Тамаша сайт. Барака Аллаһ!
arb
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Біздің мазхабымыз - Абу Ханифа мазхабы » http://abuhanifa.kz сайтының мұрағаты! Абу Ханифаның жолы (Имам Абу Ханифаның (Рахимахуллах) жолы, қалдырған мирасы!)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2015 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды